Ертегі: Сабан көмір және бұршақ
Баяғыда бір әбден қаусап қартайған өлмелі кемпір болыпты. Ол сексенің үстіне шықса керек. Бір күні кемпір бақшаға барып, бір табақ бұршақ жинап алады да қайнатпақшы болады. «Қайнатып, қорек етейін»,— деп ойлайды.
Пешке от жағып, маздап кетсін деп, оттыққа бір уыс сабан тастайды. Сонсоң барып шөгенге бұршақ сала берген еді.
Оқиға осы арадан басталды.
Бұршақты шөгенге салып жатқанда, бір бұршақ еденге ұшып түседі.
Ұшып түсіп, сабанның жанына жантая кетеді.
Сол арада бір көмір ұшып кеп түседі.
Сабан:
Құрметті достар, қайдан келдіңдер?— дейді.
Mен пештің шықтым,— дейді көмір өйтпегенде мен құритын едім, жанып-жанып, шашылып қалатын едім.
Ал бұршақ:
Мұнда түскенім — менің де бақытым болды. Өйтпегенде басқа туысқандарым сияқты, мен де қайнап-қайнап ботқаға айналатын едім, дейді.
Сонда сабан тұрып:
Пешке түспей, мұнда жатқаныма мен де мәзбін,— дейді.
Енді не істейміз?—деп сұрайды көмір. Меніңше,— дейді бұршақ,— былай етсек деймін. Жүріңдер, саяхат жасайық.
Сөйтейік, сөйтейік!—дейді көмір мен сабан.
Сөйтіп, бұршақ, сабан және көмір — үшеуі сапар шегеді.
Көп жер жүріп, бір кішкентай бұлақтың жағасына келеді.
Бұлақ кіп-кішкентай таспадай екен, бір көпір жоқ болған соң, өту қиынға соғады. Не істеу керек?
Сабан ойлап-ойлап былай дейді:
— Біз былай етейік: мен бұлақтың үстін кесе-көлденең жатайын, сендер көпірден өткендей менің үстімнен жүріп, өтіп кетіңдер.
Үшеуі солай етеді. Сабан бұлақтың үстіне көлденең жатып, оның үстінен ең алдымен көмір жүгіре жөнеледі. Кәдімгі көпірдің үстінен өткендей кетіп барады. Орта жолға жеткенде, құлағын түріп еді, төменде су сылдыр-сылдыр етеді. Шошып кетіп, тоқтай қалады.
Судан қорқам, судан қорқам!—деп айқайлады.
Айғайлап тұрғанда, астындағы сабан көмірден тұтанып, екіге бөлініп, бұлаққа түсіп кетеді. Көмір де оның соңынан суға күмп береді. «Батып барам, құтқарыңдар!»—деп, біраз шыңғырады да, судың түбіне батып кетеді.
Ал бұршақ сақ екен, жағада тұрып қалады.
Жағада тұрып, көмір мен сабанды мазақтап ал келіп күлсін ол.
Күле, күле, күлкіден жарылып та кетеді.
Халі мүшкіл болатын еді, бақытына орай бұлақ жағасында бір қаңғыбас тігінші отырса керек.
Тігінші инеге жіпті сабақтап жіберіп, жалма-жан екіге бөлінген бұршақты біріктіріп көктеп қояды.
Тігіншінің ақ жібі болмаған соң, қара жіппен көктеген болатын. Содан бері бұршақ біткеннің ортан белінде қара тігіс қалып қойса керек.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Ертегі: Бір бақыр бөкпен
» Ертегі: Құламерген
» Ертегі: Бремен әншілері
» Сатиралық ертегі: Екі еріншек
» Ертегі: Қасиетті құдық
» Ертегі: Бір бақыр бөкпен
» Ертегі: Құламерген
» Ертегі: Бремен әншілері
» Сатиралық ертегі: Екі еріншек
» Ертегі: Қасиетті құдық
Іздеп көріңіз: