Ертегі: Әтеш пен тоты

Ертегі: Әтеш пен тоты

Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде, аң мен құстардың ішіндегі ең әдемісі, сымбаттысы әтеш болыпты. Сондықтан ол өте тәкаппар екен. Жүріп-тұрса да маңғазданып, сылаңдай басады екен. Қоқыраяды да жүреді. Бірде-бір аңмен, не құспен сөйлеспейді. Жалғыз серігі тоты құс болыпты.

Тоты байғұстың үстінде жібі түзу, жөнді киімі жоқ екен.

Бір күні тоты құс әлгі кербез әтешке келіп:

— Досым, мен бүгін қонаққа бармақ едім. Жөнді киімім де жоқ. Мына түріммен қалай барамын. Мені сенің досың деп білетін ел мазақтайды ғой. Маған үстіңдегі әдемі киіміңді бере тұршы, – деп, қиыла жалыныпты.

Әтеш досының сөзіне сеніп, үстіндегі әдемі киімдерінің бәрін шешіп беріпті. Сөйтіп, тоты құс жасанып тұрып киініп алады. Қай мезгілде келетінін айтады.

— Егер мен кешіксем, дауыстап шақыр. Келмей жатсам, тағы да шақыр, даусыңды естиін, – дейді.

Сөйтіп, тоты құс әсем киініп тойға кетеді. Бірақ ол қайтып оралмайды. Әтеш оны естісін деп, үсті-үстіне шақырады. Ешқандай хабар болмайды.

Содан күні бүгінге дейін әтеш тоты құс пен әдемі киімін іздеп, таң қылаң бергеннен күн батқанға дейін айқайлап шақыра береді екен.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ертегі Әтеш пен тоты туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Әтеш пен тоты для детей на казахском языке, балаларга арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер Әтеш пен тоты, ертегилер Әтеш пен тоты казакша оку, Әтеш пен тоты

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]