Ертегі: Жылқы мен бұғы
Баяғы заманда жылқы емін-еркін өз бетімен жүрген жабайы аң екен. Ешқандай айдау-қайыруды білмепті. Қысты күндері қары жұқа жазық даланы, шөбі қалың тоғайды, өзен бойындағы құрақты жерлерді, көл жағасындағы қалың қопаны мекендепті. Ал жазды күндері тауға шығып, шалғыны мол сай-салада жайылып жүріпті. Қалың қарағай арасындағы алқаптар мен құйқадай жон-жотаны шарлап, сол маңда жусапты.
Бір күні жылқы қатпар-қатпар тау арасындағы бір алқапқа барып, сондағы шүйгін шөпке, көгорай шалғынға малтыға көміліп, бейқам жайылып жүріпті. Өрісі кең, жайылымы жалпақ, көңілі жай екен. Сөйтіп жүргенде, осы араға бір бұғы ауып келіпті. Шұрайлы алқаптың шөбі мол болған соң, жылқы жетеді ғой деп, қызғаныш білдірмепті. Екеуі қатар жайыла беріпті.
Келе-келе бұғы осы бір шұрайлы алқапты тек жалғыз өзі ғана мекендеуді мақсат етіпті. Содан көрінген жерде жылқыға тиісіп, мүйіздей бастапты.
Тыныштығы бұзылып, келімсек бұғыдан жәбір көрген жылқы арыз айтып, адамға барыпты.
– Мен тау қойнауындағы шалғынды алқапта емін-еркін жайылып жүр едім, ешкімге кесір келтірмедім. Содан қасыма бұғы келді. Шөп те, жайылым да жететін болған соң, жайылым мол ғой деп, оны еркіне жібердім. Үндегем жоқ. Бірақ соңғы уақытта бұғы мені мүйіздеп, қуа бастады. Тыныштық бермей, жәбірлейтін болды. Енді оны өз мекенімнен қалай қуамын? Сен көмектеспес пе екенсің? – деп қиыла өтініпті.
Қолға түспей жүрген асау жылқының бұл мұңын естіген соң, адам оған шарт қойыпты:
– Мен бұғыны қуып тастаймын, ол қолдан келеді. Бірақ мен жаяумын ғой. Ол үшін сенің үстіңе мініп алуым керек.
Бұғыдан көрген жәбір-жапасы үшін жылқы амалсыздан адамның айтқан шартына көніпті.
Сол жерде адам жылқыны ноқталап мініп алады да, бұғы жүрген алқапқа келеді. Қолына ұзын сойыл ұстаған адамның қарасын көрген заматта бұғы жан сақтау үшін тау-таудан асып, қалың орманның ішіне сіңіп кетіпті.
Бұғыдан құтылғанына қуанған жылқы:
– Рақмет саған, адам! Сен менің жалғыз досым екенсің, – депті өлердегі сөзін айтып. – Енді мен саған қандай қызмет етсем екен?..
Сонда адам ойланып тұрып, өз қалауын айтыпты:
– Сен осы шалғында жайылып жүре бер, – депті, алдағы ісін түсіндіріп. – Бұдан былай сен менен қашушы болма. Саған қиянат жасамайтыныма көзің жетті ғой. Маған қажет бола қалсаң, өзім келіп ұстап мінетін болайын.
Жылқы адамның айтқанына көніпті. Сөйтіп, содан бері жылқы адамға қызмет етіп келеді екен. Шаруасы біткен соң, адам босатып жіберсе, тау арасындағы шалғынға барып, аунап-қунап жүре береді екен.
Ал бұғы адаммен достасқан жылқының маңына жоламай, орман арасын, таудың ішін жайлап, қашықта жүреді екен.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Ертегі: Екі бұғы
» Ертегі: Бөгелек
» Ертегі: Түйені көрсе жылқы неге қалтырайды
» Ертегі: Өгіз бен есек
» Ертегі: Екі қаз бен бір бақа

Іздеп көріңіз: