Ертегі: Мейірімді аяз жайлы ертегі
Екі қызым мектептен келе сала:
— Мама, мұздап кеттік,
— Даланың суығын-ай!-деп шағымдарын айта кірді. Биыл дала аппақ көрпесін ерте жамылды. Сары шұнақ аяз да балаларды үйге ерте қамап қойды.
— Мама, аяз жаман ғой,- деп бұртиды кішісі.
— Иә, қатып қалдым,- деп қостай кетті үлкен.
— Қой, аязды жаман демеңдер. Ауа-райын сөгуге болмайды. Аяздың да пайдасы бар, - деп пешке көмір салып жатқан мен оларға басу айттым.
— Аяздың да пайдасы бар ма не? Ой ол суық қой
— Ища-ай...
— Жарайды, болды, көп сөйлемей үйге кіріңдер. Кешке пайдасын айтып беремін...
— Алақай, тағы бір ертегі!
***
«Қытымыр аяздың бұл өлкеге ат ізін салмағалы біраз жылдар болған. Соңғы рет қашан келгені есінде жоқ. Әйтеуір бір келіп, малшылардың берекесін алып, балалардың беті-басын шымшылап, бүкіл жерді мұзға орап әлек салып кеткені есінде. Ее, содан бері талай уақыт өтіпті-ау. Биылғы келісін де адамдар жақтырмайтын шығар деп ойлаған. Жоқ, қателесіпті. Оны елейтін тірі жан жоқ сияқты. Бұл тұрмақ, бір-бірін де көрмейтін сияқты. Япыр-ай, мына адамдарға не болған?! Әне бір қария жолдан өте алмай тұр еді, оған көмектескен пенде болмады. Мына бала неге жылап отыр? Киімі де жұқа сияқты. Адамдардың бәрі шұқшиып қолдарындағы заттан көз алмайды. Жүрсе де, тұрса да, отырса да, тіпті ұйқыға жатса да сол пәлеге жабысып қалған. Ең сұмдығы, көздеріндегі от қайда кеткен Құдай-ау?! Бұрын аязды елемей қара балтасын алып отын жаратын жігіттің бойындағы жалын сөніп қалғандай. Сыртта асыр салып ойнайтын балада көрінбейді. Әне, сары шана мен қызыл шаңғы қаңтарулы тұр. Бұрыыын балалармен ойнаған қызық еді. Олардың бетін қанша шымшыласа да, балақайлар одан әрі асыр салып, қар лақтырысып, шанамен зуылдап ойнаушы еді. Адамдарға не болғанын түсіне алмаған аяз енді терезеге өрнек салып, балаларды қуантпақ болды. Ары үрледі, бері үрледі. Мына терезелерге де не болған? Тіпті, әдемі өрнек те салынбайды. Бұрын қандай керемет өрнектер салушы еді. Адамдар тіпті оны «Аяз-шебер» деп атайтын сол үшін.
Осылайша көп жүріп, көп көрген Аяз енді ашуына мінді. Адамдардың бойындағы мейірімнің суып бара жатқанын аңғарды. Ол қатты ұйытқып, кәріне мінді. Теледидарда дикторлар «Соңғы кездері бұрын-соңды болмаған суық болады. Аяз болып, ауа температурасы елу градустан жоғары көтеріледі» деп дабыл қағысты. Суыққа шыдамай адамдардың әйнек үйлері шытынай бастады. Әрі-беріден соң көліктер де жүруден қалды. Жылынудың барлық әдісін қолданса да адамдар қатты мұздай бастады. Жер әлемнің бәрі мұз басты. Адамдар жан-жақтан дабыл қағып, аяздың бетін қайтарудың амалдарын іздей бастады. Тек сол кезде жер бетінде қалған жалғыз данагөй қария ғана Аяздың не үшін ашуланғанын түсініп, адамдарға ақылын айтыпты: «Аяз адамдардың мейірімсіздігінен ашуланды. Тез арада жоғалған мейірімді табыңдар. Сонда бәрі өз орнына келеді» дейді. Адамдар енді жанталасып мейірімді іздей бастайды. Ғаламторды қарайды, кітапты ақтарады, қарамаған жерлері қалмайды, бірақ еш жерден таба алмайды. Амалы құрыған адамдар енді не істерлерін білмей дал болады. Аяз анау, күннен күнге кәріне мініп. Үскірік ұрып, адамдар далаға шығудан қалды. Тіпті үйдің іші даладай азынап тұр. Енді не істемек керек? Сонда әлгі қария тағы ақылын айтты: «Қарақтарым, сендер мейірімді жүректеріңнен іздеңдер, жүректеріңнен...». Адамдар да істі мәнін сол кезде түсінді....Өз отбасының қамын күйттеп, қарт анасына көңіл бөлмеген жігіт анасын құшақтады. Анасы оны дәл сәби кездегідей мейірлене құшағына қысты. Жылу жүгірді. Күні-түні жұмыс-жұмыс деп үйдің бетін, тіпті бала күтушіге бақтыратын жалғыз ұлдарының жүзін көрмейтін ата-ана балаларын мейірлене құшағына алды. Баласы қатты-қатты қуанды. Ол соңғы рет ата-анасының құшағында нәресте кезінде ғана болған еді. Ата-анасына да балапандарын сағынып қалыпты. Екеуі бірдей мейірімін аямай төкті. Қарт әкесі мен анасын қараусыз қалдырған ұлдары балалық шағы өткен үйлеріне келіп, қарияларды құшақтады. Көптен бері ұлдарын көрмеген қариялар кеңкілдеп тұрып жылап, ұлдарын құшақтады. Ұлдары да өздерін дәл бала кездегідей сезініп, әке-шешесінің құшағына еніп кетті. Шүйкедей қариялардың құшағы әлі де кең екен, он ұлын мейірлене құшағына алды. Бір-бірімен араздасып, араласпай кеткен бауырлар да жер бетінің түкпір-түкпірінен келіп, бір-бірін қалай сағынғандарын айтып, құшақтасып, жылап жатты. Бір құрсаққа сиып, кең әлемге сиысы алмаған өздерін жазғырды. Ендігәрі ешқашан алыстамаймыз деп уәделесті. Суық сөздің кесірінен араларынан қара мысық жүріп өткен достар да бір-біріне құшақ жая жүгірісті. Көршісіне кірмегелі жылдың жүзі болған апай, үйіндегі бар дәмдісін алып көршісіне жүгіріп, онмен көрісті. Көшеде отырған баспанасыз жанды көрген адамдардың барлығы дереу үйлеріне барып жылы киім, ыстық ас әкеліп, оған қамқорлық танытты. Адамдардан көптен бері мұндай мейірім көрмеген жан көңілі босап қуаныштан жылады. Ата-анасыз қалған жетім мұңлықтың басынан сипаған қолдар жүректерді жібітті. Бір-бірімен дүниеге бола соғысып жүрген елдер де қаруларын тастап, отбасыларына оралды. Осылайша, жер бетіне мейірімділік қайта тірілді. Миллондаған жүректен шыққан мейірім, ашулы аяздың арынын басып, сабасына түсірді. Осылайша, мейірімді аяздың арқасында адамдар мейіріммен қайта қауышты....»
— Аяз қандай мейірімді еді, - деді кішісі. - Мен енді аязды жек көрмеймін.
— Мен де....- деді үлкені.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: