Дипломдық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар санатында қазақ тілінде жасалған жобаларды қарап, тегін жүктей аласыз. Қазақ тілі, математика, информатика, бағдарламалау, қазақ әдебиеті, топырақтану, қаржы, педагогика, дене шынықтыру, құқықтану, география, психология, есеп және аудит, биотехнoлогия және тағы басқа пәндер бойынша дайын дипломдық жұмыстар жарияланған!!!

Дипломдық жұмыс: Халықаралық қатынастар | Орталық Азияға ислам дінінің таралуы

Тақырыптың өзектілігі Өркениеттік және техникалық дамудың ырық бермес иіріміне тартылған елдердің қатары молыққан үстіне молыға түсуде, жаһанданудың күпшегі өз айналымын күшейткен үстіне күшейтіп барады. Дамыған елдер өздерінің экономикалық және саяси ықпалын кеңейтіп, әлуетті өтім рыноктарының санын көбейтіп, ол игіліктерін тек қана сақтап қалуға емес, сонымен бірге өз азаматтарының әл-ауқатын одан әрі бөгетсіз көтере түсуге негізделген, жаһандану процестерінің барлық артықшылықтарын айқын да анық елестетіп отыр . Автордың пікірінше қандай мемлекеттің болмасын тұрақты дамуы үшін екі фактор маңызды рөл атқарады: біріншіден – мақсатқа бағытталған сыртқы саяси қызметі, екінші фактор - өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстың дамуы.
Қазақстан егемендік жылдар ішінде ұзақ жолдан өтті. Саясаттың жаһандануы ұлттық мемлекеттердің халықаралық қатынастардағы орны мен рөлін өзгертуге әкелді. Аймақтандыру және жаһандану процестері жекелеген мемлекеттердің де сондай-ақ тұтас алғанда халықаралық саяси жүйенің де рөлі мен қызметіне үлкен ықпал етуде. Халықаралық қатынастар саласында жекелеген мемлекеттер өздерінің ұлттық мүдделерін іске асыру үшін бір-бірімен өзара қатынасқа түсті. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Жайық өзені атырауындағы ландшафтарды ГАЖ арқылы зерттеу

Каспий теңізі – жердің ағынсыз ең ірі су қоймасы. Теңіз Қазақстанның батыс бөлігінде орналасқан. Теңізге солтүстік жағынан Еділ, Жайық, Жем, Ембі, Терек өзендері құяды. Орал тауының шығыс беткейінің көпшілік өзендері Тобыл, Исет, Тура, Тавда, батыс беткейіндегі өзендері Печора, және Волга, Кама, Белая, Вишера алаптарына жатады. Ал Оңтүстік Оралдың негізгі өзені – Жайық. Жайық өзені жоғарғы ағысында бойлама аңғарлармен баяу ағып, содан кейін бағытын күрт өзгерте жоталарды, жондарды кесіп өтіп жазық бөлікке шығады.
Жайық өзені Орал тауының Үйтас жотасындағы биіктігі 637м Нәжім тауынан басталып, Башқұртстаннан Челябинск және Орынбор облыстарының жерін басып өтеді де, Тобыл өзенінен пайда болған өзендердің, Мұғалжар және Жалпы Сырт шоқыларынан аққан суларға қосылып, молайып барып Каспийге құяды.
Жайық өзенінің ұзындығы 2534 км., оның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км, ал су жиналатын алабы 220 млн. км2. Сулылығы жағынан Жайық өзені Қазақстанда төртінші орынды алады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Банктік менеджменттің теориялық негіздері және оның ерекшеліктері

Банк жүйесі- нарықтық экономиканың ең маңызды бөлінбейтін құрамдас құрылымдарының бірі.Банктердің, тауарлық өндірістің және ақша айналымының дамуы тарихи бірге жүретін және тығыз байланыста болатын көрініс.
Банктің басты қызметі- елдегі ақша құралдарын жиыстыру және оларды тиімді түрде қайта бөлу, яғни салымшылар мен қарызшылар арасындағы делдалдық.Сонымен қатар, банктер ел экономикасындағы ақша айналымының барлық құралдарының негізгі бөлігін қамтамасыз етеді,яғни қаржыларды игеру арқылы елдің қаржылық жағдайына ықпал жасайды. Банктер елдегі ақша ағымын тікелей өздері құрамдамағанмен, өз функцияларының көмегімен өнеркәсіпке, саудаға, банктік емес қаржылық салаға, ммемлекеттік және халықтық, солардың ақша ағымдары арқылы нарықтық экономика мен әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне араласуға ат салысады.Сондықтан,банктегі қаржылық менеджменттің тиімділігі ел экономикасының дамуын қамтамасыз ететін маңыздылығында болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Мұнайды индустриялық контроллер базасында тасымалдау

Кіріспе
Қазіргі кезде магистралды мұнай құбырлары (ММҚ) мұнайды тасымалдау түрлерінің едәуір арзан және жоғары сенімді түрі болып
табылады. Олар жоғары өткізу жолағымен, құбыр желісінің диаметрі 530 - ден 1140 мм дейін және 50 км кем емес ұзындығымен сипатталады. Мұнайды тасымалдауға жеткілікті құбыр желісіндегі қысымды тудыру және ұстап тұру үшін, мұнайды тасымалдаушы станциялары (МТС) қажет болады. Қазіргі кезде, мұнайды тасымалдаушы жүйелерін жетілдіру үшін, сорғы станцияларына қуатты жиілікті – реттеуші электр жетегі (РЭЖ) енгізіле басталды, олардың әмбебвп мүмкіндіктерін автоматтау мен қуатты үнемдеу мәселелерін кешенді қамтамасыз ету құралдары ретінде дәлелдеді. ЦН-ның өнімділігін реттеу кезінде пайдаланатын қуатты үнемдеуден басқа, жүйедегі гидравликалық соққылардан тыс, агрегат элементтеріне жүктемелер мен ағып кетулерді төмендетумен анықталатын, қорды үнемдеу әсері де өте маңызды болып келеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жас жүзгіштердің бастапқы оқыту кезеңіндегі мүмкіндіктерін бағалау

Өзектілігі. Қазіргі заманғы балалар жас өспірім спорты спорт педагогтарының, морфологтарының және физиологтарының жете назарындағы объект болып табылады. Спортты анатомиялық-физиологиялық қамтамассыз етудің негізгі мәселелерінің бірі болып жас спортшылардың морфофункционалды құрылымы туралы білімнің жетіспеушілігі болып табылады. Жаттықтырушылар өсіп келе жатқан ағзаның өсуі мен дамуын табиғи заңдылықтар ретінде қабылдай бермейді, бұл көп жылғы жаттығулардың сәттілігін төмендетеді және кей кездері жас жеткіншектің спорттан кетуіне алып келеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | : Ұлттық әшекей бұйымдардың тілдегі көрінісі.

КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Тіл – адамзат қоғамының белгілі бір кезеңінде туып, заңды түрде дамыған семантикалық жүйе. Тіл – адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, сөйлесуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзінде асырады.
Әлем бейнесінің небір құпия сырларын ұғынып түсінуге әрқашан қадам жасаған әрбір этностың ғасырлар бойындағы жеткен жетістіктері бүгінгі күнге жеткен мол қазына. Әр алуан халықтардың әлем күмбезін өзінше жүйелеп, өзінше жобалап, қияли-ой құдіретімен бейнелеуге талпынған жалпы кеңістік пен уақыт туралы танымы, наным-түсінігі, сенімі қазіргі антропоцентристік және этноцентристік ұстанымдардың өріс алып отырған тұсында өзекті мәселелердің біріне айналуда. Адам баласының өзіндік субъективті пікірі мен теориялық ойлау қабілеті күллі тіршілік-тынысының, мән-мағынасы ретінде көрінетін біртұтас таным үрдісі арқылы ғана дүние сырын жете ашуға мүмкіндік алады. Жаңа дәуір – XXI ғасырға аяқ басқан тұста мейлінше жетілген, кемеліне келген ғылым мен өркениет рухани жүдеуліктен бас тартып, халықтың ішкі рухының берік сақтаушысы – тіл мен мәдениетке арқа сүйеуді мақсат етіп отыр.
Лингвистика тілдің белгілі бір дәуірдегі статикалық қалпын да, әр дәуірді қамтитын динамикалық күйін де зерттейді. Тілдің тарихи дамуы, диахрондық қалпы сол тілді туғызған, оны қатынас құралы ретінде қолданған қоғам табиғатымен тығыз байланыста қарастырылады. Осы тұрғыда тіл білімінде халықтың рухани және материалдық мәдениетінің шындық- болмысын тілдік жүйе арқылы анықтайтын – лингвомәдениеттану саласы қалыптасқан.
Табиғи шындық, ой мен сана тіл формасы түрінде іске асатын болғандықтан, адамзаттың таным үрдісі, өзін қоршаған дүние әлемді, ғарыш пен кеңістікті қабылдауды тілде қалай көрінеді деген мәселені ғылым ескерусіз қалдыра алмайды. Мәдениет пен тілдің ара жігі туралы алғаш сөз еткендердің бірі, американдық ғалым Эдуард Сепирдің пікірінше, "мәдениет – халықтың ойлауының, іс-әрекетінің көрінісі, ал тіл – қалай ойлаудың көрінісі".
Тіл мен мәдениет – бір-бірінен ажырамайтын екі бірдей әлеуметтік құбылыс. Қоғамның өзі адамнан, ал адами жеке тұлғаның қалыптасуы тіл мен мәдениет бірлігінің тұтастығынан тұрады. Әр ұлт өз мәдениетін, ұлттық болмысын және тұрмыс тіршілігінің бейнесін тілінде сақтайды, тілі арқылы келер ұрпаққа жеткізеді. Тіл – мәдениеттің жемісі және оның құрамды бөліктерінің бірі, мәдениеттің қолданылуының бірден-бір шарты.
Қазақ тіл білімінде тілдік бірліктердің этнолингвистикалық табиғатын зерттеу – бірнеше ғылым түрлерінің басын біріктіретін күрделі, ерекшелегі мол зерттеу салалрының бірі. Әлем бейнесінің небір құпия сырларын ұғынып түсінуге әрқашан қадам жасаған әрбір этностың ғасырлар бойындағы жеткен жетістіктері бүгінгі күнге жеткен мол қазынасы – тілдік бірліктердің этнолингвистикалық сипатын айқындаудың, яғни қазақ тіл білімінде этнолингвистикалық зерттеулердің қазіргі жағдайы, кейбір лексика-семантикалық топтар этномәдени семаникасының жүйелі ғылыми-теориялық тұжырымдамасын жасау қажеттігін дәлелдейді.
Диплом жұмысы тілдің мәдени лексикасындағы әшекей бұйым атауларының тілдегі көрінісін лингвомәдени, этнолингвистикалық аспектіде қарастыруға арналған.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Құлыншақ ақынның әдеби мұрасы

Кіріспе
Халқымыздың өткен замандардағы тарихын, рухани тыныс-тіршілігін танып-білуде көркем сөз шеберлерінің қалдырған әдеби мұраларының маңызды орын алатындығы белгілі.
Дүние танымы, ақыл-парасаты өзге ұлттар мен халықтардан бір де кем түспейтін дана халқымыз өмір сүру, шаруашылық кәсібі салтына орай өзінің арманы мен мұңын, ой-толғаныстарын шешендікпен ауызша түрде айтумен қатар, жазып та тәлім-тәрбиелік ойларын әр түрлі тәсілдермен ұрпақтарына насихат, өсиет етіп қалдырып отырған екен. Зерделі ұрпақ ата-бабаларының өнегелі ойлы сөздері мен өлең-жырларын бірінен-біріне жеткізіп мұра етіп отырған. Ауызша айту дәстүрінің әсерінен және тарихи жағдайларға байланысты көптеген әдеби мұралардың біздің дәуірімізге түгелдей сол күйінде жетпегені де белгілі.
Хандық дәуірдегі жыраулар мен ақындардың телегей теңіздей жырларының аздаған үлгілерінің ғана жетуі бұл ойымызға дәлел болады. Әрісін айтпағанның өзінде уақыт жағынан дәуірімізге жақынырақ болып келетін XIX ғасырда өмір сүрген сөз шеберлері шығармаларының өзі де толық жетіп таныла қойған жоқ.
Заман шындығын әрқайсысы өз танымдары тұрғысынан қарап оны өз шығармаларында көркем бейнелей білген ақындардың шығармаларына кеңес дәуірінде әр түрлі пікірлер айтылып, әрқилы бағаланып, көптеген сөз зергерлерінің шығармашылықтары жете зерттелмей, көпшілік қауымға біржақты ғана айтылып, шығармаларының жариялануының өзіндік қиыншылықтары болып келгендігі еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін, қазіргі кезде ашық айтыла бастады.
Елбасымыз Нұрсүлтан Назарбаевтың басшылығымен арнайы «Мәдени мұра» бағдарламасы жасалынып, оны іске асыруға бағытталған іс-шаралар атқарылып жатыр. Кеңес дәуірінде зерттелмей, халқымызға толық танылмай келген рухани, әдеби мұралардың қатарында кезінде өз бағасын ала алмай келген зар заман әдебиетінің XIX ғасырдағы көрнекті өкілдері болып саналатын Дулат, Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір сияқты ақындардың қатарында өз шығармаларына заман шындығын арқау етіп, оны көркем бейнелей білген көптеген ақындардың шығармашылықтарының әлі де халыққа жан-жақты танылмай келген жақтары бар. Солардың бірегейлері - Оңтүстік өңірінде XIX ғасырда өмір сүрген Майлықожа, Құлыншақ сияқты ақындар. Біз бұл дипломдық жұмысымызға осы мәселеге қатысы бар деп санап Құлыншақ Кемелұлының шығармашылығын арқау еттік.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Құлыншақ ақынның әдеби мұрасы».
Өзектілігі: Құлыншақ ақын - ақындық өнерпаздығы кезінде өзі өмір сүрген өңірге ғана белгілі болып қоймай, Сыр бойы, Арқа, Оңтүстік, Жетісу өлкелеріне танымал болған сөз зергерлерінің бірі. Ол жөнінде Жамбыл, Бұдабай, Майлықожа сияқты белгілі ақындарымыздың берген бағалы ой-пікірлері олардың өлең-жырларында айтылған.
Құлыншақ ақынның қазаққа кең танымал болғандығы оның өз өлең-жырларынан да, кейінгі ақын шәкірттерінің шығармаларынан да айқын көрініс тауып отырады. Кезінде көбісі жазылып хатқа түспегендіктен ақынның шығармалары ауызша айтылумен үзік-үзік болып, толық күйінде жетпей, жете танылмай келді. Оның үстіне иманына ислам дінін негіз етіп «Әр сөздің басы бісімілла», «Құдая иманымы саламат қыл» деп сөз толғаған ақын шығармашылығы зерттелуінің кенжелеп қолға алынуына кеңестік идеологияның ықпалы да аз әсер етпегені анық.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Метрология | Комбикорм өнiм сапасының сапа менеджментi

Қандай да болмасын бiр затты ала отырып, оның сапасын бағалап, бiздiң күтулерiмiздi ақтай ала ма әлде жоқ па деген сұрақ ойымызда туады.
Тұтынушылар сапа деген ұғымды, оның сыртқы түрiн, қолайлылығын, экономикалық тиiмдiлiгiн түсiнедi.
Қандай да бiр өнiмнiң бекiтiлген талаптарға сәйкестiгi (нормативтi және техникалық құжаттарға, келiсiм шартқа, тұтынушы талабына) және пайдалану үшiн болжамды жарамдылығы өнiм сапасының критерийлерi болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты кәсіпорынды зерттеп түсіну, өндіріске сапа жүйесін енгізу, және өндірістің экономикалық тиімділігін есептеп, арттыру.
Мемлекетаралық стандарттарда “өнiм сапасы” деген терминге мыныдай анықтама берiлген: “өнiм сапасы” – оның арналуына сәйкес белгiлi қажеттiлiктердi қанағаттандыруға жарамдылығын айқындайтын қасиеттерiнiң жиынтығы.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Кәсіпорындарда қаржыны басқару мәселелері

Басқару жүйесі басқарылатын объектіге қажетті әсерді қамтамасыз етеді. Басқару қызметі лауазымды адамдар мен ұйымның мамандандырылған бөлімшелері арасында бөлінеді. Басқару жүйесінің буындары желілік, атқарымдық, желілі-атқарымды, атқарымды-желілі әр түрлі комбинацияларда бола алады. Басқару жүйесі буындарының қосарлы, бірақ бөлінетін бағыныштылығы кезінде ол қалыптамалық болып табылады.
Қаржыны басқару (немесе қаржы менеджменті) ақшалай қаражаттарды, қаржы ресурстарын олардың қалыптасу және қозғалыс, бөліну және қайта бөлу, және де пайдалану процесінде басқаруды көрсетеді; бұл – шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есептесумен, ақшалай қаражаттар қозғалысымен, ақша айналымымен, шаруашылықтың оңтайлы түпкілікті нәтижесін алу үшін мақсатты бағыттауда ақшаны пайдаланумен шартталатын, экономикалық қатынасқа зерделі және нысаналы әсер ету, осының бәрі осы тақырыптың көкейтестілігі болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Философия | Еркіндік құндылық ретінде

Кіріспе.
Адам табиғаты өте қызық, әрі күрделі. Сан- салалы қырларының астарында қаншама терең түсуді талап ететін жақтары жеткілікті - ақ. Оның себебі түсінікті де . Заманның талабына, өмірдің ағымына сәйкес кез-келген нәрсе өзгеріп, толығып, дамып отыратыны белгілі.
Әңгімемізге арқау болғалы отырған адамға ғана қатысты ерекше қасиеттер қатарында елеулі орын алатын еркіндік мәселесі болмақ.
Адам адам болғалы, тіпті осы еркін әрекеті үшін жұмақтан қуылғалы,
еркіндікті аңсаумен келеді. Бұған дәлел ретінде, өткен өмір өткелдерімен қаншама әрекеттердің болуымен қатар, толыққанды адам жеке қамын деп есептейейтін әр біреуіміздің бостандыққа деген құлшыныс сезімімізді алғанымыздың өзі жеткілікті шығар.
Еркіндік мәселесі әлемдік философия тарихында , даналықты сүюші
әлемнің көрнекті өкілдерінің әрбірін толғандырған десек артық айпаған болар едік. Бір жағынан алып қарағанда, еркіндік өзімен - өзі түсінікті сияқты, қарапайым ғана ұғым, ал шындығына келгенде өте үлкен зерттеуді қажет ететін қағида болып шығады. Еркіндік іс- әрекетіне берілген айрықша мүмкіндік, адамның табиғи қабілеттеріне сай өз қалауынша әрекет етуіне сырттан еш кедергінің болмауы, жанның саулығы. Біз еркінбіз, зерделіміз, ақылдымыз, күштіміз, саумыз және ойға да, сөзге де өткірміз, бірақ белгілі бір азырақ мөлшерде. Басқа қабілеттеріміз сияқты, біздің еркіндігіміз әлсіз, шектелген. Сонымен қатар, еркіншіл деген кезде де табиғаттың заңдарына тәуелдімін деп мойындаған шақта қайшылық пайда болады. Философияның басты міндеті осы қайшылықты шешу болып табылады. Сондықтан да, бұл мәселе төңірегінде философияның ой ағымында әлі де көптеген көреген пікірлер туындары жоқ. Мінекей , бұл еркіндікті қарастыруға алып келген бірінші түрткі.
"Кеңісіік пен уақыт еркесі" болған көпшелі халық ұрпағы қай қазақ баласы үшін де еркіндік мәселесі хақында ой толғау таңсық болмауы белгілі. Керісінше, діндік ерекшеліктерге сәйкес бұл түсінік басты орын алады десек қателеспеген болар едік.
Көшпелілер ешбір үстемдік пен шектеушілікке көне алмаған, олар отырықшылыққа ену өз-өзін жоғалтумен бірдей. Олар кеңістікті кеңіен кешіп, өздерін уақытқа бағындырмаған. Көшпелілер ділін тек санадан шығармай , кеңінен алап қараған жөн. Негізінен ол мағынаға көшпелі халықтардың тұрмыс жағдайын, қоршаған ортасымен туындап, - бірте қалыптасқан мінез - құлқын , әдет – ғұрпын, ойлау жүйесін , салт - санасын бейнелейтін рухани келбетінің сомдалған жиынтығын жатқызуға болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0