Ертегі: Қоянның айласы

Ертегі: Қоянның айласы

Бір күні алыс сапардан шаршап, болдырып келе жатқан түлкі жол жағасында жортақтап жүрген қоянды көріпті. Сонан соң түлкі ауырған болып, қоянның жолына сұлай кетеді де оны қасына шақырады.

– Қоянжан-ау, қоянжан! Неге сонша жортасың? Менен неге қорқасың? Бала жастан бірге өскен, тоғайдың дәмін бір жескен көрші емес пе едік. Мен ауырып жатырмын, халімді неге сұрамайсың? Жақынырақ келші, қоштасалық ең болмаса, – депті қылымсып.

Сонда қоян:

– Екі құлағым сөзіңде, екі көзім өзіңде. Сені жұрт етті жақсы көреді дейді ғой, сол рас па? – деп сұрайды.

– Ол рас, жалғаны жоқ, – дейді, түлкі кінәсін мойындағандай болып. – Тіпті ет жемесем, басым ауырады. Ол әдет еді, енді қайталана қоймас.

– Міне, мен сол әдетіңнен шошимын.

– Иә, соған өзім де қынжылып жатырмын. Кеше бір тауық жеп едім, кейін оның жастығына жаным ашып, жылап та жібердім. Өйткені оның да мына дүниеде тірі жүргісі келеді ғой. О, шіркін, тіршілік-ай – деп, күрсініпті түлкі.

Қоян қиястанып:

– Сен оны өлтірмей тұрып неге ойламадың? – деп сұрапты.

Сонда түлкі:

– Мен дәл сол жерде ойлауды ұмытып кетіппін. Қазір жаныма батып, ауырып жатқаным да соның өкініші, – депті ыңқылдап.

– Ұмытшақтық деген жаман ғой, мен де сол ұмытшақтықтан қорқамын. Сондықтан да ешкімге жоламай жортамын, – деп, қоян өз бетімен кете барыпты.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ертегі Қоянның айласы туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Қоянның айласы для детей на казахском языке, балаларга Қоянның айласы арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер, ертегилер казакша оку, Қоянның айласы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]