Дипломдық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар санатында қазақ тілінде жасалған жобаларды қарап, тегін жүктей аласыз. Қазақ тілі, математика, информатика, бағдарламалау, қазақ әдебиеті, топырақтану, қаржы, педагогика, дене шынықтыру, құқықтану, география, психология, есеп және аудит, биотехнoлогия және тағы басқа пәндер бойынша дайын дипломдық жұмыстар жарияланған!!!

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Алтын Орда ішкі сауда объектісінде заманауи препаратымен кеміргіштерді жою

1.1. Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңызы
Көптеген жұқпалы аурулар таратып, мал шаруашылығына зиян келтірушілер ретінде тышқан тектес кеміргіштердің экологиясын зерттеп, ішкі шаруашылық биоценозын зерттеудің және мал шаруашылығы және басқа да объектілерде олардың қаншалықты деңгейде орын тепкенің анықтауды жоспарлау, эпизоотияға қарсы және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу үшін практикалық маңызы зор.
Азық-түлік сауда орындары тышқан тектес кеміргіштердің тіршілік етуіне қолайлы орын болып табылады. Азықтың молдығы, үй-жайлардың, сауда орындарының жылудың кеміргіштерге қолайлығы (бұл әсіресе қыста маңызды), еденнің астына және басқа да оңаша орындарға орналасуға мүмкіндік туғызады.
Қазақстанда сауда орындарының көбейіп, көптеген базарлар ашылуына байланысты кеміргіштер жыл сайын көбейе түсуде. Сонымен қатар ол базарларда мал өнімдері, ет, сүт, көкөніс, жеміс-жидек, т.б. заттардың болуы есептеледі. [1,2].
Кеміргіштер азық-түліктің кез келген түрімен қоректенеді де, оларды жақсы пайдаланады. Әсіресе астық тұқымдастардың базарда болуы, әсіресе күріш, тары, қара құмық, т.б. азық-түліктер оларды өте қызықтырады солар бар жерде кеміргіштер міндетті түрде орын тебеді. Сонымен қатар кеміргіштер жұмыртқа, сары май, маргарин өнімдерін жақсы пайдаланады.
Базарда сатылатын көптеген түрлі шұжық өнімдерін де өте тиімді пайдаланады. Бір айта кететін жағдай олар сапалы да дәмді азық-түліктерді пайдаланады. Кеміргіштер сүт өнімінің барлық түрлерін, шикі сүттен бастап, айран, қатық, құрт, ірімшік, қаймақ, кез келген өнімді жей береді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Кәсіпорынның қаржылық жағдайын және жылдық табысын талдау

Кейіңгі кезде Қазақстанның есеп жүйесінде көптеген күрделі өзгерістер болды, және оны одан әрі жетілдіру жағдайы әлі жалғасуда. Есеп жүйесінде жаңа мүлік түрлері мен міндеттемелері, сондай-ақ жаңа шаруашылық операциялары пайда болды. Шаруашылық жүргізуші субъектісінің есеп аясы біршама артып келеді. Шаруашылық жүргізуші субъектісі есепті жүргізу техникасын, нысанын, әдістемесін әрекет етіп тұрған заңға және Халықаралық стандарт жүйесіне сәйкестендіріп,сондай-ақ сала ерекшелігін ескеріп өздерінің есеп саясатын қалыптастыруына болады. Сонымен қоса, шаруашылық субъектісі өздерінің өндіріс запастарын бағалаудың әдістерін және өнімнің өзіндік құнын есептеудің тәсілдерін таңдау құқығына да ие. Осы және басқа да өзгерістер бухгалтерлік есеп берудің жүйесі де біршама мәнді өзгерістер әкелді. Оның құрамы, мазмұны халықаралық есепке жақындатылады, сонымен қоса есеп берудің мәліметіне, кез келген тұтынушылар пайдалана алатын болады.
Бухгалтерлік есептің анықтылығы және тәртіпке салынған жұмыс көп жағдайда субъектісінің экономикалық жағдайына бюджетке жасалатын төлемінің уақыты мен мөлшеріне және сатып алушылармен есеп айырысуына әсер етеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | ПЛАСТИКАЛЫҚ КАРТАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖҮРГІЗУ

Бүгінгі күнде әлемде 200-ден астам елдерінде пластикалық карточканы төлем айналымында қолданады, жер бетіндегі миллиондаған тұрғындар пластикалық карточкаларды әртүрлі тауарларды сатып алу үшін пайдалынады, көптеген банктер Visa International, MasterCard/Europay International, American Express, Diners Club, JSB сияқты халықаралық ассоциацияларының мүшесі болу үшін күреседі, бұл фактілер пластикалық карточкалар «технологиялық революция» деп аталатын банк ісі мен халықаралық есептің маңызды элементі болып табылады, деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Тек қана платикалық карточкалар электрондық банкілік және халықаралық төлем жүйесінің кілттік элементін атқарады. Олар чек пен чектік кітапшаларды ақырындап ығыстыра отырып, индустриалды дамыған Батыс елінде ақша айналым ұйымының алдыңғы позициясына шықты.
Барлық пластикалық карточкалар, олардың жетілдіру дәрежесінен тәуелсіз маңызды ерекшелігі, оларда әртүрлі қолданбалы бағдарламаларда пайдаланатын белгілі бір ақпарат жиынтығы сақталынады. Карточка ғимаратқа жіберілу қызметін атқара алады, компьютерге ену құралы қызметін атқара алады, жүргізуші куәлігі қызметін атқарады, телефондық қызметімен пайдалынған үшін төлем ретінде және тағы басқа жағдайда пайданылады. Ақша айналым сферасында пластикалық карталар қолма-қол ақшасыз есеп-айырысу ұйымдастырушының прогрессивті құралының бірі болып табылады.
Соңғы жылдары несиелік карточкаларды шығаруда әртүрлі мемлекеттердің ұлттық компаниялар кең халықаралық торының бөлігіне айналды. Солай етіп, пластикалық карточкаларының көпшілігі кеңінен тек қана ішкі емес, сонымен бірге халықаралық есеп-айырысумен төлем операцияларында қолданылуға болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Әлеуметтану | Әлеуметтік мемлекет

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Әлеуметтік мемлекеттің негізі ретіндегі мемлекеттің әлеуметтік қызметінің ерекшеліктері, мемлекет қызметін (функциясын) зерттеудің кейбір теориялық мәселелері, мемлекеттің әлеуметтік қызметінің түсінігі және ерекшелігі, мемлекеттің әлеуметтік қызметі саяси-құқықтық ой тарихында, Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекетті қалыптастыру мен дамытудың жолдары, Қазақстан - әлеуметтік мемлекет, әлеуметтік мемлекет және азаматтық қоғам, Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекетті орнықтыру мәселелері, Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы және әлеуметтік мемлекет мәселесі қарастырылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Оқушылардың қабілеттерінің дамуына биологиялық факторлардың әсері

Мектептегі дене тәрбиесінің басты міндеті дене тәрбиесі, спорттың бұқаралық түрлері жөнінде оқушыларға қажетті білімдер беріп, дағдыларға үйрету және осының негізінде мектеп оқушыларының күш - қуатының, жаң – жақты дамуына және. Отанымызды қорғау үшін қажет болатын қимыл жасау дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру, негізгі қимыл сапаларын - өмірге қажетті күш, жылдамдық, төзімділік пен ептілік сапаларын тәрбиелеу: дене тәрбиелеу мәдениеті мен спорт саласында оқушыларға арнаулы білімдер беру, гигиеналық әдеттерді бойына сіңіру: бірқатар моральдық және ерік сапаларына тәрбиелеу: дене тәрбиелеу мәдениеті және спортпен үнемі шұғылдану әдісіне тәрбиелеу: оқушылардың бойында мектеп ұйымдастырушылық дағдыларды сіңіру.
Оқушысына дене тәрбиесін беру міндеттерін шешуге ең алдымен көмектесетін нәрсе мынау: еліміздің барлық азаматтарының денсаулығын нығайту – мемлекеттік міндет, ал бұл міндет елімізде денсаулық сақтау және медициналық қызмет көрсету жүйесін дамыту жөнінде бірқатар шаралар жүргізу арқылы шешілуде. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ахмет Байтұрсынұлы аудармаларындағы көркемдік қолданыстар

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығының сүбелі салаларының бірі — поэзия. Бұл — негізінен замана талабынан туындаған, дәуір жүгін арқалаған шығармашылық ізденіс. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінде поэзия өзінің жетекшілік рөлінен айырылған жоқ. Бұған өлеңнің оқырман мен тыңдарман жүрегіне жылы ұялар қасиеті, ойдың ұшқырлығы мен жинақылығы себеп болса керек. Ел азаттығын армандаушы, білімге, "жарық күнге" үндеуші Ахмет Байтұрсынұлы өзінің алғашқы жүрекжарды туындыларында осынау тәсілді таңдап алуы — уақыт үніне сай болуды көздеуден туған шара. Бірақ көңіл аударар бір мәселе — Ахаңның өзгелерден өзгерек өзіндік жол табуы. Бұл — оның тұңғыш жинағының түгелдей аудармалардан тұруы. Орыстың атақты мысалшысы И.А.Крылов шығармаларына зер сала үңілген ақын оның көптеген мысалдарынан өзінің ділгір қажеттілігін тауып, "Қырық мысал" деген атпен 1909 жылы Петерборда бастырып шығарды. Ахмет Байтұрсынұлы мысалдарын қарастырған кезде біз оның өзіндік ерекшеліктерін тануға ден қоюымыз керек. Ахаңның Крылов мысалдарына ерекше назар аударып, жеке жинақ етіп шығаруы мысалдың ұлттық салт-дәстүрде, ауыз әдебиетінде терең із тастауында жатса керек. Эзоптан калған дейтін ("Түлкі мен жүзім" атты) мысалдың қазақ арасында өзгеше бір нұсқасы бар. "Шаңырақта асулы тұрған етке мысықтың аузы жетпей мысы құриды, сонда ол: "Өзі жасық, өзі сасық, осы етті кім жесін" деп, менсінбей жүріп кетеді. Бұл тәрізді прозалық мысал үлгілері қазақ арасында жиі кездеседі. Олардың көбі кейін аңыз әңгімеге айналып, өзінің алғашқы мысалдық өткірлігін жойып та алады. Мәселен, түйенің бойына сеніп жылдан қалуы қазір андар арасында жылға таласу негізінде сақталса, алғашында түйенің аңқаулығына негізделген мысал ретінде өмірге келгенін аңғару қиын емес. Кейде мысал өзінің дидактикалық, моральдық мәніне қатысты ең қысқа нақтылыққа жеткізіліп, қанатты сөзге, мақал-мәтелге айналып кетіп отырады. Мысалы, "Аспандағы еттің сасығы-ай", "Түйе бойына сеніп жылдан құр қалыпты" деген мәтелдер айтылған сәтте, тыңдаушы оның арғы түкпірінде қандай оқиға бар екенін, неге қатысты айтылғанын бірден ұға қояды.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. А.Байтұрсынов аудармаларының маңызын ашып, оның қазақ әдебиетінің дамуымен тамырлас екенін анықтауды көздейді. Осы аяда А.Байтұрсынов аудармаларының қазақ әдебиеті тарихында лайықты орны бар екенін ғылыми дәйектеуді мақсат етеді.
Ол мақсаттарды шешуде, зерттеуде төмендегідей міндеттер қойылады:
- Аудармалардың негізгі бағыттарын, сипаттарын, жанрлық байлығын анықтау;
- А.Байтұрсыновтың шығармашылық өмірін жүйелеу;
- А.Байтұрсынов аудармаларының қөркемдік–эстетикалық құндылықтарын ашу, олардың қазақ әдебиетінің байлығын толықтырудағы мәніндәлелдеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Нематодтардың балық организіміне тигізетін әсері

Қазіргі кезде нематодтардың 27000 – ден астам түрлері белгілі. Олар барлық жерде кең таралған, нематодтар тауарлық тұщы су балықтарының паразиттері болып табылады.
Нематодтардың балық организіміне тигізетін әсері әр түрлі. Паразиттер өздерінің фиксациялық мүшелері (сорғыштары, ілмешектері, бекінгіш аппараттары т.б.) арқылы балықтардың ұлпаларын бұзып, механикалық әсер етуі мүмкін. Сондай – ақ паразиттер балықтардың қантамырларын бітеп, дұрыс қанайналу процесін бұзады. Ішекте кездесетін паразиттер асқорыту жүйесін бұзып, қоректің өтуіне кедергі жасайды.
Гельминттердің арасында нематодалар балықтардың ішкі мүшелерінде: бауыр, бүйрек, гонада, ішегі, торсылдағында кездеседі, яғни бұлар эндопаразиттер. Осының бәрі балық шаруашылығына үлкен әсерін тигізеді [1].
Бұрын нематодтар қауіпсіз деп саналған, сол үшін аз зерттелген. Қазір олардың пайда болу себебін зерттеу, ауру жұқтыруының және таралуының алдын – алу суқоймалардың балық өнеркәсібінде үлкен орын алады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
- балықтардың морфологиялық белгілерін анықтау;
- паразиттік құрттарды оқып, зерттеу, солардың ішінде паразитті тіршілік ететін нематодтармен әдеби, ғылыми кітаптар арқылы танысу, зертеу әдістемесін үйрену;
- балық шаруашылықтарында интенсивті лас танудың алдын – алу. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Банктің қаржылық жағдайын талдау бухгалтерлік есептердің ерекшеліктері

Кіріспе
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының экономикасында болып жатқан көптеген өзгерістері банк саласында да жаңа банктік операциялар, құжаттар алып келді, мұның барлығы банктің бухгалтерлік есебінде бейнеленуі тиіс.
Қазақстанның бухгалтерлік есеп жүйесі мен есеп беруі халықаралық өлшемдер мен стандарттарға негізделіп жетілдіруде. Өзгерістер тек бухгалтерлік есеп шот жоспарында ғана емес, сонымен қатар 2 – ші деңгейлі банктер ұсынатын қаржылық есеп беруде де жүргізілген.
2-ші деңгейдегі банк қызметінде жаңа шот жоспарын енгізу аналтиткалық және синтетикалық есептін бірыңғай формасын қалыптасрыуға, сондай-ақ ҚР–сы Ұлттық банкі тарапынан банктер қызметің қадағалау мен реттеуге мүмкіншілік жасайды. Екінші жағынан дүниежүзілік бухгалтерлік есеп принцптеріне мөлшерлері мен стандарттарына өту барсында жаңа қадам жасауға, бухгалтерлік есеп сапаын көтеруге, өз кезегінд банктік басқару процесіне жағдай жасауға мүмкін береді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Қатты дәнділіктегі бидайдың құрылымдық механикалық қасиеттері

Бидай дәні биологиялық жүйе болып табылады. Ол анатомиялық бөлшектерінің күрделі құрылысымен және микроқұрылымымен, ал сыртқы түрі бойынша – дақылдардың әрбір тобы үшін ерекше болып келетін пішінімен ерекшеленеді. Химиялық заттар дәннің анатомиялық бөліктері мен қимасы бойынша өте-мөте бірқалыпсыз бөлінген. Биологиялық маңызды қосылыстар (витаминдер, ақуыздар, ферменттер) ең алдымен ұрықта және қалыпты дәнде клеткалары өмірге қабілеттілігін сақтап қалатын алейрон қабатында шоғырланған; эндоспермнің түпкіріне тереңдеген сайын осы қосылыстардың үлесі біртіндеп төмендей береді.
Тотықтары дәнді жаққан кезде күл түзетін органикалық емес заттардың, сонымен бірге жоғары нәрлілікке ие, әрі сондықтан дәннің өсіп-өнуінің ерте кезеңдерінде-ақ ұрықтың қалыпты дамуы үшін өте-мөте қажет липидтердің бөлінуі де осындай заңдылыққа бағынған.
Тірі организмдер үшін олардың жағдайының, күйінің факторлардың көптеген санына және көптеген ішкі өзара байланыстарға тәуелділігі тән болып табылады.
Дәннің күйін анықтайтын негізгі факторлар болып оның ылғал мөлшері және температурасы, сонымен қатар олардың шамаларының қоршаған орта күйінің параметрлерімен анықталатын тепе-теңдік мәндерінен ауытқу дәрежесі табылады.
Бидай, оның қасиеттері және сақтау мен өңдеу ерекшеліктері туралы ғылымның көп ғасырлық тарихы бар. Әсіресе ол ғылым ХХ ғасырда қауырт даму алды, бұған ең алдымен дәл ғылымдардың жан-жақты дамуы және осының негізінде нақты материалдарды зерттеу әдістерінің жетілдірілуі мен дәлдігінің артуы себепші болды. Дәнді бағалау, оның технологиялық ерекшеліктерін танып білу, сақталу және өңделу жағдайларын, сондай-ақ режимін анықтау үшін қасиеттер, сапа, сапа көрсеткіштері, сапаның бірлі-жарым көрсеткіші, сапаның кешенді көрсеткіші, сапаның базалық көрсеткіші, сапа деңгейі, ақыр соңында, күйі түсініктері қолданылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан банкттеріндегі маркетингтік әдістерді қолдануды жетілдіру жолдары

Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр.
Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ІЖӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0