Ертегі: Бала қарға

Ертегі: Бала қарға

Ана қарға жаңа ұшырған балапанын ертіп алып, айдалада жатқан жемтікке келіп қоныпты. Балапаны анасына да билетпей бас салып, жемтікті шоқи беріпті.

Ана қарға болса, жан-жағына жалтақтай қарап:

— Балам, біздің жауларымыз көп... Сондықтан тамақ жегенде, бір шоқып, төңірегіңе бір қарап ал, – деп ақыл айтыпты.

— «Сақтықта қорлық жоқ», апа. Өзің бір шоқып, жан-жағыңа екі қарай тұр, – деп, бала қарға жемтікті шоқи берген екен. Содан бері қарғалар бір шоқып, жан-жағына екі қарайтын болыпты.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ертегі Бала қарға туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Бала қарға для детей на казахском языке, балаларга арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер Бала қарға, ертегилер Бала қарға казакша оку, Бала қарға

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]