Ертегі: Әкесі мен баласы

Ертегі: Әкесі мен баласы

Бір кісі өмірінде өтірікке ешкімді алдына салмаған суайт екен.

Бұл кісі баласын баулып, өзіндей өтірікші қылыпты. Баласы әкесінен де өтірікке астам болыпты. Әкесі баласының асқандығын барлайын деп бір күні дөңге тұрғызып баласына жорта:

— Балам, көзім жетіңкіремей тұр, анау қабақтағы бұлдыраған киік пе, немене, десе, баласы:

— Е, ананы айтасың ба? Ол арқар емес пе, баурында егіз қозысы еміп тұрған, – депті.

Әкесі тағы:

— Шырағым, сол арқарға қай жағынан барсақ, жақындап көргендейміз? – десе, баласы:

— Ай, әке-ай! әбден-ақ көзіңіздің жанары кеткен екен. Осы тұрған арыстандай арқарды көре алмадыңыз ба? Арғы қырқаның берісінен, бергі қырқаның арысынан бас баға барсақ, қақ желкесінен сығалаймыз, – депті де, әкесін жіберіпті. Әкесі шын нанып, айтқан жерімен барып қараса, арқар түгіл түк те жоқ екен. Артынан келген баласына әкесі:

— Қане, балам, арқарың? – десе, баласы:

— Арбаңдап қашқанын да көрмей қалған екенсіз, көзіңіз әбден бұлдыраған екен, – депті.

Сонда әкесі:

— Балам. өтірікке баулуым әбден жеткен екен, өзімнен аскан екенсің, – деп батасын беріпті.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ертегі Әкесі мен баласы туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Әкесі мен баласы для детей на казахском языке, балаларга Әкесі мен баласы арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер, ертегилер Әкесі мен баласы казакша оку, Әкесі мен баласы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]