Ертегі: Ғажайып түс

Ертегі: Ғажайып түс

Бірде Арман түс көреді. Түсінде оның дене мүшелері дауласады. Бас бірінші болып былай дейді:

-Мен бәрін басқарамын, менде көз, ауыз, құлақ, мұрын бар. Мен болмасам, адам ештеңені көрмейді, естімейді, иісті де сезбейді, сөйлей де алмайды, тіпті аштан өлер еді.

-Егер мен болмасам, сені ары-бері, жан-жаққа кім бұрар еді?-деді Мойын.

Осы кезде қызу таласқа Қол араласты:

-Егер мен болмасам, жүк тасу, тамақ дайындау, кір жуу, үтіктеу, жазу, сурет салу, әртүрлі аспапта ойнау да қиынға соғар еді.

Бір кезде Кеуденің де шыдамы таусылып:

-Мен ше?! Егер мен болмасам, адам болар ма едің? Мойын, сен қайда қалар едің? Қол-аяқ, сендер ше?-деді.

-Ал сендер біздің арқамызда мектепке, дүкенге, киноға барасыңдар. Күні бойы жүгіреміз, сонда да рақмет айтпайсыңдар, -деді Аяқ.

Бұл айтыстың қалай аяқталатыны Арманды қатты қызықтырды, бірақ ең шиеленіскен жерінде ол оянып кетті.

Ал сендер қалай ойлайсыңдар? Адамға ең керегі қай мүшесі?

Қарағанды облысы. Жезқазған қаласы
№ 11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Төрехан Нұргүл Төреханқызы II-санат.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ертегі Ғажайып түс ертеги сказка ертегилер, ертегі ертеги сказка на казахском, сказки на казахском языке для детей, казакша ертегилер балаларга, Ғажайып түс

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]