Ертегі: Қу түлкі

Ертегі: Қу түлкі

Жолбарыс бір Түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп:

— Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін, – дейді.

Жолбарыс Түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей:

— Мүмкін емес, – дейді.

— Сенбесең, менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аңдардың менен қалай қорқатынын өз көзіңмен көр, – дейді Түлкі.

— Жарайды, көрсек көрейік! – дейді Жолбарыс.

Түлкі Жолбарыстың алдына түсіп, аяқтарын паңдана басып жүріп отырады. Жолбарысты көрген аңдар мен құстар зәресі ұшып, тым-тырақай қашады, үңгір мен індеріне тығылады, құстар ұяларын тастай, аспанға ұшады. Сонда қу Түлкі тұмсығын онан сайын көтере түсіп:

— Ал, енді көзің жеткен шығар! Менен қорықпайтын жан бар ма екен?–дейді.

— Иә, сен шынында да айбарлы екенсің, – деп Жолбарыс жайына кетіпті.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ертегі Қу түлкі туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Қу түлкі для детей на казахском языке, балаларга Қу түлкі арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған Қу түлкі ертегілер, ертегилер казакша оку, Қу түлкі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]