Ертегі: Алтын мүйізді киік
Ертеде Бұлды мерген деген аңшы болыпты. Өзі әрі мерген, әрі қарулы, ақылды, ержүрек адам екен.
Бір күні ол аңға шығады. Күні бойы жүріп, бір де бір аң кездестіре алмай шаршаған Бұлды мерген бір ағаштың көлеңкесіне келіп дем алады.
Осылай қарсы алдында ағып жатқан бұлаққа қарап отырып, оның арғы жағасынан жарқырап көрініп тұрған бір нәрсеге көзі түседі. Байқап қараса, үлкен жартастың түбінде бір киік жайылып жүр екен. Мүйізі күнге шағылысып жарқырайды. Тіпті көз қаратпайды. Бұлды мерген өз көзіне өзі сенбей, таңдана қарайды. Шын киік. Екі мүйізі қарағайдай, алтыннан жаралған екен.
Ол атып алмақ болып, мылтығын кезейді. Сонда алтын мүйізді киікке тіл бітіп:
— Сабыр ет, балам! – деп, Бұлды мергенді тоқтатады. Сенер-сенбесін білмей тұрған аңшы киіктің жанына келеді.
Ол аң аулап жүріп бұрын-соңды мұндай ғажапты көрмеген еді. Бұл кездесу оны қатты таң қалдырады.
Бір мезетте киік алтын мүйізді, ақ сақалды шалға айналады. Үстіндегі киімі күмістей жарқырайды. Ал, екі алтын мүйізі сол қалпында қалады. Бұлды мерген бұл ғажапқа таңдана қарайды.
— Осы тауда Бұлды мерген деген атақты аңшы батыр бар-тын. Соны іздеп шығып едім. Оны білмейсің бе, балам? – дейді ақ сақалды шал.
— Сіз іздеген Бұлды мерген мен боламын! – дейді аңшы.
— Рұқсат болса, балам, сені іздеп шыққан шаруамды айтайын.
— Айтыңыз, – дейді мерген.
— Менің балам – жер асты елінің ханы. Қаламызға жақын жерде терең сай бар. Жиырма жыл болды, сол сайды бір жеті басты айдаһар мекендеп келеді. Жұма сайын бір ұл, бір қыз, он мал алғызып жейді. «Салығыма көнбесең, бүкіл қалаң мен адамыңды жұтамын», деп қорқытады. Сол сайдың маңына барған адам болсын, мал болсын, әйтеуір жаны барды тірі жібермейді. Осы қарғыс атқыр айдаһарға ешкімнің де күші жетпей қойды. Талай ержүрек батырларымыз мерт болды. Еліміздегі көріпкел қария «Оны тек Бұлды мерген ғана жеңеді» деген соң, халқымызға бір жақсылық бола ма деп, өзіңді іздеп шығып едім! – дейді ақ сақалды шал. Алтын киік мүйізді шалдың әңгімесін естіген Бұлды мерген:
— Малға у жағып, айдаһар жатқан сайға жібермейсіздер ме? Соны жұтса, уланып өледі! – деп ұсынысын айтады.
— Оны жасап көрдім, балам. Жауыз удан өлмеді. Халқымды жұтып тауысатын болды. Қолыңнан келсе, көпшілік үшін аянба, шырағым! – дейді шал.
— Жарайды! – деп, Бұлды мерген сауыт-сайманын дайындап, алтын мүйізді шалға ілеседі.
Олар жер үсті мен астын жалғастыратын үңгірден өтіп, қарттың қаласына келеді. Келісімен, Бұлды мерген бойына бар күшін жинап, қолына жүз құлаш алмас семсер алып, айдаһар жатқан сайға қарай бет алады. Жотаға шықса, боран соғып тұр екен. Желдің қаттылығы соншалық, таудың екі шетіндегі тасты ұшырып кетіп жатыр. Бұлды мерген қаһарланып, семсерді беліне көлденең ұстап, күшті леппен тартып жатқан айдаһарға қарай жүреді. Сұрапыл боран оны ұшырып отырып айдаһардың аузына бір-ақ апарады. Өткір семсер жауыздың екі езуін тіліп, қимылдауға шамасын келтірмей өлтіреді. Артынша алай-дүлей соққан боран да тоқтайды. Бұл боран айдаһардың лебі екен.
Айдаһардан жапа шеккен жұрт қуанып, батырды құрметтеп қалаға әкеледі. Қалада жұрт жиылып, үлкен той болады. Халық Бұлды мергенге риза болып, алғыс айтады. Оның ерлігін көрген алтын мүйізді шал:
— Сен өзің шаруаның баласы екенсің. Аң аулап қана тіршілік ететін көрінесің. Егер қарсы болмасаң, осы жерде қал. Бізде дүние, мал деген жетеді. Жүр, көрсетейін, – дейді. Батыр оған ереді. Қаладағы бүкіл үлкен сарайлар хандікі екен. Бәрін де алтыннан жасатыпты. Іші толған асыл жиһаз. Тек, осындай өте бай сарайлары бар қаланың көшесінде қайыршылар көп екен. Оларға хан ешқандай көмек көрсетпейтін секілді. Жалғыз алтын мүйізді шал ғана баласынан жасырып, қайыршыларға аздап қарасатын көрінеді.
Осы көріністі көрген Бұлды мерген қатты ойланады. Ол елін, ондағы кәрі әке-шешесін, көршілерін есіне түсіреді. Олардың бәрін Бұлды мерген аң аулап асыраушы еді. Енді олардың көрген күні не болмақ. Соларды ойлап батырдың қабырғасы қайысады.
— Осында қал, балам. Асыл дүние - мынау. Сенің біздің елде қалғаныңды хан да жек көрмейді. Оған бірінші уәзір боласың. Бүкіл халқымызға билігің жүреді, – дейді, тағы да алтын мүйізді ақ сақалды шал.
— Жоқ! Ақсақал, еліме қайтайын. Асыл дүние өз елімнен де табылады. Бұл ұсынысыңызға рақмет! Сіздермен бірге қала алмаймын, – деп, Бұлды мерген алтын мүйізді шалдан рұқсат алып, еліне қайтады.
Өз жеріне қайта оралған Бұлды мерген туған жердің қандай ыстық болатынын түсінеді. Елі үшін қызмет көрсетуден жалықпай, бұрынғысынша аң аулап, ауылын асырап тұрып жатады.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: