Ертегі: Қостаушы табылса өтірік айтушы табылады

Ертегі: Қостаушы табылса  өтірік айтушы табылады

Екі өтірікші бірі бастап, бірі қостап ел аралап, өтірік айтпақшы болыпты. Біреуі бір күн ілгері жүріп, ел аралап, қонған, түстенген жеріне, жолыққан адамына өтірік айта бермекші болыпты. Екіншісі бір күн кейін жүріп, сол жөнмен алдыңғы өтірікшінің айтқанын қостап, растап отырмақшы болыпты.

Өтірікті бастаушы бір ауылға келіп қоныпты. Ауыл адамдары:

— Жарқыным, жақсы-жаманнан не тіл бар? – десе, өтірікші:

— Ел аман, жұрт тыныш, жалғыз-ақ көкті көбелей, аспанды аралай көшіп бара жатқан ел көрдім, – депті. Ел нанбапты.

Енді келесі кешке сол ауылға қостаушы өтірікші келіп қоныпты. Ауыл адамдары тағы да:

— Жарқыным, жақсы-жаманнан не тіл бар, кеше келіп, бір қонақ көкті көбелей, аспанды аралай ел көшіп бара жатыр екен деді, онан не білесің? – дейді.

Қостаушы:

— Болса болар, өйткені аспаннан анда-санда керегенің сағанағы түсіп бара жатқанын көрдім, –депті. Бұл өтірік сонан кейін елге лақап болып таралып кетіпті.

Келесі күні өтірікті бастаушы енді бір қоналқадағы елге келгенде ауыл адамдары көрген-білгенің болса айта отыр, шырағым, дегенде:

— Бөтен айтарлық сөз жоқ. Жалғыз-ақ жолда бір үлкен көл өртеніп жатыр екен, – депті. Ел нанбапты.

Келесі кешке сол ауылға қостаушы өтірікші келіп қоныпты. Ауыл адамдары одан: «Жарқыным, жаңғырыққан не тіл бар? Кеше бір жолаушы, жолда бір көл өртеніп жатыр екен деп кетті, онан не білесің?» – деп сұрағанда қостаушы:

— Болса болар, өйткені сол көлден басы күйік, денесі күйік балықтарды әркім алып бара жатқанын көргенім рас, – депті. Бұл өтірік сонан кейін елге тарап кетіпті.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ертегі Қостаушы табылса өтірік айтушы табылады туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Қостаушы табылса өтірік айтушы табылады для детей на казахском языке, балаларга Қостаушы табылса өтірік айтушы табылады арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер, ертегилер Қостаушы табылса өтірік айтушы табылады казакша оку, Қостаушы табылса өтірік айтушы табылады

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]