Дипломдық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар санатында қазақ тілінде жасалған жобаларды қарап, тегін жүктей аласыз. Қазақ тілі, математика, информатика, бағдарламалау, қазақ әдебиеті, топырақтану, қаржы, педагогика, дене шынықтыру, құқықтану, география, психология, есеп және аудит, биотехнoлогия және тағы басқа пәндер бойынша дайын дипломдық жұмыстар жарияланған!!!

Дипломдық жұмыс: Экономика | Басқару процесінің мазмұны

Әрбiр басқару қызметi процесс болып саналады, өйткенi, бұлар да өзара байланысты әрекеттер сериясынан тұрады. Басқару қызметi барлық қызметтiң жалпы жиынтығы. Басқару қызметiне ғылымның көптеген салаларында ғалымдар зор көңiл бөледi. Кезiнде А.Файоль былайша тұжырымдаған болатын: «Басқару дегенiмiз болжамдау және жоспарлау, ұйымдастыру, жарлық беру, үйлестiру және бақылау». Бұл қызмет басқарудын теориялық категориясы ретiнде әдебиеттерде кеңiнен пайдаланылады, бiрақ бiр жақты емес.
Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты жаңа типті басқару кадрлары дайындау және олардың жаңаша ойлау қабілеттерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Осы тұрғыдан алғанда, кадрларды кәсіби тұрғыдан, әсіресе, менеджмент саласына лайықты дайындау мемлекеттің ұзақ мерзімді экономикалық саясатының құрамдас бөлшегі болуы тиіс. Нарық жағдайында түбегейлі өзгерістерге ұшырайтын кәсіпорындар мен фирмалар деңгейінде бұл проблема үлкен мәнге ие болады. Өткір бәсекелестік жағдайындағы кәсіпорынның өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін фирманы “дәстүрлі түрде” емес, жаңаша басқарып үйрену қажет. Ең алдымен, адамдарды жаңаша басқара білу керек. Бұның өзі нарықтың конъюнктураны алдын-ала болжап бағалай білетін, дер кезінде стандартты емес басқару шешімдерін қабылдап, оларды іс жүзіне асыратын ұжымда алатын жаңа типті басшы –менеджерлерді дайындауды талап етеді.
Диплом жұмысының мақсаты -өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру, прогресшіл техника мен технологияны енгізу, түрлі ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен түсімді арттыру және т.б
Қазіргі менеджментке қатысты көтеріліп отырған мәселелер ауқымы алуан түрлілігімен және көп қырлылығымен ерекшеленеді. Алайда осы уақытқа дейін Қазақстан экономикасының ерекшелігін ескеретін менеджмент әдісі бізде толық зерттелмей келеді. Сондықтан осы бағыттағы ізденістерді экономиканың нарықтық қатынастарға көшу кезеңінен бері қарай бірнеше жыл бойы жүргізіп келеміз. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Ауыл шаруашылық проблемалары өте күрделі мәселе, еліміздің бүгінгі тіршілігі мен келешегінің мүдделі міндеттернің бірі, бірі емес бірегейі. Президент бұл мәселені бекер көтеріп отырмаса керек. Еліміз экономикасының, егемендігінің, мәдениетінің келешегін жан-жақты ойлап, күрделі міндетті қолға алып отыр деп есептеймін.
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде былай деп атап көрсетті: «...барлық стратегиялық жоспарлардың алдында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, оны жүйелі және батыл реформалау келеді...». «Ауыл, селоны және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың артықшылықтары туралы» Заң қабылдау да осы мақсаттарға арналады.
Мемлекет басшысының идеяларын, қабылданған заңдар мен Республика үкіметінің қабылданған қаулыларын іс жүзінде асыра отырып, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғалымдары «Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 1993-1995 жылдарға және 2003-2005 жылға дейінгі тұжырымдық Бағдарламасын» жасады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Газды дайындаудың және скважинадан (укпг-3) дейінгі “суық” – тың қор параметрлерін зерттеу

КІРІСПЕ
Қарашығанақ мұнай газ конденсат кен орны 1979 жылы өндірістік геологиялық бірлестігі “Уральскнефтегазгеология” арқылы П-10 параметрлік ұңғысын бұрғылау кезінде ашылған.
Кен орны Каспий маңы ойпатының солтүстік аймағында орналасқан. Мұнайгазконденсатты кеніш терең жатқат тұз күмбезінің астында 25*12 км көлемінде орналасқан.
Мұнайгаздылық қабаты 300-метр – ден 1600-ге дейін, соның ішінде 200 метр қалыңдығында. Газмұнай шегі 4950метр тереңдіңгінде, ал су мұнай шегі – 5150 метр.
1983 жылы мұнай газ конденсат қоры туралы есеп жүргізілді. Осы құжат негізінде 1984 жылы ВНИИГаз арқылы тәжірибелі - өндірістік пайдалану (ТӨП) жобасы жасалынды. 1988 жылы көмірсутектер қоры нақты дәлелденіп есептелінді.
Кен орны үш пайдалану объектісіне бөлінеді: 1 және 2 объектілері газды конденсатты және 3 – мұнайлы бөлімі болып, тереңдеген сайын конденсат мөлшері ұлғая бастайды.
Қазіргі кезде пайдалануда тек бір ғана газды кешенді дайындау қондырғысы (ГКДҚ) бар. Оның құрамында LGA (Германия) жабдығымен жабдықталған үш технологиялық тізбек кіреді. Ол 1984 жылдан бері пайдаланылуда және ТМД елдерінен жабдықталынған төртінші технологиялық тізбек ьар. Ол 1989 жзылдан бері пайдаланылуда. Сонымен бірге, Орынбор газ өңдеу заводыа өнім жіберілетін 377 мм диаметріндегі үш конденсат желісі және 720 мм диаметірінде тазартылмаған газды айдайтын екі газ желісі пайдаланылуда.
Газды кешенді дайындау қондырғысын ұзақ уақыт пайдалану нәтижесінде (17 жыл) жабдықтар өз ресурстарын және қызмет көрсетудің нормативті уақытын толық істеп, қондырғыны қайтадан жасап шығу қажеттілігі туды.
1991 жылы ВНИИГаздың араласуымен және кен орнының жасаудың негізгі жобалаушысы ЮЖНИИГаз арқылы қайтадан жабдықталған ГКДҚ – 3-дің технологиялық регламентін жасап шығарған, бірақ қаржы жетіспеушілігінен жобаны игеру және қайтадан жабдықтау іске аспады.
1997 жылы 17 қарашада Вашингтон қаласында ОСРП «Аджип», «Бритиш Газ», «Тексако», «Лукойл» және ҰМК «Қазақойл» компаниялары арасында жасалынып қол қойылды. Кен орнының игерілуі осы компания арқылы іске асуда.
Кен орнын қалпына келтіру үрдісі – ұзақ үрдіс, сондықтан кен орнындағы жұмыс бағдарламалары өте нақты және кен орнының жұмыс қуатын қалпына келтіру кезеңдерге есептелінген және қауіпсіздіктің жоғарғы деңгейіне жету қарастырылған.
1 ТЕХНИКА-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Кен орын туралы жалпы мәліметтер
Қарашығанақ МГККО Батыс-Қазақстан облысының батысында, Бөрлі ауданының территориясында орналасқан. Аудан климаты континентальды. Температура қыста -400С-қа дейін жазда +400С арасында тербеліп тұрады. Оңтүстік – шығыс және солтүстік – батыс бағытындағы желдер басым. Орташа жылдық жауын – шашын мөлшері 300 – 350 мм. Кен орыннан Оралға дейінгі арақашықтық 160 км., Орынборға дейін 155 км., ОГӨЗ дейін 158 км. ОГӨЗ дейінгі газ құбырларының орташа ұзындығы 140 км. Ең жақын тұрғылықты пункттар: Қарашығанақ ауылы 10 км., Тұңғыш ауылы 2 км., Березовка ауылы 3 км.
Ауданнның орфографиялық жағдайы сирек кездесетін құм сазды жазықтан тұрады. Рельефтің абсолютті белгілері 80-130 метрге дейін өзгереді.
Кен орнының гидрографиялық жүйесі солтүстігінде Орал өзенімен, Солтүстік шығысында Елек өзенімен шекараласады. Жоспарланған жұмыс ауданында Елек өзенінің сол ағысы болып саналатын Березовка өзені қиып өтеді. Жазда ол құрғап қалады. Ауданда аз мөлшерде табиғи су қоймалары кездеседі.
Техникалық сумен қамтамасыз ету жерасты суларымен іске асырылады. Сулы горизонттар 65 - 110 метр тереңдікте, әктас және мергель жарықшақтарында орналасқан, және де неогенді төрттік бор юра және триас кезеңіндей құмтастарда қалыптасқан.
Сулар әлсіз минералданған, гидрокарбонаты калций минералдылығы 1-3т/л ал ұңғы шығымы тәулігіне 26 - 100 м3/тәу.
Аудан климаты төте континентальды. Ауа температурасы -40 (қыста) +40 (жаз) дейін өзгереді.
Жел оңтүстік - шығыс және солтүстік - батыс бағыттарында соғады, күзде, қыста және көктемде жылдың орташа жауын - шашын көлемі 300 - 950 мм-ді құрайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Серік Қалиевтің шығармашылығы

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Жамбыл облысы қай кездерден – ақ өнерге бай өлке. Арыға бармағанның өзінде кешегі жыр алыбы Жамбылдың кіндік қаны тамған, кең алқабын Кенендер әнмен тербеткен, Қылышбай қылыш тілмен өлең өрген, Сауытбек Ақбөпесін «аңсап» өткен өңірде жырдың бесігі тербелмей қалған күн болған емес. Өнердің жасаушысы халық болғандықтан елдің іші қашан да кемел дарындардан кенде емес. Әр кезең өз тұлғасын тудырады, әр өнер иесі өз заманының жемісі.
Бүгінде тамырын тереңге жайған текті Тараздың өнер өлкесіндегі тегеуірінді дарындардың бірі – ақын Серік Мақұлбекұлы Қалиев. Есімі Республика жұртшылығына кеңінен таралып үлгерген осы жерлесіміздің шығармашылығы бүгінде құнарлы топыраққа түскен дәндей тереңнен нәр алып, жапырағын кеңге жайып жайқалған бәйтеректей кемелденіп, жыл санап толыға, молыға түсті. Ақын осы күндері ірілі – ұсақты жеті – сегізге тарта кітаптардың авторы. “Шын мәніндегі өлең қандай болу керек?” деген сұраққа Серіктің жырлары толықтай жауап бере алады. Қазіргі күн поэзиясында өзіндік орны бар, қолтаңбасы қалыптасқан, ешкімге еліктемейтін, көкейінде тұрған, санасына тұнған ойды өзінше қорытып, өзіне ғана нақышты өрнектерімен оюлап бере алатын дара дарын. Ақынның мұндай дәрежеге жетуіне ізденімпаздықпен өткен ұзақ жылдар, шақша басты шарадай етердей жанға тыныштық бермеген шабытты шақтар, күрсінулер, қуанулар, жадыраулар, мұңайулар, бәрі – бәрі тиісті мөлшерде өз ықпалын тигізіп өткен еді. «Өлең деген тумайды жайшылықта, өлең деген тумайды қайшылықта» - деп Мұқағали ақын айтып кеткендей - өлең өмірдегі құбылыстардың сөзбен өрілген көркем суреті. Бүгінгі кезеңнің көркем әдебиетінің дамуына елеулі ықпал етіп, әдебиетке өз ерекшелігімен келген Серік шығармашылығы еленуге тұрарлық. Ешкім де тектен – текке еңбек етпесе керек. Қандай да бір бейнеттің түптің – түбінде берер зейнеті бар. Сол сияқты халық үшін атқарылған игі іс, халық үшін жазылған текті жыр ел алдынан ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір бағасын алу керек. Басқа емес, арнайы Серік Қалиев шығармашылығын таңдауымыздың негізгі осыда жатыр.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті: Тақырыптың мақсаты - наным – сенім жағынан «қырық пышақ» болып жатқан қазіргі қоғамдық ахуалға Серік ақынның шығармашылығын негізге ала отырып, сол арқылы жауап беру, шешімін таппай жатқан түрлі рухани мәселелерге қатысты ақын жүрегінің күйн сезіну. Өз ұғым – түсінігіміздің деңгейін ақынның көзқарасымен салыстыру. Діни тақырыптардан өзге де өлеңдеріне жаңа қырларынан талдаулар жасау.
Тақырыптың міндеті – жергілікті қаламгерлердің арасында да шашасына шаң жұқырмас жыр жүйріктері бар екенін, оның бірі диплом жұмысына арқау болғалы отырған Серік ақын екенін дәлелдеп беру. Сол арқылы ақынның әдебиеттегі өзіндік болмыс – тұлғасын даралау. Сан қатпардан құралған «шығармашылық еңбек» атты әлемнің көзге көріне бермейтін елеусіздеу тұстарын аттап өтіп кетпей, оның ой – қырына тиянақты түрде үңілу.
Шындығында поэзия қалай көрсең сол қалпында ғана қалып, астарлылық дегеннен ада сипатта көзге ұрып тұратын бір қалыпты дүние емес. Бұл туралы Үнді халқының даналығы: «Поэзия туралы пікір айту үш соқырдың піл туралы әңгімелесуі сияқты» - дейді. Сондықтан өлең атты ұлылықты тек өзіміз көрген, өзіміз түсінген тұстарынан ғана қарай салмай, ол туралы танымымызды тереңдете түсудің мәні зор. Өлең – тірі организм, онда да мінез болады. Оның да шама – шарқына қарай ғұмыр кешу кезеңі болады. Сүйегі нашар, бітімі жаман өлеңдер ұзақ жасай алмайды. Ал, поэзияның бар талабына жауп беруге лайқты, ойлы да терең, мәнді де мағыналы өлеңдер өмір барда адамзат баласымен мәңгі бірге жасаса береді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Мемлекеттік бюджетті қалыптастыру механизмі

Қазіргі заманғы кез келген қоғамның экономикалық құрылымының қалыптасуы мен дамуында алғы, анықтаушы рольді үкіметтің таңдап алған экономикалық саясаты шеңберінде жүзеге асатын мемлекеттік реттеу алады. Мемлекетке экономикалық және әлеуметтік реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ең маңызды механизмдердің бірі қаржылық механизм- бсты тізбегі мемлекеттік бюджет болып табылатын, қоғамның қаржылық жүйесі. Осы қаржы жүйесі арқылы мемлекет ақшалай қаражттардың орталықтандырылған қорларын құрады және орталықтандырылмаған қорларға, мемлекеттік органдарға жүктелген қызметтерді артқаруға мүмкіндікті қамтамасыз ете отырып, әсер етеді. Әлеуметтік-экономикалық процестерге мемлекеттік реттеу жүйесінің негізін кірістерді қайта бөлу жөніндегі қатанас құрайды.
Тоқсаныншы жылдардың басынан бастап Қазақстан Републикасында жүргізіліп келе жатқан экономикалық және саяси реформалар мемлекеттік қаржы, ең алдымен бюджеттік жүйеге әсерін тигізді. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің ресурстарын мобилизациялау және жұмсаудың басты құралы бола отырып саяси үкіметке экономикаға әсер етуге, оның құрылымдық қайта құруларын қаржыландыруға , экономиканың басым секторларының дамуын ынталандыруға, тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне әлеуметтік көмек көрсетуге нақты мүмкіндік береді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жеңіл атлетика түрлерінен сабақ өткізу әдістемесінің негіздері

Зерттеудің өзектілігі. Соңғы онжылдықта оқыту процесiнiң тиiмдiлiгiн арттырудың жаңа тәсiлдерi мен әдiстерi қарқынды түрде зерттелуде. Бұл бiр бiрiншi кезекте бiлiм дамуындағы объективтi үрдiспен байланысты оқитындардың санын үздiксiз көбейту және ғылыми-техникалық ақпарат көлемiнiң тез өсуi‚ сол сияқты оқу мерзiмдерiн қысқартумен байланысты. Айтылғандардың бәрi белгiлi мөлшерде дене шынықтыру жаттығуларын үйрету процесiне қатысты.
Спорттық шеберлiк деңгейi өскен көпшiлiк спорттың дамуын, дене шынықтыру жаттығуларын үйрету процесiнiң жаңа әдiстерi мен тәсiлдерiн iздеудi талап етедi. Жалпы және кәсiптiк бiлiм беру процесiн жетiлдiрудiң көп тараған бағыттарының бiрi бағдарламалық оқыту әдiсi болып табылады.
Оқытудың тиiмдiлiгi бағдарламаның сапасымен ғана емес‚ сонымен бiрге оның реализацияның әдiстерiмен де анықталатыны көпшiлiкке белгiлi.
Диплом жұмысы спортпен айналысушылардың жаттығуларды өз бетiнше жасауын жеңiлдететiн басқару жүйесi бар жеңiл атлетикалық жаттығуларды алғашқы оқыту әдiстемесiне тәрбиелеуге тұңғыш рет әрекет жасап отыр.
Диплом жұмысын талдағанда спортпен айналысуды ендi бастаған спортшылармен сабақ процесiнде тексерiлген педагогиканың‚ физиологияның‚ спорттық медицинаның қазiргi кездегi мәлiметтерi ескерiлдi. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Палуандардың физикалық дайындығыгың ерекшеліктері

Жер жүзіне палуандықпен атын жайған... қазақтың Қажымұқаннан басқа кімі бар?
Күллі қазақ «күш атасы» ретінде қадір тұтқан Қажымұқан – ғибратты ғұмыр кешкен сан қырлы тұлға. 15 жасынан топқа түскен Қажекеңнің жасы 70-ке келгенше күресті тастамауының өзі – оның жаратылысы бөлек саңлақ спортшы екендігінің айғағы. Бір айта кетерлігі, 11-атасы Қарақыпшақ Қобыланды болып келетін Қажымұқанның дара бітімі бала жасынан-ақ байқалған.
Өзі құралпылас балалармен ойнап жүргенде әлдекімге жазатайым қолы тиіп кетсе, оңдырмайды екен. Соған байланыс¬ты шағым айтып келген адамдарға әжесі Айсары: «Өгізге мініп ойнап жүреді де, ол зорығып жатып қалса, лақтай көтеріп, иығына салып, үйге әкеледі. Өгіз көтеріп ойнайтын бала менің ұрғанымды елең қыла ма?» – дейтін көрінеді. Толағайлық күш-қуат тумысынан дарыған Қажымұқан осылайша бала күнінен ерекшеленіп, 12-13 жасында 20-дағы жігіттің кейпіне енеді. Жоқшылық салдарынан еңбекке ерте араласуға мәжбүр болған ол Қызылжарда Масликов деген саудагерге жалданып, соның жұмысын істейді: малын бағады, шөбін шабады, жүгін тасиды. Бірде қыстыгүні шанамен шөп алып келе жатқан¬да жеккен аты болдырып, алға аттап бас¬пай, төрт аяқтап тұрып алады. Ыза кернеген шөпші бала қарға көмілген шананы артынан итеріп кеп жібергенде, ортаға жеккен ат шананың астына түсіп өледі. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Р. Бердібай - фольклор зерттеуші

Кіріспе
Рахманқұл Бердібайдың есімі бүгінде анықтаманы қажет етпейді. Ғұлама ғалымның биік тұлғасы, энциклопедиялық зердесі, азаматтық келбеті өзінің лайықты бағасын алған. Қазақ әдебиеті ғылымына ғана емес, түрік дүниесінің руханиятына өлшеусіз үлес қосқан ғұламаның ұлт мүддесін қорғаған батыл үні сонау елуінші жылдары естіле бастаған болатын. Ұлт мүддесін мәңгілік серігі еткен ғалым кеңестік кезең саясатына қайшы көзқарастары үшін аз қиындық көрген жоқ. Осы қудалаулар мен қиындықтар ғалымның журналистикадан бастау алып, әдеби өмірдің ұлы майданына, руханияттың асқақ әлеміне ұласқан шығармашылық жолын көктей өтіп жатты.
Р.Бердібай өзінің өнімді еңбек жылдарында 32 кітап, мыңнан астам мақала шығарды.
Исі түркі халқы пір тұтатын Маулананың мынадай сөздері бар: «Жел соққан сайын солқылдақ шыбықтай иіле берсең, асқар тау болсаң да, шыбық құрлы құның болмайды». Р.Бердібай иілуді білмеген асқақ рухтың иесі. «Рухы биік адам қоғам рухын көтереді» деген нақыл сөз осы Р.Бердібай секілді асқақ рухты адамдарға арналған тәрізді.
Р.Бердібай тарихи ақиқаттарды бүркемелеу немесе бұрмалай көрсету белең алған тоқырау жылдарының өзінде ұлтының шыңдалу процесін ашып көрсетіп, оның рухын асқақтататын мәселелерді көтеріп, соларды нақты жүзеге асыруға арналған істердің басында болды.
Ғалымның фольклортанушылық қызметін талдау бағытында алған жұмысымыз зерттеушінің бұл саладағы еңбегіне жаңаша көзқарастық тууы мен аңыз әдебиетімізді басқаша қырынан жол тануымызға мүмкіндік береді.
Диплом жұмысының өзектілігі:
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жылғы Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз», - /1/ деп дамып келе жатқан мемлекеттің рухани құндылықтарына ерекше көңіл аударды. Сол себепті біз білім мен ғылымды дамытуға өз үлесімізді қосуға міндеттіміз.
Бүгінде көптеген зерттеу еңбектерінің авторы атанған Р.Бердібай қазақ халық ауыз әдебиетін зерттеуде тыңға түрен салып, соны сүрлеуді қалыптастырды. Эпостанушылық қызметі өз алдына бір төбе. Жұмыста ғалымның фольклорды жаңаша стильде қарастыру реті, қазақ музыкасы мен тарихи мұраларын қалпына келтірудегі зор еңбегі тұжырымдалды.
Диплом жұмысының мақсаты:
1. Р.Бердібайдың фольклортанушылық қызметіне шолу;
2. Ғалымның қазақ фольклортануында алатын орнын айқындау;
3. Р.Бердібайдың қоғамдық қайраткерлігіне шолу.
Бұл мақсаттарды орындау үшін мына төмендегі міндеттер жүзеге асырылды:
1. Р.Бердібайға қатысты материалдар мен деректер жинақталды;
2. Ғалымның зерттеу еңбектері талқыланып, сарапталды;
3. Ғалым туралы жазылған пікірлерге талдау жасалып, ой қорытындысы түйінделді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Қазақстан территориясында теміржолдың даму мәселелері

Жұмыстың өзектіліті: Жер көлемі ұлан - ғайыр, табиғат байлықтарымен халық әркелкі орналасқан Қазақстан Республикасы үшін көліктің маңызы аса зор.Көліктің жеке алғанда ешқандай өнім өндірмейтіні мәлім, бірақ халықсыз шаруашылығының өркендеуі мүмкін емес. Көлік еңбек бөлінісін кеңінен дамытуға және эканомикалық аудандардағы шаруашылықтардың маманднуының тереңдете түсуте мүмкіндік береді. Демек, көлік өндіртіш күштерді дамытудың қуатты құралы.Көліктің барлық түрлері әдетте өзара тығыз байланысты болып, бірін-бірі толықтырады және қызмет көрсететін біртұтас кешен түзеді.Мұнда табиғи жолдар өте аз. Сондықтан Қазақстанда көліктің құрлықтағы түрлері-темір жол және автомобиль көліктері көбірек дамыған.Қазақстан терреториясында темір жолы көлік саласында жетекші роль атқарады,бүкіл жүк айналымының 92 пайызын құрайды.Темір жол көліті бүкіл іс жүзінде жүктің барлық түрін жылдам тасымалдай алатын әмбебап түрі.Темір жол көліті бұл-іс жүзінде жүктің барлық түрін жылдам тасымалдай алатын әмбебап түрі.Көліктің бұл түрі мемлекет терреториясының әр түкпірін бір-бірімен байланыстыратын, шынайы өндірістің сан саласында өндірілтен өнімдерді, жүктерді тасымалдауда елдің өндірістік күштерін бір тұтас бірлікке біріктіретін бірде бір күре тамыр.Республикадағы жүк тасымалданатын темір жолдардың электр энергиясымен жұмыс істеуге көшірілді және көшіріліп жатыр, ал станциялардағы жүктерді тиеу, түсіру жұмыстарын механикаландырылған.Ел тіршілігінде атқаратын әлеуметтік –экономикалық даму тарихын қалыптастыруда темір жолдың маңызы айрықша.Қазіргі кезде Қазақстан темір жолының үлесіне көлік қатынасының барлық түрлері бойынша тасылатын жүктің төрттен үш бөліті қалалар мен ауылдарға және басқада жерлерге жол жүретін жолаушылардың жарымы тиеді.Темір жолдың техникалық жағынан қамтамасыз ету және тасу жөнінде Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды алады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Шарын өзен аңғарының геоморфологиялық құрылымы

Өзектілігі. Өзен мен өзен аңғарлары бір жүзжылдықтан да көп уақыт зерттеліп келеді.Осы уақыт ішінде тек арна ағысының гидродинамикасы, өзендердің эрозиялық-аккумулятивті жұмысы, өзен аңғарларының құрылысы және олардың мофологиялық құрылысы және т.б. құрылымдық тұрғысынан сұрақтарға жауап іздедік. Бірақ бұл мәселенің көптеген жақтары ашыпған жоқ, мәліметтер жеткіліксіз. Мысалы, ағын сулар қайдан және қалай пайда болады,олар қалай үлкен өзен торына айналады, олардың дамуыныңсоңғы кезеңі қалай болады т.с.с. Тіпті өзендердің жаралуы мен дамуы туралы нақты сілтемелер де жоқтың қасы.
Әрине, кемеліне жеткен, үлкен өзендер мен өзен аңғарларының қалыптасуы өте күрделі процесс. Мұнда бірнеше кезеңге бөліп қрастыруға болады: арна ағынының алғашқы жаралу кезеңі; өзен жіне аңғар жүйесінің қалыптасу және дамуының соңғы кезеңі. Бұл кезеңдердің әрқайсысы кешенді табиғи факторлардың әсерінен дамиды.
Егер бұл мәселені тек өзен ағыны ретінде ғана қарар болсақ ештеңе өзгермейді. Ал өзен әрқашанда артынан арна, аңғар, қатты материял түріндегі шөгінділер сияқты із қалдырады. Сондықтан мен бұл сұраққа кешенді түрде зерттелерді салыстыра отырып, яғни өзен арнасының гидродинамикалық ағынына, оның эрозиялық-аккумулятивті жұмысына, өзен аңғарларының құрылымы мен дамуына, берілген аумақтың ландшафттық ерекшеліктеріне аса көңіл бөле отырып сипаттама жасадым.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0