Қазақша ертегі: Қорқақ қоянның жауабы

Қазақша ертегі: Қорқақ қоянның жауабы

Ертеде бір нулы орманда әртүрлі жан-жануарлар мекендепті. Оларды аң патшасы арыстан билеп тұрыпты. Бірде арыстан: "барлық аңдар алдыма жиналсын"- деп бұйырыпты. Ормандағы барлық аң атауы жиналыпты. Сонда арыстан:"Барлығың менің келе жатқан туған күніме дайындалыңдар. Әрқайсыңа жеке-жеке тапсырма беремін"-депті. Сол кезде барлық аңдарға не дайындау керегі айтылыпты, кезек қоянға да жетеді. "Қоян сен үстелге құмыраға салып қоятын гүл әкел"-депті арыстан. Қоян орманның ішін арлы-берлі кезіп бірде-бір гүл таппапты. Қайтсін байқұс, өйткені бұл қақаған суық қыс мезгілі еді. Барлық аңдар өз тапсырмаларын орындап, тек арыстанды күтіп тұрады. Арыстан өзінің туған күніне деген дайындықты көріп риза болып келе жатады. Бір кезде арыстанның көзі үстелде бос тұрған құмыраға түседі. "Мұнда неге гүл жоқ? Кімге тапсырылып еді?"-деп ашуланыпты. Алдына сүмірейіп қоян келеді. Арыстан "Қоян, гүл қайда?"-деп ақырып үстелді жұдырығымен бір қойыпты. Қоян алды-артына қарамай зыта жөнеліпті. Сол күйінде үйіне келіп, есігін ішінен бекітіп, терезелерінің перделерін түсіріп жауып, жан-жағына қарап, ешкімнің жоғына көзі жеткен кезде өзінің үстеліне келіп бар ашуын бойына жинап "Гүл жоқ"-деп үстелді жұдырығымен бір қойыпты.

Жолдаған: Манарбекұлы Мақсат 7 жас
Екібастұз қаласы
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ертегі Қорқақ қоянның жауабы ертеги сказка на казахском казакша ертегилер балаларга, ертегі ертеги сказка на казахском, сказки на казахском языке для детей, қазақша ертегілер жинағы оқу, казакша ертегилер балаларга, сказки на казахском языке для детей скачать, Қорқақ қоянның жауабы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]