Қазақша ертегі: Ай неге жалаңаш қалды

Қазақша ертегі: Ай неге жалаңаш қалды

Бірде ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын өлшеп алады да көйлекті пішіп, тігуге кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты.
- Иә, мен қателескен екем, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп, қайта тіге бастайды. Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы келеді.
Бұл жолы да көйлегі шақ келмей, қысқа болып қалыпты.
- Иә, тағы да дұрыс өлшемеген екем ғой, - дейді. Айдың толыса беретініне түсінбеген тігінші. Сонымен қайта өлшеп, қайта пішіп, қайтадан тігуге кіріседі.
Ай тағы да көйлегін алуға келе жатады. Тігінші киіз үйдің түтігінен асқанда келе жатқан топ-толық өзі тіккен көйлектен екі есе үлкен Айды көреді. Не істерін
білмей, сасқалақтап тігінші басы ауған жаққа қаша жөнеледі. Ай ары іздеп, бері іздеп тігіншіні таба алмай қалады. Сол себепті, Ай көйлексіз жалаңаш қалыпты.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ертегі Ай неге жалаңаш қалды ертеги сказка на казахском казакша ертегилер балаларга, ертегі ертеги сказка на казахском, сказки на казахском языке для детей, қазақша ертегілер жинағы оқу, казакша ертегилер балаларга, сказки на казахском языке для детей скачать, Ай неге жалаңаш қалды

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]