Ертегі: Дүмше молда

Ертегі: Дүмше молда

Баяғыда бір молда болыпты. Ол тек кейбір әріптерді танығаны болмаса, түк білмейтін дүмшенің өзі екен.

Бір күні молда бір ауылға келеді де: «Балаларыңды маған беріңдер, мен оқытамын», – дейді. Ауыл адамдары балаларын жинайды, әрі оқытатын үй тігіп береді.

Молда сабаққа кіріседі. Балаларды әлгі үйге жиып алып: «Көп оқығаның аз оқығаныңа үйрет» деп, өзі есіктің алдына шығып, қолын маңдайына тіреп отырады да қояды. «Бұл қандай оқыту?» деп, сұраған кісіге:

— Балалар өзімен-өзі болса, сабаққа да жақсы зейін қояды, – деп жауап береді молда.

Бір күні құрдас екі адам алыстан астық әкелуге аттанады. Қайтар кезде екеудің біреуі бір шаруамен сонда қалып қояды да үйіне: «Екі-үш күннен кейін барамын» – деп хат жазады. Ауылына келген кісі бір қулық ойлайды. Ауылда қалып қойған кісінің зайыбына барып:

— Күйеуің дүние салды, мынау көз жұмар алдында хош айтысып, жазған хаты еді, – деп, әлгі хатты береді. Әйел жылап-еңіреп молдаға келеді. Оған болған жайдың бәрін айтып, күйеуі жазғаң хатты оның қолына ұстатады. Бірақ молда аузын жыбырлатқаннан басқа ләм-мим демейді. Шыдамы таусылған әйел:

— Айтсаңызшы, өлгені рас па екен? – дейді. Молда не дерін білмей:

— Иә, солай, солай... – дейді сасқанынан. Әйел үйіне келіп, бір сиырын сойып, молдаға құран оқытады.

Хат әкелген кісі құрдасының үйіне келсе, үй іші абыр-сабыр, әйел жылап отыр.

— Неге жылайсың? – деп күледі әлгі адам.

— Күйеуі өлген кісі жыламай қайтеді?! – дейді әйел.

— Хатты кімге оқытып едің, олай деп жазылмаған еді ғой!

— Хат молдекемде, сол кісі оқыды, – дейді. Сонда төрде отырған молда масқара болғанын ұғып, үйден шыға жөнеліпті.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ертегі Дүмше молда туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Дүмше молда для детей на казахском языке, балаларга Дүмше молда арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер, ертегилер Дүмше молда казакша оку, Дүмше молда

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]