Ертегі: Көкжан батыр мен Айдаһар
Ертеде бір ханнің үш қызы болыпты. Екі үлкен қызын ұзатқаннан кейін, хан қолында қалған кенже қызын күйеуге беріп, ойын-тойын жасайды. Тойға қол астындағы бір кемпір мен шалды да шақыртады.
Кемпір үйде қалып, шал жалғыз өзі тойға кетеді. Бұл шал мен кемпір де ұлға зар екен. Құдайдан жылап күні-түні бала сұрайды екен. Шалы кеткен соң, кемпір қалың ойға батып жатып, ұйықтап кетеді. Ұйықтап жатып ғажайып түс көреді. Түсінде ұзын бойлы қара кісі келіп аян береді. «Мен саған сегіз қарбыз, бір қауын беремін, тоғыз балаң болады. Қауыннан туған кенже балаңның атын Көкжан батыр қой», – дейді.
Кемпір көзін ашып алғанда, қасында сегіз қарбыз, бір қауын жатыр екен. Қауын, қарбызды кемпір жалғыз өзі жеп, тойып алады. Тойдан шал келеді. Кемпір шалға сырын айтпайды. Көп ұзамай кемпір жүкті болады. Тоғыз ай тоғыз күн дегенде, кемпір толғатып, тоғыз ұл табады. Кенжесінің атын Көкжан батыр қояды.
Балалары ержетіп балиғатқа толады. Балалар аңға шығып, сейіл құрып жүреді. Балалары жоқта кемпір-шал тысқа шығып қараса, тау басынан етекке қарай бір қыз қой жайып келе жатыр екен. Қыз қойын тастап кемпір мен шалға келеді. Аман-саулықты сұрасқан соң, шөлдеген қыз сусын сұрайды, мейірімді кемпір қызға сусын береді. Манадан бері қыздан көзін айырмай ойланып тұрған қарт:
— Бір үйде неше қызсыңдар? – деп сұрайды.
— Бір үйде тоғыз қызбыз, – деп жауап қайырады қыз.
— Ең кенжесінің аты кім? – деп сұрайды қарт.
— Ең кенжесі - мен, – дейді қыз. Қыз сөйтіп қойына кетеді. Кемпір мен шал қыздың үйіне барып, құдалық сөйлеспек болады. Кемпір мен шал өзді-өзі келісіп, шал атқа мініп, жол тартады.
Төрт күн дегенде шал қыздың ауылына келіп, әкесімен сөйлесіп, құда түсіп қайтады. Болған әңгімені бастан-аяқ кемпіріне айтады. Енді шал балаларын қайын жұртына ертіп апарудың қамына кіріседі. Балалары бір-бір ат мінеді, бір-бір түйе жетегіне алады. Бұл сапардан қалғысы келген Көкжан батыр:
— Маған қызын сенсе, берер, сенбесе, бермес, – дейді. Жолда бір үлкен тау бар, соған бара жатқанда да, қайтқанда да қонбаңыздар, – дейді.
Көкжан батыр үйде қалады. Басқалары жол жүріп, бағанағы үлкен тауға күн батқанда әзер жетеді.
Шалдың үлкен баласы: «Түн болды қонайық», – дейді әкесіне. Шал тұрып: «Көкжан батыр қонба деген, қонбаймыз», – дейді. Түн қатып жол жүріп, құдасының үйіне келеді, бірнеше күн жатып, келіндерін алып қайтады. Қайтқанда, жолдағы тауға тағы да кеш келеді. Балалары болмай әкесін көндіріп, ақыры сол тауға қонады. Таңертең тұрып қараса, астарына мінген аттары мен жүк артқан түйелері жоқ, мұнартқан тау, жым-жырт дала, жан-жаққа жүгіріп малдарын іздейді, таба алмайды. Сөйтіп абыр-сабыр болып, шуылдасып жүріп, бір жартасқа келсе, бір айдаһар аузымен құйрығын тістеп, барлық малға қора болып иіріліп жатыр екен.
Шал келе сала айдаһарға жалынады: «Ей, малғұн, ең болмаса малымның жартысын қайтарсаңшы!» – деп. Сонда айдаһарға тіл бітіп, адамша сөйлеп, былай дейді.
— Мен сенің малыңның бәрін қайтарайын, егер сен үйіңдегі кенже балаң Көкжан батырды маған берсең? – дейді.
— Жарайды, берейін, – дейді шал. Жылан шалдың малдарын өзіне қайтарады. Шал балаларымен аттарына мініп, түйелерін жетектеп, бос малдарын айдап, үйіне келеді. Көкжан батыр ағалары мен әкесінің алдынан шығып:
— Енді сіздерге мен жоқпын, – деп, тұлпарымен жандарынан жанап өте береді. Сол уақытта әкесі:
— Шырағым, тым болмаса, жарыңның қасына бір түнеп кетсейші, – деп жалынады. Әкесінің сөзін қайталап ағалары да жалынады. Әкесі мен ағаларының сөзін қимаған Көкжан бір түн тоқтап, жарының қасына түнейді.
Ертеңіне Көкжан батыр айдаһарға қарай жол тартады. Бірнеше күн жүріп айдаһарға келеді. Келісімен, айдаһар Көкжан батырды алыс жерге алтын шашты қызды алып келуге жұмсайды. Көкжан батыр жолда бір салт атты адамға жолығады. Екеуі танысып Көкжан батыр: «Әңгіме айт», – деп қолқалайды.
— Естігенімді айтайын ба, білгенімді айтайын ба? – дейді танысы.
— Естіген жалған болады, білгеніңді айт, – дейді Көкжан батыр.
— Білгенімді айтсам, менің білетінім: түнде қарсақтың ізіне түсем, – дейді.
Екеуі әзілдесіп келе жатса, тағы бір салт аттыға кездеседі. Онымен танысып, оған да: «Жол қысқарсын, әңгіме айт!» – дейді Көкжан батыр.
— Естігенімді айтайын ба, жоқ, білгенімді айтайын ба? – дейді екінші адам. Сонда Көкжан батыр:
— Естіген жалған болады, білгеніңді айт! – дейді. Сонда әлгі кісі:
— Мен аспандағы жұлдыздың санын білем, – дейді. Сонда үшеуі достасып келе жатса, оларға тағы бір салт атты кісі тап болады. Онымен де танысып Көкжан батыр: «Әңгіме айт!» – дейді.
— Білгенімді айтайын ба, естігенімді айтайын ба? – дейді ол да. Көкжан батыр тұрып:
— Естіген жалған болар, білгеніңді айт! – дейді.
— Мен жер үстіндегі барлық балықтың санын білем, – дейді ол.
Енді төртеуі достасып жүріп келе жатса, бір бай жұртына жар салып жатыр екен. «Кім тігілген алтын қабақты атып түсірсе, кім күресіп балуанымды жықса, соған қызымды беремін», – деп. Жиналған жұрттың біреуі де байдың алтын қабағын атып түсіре алмайды, балуанын жыға алмайды. Тойға кез болған Көкжан батыр бағын сынап, өнер жарысына түседі. Алтын қабығын атып түсіріп, өгіз балуанын алып ұрады. Жұрттан өнері асып, байдың қызын алады. Олжа қызын Көкжан қасына ерген әуелгі жолдасына береді.
Қызды алып жол жүріп келе жатса, той болып жатқан тағы бір ауылды көреді, ол да жамбы тігіп, балуан шығарып, қыз ұзатып жатқан той екен. Бұл бай да жамбымды атып түсірген, балуанымды жыққан кісіге қызымды қосамын», – деп жұртқа жар салыпты. Көкжан батыр тағы да бағын сынауға тәуекел етіпті. Мұнысын жолдастары да қош көріпті. Жамбысын атып түсіріп, балуанын жер қаптырып, қызды алыпты. Екінші қызды екінші досына сыйлапты. Алтау болып жол жүріп келе жатса, қыз ұзатып, той жасап жатқан үшінші ауылға кезігеді. Мұнда да қызды қабығын атып, балуанын жыққан кісі алады екен. Көкжан батыр тағы да балуанын жығып, алтын қабығын атып түсіріп, қызды алады. Үшінші қызды қасындағы үшінші жолдасына қосады.
Енді жетеу болып жолға шығады. Бірнеше күн жол жүргеннен кейін үш қыз алған үшеуі Көкжан батырдан бөлініп қалады. Көкжан батыр жалғыз өзі бір ауылға келсе, үлкен той болып жатыр екен. Естіген құлаққа қыз беделі жер жарады. Ай десе аузы, күн десе көзі бар, бір байдың керемет керім, алтын шашты сұлу қызы екен. Байдың шарты: «Алтын қабықты атып түсірген, балуанын күші асып жыққан кісіге қызын атастырмақ екен», –дейді. Жұрттың бірде-бірі байдың бұл шартын орындай алмапты. Тек шеттен келіп қосылған жолаушы Көкжан батыр ғана байдың шартын түгел орындап, қызын алады да айдаһарға жол тартады. Екеуі жол жүріп келе жатып, айдалада тұрған ақ отауды көреді. Ақ отаудың қасында сарқырап аққан үлкен өзен бар екен. Оның аржағында алқа-қотан тігілген шағала аппақ ауыл көрінеді. Сол иесіз ақ отауды паналап Көкжан батыр мен қыз аң аулап, күн көреді. Бір күні Көкжан батыр аң аулауға кеткенде, қыз өзеннің жағасына басын жууға барса, Еділдің ар жағынан бір кісі келіп, ол да басын жуады. Қыздың бір тал алтын шашы сумен ағып, жігіттің алдына барады. Шашты қолына ұстап, жігіт күркеде жатқан жалмауыз кемпірге алып келеді.
— Мынау менің айырылып кеткен әйелімнің алтын шашына ұқсайды, менің әйелім болмаса игі еді, ол біраздан бері Еділдің ар жағындағы ақ отауда белгісіз біреудің қолында көрінеді. Соны маған қалайда алып бер, – деп жалынады. Кемпір:
— Жарайды, алып берейін, тек маған бір алтын қайық, бір торсық шарап даярла, – дейді.
Жігіт алтын қайығы мен шарабын даярлап, кемпірге алып келеді. Кемпір шарабын алып қайықпен Еділдің ар жағына өтеді. Еділ жағасындағы қалың қамысқа қайығын байлап, отауда отырған қызға келеді. Келіп аман-саулықты сұрасқаннан кейін, одан қашан, қайдан, не үшін, кіммен келгенін сұрап біледі. «Мынау ақ орда менің үйім еді, рұқсатсыз кірдіңдер!» – деп зіркілдейді кемпір. Қыз үндемейді. «Айтпасаң өлтіремін, ағаңның жанын айтсаң өлтірмеймін», – дейді.
— Жарайды, сұрайын айтса, – дейді қыз. Кемпір келетін күнін айтып шығып кетеді. Көкжан батыр аңнан қайтып келеді.
Қыз ағасынан:
— Көке, осы сіздің жаныңыз қайда болады? – деп сұрайды. Ағасы айтпайды. Көкжан батыр тағы да аңға кетеді. Жалмауыз кемпір келіп: «Не білдің?» – дейді. Қыз тұрып: «Көкем айтпады», – дейді. Залым кемпір қызға ақыл береді. «Енді келгенде айтпаса, сен менің ағам емессің, мен сенің қарындасың емеспін деп жыла, сонда айтады» – дейді. Соны айтып кемпір тағы кетіп қалады.
Көкжан батыр аңнан қайтып келген соң, қыз сұрап еді, ағасы айтпады. Айтпаған соң, қыз жылады. Сонда Көкжан батыр ойланып: «Айтсам айтайын, жылап болмадың ғой!» – дейді.
— Менің жаным оң жақ көрпенің астында, бәкінің ұшында, тірі жанға тіс жарып айтушы болма, – дейді де ертеңіне тағы аңға кетеді.
Кемпір келіп сұрағанда, қыз айтады: «Көкемнің жаны оң жақ көрпенің астында бәкінің ұшында екен», – дейді. Оны естіп қуанған қу кемпір қызды шарап беріп мас қылып, оң жақ көрпенің астындағы бәкіні алып, отқа қыздырып, суға лақтырып жібереді. Ес-түсінен айырылған қызды қайыққа салып, кемпір Еділдің аржағына өтеді. Барысымен, қызды алтын сарайға қамап тастайды.
Сол уақытта баяғы бірге кеткен үш кісінің көңілдері қаяу, қабақтары кірбең тартып, бір сезік пайда болады. Сонда жұлдыздың санын білетін кісі: «Жарық жұлдыз ағып түсті. Көкжан батыр дүниеден өтіпті. Енді оның сүйегін іздеп табу керек», – дейді. Қарсақтың ізіне түсетін кісі Көкжан батырдың ізімен манағы ақ орданың үстінен шығады. Келсе, Көкжан батыр өліп жатыр екен. Балықтың санын білетін кісі балықтарын түгендесе, шортан жоқ екен. Ол дереу шешініп суға түсіп, Еділдің терең жерінен шортанды тауып алады. Үйге әкеліп шортанның ішін жарса, ішінен бәкі шығады. Оны Көкжан батыр жатқан көрпенің оң жақ астына тығады. Сол уақытта қозғалғандай болады. Көкжан батырдың жаны екенін олар сонда біледі. Бәкіні алып отқа қыздырып суға малады да көрпенің астына қайта тығып қойып еді, Көкжан батыр оянып: «Қатты ұйықтап кеткен екенмін ғой», – деп орнынан ұшып түрегеледі. Қарсақтың ізіне түсетін кісі:
— Жоқ, сен ұйықтаған жоқсың, өліп қалыпсың, біз тірілтіп алдық, –дейді. Соны айтып, олар қайтып кетеді.
Енді Көкжан батыр қызды іздеп Еділдің аржағына өтеді. Ауыл шетіндегі жерге келсе, бір кемпір отыр екен. Кемпірмен сөйлесіп, көп хабар естиді. Сол ауылда бір хан қызын ұзатайын деп жатыр екен. Көкжан батырдың тұлпары да сонда екен. Кемпірге Көкжан батыр өзінің кім екенін айтпайды.
— Шеше, жүріңіз, – дейді. — Тойға бірге барайық! – дейді батыр.
— Барсақ барайық, – дейді кемпір. Тойға барса, бәйге жарысы болғалы жатыр екен. Бәйгеге қосайын десе, Көкжан батырдың тұлпары маңайына тірі жанды жолатпайды. Мұны көрген Көкжан батыр: «Тұлпарды маған беріңіздер, мен мініп үйретіп берейін», – дейді. Оның сөзін ешкім елемейді. «Сен түгіл, әкеңдей кісі үйрете алмай жүр, саған ондай өнер қайдан келді?» – дейді жұрт. Сұрап болмаған соң, ақырында атты береді. Көкжан батыр үстіне мінгенде тұлпар танып оқыранады. Жиналған жұрт оны да елең қылмайды. Көкжан батырдың қару-жарағы киімінің ішінде буулы екен, тұлпарына мініп алып, қылышын қолға алып айғайлап:
— Үйрету олай емес, былай! – деп шаба жөнеледі. Былай шығып бір сарайға келеді. Сарай жабық екен. Кілтін бұрап сындырып ашып қараса, ішінде мас болып жатқан қызды көреді. Көкжан қызды сарайдан алып шығады. Екеуі баяғы алтын қайыққа отырып, тұлпарды жүздіріп, Еділдің бергі жағына өтеді.
Енді Көкжан батыр айдаһарды іздейді. Бірнеше ай жол жүріп айдаһардың тұрған жеріне келсе, айдаһардың қасында торы атты бір қара жігіт жатыр екен. Анадайдан көріп, қара жігітті Көкжан батыр атады. Қара жігіт қозғалмайды. Қанша атса да оғы дарымайды. Ата-ата батырдың оғы таусылады.
Тіпті болмаған соң, Көкжан батыр қара жігіттің қасына келіп жөн сұрайды:
— Мына сенің өлтірген айдаһарың менің досым еді. Сен оны неге өлтірдің? – дейді Көкжан батыр.
— Мен неге өлтірмейін. Мен анамның құрсағында жатқанда, ол менің әкемді алып кетіпті. Сондықтан мен оны өлтіріп кегімді алдым, – дейді қара жігіт.
— Әкең аты кім?
— Көкжан батыр
— Сөйтсе, ол Көкжан батыр елден кеткенде, іште қалған баласы екен. Әкелі-балалы екеуі сол жерде құшақтасып көрісіп, табысыпты, аман-есен еліне келіп, барша мұратына жетіпті.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша ертегі: Шалқан / Репка
» Сатиралық ертегі: Ұр, Тоқпақ
» Қазақша ертегі: Ұр,тоқпақ!
» Ертегі: Ұр тоқпақ!
» Ертегі: Екі әтеш
» Қазақша ертегі: Шалқан / Репка
» Сатиралық ертегі: Ұр, Тоқпақ
» Қазақша ертегі: Ұр,тоқпақ!
» Ертегі: Ұр тоқпақ!
» Ертегі: Екі әтеш
Іздеп көріңіз: