Ертегі: Түлкі мен қырғауыл

Ертегі: Түлкі мен қырғауыл

Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де жақындап келіп:

— Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халің қалай? – дейді.

Қырғауыл:

— Жақсы, өзің қалай тұрасың? – дейді.

Түлкі:

— Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді.

Қырғауыл:

— Жерге түсуге қорқамын, жерде әр түрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, – дейді.

Түлкі:

— Әй, достым, қазір заман бұрынғы заман емес, жаңа ғана келдім, бұйрық шығыпты, біреуге біреу зорлық қылмасқа, қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге жүрсін деген, – дейді.

Қырғауыл:

— Жақсы хабарыңыз бар екен, рақмет, достым! Мына жақтан бір иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды айтыңыз, есітсін, – дейді. Ит деген сөзді естіген соң, түлкі алды-артына қарамастан қаша жөнеледі.

Қырғауыл:

— Қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе? – дейді.

Түлкі:

— Кім біледі, бұйрықты ол естімеген шығар, – дейді міңгірлеп.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ертегі Түлкі мен қырғауыл туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Түлкі мен қырғауыл для детей на казахском языке, балаларга арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер Түлкі мен қырғауыл, Түлкі мен қырғауыл

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]