Ертегі: Күлше қыз
Ерте уақытта Махмұт деген хан болыпты. Күндердің бір күнінде хан қол астындағы халқына тегіс хабар салыпты. «Үш ауыз сөз сұраймын, соны шешкен адамға ат басындай алтын беремін. Қарт болса, ақылшы қылып өз қасыма аламын. Жас болса, орнымды беріп соңына еремін»,– дейді.
Сонымен бар халқы жиналғаннан кейін хан өзінің мақсұтты сұрағын халыққа айтады. Хан: «Бірінші – тәттіде не тәтті? Екінші – қаттыда не қатты? Үшінші – ауырда не ауыр?» – дейді.
Жиылған көпшілік қанша ойласа да таба алмайды. Сол кезде босағадан бір қыз тұрып сөйлеуге рұқсат сұрайды.
— Жасым онда, атым – Күлше. Балықшы шалдың қызымын. Бала деп сертіңізден таймасаңыз мен бұл үш сөзіңіздің мәнісін шешіп берейін, – дейді қыз. Хан рұқсат береді, сонда қыз:
— Балдан тәтті – жігіттің адал жары, тастан қатты – жоқтықтың өткен зары. Шын уағдадан ауырды көре алмадым, уағдаға байланысты ердің ары, – деп жауап берді. Сонда хан:
Күлше қыз ал алтынды таптың рас,
Сонда да сөз қисынын айтпай болмас.
Арасын ерлі-зайып қайдан білдің,
Көрмеген махаббатты өрімсің жас.
Жоқтықтың жас балаға зары өте ме.
Баладан ауыр уағда дәмете ме.
Неліктен жас жүрекке түскен сана
Іс екен таңғаларлық ретіне?! – депті.
Сонда қыз айтады:
— Мен теңіздің жиегінде балықшы шалдың жалғыз қызымын. Шалдың менен басқа баласы жоқ. Шалдың күнделік балықтан басқа тапқан малы да жоқ. Мен әкеммен бірге қармақ, ау салып теңіз жағасында балық ұстап күнелтемін.
Кешке жатқанда әке-шешем: «Жаным-күнім, жалғызым», – деп ортасына алып жатушы еді. Таңертең ұйқымды ашып тұрғанымда шетте жатам. Сонда ойлаушы едім: «Қандай жақсы болса дағы өзі сүйген жарынан тәтті жақын болмайды екен», – деп.
Екінші – тастан да жоқшылық қатты дегенім, қайсы күні аудан жалғыз шабақ та ала алмай қайттық. Сол кезде кәрі әкем тең-құрбысы келгенде дәм тауып бере алмай: «Қайран, жоқшылық», – деп қайғырып отырғанын көп көрдім.
Сонда жоқшылық тастан да қатты екен-ау деп ойладым. Үшінші – уағда ауыр дегенім, осы үш сөзге уағда жеңіл болса, ат басындай алтынды неге бердіңіз? Осыдан уағда ауыр деп есептедім, – дейді Күлше қыз. Сонан соң хан қызға:
— Үш күннен қалдырмай әкеңді маған жібер. Уағда жайын білетін баласың ғой, сөзімді аяқсыз қалдырма! – дейді.
Сонан соң қыз ханнан алған ат басындай алтынды үйіне алып келіп, әке-шешесін қуантты. Үш күннен кейін қыз берген уағда бойынша әкесін ханға жібереді. Ханға жіберу алдында әкесіне: «Осыдан сіз ханға барыңыз, егер сұрақ болса, өзіңіз жауап айтарсыз. Қиын соғатын сұрақ болса, үш күнге рұқсат алып қайтыңыз», – дейді. Шал барғаннан кейін хан оны ордасына шақырып алып: «Кеше қызыңа ат басындай алтын бердім, өзіңе тағы дүние-мал беремін, жоқшылықпен өмір өткізген адам екенсің, өмірлік байлыққа жеткізем. Бұрын алты қатыным бар еді, осыдан бір перзент көрмедім. Енді кешегі қызыңды тоқалдыққа бер, сөзім осы», – дейді.
Сонда шал:
Жас шыбық қу терекке тең бола ма?
Теңізге телмірткенің жөн бола ма?
Жібекпен жөке жолдас болған емес,
Бекерге мен қосқаным ем бола ма?
Саған қызымды тоқалдыққа сатып көп алтын, мал алғанымнан өзімнің еңбекпен алған күнделікті шабағым артық, – дейді. Хан бұл сөзге қатты ашуланып, жендеттеріне шалды дарға асуға жарлық етеді. Сонда шал сасқалақтан үш күнге ханнан рұқсат сұрауға тілі әзер келеді. Хан айтады: «Шал, саған үш күнге рұқсат, егер айтқанымды орындамай келсең, осы құрылған дар осылай сен келгенше құрылған қалпында тұрады. Бәрібір дарға асыласың», – дейді. Шал жылап-сықтап үйіне барып ханның сөзін қызына айтады. Сонда қыз:
— Бұл үшін сіз жыламаңыз, мың күн өлік болғаннан бір күн тірлік артық. Сіз ханға қайта барыңыз, көп берді деп алтынын алма, менің өзім айтқан қалыңмалды берсе ризалық етіңіз. Бірінші, киіктің оң кұлағын берсін, жиырма тірі түлкі, отыз қасқыр, қырық арыстан, елу ат, алпыс шідер, жетпіс арқан, сексен қаны жоқ кепкен жүрек берсін. Мұңсыз-қайғысыз қарт адамға некемді қиғызсын, осының бәрін орындап берсе, риза болыңыз,– дейді. Бұл сөзге шал аң-таң болып амалсыздан ханға барады. Шал ханға қыздың сәлемін айтады. Бұл сөзге хан қуанып шалға көп алтын сый беріп: «Осы айтқан қалыңмалын тауып берем», – деп шалды үйіне қайтарады.
Содан кейін хан уәзірлері мен ақылшы қарияларды шақырып жинап, қыз айтқан аңдарды қалай ұстаудың әдісін сұрайды. Сонда қариялардың біреуі тұрып:
— Қасқыр, түлкіні ұстау оңай. Ал арыстанды қалай ұстауға болады? – дейді. Көпшілік қайран болып отырады.
Осының айтуын білген қыз, ұстауын да біледі. Сондықтан қыздың өзін алғызып сұрау керек, – дейді. Содан кейін хан қызға кісі жіберіп, қызды шақыртып алдырады. Қызды орталарына алдырып хан:
— Саған осы арыстан, қасқыр, аңдардың керегі қанша, оның орнына алтын алсаң болмай ма? Осы аңдарды алдырғанда сенде не мақсат бар? – дейді. Қыз азырақ үндемей отырып:
— Отырған аталар, ағалар! Мен аң сұраған жоқ едім, өзімнің қатарлас құрбыма бару үшін ханнан басыма бостандық сұраған едім:
Он жаста қыз киіктің лағы рас,
Елуде ат болмай ма қамал бұзбас.
Жиырмада әйел түлкі бұлаңдаған,
Алпыста шідерлеулі болмай ма бас.
Осыдан нәпсі қасқыр жалмайтұғын,
Жетпісте арқан атты байлайтұғын.
Қасқырға қайрат қылмас арқандаулы ат.
Жастықпен жерім осы ойлайтұғын.
Қызықта нәпсі арыстан болар толып.
Сексенде жүректегі қаны солып,
Ар жағында тірліктің не сәні бар,
Санда бар, сапада жоқ болмай ма өлік.
Енді некемді мұңсыз адамға қидыр дегенім жер шарында мұңсыз адам болмайды. Мұңсызды сен таба алмайсың. Соның үшін некемді саған мен қимаймын дегенім еді, енді хан, ақсақал, қариялар сіздерден менің бас бостандығыма ерік беріп босатуларыңызды сұраймын. Және осы отырған хан, қариялар өздеріңіздің он жастағы қыздарыңызды бір елудегі шал аламын десе, қандай төрелік берер едіңіздер, мені де сол өз балаларыңыздай есептеңіздер, – дейді. Сонда қарттардың біреуі отырып:
— Хан, сіз сабыр етіңіз! Балам, сен бақытты бол, жолың болсын! – деп, қызға рұқсат береді. Сонда хан дағдарып ешбір жауап айта алмай отырып қала береді.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Ертегі: Хан мен Қызыр
» Ертегі: Жетімнің ақысы
» Ертегі: Уәзір мен шал
» Ертегі: Қасиетті құдық
» Ертегі: Бақыт іздеушілер
» Ертегі: Хан мен Қызыр
» Ертегі: Жетімнің ақысы
» Ертегі: Уәзір мен шал
» Ертегі: Қасиетті құдық
» Ертегі: Бақыт іздеушілер
Іздеп көріңіз: