Ертегі: Ақ тиін мен қасқыр

Ертегі: Ақ тиін мен қасқыр

Ақтиін бұтақтан бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды.Қасқыр қарғып тұрып, оны жегісі келеді. Ақ тиін жалынып:

— Мені жеме, жібер? – дейді.

— Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт: неліктен сендер әр уақытта шат болып жүресіңдер?

Сонда ақ тиін:

— Мені жіберіңіз, сонан соң айтайын, әйтпесе жүрегім дірілдеп, сөйлей алатын емеспін, – дейді. Қасқыр ақ тиінді босатады.

Ақ тиін ағаш басына шығып алып:

— Сен қасқыр, залымсың, залымдық ішіңді жандырады. Сондықтан әрқашан қапалы жүресің. Біз ешкімге жауыздық істемейміз, сол үшін де әр уақытта шат болып жүреміз, – дейді де, cылқ-сылқ күліп, ағашқа өрмелеп шығып кетіпті.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ертегі Ақ тиін мен қасқыр туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки для детей на казахском языке, балаларга Ақ тиін мен қасқыр арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер, ертегилер Ақ тиін мен қасқыр казакша оку, Ақ тиін мен қасқыр

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]