Ертегі: Жолбарыс пен тышқанның достығы жайында

Ертегі: Жолбарыс пен тышқанның достығы жайында

Ерте заманда бір жолбарыс бір тоғайдың қалың бедерінде ұйықтап жатыр еді. Үстіменен бір тышқан жорғалап жүріп бара жатқанын сезіп, ұйқысынан оянып қараса, тышқан екен, ұстап алды да тышқанды қысып өлтіретін болып еді. Тышқан:

– Я, тақсыр, арызым бар, мені өлтірмеңіз, бір күнәмді кешіріңіз, білмеген екенмін, тірі жүрсем, мен де бір қызметіңізге жарармын, – деп, арызын айтты.

Жолбарыс күліп тұрып:

— Мен - жолбарыс, сен тышқансың, қалжыңың мынау, сен маған қызметке жарамайсың, – деп, тамаша етіп тұрып, – қап, бар енді, көрерміз, – деп, тышқанды қоя берді. Тышқан пақыр қуанып, «жолбарыс досым» деп, жүгіріп ойнап кете берді. Күндерде бір күні жолбарыс жортып ойнап жүріп, мойнынан аспа тұзаққа түсіп, шарқ ұрып жылай берді. Тышқан келіп қараса, баяғы өзінің досы жолбарыс екен. Қасына келіп қарап тұрды, жолбарыс тышқанға қарап:

– Әй, лажың бар ма бұған қылар? – деп, тышқаннан көмек сұрады. Тышқан тұра жүгіріп келіп, тұзақты қажап, қиып кеп жіберді. Жолбарыс тышқан досына қиын күнінде іске жараған соң, разы болып, «рақмет, досым» деп қуанып, ажалдан айырғанына шат болды.

Осындай себептер біреу-біреудің арасынан өтпей қалған емес. Тарихта халық аузында мынадай мақалдар бар:

Ханның ісі қараға түсер,

Батырдың ісі балаға түсер,

Байдың ісі кедейге түсер,

Бәйбішенің ісі тоқалға түсер,

Жолбарыстың ісі тышқанға түсер,

Ердің ісі баз-базында дұшпанға түсер, – деген.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ертегі Жолбарыс пен тышқанның достығы жайында туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Жолбарыс пен тышқанның достығы жайында для детей на казахском языке, балаларга Жолбарыс пен тышқанның достығы жайында арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер Жолбарыс пен тышқанның достығы жайында, ертегилер казакша оку, Жолбарыс пен тышқанның достығы жайында

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]