Ертегі: Ай мен күн

Ертегі: Ай мен күн

Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен-бірі асқан сұлумын деп бірімен-бірі үнемі ұрысысып, жиі-жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп:
— Сенен мен сұлумын! - дейді. Ал Айсұлу болса:
— Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын! - деп таласады.

Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады. Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлу тырнағының ізі Айсұлудың бетінде өшпестей болып қалады. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал бейбастақтығынан қатты ұятқа батқан Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу біріне-бірі көрінбейді.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ертегі Ай мен күн туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Ай мен күн для детей на казахском языке, балаларга Ай мен күн арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер Ай мен күн, ертегилер Ай мен күн казакша оку, Ай мен күн

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]