Ертегі: Жолбарыс жеген түлкі
Бірде тіміскілене сүмеңдеп келе жатқан түлкіге тоғайды шарлап жүрген жолбарыс кездесіпті. Сонан соң екеуі жолдас болып, сапар шегіпті. Кешке таман бір көлдің жағасына келіп, сол арада түнемек болыпты. Жардың қабағына жатыпты. Ұйқтар мезгіл болғанда:
– Менің ұйқым қатты еді, аунақшып жатып, жардан құлап кетермін. Түлкіжан, сен менің оң жағыма жатшы, – депті жолбарыс.
Түлкі серігінің айтқанына көніп:
– Жарайды, айтқаның болсын, – деп, көрсеткен жерге жатыпты.
Бір уақытта жолбарыс пырылдап, ұйқыға кетеді. Ал түлкі сол кезде білдірмей түрегеліп, орын ауыстырып, жолбарыстың ірге жағына шығып алыпты. Сонан соң:
– Ай, жөке, ары таман жатшы, мені басып, жаншып тастайтын болдың ғой, – деп, итеріп-итеріп қояды.
Осылайша жолбарысты жылжыта-жылжыта жардан ұшырып жіберіпті. Жолбарыс қазаға ұшырапты. Ертеңіне түлкі құлап өлген жолбарыстың етіне тойып алып, өз жөніне кете беріпті.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша ертегі: Қу түлкі
» Ертегі: Қу түлкі
» Ертегі: Залым түлкі
» Ертегі: Бөдененің түлкіні тойғызуы
» Ертегі: Түлкі мен қасқыр
» Қазақша ертегі: Қу түлкі
» Ертегі: Қу түлкі
» Ертегі: Залым түлкі
» Ертегі: Бөдененің түлкіні тойғызуы
» Ертегі: Түлкі мен қасқыр
Іздеп көріңіз: