Қазақша ертегі: Тапқыр қоян (видео)

Қазақша ертегі: Тапқыр қоян (видео)

Аңдардың патшасы арыстан бәйге жариялапты. Бір қазан суды қайнаттырып қойып:

— Осы суды кім ішіп қойса, көп сыйлық беремін, – деген шарт қойыпты.

Аңдар бірінен соң бірі келіп, қанша өжеттенсе де қайнап тұрған суды ішуге батылдары бармапты.

Ең соңында қоян келіп, қып-қызыл шоқта тұрған қазанды көтеріп алады да:

— Ыстықтай ішуді өте жақсы көремін, – деп жан-жағына қарайды.

— Ендеше, іше ғой, – дейді аңдар аңтарылып.

Қоян ұзыннан-ұзақ қаз-қатар тізіліп тұрған аңдарды жағалай жүріп:

— Мінеки, достарым, мынау ыстық су. Көздеріңмен көріңдер! – деп, бас-басына көрсетіп шығады.

Сөйтіп, қоян аңдарды басынан аяғына дейін аралап шыққанша, қазандағы су суып қалады. Сол кезде қоян суды басына бір-ақ көтеріп, сіміріп салады. Шошынған аңдар ауыздарын ашып, көздерін жұмысады.

Ал алданған арыстан патша қоянға көп-көп сыйлықтар бергізіп:

— Міне, нағыз ер! – деп мақтапты.


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Тапқыр қоян, Аңдар, патша, Арыстан, бәйге, ертегілер, ертегі, Тапқыр, қоян, ыстық, су, тапқыр, ертегісі, коян туралы ертегилер ертеги, қоян туралы ертегілер ертегі, тапқыр қоян ертегісі мәтіні, тапқыр қоян ертегісі, тапкыр коян туралы ертеги, тапкыр коян ертеги казакша

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]