Ертегі: Аңшы

Ертегі: Аңшы

Бір аңшы соңына тазыларын ертіп, аң аулап келе жатады. Бұған кез болып қалған түлкінің зәресі зәр түбіне кетеді. Жүрелеп отыра қалып:

— Я, бәхти-бөден, жолыңа батпан тары құдайы, мына тазылардан құтқара гөр! – деп, жалбарынады.

Түлкінің зарын естіген бөдене:

— Айтқаныңды орындаймын, – деп, тазылардың қарсы алдына барады да жер бауырлай ұшып, иттерді теріс жаққа алдарқатып әкетеді.

Алды-артына қарамай зыта жөнелген түлкі алысқа ұзап кетеді. Тазылардың қарасы үзілді-ау деген кезде, бір қалың шеңгелдің арасына келіп тығылыпты.

Сол арада түлкінің қасына бөдене жетіп келеді.

— Қане, тарыңды бер! – дейді. Түлкі енді бұлтаққа салады.

— Е, есі жоқ бәхти-бөден, әкем диқан болмаса, шешем диқан болмаса, саған батпан тарыны қайдан тауып беремін?

— Ей, сен уәдеңді бұздың ғой, – дейді бөдене наразы болып. Бұған түлкі де көнбейді.

— Төрт аяғым – пырақ, екі көзім – шырақ, екі құлағым – сақ, өзім қашып құтылдым. Сенің не дауың бар, – дейді.

Түлкі осылайша мақтанып тұрғанда, жыми басқан тазы арт жағынан келіп, тарпа бас салыпты.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ертегі Аңшы туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Аңшы для детей на казахском языке, балаларга арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер Аңшы, ертегилер Аңшы казакша оку, Аңшы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]