Ертегі: Бозінген
Бұрынғы заманда Бағланбай деген кісінің Бозінген деген бір жақсы түйесі болған екен. Бозінген өмірінде боталамаған екен. Бір күні Бағланбай аулының адамдарына:
— Менің жақсы көретін Бозінгенім боталамады. Бұған не ақыл бересіңдер? — депті.
Бұған жиналған жұрттың бірде-біреуі ақыл бере алмапты. Сонда босағада тұрған бір жетім бала былай депті:
– Айналайын, ағайлар,
Мендей жетім балалар
Босағадан сығалар!
Ақсақалдар, қақпасаң,
Мен бір сөзді айтайын,
Құлақ салып тыңдасаң,
Ашу, жанжал қылмасаң,
Тойыңды жеп қайтамын!
Бозінгенді алдырсаң,
Үстіне кілем салдырсаң,
Жібектен бұйда тақтырсаң,
Шытырма қазық қақтырсаң,
Бозінген бота туады,
Мәпелеп, шал мен кемпірге
Әлпештеп оны бақтырсаң...
* * *
Баланың сөзін мақұлдап,
Бозінгенді алдырып,
Қалы кілем жаптырды,
Жібек бұйда тақтырды,
Шытырма қазық қақтырды,
Мәпелеп, бота табар деп,
Кемпір-шалға бақтырды.
Жыл мүшелі болып, Бозінген қайып, туатын мезгілі жетіпті. Бір күні басы алтын, бөксесі күміс бота туады. Бағып жүрген кемпір-шал қуанып:
— Бағланбайдан сүйінші сұрайық! – деп, бара жатса, аулындағы қу саудагерлер кемпір-шалдан:
— Қайда барасыңдар?–деп сұрайды. Сонда кемпір-шал:
— Барып Бағланбайдан сүйінші аламыз! Інгені басы алтын, бөксесі күміс бота тапты, – дейді. Сонда аналар:
— Сендер өздерің ғана барып, сүйінші алғандарыңмен, бастарыңа мүйіз шықпайды. Онан да қызығын барлығымыз бірдей көрейік. Інгенді сатып, пұлын бөліп аламыз. Ботасын жеті қабат темір үйге кіргізіп, сақтап, өскен соң, оны да сатамыз, – дейді.
Кемпір-шал көнбейді. Онан соң аналар кемпір мен шалды өлтірмекші болады. Сосын кемпір-шал қорыққанынан лажсыз көнеді. Бозінгенді базарға апарып сатады, бір керуеншілер түйені жетелеп алып кетеді. Сонда Бозінгеннің керуеншілерге ботасын сағынып боздап, зарлап айтқаны:
Жаралғаннан жасымнан
Күйіп-жанып сабылдым!
Тартып шеру бала үшін,
Үстіме кілем жамылдым.
Кекілімді үкілеп,
Жібектен бұйда тағындым.
Бота үшін толғанып,
Әр нәрсеге жалындым!
Ақырында аңырап,
Базар түсіп сатылдым.
Жас ботамнан айырылып,
Бұлай болар не қылдым?!
Мына жалған дүниеде,
Көрер күнім болар ма?
Мен ботамды сағындым!
Неше күндер жол бастым,
Көзімнен жасты ағызып,
Емшектің сүтін тамызып,
Өлгенде көрген ботамды
Емізбедім жағызып!
Боташымнан айырылып,
Ішім оттай күйеді,
Жүйем босап сағынып,
Тұла бойым иеді...
Кеш болған соң керуеншілер бір жерге қонады. Бозінген арман, дерті ішіне толып, әуедегі ұшқан құстардан ботасын сұрап, зарлағаны:
– Қалықтаған аспанда
Ителгі менен сұңқарсың,
Ертеменен жем алсаң,
Сәскеде барып ұшарсың!
Аспандап ұшып келдің бе?
Ел ішінде қайғырған,
Енесінен айырылған,
Зарлап, боздап қайғырған
Жетім бота көрдің бе?
«Қандай бота?» дедің бе?
Аспандап ұшып, айналған,
Түлкі көрсе, сайланған,
Түлкісін иесі байланған,
Қара ала баршын бүркітім,
Аспандап ұшып келдің бе?
Ел ішінде боздаған,
Ішкі дертін қозғаған,
Базарға сатып қоймаған,
Еркіменен тоймаған
Жетім бота көрдің бе?
«Не еткен бота?» дедің бе?
Шарықтаған күшіген,
Аспанды кезген жүрісің,
Тамам құстың зорысың.
Ел ішінде боздаған,
Ішкі дертін қозғаған
Жетім бота көрдің бе?
Күндіз ұшпай, түнде ұшқан,
Көбелекпен бірге ұшқан
Көзі қызыл үкісің.
Түндерде ұшып келдің бе?
Енесінен айырылған,
Аққудай мойны қайырылған,
Күндіз-түні зарлаған,
Көзінен жасы парлаған
Жетім бота көрдің бе?
«Не еткен бота?» дедің бе?..
* * *
Омырауы жасқа малынып,
Көрінген құсқа жалынып,
Ботасына зар күйін,
Қайнаған іште бар күйін
Жеткіз деп, жылап тапсырды
Кемпір мен шалдың үйіне.
Ұшқан құс та аяды,
Мойындары иіле,
Тау мен тас та күңіренді
Бозінгеннің күйіне!..
Бозінген сөйтіп, зарлап, көрінген құстан сұрай беріпті. Біреуінен жауап ала алмапты. Содан кейін Бозінген ботасын өлген екен деп зарлайды:
– Мен ботамнан айырылғам,
Қарайлап, мойны қайырылған,
Сағынып, зарлап егілген,
Көзімнен жасым төгілген...
Не жазығым бар еді?!
Екі көзді сел алып,
Жылай, жылай шел алып,
Тілек тілеп зарласам,
Тілегімді берер ме?
Ботақаным келер ме?
Осыны айтып, боздап кете береді.
Керуеншілер бір жерге малдарын тынықтырып, тойындырмаққа тоқтайды, бес-алты күн еру болып жатады.
Бағланбайдың екі ұлы бар еді. Бұлар мал сатып, базардан қайтып келе жатады да боздаған Бозінгеннің даусын естіп, таниды. Сонда бұлар:
— Бұл қайдан жүр? Әлде керуенге еріп кетті ме? – деп, екеуі қоржындарын жолдастарына беріп, інгенді іздеп кетеді. Бұлар талай малды аралап жүріп, ақырында Бозінгенді табады.
«Түйені ұстап алып, жүре берейік, – деп ойлайды да, – қой, мұнымыз ұят болар! Жайын сұрайық, – деп, керуеншілерге келеді де жай-жапсарын айтады:
– Ассалаумағалайкум,
Қонып жатқан керуендер!
Алтын, күміс артынып,
Ай түбіне бардыңыз,
Айға сұрау салдыңыз,
Бағланбайдың Бозінгенін
Қайдан сатып алдыңыз?
Алтын, күміс артты екен,
Ай қызарып батты екен,
Бағланбайдың інгенін
Қандай адам сатты екен?
Ай, жарықтық, Бозінген
Қандай бота тапты екен?
Анасынан айырылып,
Адасқан қудай қайырылып,
Ботақаны еңіреп,
Қайтіп тірі жатты екен?
Бағланбай деген адамның
Бозінгені бар еді,
Бір ботаға зар еді,
Оймалы, шайы кілемді
Оңдап, солдап жаптырған,
Жібектен бұйда тақтырған,
Шытырма қазық қақтырған,
Бозінген бота табар деп
Кемпір-шалға бақтырған.
Бағланбайдың інгенін
Қандай адам саттырған?
Аттың басын бұрам ба?
Кешке дейін тұрам ба?
Мінген атым Қарагер,
Ертерек бізге жауап бер!
Сөзімді қабыл алыңыз,
Бұл сөзіме наныңыз,
Артынан хабар алайын,
Жеті күн тоқтам беріңіз!
Елге қарай шабайық,
Сатқанды іздеп табайық,
Пұлыңды алып берейік,
Інгенді алып қалайық.
Бұған керуен басы айтады:
— Біз талай үлкен қалаларға бардық. Қайтуға жақындағанда, бір қалада біреу әкеп сатты. Алпыс ділдә беріп алдық. Ондай ботасы болса, обалына қалмайық, он күн тоқтап жатамыз. Пұлын әкеп беріп, алып қалыңыз. Он күннен кешіксеңіз кетіп қаламыз. Онда қалғаныңыз.
Екі жігіт сыдыртып отырып, бес күнде кемпір-шалдың үйіне келеді. Олардың келе жатқанын көріп, кемпір-шал жасырынып қалады.
Жігіттер ауылға келіп:
– Мінген атым Қарагер,
Келген жерім талай жер.
Бозінгенді сұраймыз,
Кемпір-шал, шығып жауап бер!
Кемпір-шал шықпайды. Екі қыз бала шығып, жігіттерге жауап береді:
– Адырға шыққан бадал ма?!
Мал-жаныңыз аман ба?
Сіздер сұрап тұрғанда,
Айтпай тұрар заман ба?
Айналайын ағалар,
Басқа түссе, әл қанша?
Ай төбеде толыпты,
Жыл мүшелі болыпты,
Боталар уағы жетіпті.
Бозінгені құрысын,
Бошалап қашып кетіпті!
Кемпір-шал іздеп кетіпті,
Тигізіп жерге табанды.
Кемпір мен шал бар ма екен
Тірі көрер болар ма?
Екі жігіт ойлайды: «Ешкім сатпаған екен, өзі бошалап кеткен екен, керуеншілер бізді алдаған екен. Енді біз барғанша, керуендер көшіп кетеді. Біз жете алмайтын болдық!» – деп, қапаланып тұрады. Сол мезгілде Бозінгеннің ботасы емізік еметін уақыты болып, боздайды. Ботаның даусын есітіп, екі қызға жігіттердің айтқаны:
– Енесінен айырып,
Жас ботаны қылдың зар!
Екі жерде зарлатқан
Кемпір мен шалдың пейілі тар.
Естіледі зарлы үн,
Күңіренген жетім бота бар.
Жетім бота тірі екен.
Қуанған жүрек жарылар!
Мұны есітіп, кемпір-шал өздері шығады да екі жігітке жалынып:
—Айыбымызды кешкін! – деп, бар шынын айтады. Жігіттер мән-жайға түсініп, кемпір-шалдың айыбын кешеді.
Жігіттер алпыс ділдәні алып, күн-түн қатып, сыдыртып барса, керуеншілер көшуге қамданып жатыр екен. Ділдәсін беріп, түйені алып, келе жатқанда: «Ботам өлі ме, тірі ме?» – деп Бозінгеннің зарлағаны:
– Орындалды тілегім,
Қуанып келед жүрегім!
Мен ботамнан айырылып,
Еңіреп, боздап келемін.
Аман-есен бар ма екен?
Ботамды көріп, аналық,
Жарылар ма екен жүрегім?!
Жолға түсіп желемін.
Керуеннің жолынан
Аман қайтып келемін.
Өлерде көрген ботамды
Қайткенде тірі көремін?!
Керуені құрысын!
Ауыр жүкті көп артып,
Жауыр қылды арқамды.
Қуанғаннан ботама
Жыламай, қайтіп шыдайын!
Тірі көрер ме екенмін,
Боташымды – қалқамды?!
Түзелді бүгін жүрісім,
Егілді жұмсап кірісім.
Өмір, сенен тілегім,
Көрсетпе ботам терісін!
Қоқтыға біткен шайырды.
Қойшылар қойын қайырды.
Өлерде көрген ботамнан
Аямас қулар айырды!
Боташымнан айырылып,
Артыма жылап қайырылып,
Жат қолында қаңғырдым,
Еңіреп, зарлап күйемін.
Жер менен көк жаңғырды.
Сүймеген жаным залымды,
Естір-ді мұңды зарымды.
Бозінген зар-күйін күңірентіп, желе берді. Ауылға таянып, ботаның қарасын көргенде, тұла бойы иіп, түйенің жүйесі босап, жылағаны:
– Менің көріп ботамды
Емізер күнім болар ма?
Жар жағалап, жапырақ
Жегізер күнім болар ма?
Айналайын, жан ботам,
Толған айдай толар ма?!
Кекіре біткен көк ойға
Көлбетер күнім болар ма?
Сарымсақты сары ойға
Ойнатар күнім болар ма?
Бауырымдағы қара емшек
Емізер күнім болар ма?
Айналайын, жан ботам,
Басыңа бақыт қонар ма?!
Көңге біткен көк шалғын
Тарпып шашар болар ма?
Көнектей толған қара емшек
Емізер күнім бар ма екен?
Айналайын, жан ботам,
Немене болып қалды екен?!
Жібектей бұйда мұрнымда
Шұбалтар күнім бар ма екен?
Бағланбайдың Бозінгені
Алтын бота тапты деп,
Қуантар күнім бар ма екен?
Жібектен бұйда мұрнымда
Түйілтер күнім бар ма екен?
Бағланбайдың інгені
Күміс бота тапты деп,
Сүйінтер күнім бар ма екен?
Мен ботамды ерітіп,
Тел қозыдай телітіп,
Бағланбайдың үйіне
Барар күнім бар ма екен?
Айналайын боташым,
Немене болып қалды екен?!
Түйе аунаған шаңдаққа
Аунатар күнім бар ма екен?
Түйе ішінде секіртіп,
Ойнатар күнім бар ма екен?
Ұйықтап жатқан жерінде,
Қабырғадан тістелеп,
Қақ төсінен иіскелеп,
Оятар күнім бар ма екен?
Боздаған Бозінген ботасына келіп қосылып, мауқын басады.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Ертегі: Шал мен кемпір
» Қазақша ертегі: Ұр,тоқпақ!
» Сатиралық ертегі: Ұр, Тоқпақ
» Ертегі: Ұр тоқпақ!
» Ертегі: Алтын – айдар
» Ертегі: Шал мен кемпір
» Қазақша ертегі: Ұр,тоқпақ!
» Сатиралық ертегі: Ұр, Тоқпақ
» Ертегі: Ұр тоқпақ!
» Ертегі: Алтын – айдар
Іздеп көріңіз: