Ертегі: Түлкі мен Қораз

Ертегі: Түлкі мен Қораз

Таң алагөбеңнен бір түлкі тамақ іздеп жүріп, ағаштың бұтағына қонақтап отырған Қоразды көреді. Ағаштың түбіне келіп, мүләйімсіп Қоразға:

— Тақсыр-ау, тақсыр, таң атты ғой, азан айтыңыз да төмен түсіп, имам болыңыз, жамағат болып намаз оқиық! – депті.

Түлкінің қулығына түсінген Қораз:

— Ар жағыңда молданың үлкені жатыр, сол кісіні оята қойыңыз, бәріміз бірігіп, қауым болсақ болайық! – деп, қуыста жатқан Тазыға сілтепті. Түлкі екі-үш аттап артына қараса, бір бұрышта бүк түсіп қара Тазы жатыр екен. Түкең аяғын мысықша басып, зыта жөнеліпті.

Мұны көрген Қораз жымиып:

— Пірәдар-ау, пірәдар! Намаз оқымайсыз ба? Қайда барасыз? – депті. Сонда Түлкі:

— Дәретім сынып кетті, тез дәрет алып келе қояйын. Сен азан айтып, жұрттың тынышын алмай, сәл шыдай тұр! – деп тартып отырыпты.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ертегі Түлкі мен Қораз туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки для детей на казахском языке, балаларга Түлкі мен Қораз арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер Түлкі мен Қораз, ертегилер казакша оку, Түлкі мен Қораз

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]