Ертегі: Мысық пен қоян

Ертегі: Мысық пен қоян

Жаз күнінде мысық пен қоян кез келіп, екеуі сөйлеседі. Қоян айтады: «Екеуіміз ажыраспайтын дос болалық», – депті. Сонда мысық айтады: «Олай болса, жақсы болды. Менің балаларымды сенің балаларыңның үстіне алып барайық», – дейді. Екеуі балаларын жөнелтіп, бірге жатып жүреді. Мысық балаларына күнде кекілік, қырғауыл тістеп әкеліп береді. Қоян шөп-шар беріп, күн көріп жүріпті. Бір күні мысық бір құсты аңдаусызда қармап алып, тірідей ұясына алып келеді. Құсты ұшып кетпес үшін қанат, құйрығын қырқып, балаларына береді. Балалары ары-бері жорғалатып ойнап, жемейді. Оны қоян көріп айтады: «Мысықжан, мынау жуас айуан екен, балалардың ішіне қосып қоя тұрып, менің балаларымның көзі ашылғанда, осындай қылып ойнатайық», – депті. Мысық досының тілін қимай, «мақұл» деп қосып қойыпты. Ертесіне екеуі далаға кетіпті. Құс екеуінің балаларын бәрін тойғанша жеп, қалғанын өлтіріп, кете беріпті. Мақал: «Бөрі баласы – ит болмас».

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ертегі Мысық пен қоян туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Мысық пен қоян для детей на казахском языке, балаларга Мысық пен қоян арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер Мысық пен қоян, ертегилер казакша оку, Мысық пен қоян

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]