Ертегі: Алтын пышақ
Ерте, ерте, ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда, бір орта шаруалы адам өмір сүріпті. Сол адамның үш баласы болыпты. Күн өтіпті, ай өтіпті, күндерде бір күн бұл адам ауруға шалдығып, өлер халге жетіп, өлер алдында, көзінің тірісінде, өз қолымен бар дүниесін үш баласына бөліп бермек болып, үш баласын қасына шақырып алады. Сонан балаларына кеңес етіп, сөзін бастайды: «Өмір өтті, уақыт жетті, мен енді өлер халге келдім, енді өз қолыммен тең етіп, дүниені бөліп бергелі отырмын», – деп сөзін аяқтады. Ең бірінші үлкен баласын шақырып алып:
«Дүниеден нені аласың?» – деп сұрады.
Үлкен баласы: «Мен барлық малды аламын», – деп жауап береді.
Ортаншы баласын шақырып алып: «Сен нені аласың?» – деді. Ол тұрып: «Ағам малды алды, мен барлық дүниені аламын», – деп жауап берді.
Енді кіші баласын шақырып алып: «Сен не қалайсың?» – деді. Ол тұрып: «Үлкен ағам бар малды алды, ортаншы ағам бар дүниені алды, мен енді нені алайын, маған тек батаңды берсең болар», – деді. Әкесі кіші баласына разы болып, батасын және ешкімге көрсетпей жүрген «қасиетті алтын» пышағын беріп, мынаны айтыпты: «Бұл пышақты ешкімге, тіпті әйеліңе де көрсетпе, тек қалтаңда ұста, егер тарықсаң, көмекті осы пышақтан аласың», – деп, өсиетін айтып беріпті.
Үш баласына малды, дүниені бөліп беріп, бақиласып дүниеден өтіпті. Балалары ақ жуып, арулап жерлепті. Сонан күндер, түндер өтеді. Үлкені мен ортаншы баласы отырып, кіші інісі жоқта мынадай кеңеске келіпті: «Мал біздікі, дүние біздікі, еншімізге еркін тиген затымызға неге осы інімізді ортақ қылып асыраймыз, келісімен қуып шығару керек», – деп келіседі. Сонан інісі келіпті, біраздан соң: «Сенің малың да жоқ, дүниең де жоқ, бізде жүгің де жоқ, қайда барсаң, онда бар, үйді босат, өз күніңді өзің көр», – деп, інісін үйден қуып шығыпты. Үйден шығып, жас бала ай жарығымен жүріп отырып, әкесінің зиратына келіп түнепті, сонан ұйықтап кетіп шошып оянып, айналасына қараса, ақ сәлделі, ақ боз атқа мінген бір адам тұр екен: «Әй, балам, жабықпа, тұр, жолыңды оңғарар, оң бет алып жолға түс, сол жолмен жүріп ел табарсың, ел ішінен өзіңе күн көрерлік жар табарсың», – депті. Жас бала ақ боз атты адамның айтқанын тыңдап оңға жүріп, жолға түсіп, бір елге келіпті. Қайда барарға білмей сандалып жүріп, шеттегі бір үйге кіріп кетіпті, келсе, бір жалғыз кемпір отыр екен, сәлем беріп: «Шеше», – деп жайын түсіндіріпті. Сонан кемпірге: «Шеше, мені өзіңе бала қыласың ба?», – депті. Кемпір жас баланың тілегін екі етпей: «Бола ғой», – депті. Сонымен шешелі-балалы болып, бірнеше күндер, айлар өтіп, жас бала жаудырап ержетіпті. Бір күні шешесіне келіп: «Маған ханның қызын айттыр!» – депті.
Кемпір тұрып: «Жарлыға хан қызын бере ме?» – деп сұрапты. Бала тұрып: «Барып айттырыңыз, хан қандай орындауға тапсырма берер, соны маған айтып келерсің», – дейді. Кемпір үйден шығып, хан үйіне баруға бата алмай, есігіне барып кейін кетіп, қайта барып, батып кіре алмай жүргенде, хан кемпірді терезеден көріп, шақырып алады. Кемпір үйге кіріп, ханға иіліп сәлем береді.
Хан тұрып: «Не іздеп келдің, жұмысыңды айт!» – дейді. Кемпір тұрып: «Тақсыр хан, ғафу етіңіз, сіздің жалғыз қызыңызды бір жалғыз балам бар еді, соған айттырғалы келдім», – дейді.
Хан айтады: «Балаңның қандай өнері бар, егер өнерлі болса, ертеңнен бастап сіздің үй мен біздің үйдің екі арасын күмістен қалатқан, алтынмен жалатқан көпірмен қоссын, сол көпірдің екі жағы телегей жалпақ көл болсын, көл жағасы құлпырған жеміс, гүл болсын, көгерген ағаш түр-түр болсын, көпірдің өзі жақ басына алтыннан сарай тұрғызып қойсын, мен сенің балаңа сонда ғана қызымды берем», – депті. Кемпір не сөз айтарға білмей, үйден шығып үйіне жүгіре беріпті. Үйіне келіп, ханның тапсырмасын айтады: «Екі үйдің арасын күмістен қалатқан, алтынмен жалатқан көпірмен қоссын дейді, сол көпірдің екі жағы телегей жалпақ көл болсын, көл жағасы құлпырған ағаш, жапырақ, гүл болсын, көлде қаз қаңқылдап, үйрек саңқылдап сәніне келсін, көпірдің өзі жақ басынан алтыннан соғып сарай тұрғызсын, егер осыны істемесе, қызымды бермеймін деп, хан уәдесін берді», – деп, кемпір сөзін бітіріп, ауыр күрсініп демін әрең бір алыпты. Бала тұрып: «Шеше, оның үшін қайғы жеме. Хан тапсырмасы құп болады», – деді. Сонымен кеш болды. Шешесі балаға орын салып беріп, өзі де жатып ұйқыға кетеді. Сағат түнгі бірде бала оянып, алтын пышақты алдына алып сырласады. Алтын пышақ түн ішінде үйді сәулелендіріп, көрікке бөлейді. Пышаққа тіл бітіп, балаға: «Айтқаның болады», – дейді. Бала пышақты қалтасына салып ұйқыға кетеді. Таң атып, күн шыға, кемпір орнынан тұрады, тұрса, балаға бешпет, шалбар, етік, кемпірге жаулық, үй іші толы тағам келтіріліп қалыпты. Кемпір қуанғанынан баланы оятып, мынаны айтыпты: «Балам, балам тұр, бізге біреу келіпті, өзімсініп еніпті», – деп, баласына тамашаны баян қылыпты. Бала тұрып жуынып, киініп, тамаққа кірісіпті. Тамақты ішіп болып отырады.
Ал, енді ханға келсек, хан сыртқа шығып күнмен шағылысқан, көрген адам есінен жаңылысқан алтын сарайды көріп, — ай, тамаша, – деп, сүйсініп құлап, үйіне келіп кіреді. Үйіне кіріп, өзінің уәзірлерінің бірін шақырып алып, бұйрық береді: «Кеше қыз айттыруға келген кемпірдің үйіне бар да баласын маған шақыр, қызымды соған күйеуге беремін», – депті.
Уәзір де кемпір үйіне келе жатып, сән-салтанат тамашаны, көлде жүзіп жүрген қаз-үйрек қарашаны көреді. Кемпірдің үйіне келіп уәзір балаға: «Сені хан шақырып жатыр», – деп хабар салады. Бала тамағын ішіп, жаман киімін киіп, жанына айранымен торсық байлап, ханға баруға әзірленгенде, шешесі тұрып: «Қыз алуға ханға барғанда, дұрыс киінбей, неге жаманыңды кидің?» – дейді. Бала шешесіне жауап береді: «Егер, шеше, хан қызын берсе, менің киіміме бермейді, көркіме бермейді, өнеріме, еңбегіме береді, ханға осылай барамын», – деп, үйден шығып кетеді. Сол бетімен жүріп отырып ханның үйіне келеді. Келіп ханға иіліп сәлем беріп: «Бұйрығыңыз құп, тақсыр!» – деп, ханның алдына жүгініпті.
Хан тұрып: «Сарайды, көпір, көлді тұрғызған сен бе?» – деп сұрады. Бала тайынбай: «Мен, яғни, менің өнерім», – деп жауап берді. Хан балаға разы болып, неше түрлі жасаумен қызын осы балаға күйеуге ұзатыпты. Ханның қызын алып, бала үйіне келеді. Күндер өтеді, айлар өтеді, бала хан қызымен қызық дәурен өмір сүріп тұра береді. Бір күні бала тұрып, аң аулауға атқа мініп жүріп кетеді. Үйінен үш күндік жерге қашықтағанда, алтын пышақ есіне түседі, қалтасын қараса, пышағы жоқ екен, атының басын кейін бұрып, айдап сырғытып, қырдан зырғытып, атына қамшы басып, құйғытып еліне келеді. Келсе, баяғы жаман үйі орнында, көпір де жоқ, көл де жоқ, алтын сарай да жоқ. Ал балаға келсек ес те жоқ, бет алдында түс те жоқ, аттан түсіп үйіне кіріп келеді. Келсе, алдында қолын қусырып шешесі отыр екен. Баласын көріп кемпір сөзді бастайды, болған істі бастан-аяқ баян етеді: «Е, балам, сенің бір асыл алтын пышағың бар екен, оны сен ешкімге көрсетпей жүресің екен, тек қана бүгін міне көрдім», – дейді.
Бала шап беріп: «Қайдан көрдің?» – деп сұрайды.
Кемпір тұрып: «Сенің пышағың көпшік астында қалыпты, оны төсек жинап, үй сыпырып жүріп келін тауып алды, алып отқа салмақ болды», – дейді. — Сол кезде пышаққа тіл бітіп, мынаны айтты: «Не тілесең соны орындаймын, тек мені қор етіп отқа салма», – деді. Қыз тұрып: «Менің көк дарияның ар жағында орман арасында сүйген жарым Қара дәу бар, соған қоссаң болады!», – деп тілек етті. Сол уақытта үй іші тұман болып, пышақ та, қыз да, қыруар дүние де көзден ғайып болды, артынан тұман ашылды. Сыртқа шығып қарасам, алтын сарай орнында жоқ, шалқар көл суалып, құмы да жоқ, баяғы хан елі орнында қала беріпті, – деп сөзін аяқтайды. Бала шешесіне азық әзірлетіп, үйінен келесі күні ертемен азығын алып шешесімен, елімен, ханмен қоштасып, пышағын іздеп жаяу жүріп кетеді. Бірнеше күн жол жүріп, құлазыған даладан бір биік үйді көреді. Бірер уақыттан кейін әлгі үйге жетіп, есігін ашып кіріп келеді, келсе, алдында орта жастағы бір қатын ұршық иіріп отыр екен. Бала амандасып, қатын хош алып, мынаны айтады: «Адам аттап баспайтын, ешбір пенде келмейтін жерге неғып келдің?» – деп сұрайды.
Бала жай-күйін, жөнін айтып: «Бір алтын пышақ жоғалттым», – дейді. Қатын мынаны айтады: «Олай болса, менің бір қасиетті құсым бар, түннің бес бөлігін ұйықтап, екі бөлігін ұйықтамайды, мүмкін, көрсе сол көрген болар, сұрап көрейін», – дейді. Қатын құсынан: «Сен пышақ көрдің бе?» – деп сұрайды. Құс мынаны айтады: «Ұйықтамаған кезімде қыбырлаған мақлұқтың бәрін көріп, қайда бара жатқанын біліп отырдым, бірақ алтын пышақ көрмедім», – депті. Балаға қатын құстың жауабын айтады. Бала тұрып, қош айтысып, әрі қарай жүріп кетеді.
Бірер күн жүрген соң, ең далада тұрған бір үйге келеді, үйге кіреді, бір сыбызғы тартып отырған қатынды көреді, бала тұрып сәлем береді, қатын сыбызғы ойнауын қойып, баланың сәлемін қарсы алады. Біраздан кейін қатын мынаны айтады: «Адам аттап баспайтын, ешбір пенде келмейтін жерге неғып келдің?» – депті. Бала тұрып: «Жоқ іздеп жүрген адам едім, дәм-ризық айдаса, қайда бармайды», – дейді.
Қатын: «Не жоғалтып жүрсің?» – деп сұрайды.
Бала: «Бір алтын пышақ жоғалтып жүрмін», – дейді. «Олай болса, менің бір құсым бар, содан сұрап көрейін», – депті қатын. Қатын құсынан сұрайды, құс көргенім жоқ деп жауап береді. Қатын құс жауабын балаға баян етіпті. Бала алғыс айтып, қоштасып ары қарай тағы жүріп кетеді. Бірнеше күн жүріп, өліп-талып шаршап, қас қарая, ен даладан бір мұнаралы ақ үйді көріп, соған келеді. Үйге кіріп келсе, үй іші жап-жарық, самаладай, алдына қараса, бір орта бойлы, терең ойлы, аққұба, жас, сұлу келген келіншекті көреді. Көріп, сәлем береді. Келіншек қолындағы домбырасын жарға сүйеп, жігіт сәлемін хош көріп, қарсы алып қол алысып амандасады. Сонан келіншек тұрып: «Адам аттап баспайтын, ешбір пенде келмейтін жерге неғып келдің?» – деп әзіл айтып, миығынан езу тартып күледі.
Бала мынаны айтады: «Дәм-ризық айдаса, адам қайда бармайды, сіздің үйдің дәмі айдап тап болғаным», – депті. Келіншек: «Не іздеп жүрсің?» – деп жөнін сұрайды. Бала бастан-аяқ көргенін, жоғалтқан жоғын баян етіп бәрін айтады. Келіншек тұрып: «Менің қасиетті бір құсым бар, түннің бір бөлігін ұйықтап, бес бөлігін ұйықтамайды. содан сұрайын, бәлкім, көрсе, сол көрген болар», – дейді. Келіншек құсымен тілдесіп, құсы көргенін, қазір алтын пышақ қайда екенін, бәрін айтады. Келіншек балаға келіп, құстың жауабын айтады: «Сен бүгін жатып демал, менің құсым - үлкен бүркіт құс. Сені сол алып ұшады, мен екеуіңе жеті күндік азық әзірлеймін, сосын менің құсыма мініп, пышағыңды іздеп табасың, құсым сені алып барады, пышағыңды тапқан соң, кері маған келесің, мені өзіңе әйел етіп аласың, осыған уәде берсең, пышағыңды тез табасың», – дейді. Бала қуанып, келіншекті алмақ болып уәдесін береді. Келесі күні жеті күндік азық пісіріп беріп, құсына мінгізіп, баламен сүйісіп, құшақтасып, жолға аттандырады. Күн ұшып, түн ұшып, көк дарияның бергі жағасына келіп қонады, азықтары бітіп, қарындары ашады. Құс тұрып: «Азық жоқ, сені алып ұшар халім жоқ», – дейді. Бала не істерін білмей, сан етінен бір үлкен кесек ет кесіп, құсқа береді. Құс етті жеп алып қуаттанады. Бала саны ауырып шыдай алмайды, құс баланың санын қанатымен қаққанда, қайта ет бітіп, бала жай табады. Сонан құс баланы көк дарияның арғы жағына алып өтеді. Құс жерге қонып, балаға кеңес береді: «Әне, орман арасында көрінген үйдің ішінде сенің әйелің қазір ұйықтап жатыр. Көпшігінің астында алтын пышақ бар, ал әйелің шалқасынан түсіп жатыр, сен оған қызығып кетіп жүрме», – дейді. — Кір де, пышақты ал да, кері шық», – дейді. — Кіреріңде, үй айналасы толған жылан-шаян, құрт-құмырсқа, бақа - осының бәрі сені үйге жібермеуге тырысып, қарсыласар, сен жасқанбай үйге кіріп бар, бұл жәндіктер өз малыңды өзіңе жау етіп сиқырлап істеп қойған, – депті.
Бала үйге жақын келгенде, жылан-шаян, құрт-құмырсқалар өрмелеп жабылып қарсылық көрсетеді, бірақ бала тайсалмай, тайынбай үйге кіріп барады, барса, құс айтқандай, алдында шалқасынан түсіп әйелі ұйықтап жатыр екен, ол әйеліне көңілін аудармастан, көпшігінің астындағы алтын пышақты алып, етігінің қонышына салып, үйден шығып, құсқа келеді. Құс: «Пышақты әкелдің бе?» – деп сұрайды. Бала: «Әкелдім!» – деп жауап береді. «Кәне», – дейді, бала қонышынан пышағын алайын деп қараса, жоқ, түсіп қалыпты. Құс балаға: «Сен енді бара алмайсың, сені жыландар жібермейді, енді менің өзім барып қарайын», – деп ұшып кетеді. Көкте қалықтап ұшып, пышақты қайда түсті екен деп қарайласа, пышақ есік табалдырығының ішкі жағына түсіп қалыпты. Бүркіт құс түйіліп, әрі қалықтап ұшып, бері қалықтап ұшып, жылан, шаян, құрт-құмырсқалардың қарсылығына қарамай, төмендеп ұшып, түйіліп, тырнағымен бүріп іліп, алтын пышақты алып, әрең дегенде құтылып, жолдасы баланы тауып, азырақ кеңеске келеді. Пышаққа тіл бітіп, балаға мынаны айтады: «Егер сен әкеңнің сөзін тыңдаған болсаң, мені бүйтіп жоғалтпаған болар едің, сен әке сөзін ұмытып, маған салақ қарадың, сондықтан сен мені қонышыңа салып алып шыққанда, мен, міне, түсіп қалдым, тек мына құс көмегімен саған қайта келдім, егер де бұдан былай жоғалтсаң, табам деп ойлама, мен саған бұдан бұлай таптырмаймын, жоқпын», – депті.
Сонан бала құсқа мініп алып, пышағы қолында, әйелі соңына еріп манағы құс иесі жас келіншекке келеді. Келіншек баланың аман келуіне қуанып, қарсы шығып құшақтап, аузынан ойып, көңілінен құйып, сүліктей қадалып сүйіп, шынын алады, сүйіспендік нұрын алады. Бала аспай-саспай келіншек үйінде бір жұма демалып, келіншекті мәпелі етіп оңға, өз әйелін солға алып жатады. Келіншек әзірленіп жүгін жиып, осы балаға күйеуге шығып, бірге жолға шығады. Бірнеше күн жол жүріп, азды-көпті мол жүріп, аман-сау шешесінің үйіне келеді. Шешесі қайғымен қан жұтып, уайыммен зәр жұтып, баласының келгенін де білмей қалып, баласын көргенде, көңілі толып, шерлі дертін іштен жойып, баяғы рақатшылыққа қайта келеді. Хан баланың қызын тауып әкелгенін естіп, елін жиып, той жасапты. Сонымен хан күйеу баласына тағын беріп, енді елді сен биле, мен қартайдым деп, күйеу баласын елдің басы етіп таққа отырғызып, өзі содан көп кешікпей дүниеден өтіпті. Бала елге хан болып, келіншегі жүкті болып, тоғыз ай дегенде алтын айдарлы, көркі күндей ажарлы егіз ұл туыпты. Бала орнымды басар ұрпағым деп қуанып, екі ұлына арнап ат шаптырып, жұртын жиып, балуан күрестіріп, той қылыпты. Өзі өмір жоқтығын бастан өткізгендіктен, елдің жоқ-жұқа адамдарына көмек беріп, алым салмай, салық алмай, хан қазынасында барды өз қолынан бөліп, еліне үлестіріпті.
Тайпа ел разы болып, «жас хан болса да жайдарлы, халқына қадірлі» деп аңыз етіпті. Сонымен екі ұлы өсіп ер жетіп, аң аулап, құс атып, саяттық құрып, өмір өткізіп жүріпті. Жас хан уақыт келіп, орнын баласына қалдырыпты. Үлкен деп есептеп, жерге бұрын түскеніне ел билетіп, кішісіне тең билетіп, өзі дүниеден өтіпті. Асылдан туған асыл, данадан туған ақыл дегендей екі баласы да ақылды, әділдікпен елін билеп келіп дүниеден өтіпті.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: