Ертегі: Арыстан қасқыр және түлкі

Ертегі: Арыстан қасқыр және түлкі

Бір күні арыстан, қасқыр және түлкі - үшеуі серік болып, аңға шығыпты. Кешке дейін жортып жүріп, бір қоян, бір қырғауыл және бір елік ұстап алыпты.

Кеш бата үшеуі тамақтануға отырыпты. Арыстан олжаны қалай бөлісіп жеудің амалын таппастан:

— Мына олжаны сен бөлші, – деп, қасқырға бұйырады.

— Жарайды, – депті қасқыр жалақтап. Сонан кейін жемтіктің қасына отыра қалыпты. Сыбанып жіберіп, бөле бастайды. – Мынау қоян жұдырықтай екен. Мұны тұтам ішекті түлкі жесін. Қырғауыл қылшықты екен, мұны қылғынсам да мен жейін. Тақсыр арыстан, бойың да, жасың да үлкен ғой, елікке ешкімнің таласы жоқ, тарт сыбағаңды алдыңа.

Олжаны бұлайша бөлген қасқырдың қылығы арыстанның ашуын қоздырыпты. Бұрқылдап тұрып, қасқырды салып кеп жібереді. Сонда қасқырдың бір көзі ағып түсіпті.

Арыстан енді түлкіге бұрылып:

— Ал, енді сен бөліп көрші олжаны, – деп бұйырыпты.

— Жарайды, тақсыр, – деп, түлкі олжаларын бөлуге кірісіпті, – Қоянға ауыз толмаса да көңілге тоқ қой, тақсыр. Бұл өзіңнің тіс қандырып, тіл басарың болсын. Қырғауыл қылшықты болғанымен, құмар ас қой, бұл түскі асың болсын. Ал жалғыз елік бүкіл елді тойдыра ма, азулы ауыз асауға лайық, кешке қарай жерсің. Ал, біз өзіңнен артылған қалған-құтқанды жеп-ақ жүрек жалғармыз. Түлкінің олжаны бұлай бөлгені арыстанға ерекше ұнап кетеді де:

— Оу, түлкіжан, олжаны бұлай бөлуді сен қайдан үйреніп жүрсің? Өте дұрыс бөліс! – деп сүйсінеді.

Сонда түлкі:

— Тақсыр, бұл әділдікті мен қасқырдың ағып түскен көзінен үйрендім, – депті.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ертегі Арыстан қасқыр және түлкі туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Арыстан қасқыр және түлкі для детей на казахском языке, балаларга арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер Арыстан қасқыр және түлкі, ертегилер Арыстан қасқыр және түлкі казакша оку, Арыстан қасқыр және түлкі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]