Ертегі: Құмырсқаның қанағаты
Ертеде бір данышпан кісі болыпты. Ол кісі жан-жануарлардың, құрт-құмырсқаның тілін біледі екен.
Бір күні әлгі данышпан жолаушылап келе жатыпты. Жарты жолға келгенде, ат шалдырып, демалып отырса, кішкентай бір құмырсқаның дән тасып жүргенін көреді. Оны жерден көтеріп алады да алақанына салып тұрып:
– Қане, құмырсқа, айтшы, дәнді қайда алып барасың? – деп сұрайды.
– Илеуіме апарамын, – дейді құмырсқа. Адам сұрайды:
– Оны қайтесің?
– Кейінге сақтаймын, – дейді құмырсқа. Адам:
– Көп жинайсың ба? – деп сұрайды.
Құмырсқа өз шаруасының жайын былайша баяндайды:
– Жаздай жұмыс істеп, жейтін азығымды жинаймын да қыстыгүні қаннен-қаперсіз тынығып жатамын.
Данышпан құмырсқаны шыр айналдыра қарай бастады:
– Басың неге үлкен?
– Аз сөйлеп, көп ойлаймын.
– Белің неге қылдырықтай?
– Қомағай емеспін.
– Жылына қанша дән жейсің?
– Бір дән жеймін.
– Соған қанағат етесің бе?
– Одан көп жей берсем, жер бетіндегі басқа құмырсқалар аш қалмай ма? Қанағат керек қой!
Құмырсқаның ақылына, қанағатына, көрегендігіне сүйсінген данышпан оны сынап көрмек болады. Қорапқа бір дән салады да құмырсқаны соған қоса қамайды. Сонан соң су тимейтін бір жайлы жерге орналастырады.
– Бір жылдан кейін келемін. Дәнің бар жейтін, қамсыз жата бер, – дейді, данышпан құмырсқаға ескертіп. Осылайша құмырсқаның азықты қалай үнемдейтінін білгісі келеді.
Бір жыл өткен соң, данышпан әлгі құмырсқаға қайта оралады. Өзі қойып кеткен жерден қорапты тауып алады. Құмырсқаның өлі-тірісін білмек болып, қорапты ашады. Қараса, құмырсқа тірі екен. Қасына қалдырған жалғыз дәннің жартысын ғана жепті. Бұған таңданған данышпан:
– Ей, құмырсқа, – депті, мұның себебін білмек ниетпен. – Сен жылына бір дән жеймін деп едің ғой. Мына дәнді неге түгел жемей, жартысын қалдырғансың? Не себептен сонша үнемдедің?
Сонда құмырсқа былай депті:
– Айтқаның дұрыс, мен жылына бір дән жеймін, ол рас. Ал сен болсаң, мені қорапқа салып, қамап кеттің. Сыртқа шыға алмаймын. Егер сен мені бұл қамаудан босатуды ұмытып кетсең, тағы да бір жыл қамауда жататын едім. Бір дәнді түгел жеп қойсам, аштан өлетін едім. Соны ойлап, қанағат еттім.
Данышпан құмырсқаның шыдамдылығы мен тастай берік қанағатына қайран қалыпты. Оны қамап кеткенінің қиянат болғанын, азапқа салғанын енді түсініп:
– Менің істегенім дұрыс болмапты, кешір! – депті де құмырсқаны қамаудан босатып жіберген екен.
Содан кейін данышпан қанағаттың қасиетін адам баласына үйретіпті.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Аңыз-ертегілер оқимын Құмырсқаның қанағаты(ертегі) (2 сынып, III тоқсан )
» Ертегі: Құмырсқа
» Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Алтын теңге
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Құмырсқаның қанағаты «Бабалар сөзі» 100 томдық 73- том (3 сынып, I токсан)
» Қазақша ертегі: Патша мен құмырсқа

Іздеп көріңіз: