Ертегі: Қағанақбас Қылкеңірдек Шиборбай

Ертегі: Қағанақбас  Қылкеңірдек  Шиборбай

Баяғы өткен заманда Қағанақбас, Қылкеңірдек, Ши борбай үшеуі жолдас екен.

Бір күні бұлар бір тоқты ұрлап, айдалаға апарып сойыпты. Тоқтыны сойып, етін қазанға салайын деп жатып, Қағанақ басқа:

— Жынын төгіп кел, – деп, қарынды беріпті.

Қағанақбас қарынды тысқа алып шыққанда, қара шыбын қарынға да, Қағанақбастың басына да қаптай үймелепті. Басындағы шыбынды қорып, қағамын деп, Қағанақ бас қолын қағыс сілтеп, өзінің басын ұрып алыпты. Пияладай жұқатөбесі ойылып, шарана шекесі шарткетіпті. Жұмыртқадай жұқа бас жарылып, жан беріпті.

«Қағанақ бас қалайша кешікті?» – деп, Шиборбай далаға шыға келсе, өліп жатқан Қағанақбасты көре салып:

— Әй, әттеген-ай! – деп, екі қолымен екі санын салып қалғанда, шидей борбайы шорт етіп, ол да мүрдем кетіпті.

Шиборбайдың дауысын естіп, Қылкеңірдек сыртқа жүгіріп шығады да, өліп жатқан екі жолдасын көріп:

— Ойбай, бауырларым-ай! – деп дауыстай бергенде, өзінің қыл кеңірдегі қылғынып, тыныс ала алмай үзіліп кетіпті.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ертегі Қағанақбас Қылкеңірдек Шиборбай туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Қағанақбас Қылкеңірдек Шиборбай для детей на казахском языке, балаларга арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер Қағанақбас Қылкеңірдек Шиборбай, ертегилер казакша оку, Қағанақбас Қылкеңірдек Шиборбай

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]