Ертегі: Көк кептер балапаны

Ертегі: Көк кептер балапаны

Бір көк кептер ұяға екі балапан салыпты, бұл екі балапан қанат, құйрығы жетіліп, ұшар мезгілі келгенде, біреуі-біреуіне айтыпты:

– Әй, шырақ, енді біздің қанат, құйрығымыз жетілді, ұшып дүниені кезіп, сауық қылып келелік, – дейді. Сонда біреуі (інісі):

– Қой, аға, тамашаны, сауықты қоялық, әркімнің үйренген жері жақсы, ешқайда кетпей-ақ қоялық, – депті. Ағасы:

– Жоқ, сен бармайтын болсаң, маған рұқсат қыл, мен жүріп қайтам, – деп, ұшып сахараға кетеді. Сөйтіп, ұшып бір жерлерге қонғанда, бір бүркіт сол жерде кез болып, балапан ол бүркіттен өліп-талып шөп астына кіріп, аман қалады. Содан соң: «Құдай, осыдан құтқар!» – деп, Құдайға мінәжат қылып сұрайды. Бұдан шығып, енді «мұным жарамайды екен, есім барда елім табайын», – деп, қайта ұшып келе жатып, бір қырманға қонса, қырман иесі тұзақ құрып, ұстап алады. Одан аман-есен құтылып шыққан екен, енді ұясына қарай ұшып келе жатып, бір қырманға қонса, қырман иесі тас жіберіп қап, бір аяғын үзіпті. Сонан соң әрең аяқтан ақсап, ұясына келіп кіріпті. Інісіне жылап келіп, мұнан соң інісінің ақылына еретін болыпты.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ертегі Көк кептер балапаны туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Көк кептер балапаны для детей на казахском языке, балаларга Көк кептер балапаны арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер, ертегилер Көк кептер балапаны казакша оку, Көк кептер балапаны

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]