Ертегі: Байғұлан
Ертеде бір батыр болған екен. Оның байлығы тоғыз-тоғыздан айналып жатқан құла шұбар жылқысы болса керек. Бұл байдың үш баласы болыпты. Екеуі – ер, біреуі – қыз. Ең үлкен баласының аты – Байғұлан өзі ер, әрі сал болса керек. Мұның барлық істейтін кәсібі – ертеден кешке шейін аң аулау. Сөйтіп жүргенде, әкесі қайтыс болып, қалған дүниесі ер баласының қолына қарайды. Бұдан кейін Байғұлан өзіне елінен таңдап жүріп бір әйел алады. Байғұлан бұрын төртеу болса, енді бес жан болады. Тағы да бұрынғы қалпында аң аулап жүре береді. Аңнан келген сайын, өзімен бірге туысқан қарындасы алдынан шығып тұрады. Бір күні Байғұлан аң аулап келе жатса, бір таудың басында үлкендігі өзінен екі есе бір адам жатқанын көреді. Батыр басында қорқыңқырап жанына барады да мұны осылай ұйықтап жатқан кезінде атып өлтірейін деп ойланып садағын қолына алады. «Егерде оянып кетсе тағы бұл атғызбас», – деп, артынан тағы өзін-өзі тоқтатады. «Менің батырлығым қайсы? Бір кісіден бір кісінің қорыққаны елден ұят тағы. Егерде біреу естіп жүрсе, маған бір өлім», – деп, әлгі жатқан адамды атпастан, атынан түсе қалып жанына барып тұрып еді, керек қылмастан жата береді қандай қатты түртсе де. Ақырында Байғұлан ашуланып, қолындағы қамшысын екі бүктеп алып, қақ маңдайынан екі салады. Бұл ұрған кезде адам маңдайына бір шыбын қонған секілді маңдайын бір сипап жата береді. Бұдан кейін Байғұлан: «Менің қолымның қаруы қайда кеткен?» – деп, қайта маңдайынан салып жібергенде, сол адам атып тұрып алыса түседі. Бұл екеуі сол жерде екі түн, екі күн алысып, ақырында, Байғұлан алып соғып ортан жілігін сындырып, өзінің тұрса, шөкпейтін, шөксе, тұрмайтын бір түйесін үстіне әкеп шөгеріп тастайды да, өз жайына жүре береді де кешке жақын үйіне келеді. Үйінде інісіне: «Енді сен мына тау жаққа тезек тере барма» – дейді.
Інісі: «Жарайды», – дейді.
Бұдан кейін бір күні інісі «мені осы жаққа неге барма?» деді деп, бір түйеге қорапты арбаны жегіп алып, бағанағы барма деген жаққа тезек тере барса, бір таудың етегінде, бір түйенің аяғында бір адам жатқанын көреді. Маңайына жақын келсе, өзінің белгілі түйесі. Астындағы адам баланы шақырады:
«Ей, бала, бері кел», – дейді. Бала оған бармайды.
Бала бармаған соң:
— Бала, мен саған іні болайын, – дейді.
Онда бала:
— Інінің керегі жоқ, інім бар, – дейді.
— Ендеше, аға болайын.
— Ағаның керегі жоқ, ағам бар.
— Ендеше, әке болайын, – дейді. Сол кезде бала:
— Қайтейін, түйе тұрмайды, – дейді. Сонда адам:
— Түйенің тұратын тәсілін мен айтайын, сен шешеңе бардағы бір етек тұз әкеліп, түйенің алдына танауына тиер-тимес қып үйіп қой. Сонда бірнеше күннен бері ащыламай жатқан түйе соған сырғанап түседі, – деді. Мұны естіп үйіне келіп шешесіне айтады.
Шешесі:
— Жарайды, барып әкеле ғой, – деп, етегіне тұз салып береді. Бала алып барып түйенің алдына төгіп, сол түйе соған сырғанап түседі. Енді үйге алып қайтайын десе, аяғы сынып жатқанын көреді. Қайта шешесіне келіп: «Әлгі кісінің аяғы сынған екен, келе алмайды», – дейді. Сонда шешесі бір пар түйе жегіп береді. Бала барып алып келгеннен кейін Байғұланға көрсетпей, жүктің артынан үй жасап тығып тастайды аяғын таңып. Бірнеше ай өткеннен кейін, батырдың аяғы жазылып, үйдің ішін өзіне қаратып алады. Бұдан кейін Байғұланға қастық ойлай бастайды. Енді бұған бір айла табу керек болады. Сондағы тапқан айласы:
«Сен ауыр, сонда саған ол қандай ем керек деп сұрар, сонда бір адам бара алмас бір тау бар, онда адам ала алмай жүрген бір киік бар, соның өтін ішсем де ол соған барар. Егерде барса, аман келмейді, келсе, арықтап келер. Сонда алыссақ жеңерміз, не болмаса, ол бізге алғызбайды», – дейді шешесіне. «Бұл жарайды» – деп, шешесі ертеңіне ауырады. Күнде алдынан шығып жүрген қарындасы алдынан шықпай қалады. Қарындасына:
«Сен менің алдымнан неге шықпадың?» – дегенде, «Шешем ауырып жатыр», – деді. Сонда Байғұлан атынан құлай-мұлай келіп шешесінің басын сүйеп: «Шеше, қай жерің ауырады, нендей ем керек?» – деді.
Сонда шешесі:
«Ақшахан тауында бір биік тау бар. Сол таудың басында бір киік бар. Соның өтін ішсең, жазыласың дейді Адақ бақсы», – деді.
Сонда Байғұлан:
— Ендеше, мен барам, – деп оның өтін алып келмекші болып жол жүріп береді. Бірнеше ай жүріп барса, таудың басында тұрған киікті көреді. Енді атып алмақшы болып, таудың басына шыға бергенде, дауыл соғып Байғұланды етегіне домалатып түсіреді. Бұдан кейін қайта шығып бара жатқанда, дауыл қайта соғып, таудың ортасына әкеп тастайды. Ақырында, сол таудың басына шығады. Көп мехнат тартып, шығып, атайын деп тұрғанда киік:
— Ей, батыр, сен мені атасың, бірақ шешең барған соң саған қастық қылады.
— Ой, маған шешем қастық қылушы ма еді? – деп, киікті атып салады. Киіктің етін жеп, өтін бірнеше ай өткеннен кейін алып келеді. Әкеліп шешесіне береді.
Ішкен болып шешесі баласын алдап тұрып сыртына қарай төгеді.
Біраздан соң шешесі баласын жанына шақырады. Арқасын сипап баланың қанша жүрсе де арықтамағанын біледі. Соныменен шешесі бірнеше күн тәуір болып, тағы бір күн ақылдасып: «Енді бір жерге жұмсайық. Онан өзі де келмейді. Егерде келгенмен, онан өте арықтап келеді», – дейді. Әлгі адам: «Мәден шаһарының ар жағында елсіз жол бар. Соның ар жағында жеті күншілік жерде бір дария бар. Сол дарияда үлкен шаян бар. Соның өтін ішсем, жазылам де», – дейді. Бұны естіп шешесі тағы бір күн ауырады. Қарындасы алдынан шықпайды.
Сұрағанда: «Шешең ауырып жатыр» – деді. Байғұлан мұны ести сала, атынан түсе қалып: «Е, шеше, қай жерің ауырып жатыр, нендей ем керек?» – деп сұрады.
Сонда шешеci батырдың сөзін айтты. Байғұлан мұны естіп: «Ендеше, мен барам» – деп жол тартпақшы болып, үлкен атын мініп бара жатқанда, үлкен аты: «Сен мені мініп барасың, бірақ саған шешең қастық қылады. Әрі сен жүдеп, әрі мен арықтағаным еш нәрсе өнбес», – деді.
Сонда Байғұлан: «Маған шешем қастық ойлаушы ма еді? » – деп, атты бастан бір тартып қоя беріп, құла қасқа атқа мініп, жол тартып береді. Жылдардан жыл өтіп өзі баладай, аты құландай, қаршығасы торғайдай, тазысы күшіктей болғанда барып жетеді. Айтқанындай бір шаянның таудың жиегінде жатқанын көріп алуға айналады.
Сонда шаянның айтқаны:
— Ей, батыр, сен мені атарсың, бірақ шешең барған соң, қастық қылады.
— Әй, маған шешем қастық қылушы ма еді? – деп, шаянды атып салады. Бірнеше күн өтіп, қорек қылып жатып, үйге қайтады.
Үйіне бірнеше жыл жүріп келеді. Арықтап, жүдеп, алғашқы барғандай болып келгеннен кейін шешесі тағы да ішкен болып, сыртына төгіп тастайды да баласын шақырып алып:
— Қарағым-ай, арқаңды сипайын, – деп, арқасын сипап отырып:
— Алла, қарағым-ай, жілігіңде май да қалған жоқ екен, – дегенде, жүктің артынан батыр шыға келіп алыса кетеді. Екеуі үш күн, үш түн алысып, төртінші күнге айналғанда, Байғұлан қалжырай бастайды. Сол кезде шешесіне Байғұлан:
— Е, ана-ау, тоғыз ай, тоғыз күн мехнат көріп, тар құрсағыңды кеңітіп тапқан балаң едім, менің бұл күнде халім азайды. Мынаның астына тас төсе, менің астыма ұн төсе, – деді. Сол кезде шешесі:
— Екі батырдың шайқасқанында, менің не қақым бар, шайқасып бірі жеңер, – деп отыра береді. Сол кезде қарындасына айтады.
— Е қарындасым, ананың құрсағынан бір шыққан едік, менің астыма мақта төсе, мынаның астына ағаш төсе, – дегенде:
— Екі бураның шайқасқанында не жұмысым бар, біреуі жеңер, – деді. Сонда інісіне:
— Е, туысқаным, аға өлсе, іні мұра деген, мен жоқ болсам, мына қалған мал-мүлікке ие болатын сен едің. Енді менен хал кетті, менің астыма мамық төсе, мынаның астына бидай төсе, – дегенде:
«Екі қошқардың сүзіскенінде не жұмысым бар. Бірі жеңер», – деп өз жайына кетеді.
Бұдан кейін Байғұлан қатынына айтады.
— Е, Зәуре, бірнеше елдің ішіндегі әйелдерден таңдап алған Құдай қосқан едің, қажығанда қайратың тие ме деген, енді менен хал кетті, менің астыма жүн төсе, мынаның астына құм төсе, – дегенде:
— Ой, Құдай-ай, екі бұқаның сүзіскенінде не жұмысым бар, бірі жеңер, – дегенде, Байғұлан төрт жасар баласын шақырады. Сонда баласы қолындағы қанжарын қынынан суырып алып тұра жүгіргенде, баланы жүректен бір қойып талдырып тастайды өзінің туған шешесі. Бұдан кейін Байғұланды жеңіп, өлтірдім деп, отырған жерінен көшіп кетеді.
Бірақ Байғұланның өзіне қараған нәрсенің ішінен жалғыз мылтығын алады, басқа нәрселерін өзінің қасына тастап кетеді. Байғұланның сонша жылқыдан таңдап алған екі атының үлкені жылқыға ере бастайды. Кіші аты басында тұрып, кетіп бара жатқан құла қасқа атқа айтқаны:
«Ей, құла қасқа ат, сен қайда барасың. Бізге Байғұландай кісі табылмас Сен өзің бастан бір тартқанын кек көріп кетіп барасың, енді сенің көзіңе көк шыбын үймелетер», – деді.
Сонда құла қасқа ат қайта келеді. Екеуі бірлесіп тұрып, «Осының бір жерде туысқан апасы бар еді, соны сен іздеп таба бер, мен мына жерден жер қазайын. Өлсе, көмермін, өлмесе, көрерміз», – деп үлкен атты жібереді де өзі жерді қазып жата береді.
Бір уақытта үлкен ат бір ауылдың шетіне келіп, бір жаман қараша үйге келіп сүйкенсе, бір бала шығып қуып жібереді. Мұнан кейін төрт қанат бір қараша үйге келіп сүйкеніп еді, одан бір әйел шығып айдап жібереді. Тағы алты қанат ақ үйге келіп сүйкенсе, бір әдемі келіншек келіп:
— Ой, дүние-ай, иесі жоқ малдың көретін күні осы-ay, – деп тұрғанда, ер-тұрманы үстінде үлкен құла қасқа аттың келе жатқанын көреді.
Үйіндегі күйеуін шақырып:
— Ей, мынау атты қарашы, – дегенде:
— Мұндай атты сенің бауырың Байғұланнан басқа адам мінген жоқ соның аты ғой, – деді. Сонда:
— Маған ұстатса, мінсем қайтеді? – деді
— Ендеше, міне ғой, – дегенде, аттың жанына барады, ат иіскеп тұра қалады. Сонда атқа міне жөнелгенде, ат ала жөнеледі. Апарып Байғұланның жатқан жеріне түсіреді. Қараса, інісінің жатқанын көреді. Қазулы тұрған жердің ұзынынан бір, көлденеңінен бір аттағанда:
— Апырым-ай, қатты ұйықтап кеткен екем, – деп Байғұлан түрегеледі. Бұдан кейін апасы барлық жайды айтып түсіндіреді.
Байғұлан:
— Ендеше, сен мына атты маған бер, қалған мүлікті сен ал, маған бір жаман киім тауып бер, – деді.
Апасы:
— Маған сенің мүлкің керек жоқ. Өзің үйге жүр, әрі бері тынық, сонан кейін барарсың, – деп еді, оған болмай, сол жерден көштің, сүрлеуіне түсіп жүріп кетті. Апасы қалған дүниені алып келіп, бауырын күтіп жата береді.
Байғұлан сүрлеумен келе жатса, алдында бір жылқышыға кездеседі. Келіп: «Бұл кімнің жылқысы?» – деп сұрағанда: «Бұрын Байғұланның жылқысы атанушы еді, енді Қарабатыр жылқысы атанып жүр», – деді. «Ендеше, менімен еріп ана жатқан түйеге барайық», – деген соң, жылқышы еріп түйеге барады. Онда өзінің түйесі, оның иесін алып сиыршыға келеді. Сиыр тағы өз сиырлары, оның иесін алып қойшыға келсе, өзінің бала кезіндегі алпыс жасар шал екен. Көре сала:
— Әй, қарағым-ай, қайдан жүрсің? – деп, құшақтап көрісе бастайды. Сол жерде барлық бақташылар танып, жылап көрісе береді. Жыласып болғаннан кейін, «Енді біз Қарабатырды өлтіреміз», – деп, жылқышылар бармақшы болады. Байғұлан жібермейді.
— Сендер әуре болмаңдар, мен өз көзіммен көрейін, – деп, өзінен қалған баласын сұрайды.
— Менен төрт жасар бала қалып еді, ол өлі ме, тірі ме? – деді.
Сонда отырғандар біреуі: «Өлі», – біреуі: «Тірі», – біреуі: Өлі де емес тірі де емес», – деді.
Байғұлан қайсысына нанарын білмей, өлі де емес, тірі де емес деген адамнан қайта сұрады. Сонда: «Ол бала түн болса, бес саусағына шырағдан жағады, күн болса, анау жалғыз шоқының басында отырып бұзау бағады», –деді. Байғұлан мұны естіп, сол шоқының қасына келіп баланы шақырады.
Бала:
— Мені неғыласыз, бір сорлы баламын, – деді. Оған болмай шоқының орта жеріне келіп:
— Кел, бері, шақырғанда келмейтін не қылған баласың? – деді. Бала тағы бармады. Болмаған соң таудың басына шығып:
— Не деген тілазар баласың, үлкен кісі шақырғанда келмейсің, – дегенде бала:
— Мені әуре қылмаңыз, мен бір зарлы адаммын, – деді.
Сол жерде Байғұлан:
— Менің арқамды қасы, – деді. Бала:
— Қаси алмаймын, қолым жарамайды, – деді.
Оған болмай еріксіз арқасын қасытып еді, бала арқасын қасып отырып, жылап қоя берді.
— Е, неге жылайсың? – дегенде бала:
— Мен жыламай қайтейін? Өлген әкем Байғұлан дейтін еді. Оның арқасында алақандай қалы бар еді. Дәл сол сияқты сіздің арқаңызда қал бар екен, соны көріп жылап отырмын, – деді бала. Сол жерде балаға шыдай алмай, шынын айтып, екеуі бір тауды басына көтеріп жылап алады.
Бала:
— Ендеше, Қарабатырды мен өлтіріп келейін, – деп тұра жүгіреді. Әкесі:
— Балам, әзірше сен қоя тұр, өзім барып көрейін, содан кейін өлтіру қашпас, – деді. Бұдан кейін баланы сол жерде қалдырып, өзі Қарабатырдың үйіне қайыршы болып келіп қонады.
Әрине, қайыршыны қайдан білсін, өз жайына отыра береді. Кешке бала келгенде, айтқанындай баланың бес саусағына шырағдан жағып қояды. Мұны өзі көріп отыра береді. Бір мезгілде тамақ пісіп келді. Бұрын жақсы тамақ жейтін Байғұланға қарын, өкпе келді. Оны жеп алып жатып қалды. Таң атқан соң, елін жинап алып Қарабатыр бір киікті нысанаға қойып атқызып жатыр. Тигізе алмағанның басын алам деп бір жерге жинап жатыр. Ақырында сонша халықтан бір адам тигізе алмаған соң, Байғұлан қолына жақ мылтықты алып, киікті атып, қолындағы мылтықты ортасынан екі бөліп лақтырып жібереді «күллі елді бір киік үшін қырайын деп пе едің» деп. Сонда Қарабатыр:
— Мына иттің баласына Байғұланның мылтығын әкеп бер. Егерде оны сындыра алмаса, қазір басын кесейін, – деді. Байғұланның мылтығын сегіз адам зорға көтеріп алып келді. Сол кезде Байғұлан ұстап тұрып:
— Есіл мылтығым, халқым үшін сені сындырам-ау, – дегенде, Қарабатыр тұра қашады. Сол кезде мылтықпен басып салады.
Баласы мен Байғұлан халқын аман алып қалып, бұрынғысындай қалпына келіп, барша мұратына жетеді.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Ертегі: Сабыр
» Ертегі: Алакөз батыр
» Ертегі: Үш батыр
» Ертегі: Арлы бала
» Ертегі: Қаңбақ айғақ
» Ертегі: Сабыр
» Ертегі: Алакөз батыр
» Ертегі: Үш батыр
» Ертегі: Арлы бала
» Ертегі: Қаңбақ айғақ
Іздеп көріңіз: