Ертегі: Түлкі қараторғай және қарға
Қараторғай бір кішкене қайыңға ұя салып, балапан шығарады. Бір уақытта балапандары үлкейе бастайды. Бірде қайыңның қасынан өтіп бара жатқан түлкі биіктегі ұяны көреді. Бірақ бойы жетпейтін болған соң, қараторғайды алдап соғуды ойлайды.
— Жұрттың бәрі егінін егіп бітірді, – дейді түлкі. — Менің соқам сынып қалып еді, соны жөндеуіме керек, – мына қайыңды кесемін.
— Кеспе, – деп, жалбарынады қараторғай, — балапандарым әлі ұша алмайды, қайда қоямын оларды?
— Олай болса, балапандарыңның біреуін бер! Қараторғай ойға шомады. Не істеу керек? Берсе, қайсысын береді? Қай саусағыңды кессең де бәрібір – жаныңа бірдей батады.
Сол араға қарға келіп қалады да:
— Қорықпа, – дейді қараторғай, – түлкі қайыңды кесе алмайды. Кесетін балта-шоты да жоқ.
— Менің балтам - мынау, – деп, түлкі құйрығын бұлғаңдатады.
Онымен түк те істей алмайтынын қарға біледі.
— Қане, кесе ғой, ендеше...
Қулығын өткізе алмаған түлкі енді қарғаға өшігеді. Бір күні түлкі кішкене төмпешікке шығады да төрт аяғын көкке серейтіп, жата кетеді. Қарға өлген түлкі екен деп, қасына келіп, шоқи бастайды.
— Ақылгөйім, түстің бе қолға? – деп, түлкі шап беріп ұстап алады. – Қазір сазайыңды тартқызамын.
— Бір өтінішім бар: ағайыма істегенді істей көрме, – деп жалынады қарға.
— Ағайыңа не істеп еді?
— Оны дөңгелектің қуысына тығып, жардан домалатып жіберген.
— Ендеше, тура соны істеймін!
Түлкі сол жазаны қолданбақ болады да дөңгелектің күпшегіне тыққан кезде, қарға екінші жағынан зып беріп, шығып, кетеді.
Сөйтіп, түлкі тағы да алданып қалады.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Ертегі: Түлкі мен құмыра
» Ертегі: Түлкі мен қырғауыл
» Ертегі: Қу түлкі
» Қазақша ертегі: Қу түлкі
» Қазақша ертегі: Түлкі мен Құмыра
» Ертегі: Түлкі мен құмыра
» Ертегі: Түлкі мен қырғауыл
» Ертегі: Қу түлкі
» Қазақша ертегі: Қу түлкі
» Қазақша ертегі: Түлкі мен Құмыра
Іздеп көріңіз: