Ертегі: Жақсы әйел жаман еркекті түзейді
Бұрынғы заманда Тәкір деген бір хан өзінің сүйікті уәзірін шақырып алып:
— Бүгін төбемнен бес қаз өтті, қаздың алдындағы біреуі артқы төртеуіне бір сөз айтты, сол сөзді тауып бер, егер таба алмасаң, өлтіремін! – дейді. Табуына үш күн кеңшілік беріпті. Үш күнде уәзір үлкен-кіші халайықтан сұраған екен, ешкім таба алмапты. Оны Тәкір ханның қызы біледі екен. Уәзір өзінің қызын жіберіп сұратады.
Ханның қызы айтады:
— Айтуға мен өзім де қорқамын, – дейді.
Уәзірдің қызы:
— Менің әкемді патша өлтіреді ғой, – деп жалынып қоймаған соң айтыпты. Алдыңғы қаз артқы қазға:
— «Жақсы әйел жаман еркекті түзейді» – деген. Осылай деп уәзір патшаға жауап берсін! – дейді. Бірақ мұны саған кім айтты деп, уәзірден патша сұраса, өзім таптым десін! – дейді.
Үш күннен қалмай уәзір патшаға келді.
— Тақсыр, таптым, алдыңғы қаздың артқы төрт қазға айтқаны мынау: «Жақсы әйел жаман еркекті мұратына жеткізеді» деген. Сонда Хан айтты:
— Рас, сен ақылды уәзірімсің, бірақ ол қаздың сөзін, өзіңнің білуің қиын, һәм мүмкін емес, мұны саған айтқан адамды айт. Болмаса бәрібір өлтіремін! – дейді. Уәзір жанынан қорқып, тақсыр, өзіңіздің қызыңыз айтты, – дейді. Патша қызын алдырып сұрады. Қызы: «Айтқаным рас», – деді. Онан соң уәзірді босатып, сол қаладан бір жаман адам іздетті. Мен соған қызымды беремін депті. Ол жіберген адамдар қаладан бір диуана адамды алып келеді. Патша қызын сол диуана қайыршыға некелеп беріпті, һәм қаладан тысқары тұрмаққа жарлық қылыпты. Кімде-кім бұлардың қасына барса, оны өлтіремін деп жарлық етеді. Патшаның қызы:
— Әке, мен сенің қызың едім ғой, тым болмаса жегені адал адамға қосыңыз деп, әкесіне көп жалынды. Патша:
— Менің жарлығым екі болмайды, өз обалың өзіңе, – деп, қаладан айдатып жібертті.
Патшаның қызы құдайдың салғанына шүкір деп, қайыршыны қолынан жетектеп, қаланың бір шетінен үй салып, өзі іс тігіп, бірнеше күннің ішінде көп ақша тауып алып, қайыршыға қолынан адал ас беріп, ақырындап ақыл үйретеді. Және оған: «Мен не айтсам, соны ғана істе», – дейді. Ол ханның қызының айтқанын істеп жүре береді. Бірнеше күндерден кейін ханша базарға барып, өзі ат танитын сыншы екен, күйеуіне бір жүйрік тұлпар ат және бір өткір қылыш сатып алады. Сөйтіп, күйеуінін беліне қылышты байлап, атқа мінгізіп, әр күн сайын қолына ақша беріп, базарға жіберіп, керекті нәрселерін алдыратын болыпты. Жаман адам енді сөзге түсініп, айтқанын істеп жүре беріпті. Екеуі ерлі-зайыпты адам болыпты.
Бірнеше күндерден кейін патша жарлық қылады. Өзіме қараған жерде басы алтын, құйрығы күміс бір киік бар, соны кімде-кім ұстап берсе, сол адамға сұрағанын берем дейді. Соны ұстаймыз деп қаладағы көп адамдар сахараға шығып, киік жүретін тауларды қамап алыпты.
Және хан айтыпты:
— Киік кімнің басынан секіріп кетсе соның басын жоқ қылып, малын қазынаға аламын депті. Бұл жиынға ханша тұлпарға мінгізіп, беліне қылыш байлап, күйеуін аттандырып былай деді: «Киікті ұстағанда хан тілегенің не деп сұраса үш күнге дейін түнде от жаққызбаңыз», – деп айт! – деп үйретеді.
Барлық халық киікті қамап алғанда, киік ханның өзінің басынан секіріп кетті. Әрине, ешкім киікті ұстай алмады, жұрт тұрған жерінде тұрып қала беріпті.
Күйеу киікті қуып кете береді. Түс мезгілінде киікті ұстап алып, ханға қайтадан келеді. Хан мұның баяғы күндегі киімін қайдан білсін, батырым деп аттан түсіріп, алдына барып, сәлем беріп тілегіңді сұра дегенде, күйеу: Қол астыңыздағы халыққа үш күнге дейін күн батысымен және күн шыққаша от жақтырмауыңызды сұраймын, – дейді.
Хан ертеңіне халқына жарлық қылып: үш күндік азықтарын күндіз пісіріп, түнде шамдарын да жақпасын деп, әмір таратады. Үшінші күні жұрт жатқан уақытта сырттан: «Рұқсат болса қонамыз, құдайы қонақ едік», – деген дауысты естіп, ханша жүгіріп шығып, екі қонақты күркелеріне кіргізіп, бар тамағын әзірлеп, алдарына әкеп қояды.
Ханшаның бірі он болып, содан былай аз уақытта қаланың тиісті жерінен бір жақсы үй алып, жақсы тұрып кетіпті. Келген екі қонақтың бірі «бақ», бірі «дәулет» екен. Ханша адал еңбегі мен ақылының арқасында «бақты» өзіне қаратып, басына дәулет қондырған екен.
Көп уақыт өткен соң, Ханша бір күні мырзасын ханды қонаққа шақыруға жіберіпті. Хан бұл күйеуі екенің танымайды, қонаққа келіп «мырзеке» деп, сөйлесіп отырыпты.
Тамақты ханша жақсылап пісіріп, ханға алып келіп беріпті. Хан жеп көріп:
— Менің жаман адамға берген қызымның пісірген тамағындай тәтті екен деп жылап коя беріпті. Сол жерде қызы да жылап, әкесіне көрісіп танысыпты. Хан қызы мен күйеуін қалаға алып барып, өзінің орнына патша қойыпты.
Сөйтіп, хан қызы мұратына жетеді. «Жақсы әйел жаман еркекті түзейді» деген осыдан қалған сөз екен.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша ертегі: Өнеге
» Ертегі: Ғылманның өнері
» Ертегі: Хан қызы
» Қазақша ертегі: Ғылманның өнері
» Ертегі: Өнеге
» Қазақша ертегі: Өнеге
» Ертегі: Ғылманның өнері
» Ертегі: Хан қызы
» Қазақша ертегі: Ғылманның өнері
» Ертегі: Өнеге
Іздеп көріңіз: