Дипломдық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар санатында қазақ тілінде жасалған жобаларды қарап, тегін жүктей аласыз. Қазақ тілі, математика, информатика, бағдарламалау, қазақ әдебиеті, топырақтану, қаржы, педагогика, дене шынықтыру, құқықтану, география, психология, есеп және аудит, биотехнoлогия және тағы басқа пәндер бойынша дайын дипломдық жұмыстар жарияланған!!!

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Ұлттық этнотұрмыстық белгілердің орыс тілінде берілуі

Кіріспе
«Аударма» деген түсініктің ауқымы өте кең. Бір тілден екінші тілге өлең, әр түрлі мазмұндағы көркем проза, ғылыми- көпшілік кітаптар, дипломатиялық құжаттар, іс- қағаздары, саяси қайраткерлердің мақалалары мен сөздері, газет материалдары, әр тілде сөйлейтіндіктен аудармашыға жүгінуге мәжбүр болатын адамдардың сөздері т.б. аударылады. Аударманың мақсаты- түпнұсқа тілін білмейтін оқушыны немесе тыңдаушыны берілген текспен немесе ауызша айтылған сөздің мазмұнымен неұрлым жақынырақ таныстыру: бір тілде жазылған мәтінді екінші тіл арқылы жеткізу. Сонымен қатар осы іс- әрекет арқылы алынған нәтиже, мәтін, туынды «аударма» деп аталады.
Аударма тарихында түпнұсқаның бұрмалануы, ондағы ойдың көмескіленуі сияқты жағдайлар өте көп болған.
Бұл әсіресе, көркем әдебиет пен қоғамдық- саяси еңбектерге қатысты.
Көркем әдебиет стилінің әдебиеттің тілдік ерекшеліктері аударма әдебиетке де тән. Белгілі бір халықтың тілінде көркем өнері: туындының эстетикалық функция, прагматикалық сипаты- баршасы тілді иеленуші халықтың рухани- мәдени ұлттық танымның мүддесінен шығуды көздейді. Көркем аударманың тілі де сол мақсатқа бағындырылады. Көркем аудармаға екі түрлі талап қойылады; біріншіден, аударылып отырған шығарманың негізгі идеясының екінші тілде дұрыс берілуі, ал екіншіден, шығарманың көркемдік қасиетінің толық сақталуы. Соңғы талап сол аударылып отырған жазушының тек оның өзіне ғана тән тілектерін, белгілі дәрежеге сөз бояулары арқылы әдемі суреттелулері арқылы, характерлердің саналуан болып қабысулары арқылы бүркемелеп қойған жасырын сырларын аудармашының түсінуіне байланысты. Әрине аударма екінші тілде қайта жасалған көркем шығарма болғандықтан аудармашылар түпнұсқаны жай ғана түсініп қоймай, оны екінші тілге көркем етіп жеткізу үшін шығармашылық елегінен өткізеді. Бұл елек аудармашының күшіне, мәдениетне, аудармаға сіңірген еңбегіне қарай нәтиже береді.
Көркем шығарманың әр алуан қырлары мен сырлары болады: табиғат көріністері суреттеледі, адамның ішкі сыры (монолог) шертіледі, көңіл күйі, сезім дүниесі баяндалады, философиялық толғаныстармен психологиялық тебіреністер ашылады, тағысын тағылар. Бұлар кейде суреттеу түрінде, кейде баяндау түрінде берілсе, кейде асқақ пафоспен, кейде ұтымды афоризммен беріліп отырады. Аудармада осылардың бәрін өз қырымен, өз сырымен, өз бояуымен жеткізу керек.
Жұмысымыздың тақырыбы «Ұлттық этнотұрмыстық белгілердің орыс тілінде берілуі»
Зерттеудің өзектілігі. Аударматану ғылымында түпнұсқа тілдері ерекшеліктердің сақталуына қатысты біршама зерттеулер жүргізілген. Аударылатын тілдің ұлттық бітімге негіздері қалай игерілгендігі турасында еңбектер аз.
Қазақ ғылымында дербес, арнайы, зерттеуді талап етіп отырған салалардың бірі – аударма әдебиеттің тілі. «Аударма теориясы ғылымның бір саласы болып әлі жетілмегендігін, әлі төл күйінде, әрі кеткенде қалыптасып есею күйінде ғана екендігін» бұдан жарты ғасырдай уақыт бұрын М. Әуезов атап өткен болатын [1;3] Ғұлама жазушының тәржіма ғылыми – аударматану турасындағы тұжырымы маңызын жоғалтқан жоқ, өйткені қазақ филологиясында - әдебиеттанымдық жағынан да, тілтанымдық жағынан да – қазірге дейін аударма теориясының басты дәйектемелері, шешуші негіздері аударматану ғылымының объектісі мен ұстанымдары, әдіс-тәсілдері мен бірлік тұлғалары, аударманың нормасы, тәржіма ісіне қойылатын, талаптар сияқты маңызды жағдаяттардың оның- қанығы ғылыми тұрғыдан анықталған емес.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Футболды оқыту жаттығудағы әдістемесінің теориялық негіздері

Тақырыптың көкейкестілігі. Футбол - атлетикалық ойын. Ол адамның дене қасиеттерін, жылдамдықтың, ептіліктің, төзімділіктің, күштің дамуына ықпал жасайды. Адамның ерік-жігерін шыңдайды.
Футбол ойынының мақсаты екі коллективтің арасындағы бәсекелесте екеуінің де мақсаты бір ғана - жеңіс. Жеңіске деген ұмтылыс футболшыларды коллективтік әрекетке, өзара көмекке, достық және жолдастық сезімді тәрбиелейді. Футбол ойыны кезінде әрбір ойыншы өзінің жеке іс - қабілетін көрсете білуге, мүмкіндік ала отырып, сонымен бірге жеке ұмтылысты жалпы командалық мақсатқа жетуді талап етеді.
Футболдан оқу жаттығу және жарыстар жыл бойы өтетін болғандықтан, климаттық және метрологиялық жағдайлардың жиі өзгеріп отыруы, дененің шынығуына ағзаның қарсы тұруын көтеріп және бейімделу мүмкіншілігін кеңейтуге септігін тигізеді.
Футбол - тұрғындардың кең көлемдегі денсаулығын нығайтып және дамытатын дене тәрбиесінің көпшілік қолданылатын құралдарының бірі. Футболмен қазірігі кезде 3 миллионға жуық адам айналысады. Бұл шындығында да халақтық ойын, онымен ересектер, жасөспірімдер және балалар да шұғылданады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Қуат Терібаевтың ақындығы мен шығармашылығы

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы:
Aуыз әдебиет халықтың тарихи және рухани тіршілігімен бірге жасасып келе жатқан қоғамдық елеулі құбылыстың бірі.Халықтың басынан кешкен кезеңдері осы ауыз әдебиетінде бейнеленген, халық феодалдық, патшалық заман жағдайында қандайлық азапта болса да, өзінің өлең¬¬- жырын, ән-күйлерін шығарудан ешуақытта тынбаған.
Байлар-бектер билеген дәуірде халық ортасынан шыққан талант иелері үнемі үстем тап өкілдерінің қуғындауында болып, қанатын еркін жая алмады.
Ұлы Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда халық ақындарының шығармашылығы жақсы дамыды. Қазақ поэзиясындағы айрықша орын алатын басты тұлға Жамбылдың және даналықпен, көркем жырланған халық поэзиясы қазақ әдебиеті көлемінде айрықша маңызды орын алады. Халық әдебиетінің асыл қазыналарын ақындық өнерлерін сақтап келген Жамбыл халық поэзиясның сол жақсы дәстүрлерін, өмір шындығын жырлауда тың дәстүр қалдырды. Жамбылдың сол жаңа дәстүрін ұстап, онан үлгі алып ілгері дамытушы шәкірттерінің бірі- Қуат Терібаев. Қуат Терібаевтың өмірі мен шығармашылығы, аудармалары қаралып зерттелді.
Диплом жұмысының өзектілігі. Қуат Терібаевтың ақындығы мен шығармашылығы негізінен жеке тақырып ретінде зерттелмеген. Десек те, тек Есмағамбет Исмайловтың «Ақындар» атты еңбегінде аудармасына байланысты мәліметтер бар, сондай-ақ «Қазақ әдебиеті тарихы» жинағының бірінші том, үшінші кітабында өмірі мен ақындығына байланысты аздаған мәліметтер айтылған. Бұл тақырып жеке арнайы зерттелмегендіктен, жинақтап осы Диплом жұмысын жазуға өзек болып отыр.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты Қуаттың ақындығын, өлең жазу ерекшелігін ашып көрсету. Осыған байланысты мынадай міндеттерді шешу көзделді:
–– ақынның өлеңдерін талдау;
— айтыстағы суырып-салмалығын анықтау;
— аударма жазудағы ерекшелігін салыстыру;
Диплом жұмысының әдістері мен дерек көздері.
Диплом жұмысын зерттеуде семантикалық талдау әдісі мен салыстырмалы әдіс қолданылды. Шығармалары ақынның «Өмір жыры» атты шығармасынан алынды. Жұмысты жазу барысында Е.Ысмайлов, М. Дүйсенов, А. Берқайдар, Ғ.Мүсрепов, М. Әуезов және т.б. ғалымдардың ақындық өнер туралы еңбектеріндегі теориялық тұжырымдар басшылыққа алынды.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Жұмыстың ғылыми жаңалығы мына төмендегі нәтижелер негізінде көрініс табады:
— аұынның өлең жазу ерекшелігі анықталды;
— айтыстары мағынасы жағынан талданды;
— аудармалары салыстырылып зерттелінді;
— ақынның тілдік құралдарды пайдаланудағы даралығы дәйектелді;
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

1. ҚУАТ ТЕРІБАЕВТІҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Қазақ ұғымында ақын деген сөздің ауқымы кең, мағынасы терең. Оның туу төркіні туралы әр түрлі байлау-болжамдар бар. В.Радловтың, М.Әуезовтің топшылауларына жүгінсек, «ақынның» арғы тегі ағын, ағылудан таралған секілді. Шаршы топ, «асау той, тентек жиын» үстінде үздік өнерімен бұлақтай бұлқынып, жыр төккенде тыңдаушысын өзінің ағынды да әсерлі өлеңімен еліктіріп баурай білгенді ғана шын ақын деп тануға болады дейді В.Радлов. Ал қырғыз тілі мен әдебиетінің білгірі профессор К.К.Юдахин ақын деген сөздің өзі ұйғырдың ақылгөй, құрметті адам мағынасындағы атаудан қырғызға, қазаққа ауыспады ма екен деп тұспал болжам жасайды. К.Юдахин бұл мәселені ақындық дәстүр тұрғысынан емес, тілдік этимологиялық тұрғыдан қарап тексергісі келеді. Шығысты зерттеуші ғалымдардың дені ақын деген сөздің ата-тегін фарсының, арабтың, яки бараба татарларының ахон деген атауынан іздемек болады. Бұлар да дәлел айтып, дәйекті қорыту жасамайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Қазақстандағы мал шаруашылығы Қарақұйрықтың кәсіптік маңыздылығы

Көне тарихы бар Қазақстан жері сонау ертеден-ақ табиғи байлықтары мол өлке. Ұзақ жылдар бойы аң терілерін дайындап, мемлекетке өткізуде Қазақстан екінші орын алып келген. Бұрынғы Одақ бойынша ауланатын 60 түрлі терісі бағалы аңдардың 52-сі Қазақстаңда кездеседі. Халықтың аң терілерінен істелген жылы киімдерге, тауарларға деген талап-тілегі өскен сайын, болашақта бұл аңдардың санын көбейту және оны тиімді пайдалану ісі түбегейлі проблема болып отыр. Жасыратыны жоқ, терісі бағалы аңдардың саны жыл сайын азайып келеді. Олардың құрып кету қаупі бар. Солардың ішіңде тауда — барыс, қызыл қасқыр, ақ тырнақты аю, құдыр, мензбир суыры, арқар, ормандарда — орман сусары, бұлан, шөл және шөлейт аймақтарда қарақұйрық, үстірт арқары, қарақөл, гепард, су жағасында — камшат, қара күзен, құндыз, жұпар тышқан сияқты хайуанаттар мекендейді. Қазіргі таңда бұл аңдар сирек кездеседі. Шетелдік тәжірибеге көз жіберетін болсақ, қорықтарға Германияда барлық жер көлемінің 2,4%, Англияда 4%, Жапонияда 4,22%, Оңтүстік Америкада 2,5%, Жаңа Зелаңдияда 5,93%-і жер бөлінген. Ал Болгарияда 100 мың шаршы километр жерге 27, Польшада 11 қорық пен табиғи бақ орналасқан.
Қазақстандағы бар болғаны 7 қорықтың жер көлемі республикамыздағы барлық жердің 0,15%-не ғана тең. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ ҚҰРЫЛЫМЫ

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгiжәне мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтiк – экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң , оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көрсете бiлудiң маңызы зор.
Қаржы қатынастарының теориясын зерделейтін қаржының мақсаты қаржы категорияларын, ұғымдарын, терминдерін ұғып алуда олардың сыныптамасын әлеуметтік экономикалық процестердегі маңызы мен формасын, орнын біліп алу теориялық және практикалық жағынан қамтамасыз ету; сонымен бірге қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс әрекетін және оның қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуының нақтылы жағдайларындағы қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу міндеті болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Инвестициялық жобасын жүзеге асыру және жетілдіру жолдары

КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі: «Қaзaқстaн – 2050» дaму бaғдaрлaмaсы, Қaзaқстaн Республикaсының «2003-2015 жылдaрғa aрнaлғaн индустриaлды-инновaциялық дaмуының стрaтегиясы» негізінде нaқты инвестициялық жобaлaрды қолдaу және отaндық кәсіпкерлерге қолдaу көрсету мaқсaтындa жобaлaрдың жүзеге aсуын қaдaғaлaу.
Диплом жұмысының мaқсaты: Инвестициялық жобaның тиімділігін бaғaлaудa тиімділікіті есептеудің нaқты көрсеткіштерін пaйдaлaну және шынaйы инвестициялық және бизнес жобaлaрды құруды меңгеру. Есептеулерді Project Expert aрнaйы прогрaммaсы aрқылы жүргізу, кәсіпорын тиімділігін бaғaлaу aрқылы болaшaқтaғы кәсіпорын тaбысын игеру және жобaны іске aсырудa отaндық және шетелдiк инвестицияны тaрту, 2015-2020 жылдaрғa стрaтегиясын құру,сонымен қaтaр aлынғaн нәтижелерді ескере келе осы жобaны іс жүзінде жүзеге aсыру.
Диплом жұмысының мiндеттерi:
- экономикaлық кaтегория ретінде инвестициялaрдың жіктелуі мен aнықтaмaсын қaрaстыру;
- кәсіпорындaрдa инвестициялық процестерді ұйымдaстыру ретін үйрету;
- инвестициялық жобaның тиімділігін бaғaлaу;
- инвестициялық жобaның тиімділігін бaғaлaу әдістерін бaзaлық тaлдaу;
- инвестициялық жобaлaр мен әдістеріндегі тaлдaудың зерттемелері;
- инвестициялық қызметтерді жетілдіру жолдaрының зерттемесі және aлынғaн нәтижелердің негіздемелері.
Дипломдық жұмыстың зерттелу объектісі: «Aтырaу гипс зауыты» ЖШС кәсіпорын мысaлы. Зерттеудің теориялық және методологиялық бaзaсы зaмaнaуи қaржы-экономикалық бaсқaрмасының теориясы, инвестициялық менеджмент, инвестициялық тиімділікті тaлдaу, сонымен қосa стaтистикaлық тaлдaу теориялaры болып тaбылaды.
Кез келген кәсіпорын инвестициялық стрaтегиясын құрғaн кезде қaржы бaсқaрмaсының инвестициялық портфельі негізінде өзінің инвестициялық жобaсын тaңдaйды.
Кез келген жобaны тaңдaмaс бұрын ең aлдымен технолгия, өнім, жaңa тәжірибелік - құрaстырылмaлы қызметтерге және жүргізілетін қолдaнбaлы немесе фундaментaлды зерттеулер бaрысындa күтілетін нәтижелерді ескере отырып идеялaр жинaқтaлaды. Жaңa идеялaрды іздеуде ұжым мaмaндaрының шығaрмaшылық қaбілеттері үлкен мaңызғa ие.
Жобaлaрдың әртүрлілігіне қaрaмaстaн мұндaғы тaлдaу aрнaйы бөлімдерге: жобaның институтционaлды және экономикaлық орындaулaрынa, қaржылық, техникaлық, коммерциялық бaғaлaулaрғa қосылaды. Идеяның шынaйылығын келесі көрсеткіштер бойыншa бaғaлaуғa болaды: өнімдер мен қызметтердің бәсекеге қaбілеттілігі; экологиялық ортaның жaқсaруы; кірістердің өсуі; өндірілетін өнім көлемі мен қызмет көрсетулердің aртуы; қызмет көрсетулер мен өндірілетін өнімдерді шығaрудa шығындaрды төмендету; бaсқa нaрыққa шығу мүмкіндіктері; кaпитaлдaрды тиімді пaйдaлaну; кәсіпорын мен инвестордың имиджін aрттыру.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Қой эшерихиозына қарсы тірі вакцинаның тиімділігі

Тақырыптың өзектілігі: Қой өсіру – Қазақстан Республикасының мал шаруашылығының маңызды салаларының бірі. Қазіргі уақытта қой етіне деген сұраныс артып отыр, Қазақстан Иран, Қытай, Түркия, Сауд Арабиясы елдерімен келісім-шартқа отырып, қой етін экспорттауда. Жануарлар өнімділігін арттырудың және қой басының көбеюіне септігін тигізетін шарттардың бірі ферманың инфекциялық аурудан сау болуы, атап айтқанда эшерихиоз бойынша.
Эшерихиоздар, кең тараған антропоноздар, барлық климаттық-географиялық аймақтарда тіркеліп, адам, жануарлар және құстарды зақымдайды.
Ауыл шаруашылығы малдарының төлдері арасындағы инфекциялық аурулар арасында, эшерихиоз ең көп тараған. Ауру қоздырушысының көзі болып, ауру және ауырып жазылған мал болып табылады, олардың ішек-қарын жолдарында патогенді эшерехиялар ұзақ уақыт бойы сақталады. Көптеген елдердерде жүргізілген, індеттанулық зерттеулер көрсеткендей, жаңа туған қозылардың азық қорыту патологиялары негізінен, шығу тегі инфекциялар және оны энтеротоксигенді эшерехиялар тудыратынын көрсетті. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы грамматикалық құрылысы

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Қазақ тіл білімінің бастан өткізген сан ғасырлық тарихи белестерін жан-жақты айқындап, оның бүгінгі күндегі жай-күйімен сабақтастығын ашып көрсету – негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Өткенімізді безбендеп алмай алға баса алмаймыз. Қазақ тіл біліміндегі өзекті мәселенің бірі – морфология саласы. Морфологияның ішінде етістік сөз табының да тіл білімінде өзіндік орны бар мәселе болып саналатыны анық. Бүгінгі таңда да қазақ тіл білімінде етістіктің басты критерийлерінің мәні, өзіндік маңызды сипаттары толық айқындалды деп айта алмаймыз. Осы тұрғыдан бұл теориялық білімнің қазақ тіл білімінде алғаш пайда болуын, оның қалыптасу, даму процесін жан-жақты ашу, оның даму барысындағы өзіндік ерекшеліктерін талдаудың қажеттілігі жұмыстың өзектілігін анықтайды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Тіліміздің грамматикалық құрылысына қатысты күрделі сала – морфология. Морфологиның ең өзекті, ең басты мәселесі – етістік, етістіктің шақтарының пайда болу, қалыптасу жолдарын айқындау, маңызды іс болып табылады. Осы қағиданы меже ете отырып жұмыста етістіктің өткен шағының пайда болу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихын, бүгінгі жайын саралауды басты мақсат етіп қойдық. Негізгі мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды:
- Әлемдік тіл біліміндегі, түркологиядағы етістіктің өткен шақ категориясының тарихымен, бүгінгі жай-күйімен байланыстыра отырып, етістіктің өткен шақ категориясының қазақ тіл біліміндегі дамуын ғылыми тұрғыдан айқындау;
- Етістіктің өткен шақ категориясының өзіндік топтарға бөлу барысында болған бағыттарды, олардың идеясын анықтау.
- Шақ категориясының етістікті өзге сөз таптарынан әрі ерекшелендіретін, әрі ажырататын ең негізгі грамматикалық категория екенін анықтау.
Зерттеу пәні. Қазіргі қазақ тілінің грамматикалық құрылысы. Морфология саласының ең өзекті мәселесі – шақ категориясы. Шақ категориясының өткен шағын грамматикалық топтарға жіктеу.
Мәселені көтеру. 1) Шақ категориясы – грамматикалық категориялардың ішінде етістікке тән категория ретінде бірте-бірте дамып, мазмұны жағынан да, формалары жағынан да үнемі жетіле отырып қалыптасқандығы;
2) Грамматикалық категориялардың ішінде шақ категориясының дамып қалыптасуы барысында басқа етістікке тән категориялардан айырмашылығы бар екендігі, оларды бір-бірімен ажыратудағы қиыншылығы;
3) Шақ категорияларын, оның ішінде өткен шақ категориясын топтастыру барысында әртүрлі бағыттар өкілдерінің өз ұстанымы тұрғысынан келуі себепті өткен шақ категориясының саны да, сапасы да өзгеріп отыратындығы;
4) Бүгінгі таңда шақ категориясын тілші-ғалымдардың түрлі топтарға бөлу барысында жетістіктерге қол жеткізуі өткен шақ категориясының қазақ тіл білімінде орнығып қалыптасқандығы.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жас жүгірушілердің орта қашықтыққа жүгіруді оқытуда жаттықтыру күшінің құрылымы

Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді.
Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Политология | Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты

Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бергі он жылдан астам уақыт ішінде оның әлемдік қауымдастыққа енуі іс жүзінде аяқталып, халықаралық геосаяси қатынастардағы орны мен рөлі айқындалды. Бүгінде Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі өзінің тарихи дәнекерлік қызметін қайта жалғастырып, халықаралық аренада беделді де дәйекті бейбітшілік саясатын жүргізуде. Оған Қазақстанның халықаралық қауымдастық шеңберінде тең құқылы қарым-қатынастар орнатуымен бірге, баянды бейбітшілік саясатын қалыптастыру, мемлекетаралық шиеленістерді бәсеңдету, шет елдермен экономикалық және мәдени байланыстарды кеңейту жөніндегі ұсыныстары мен нақты қадамдары айқын дәлел.
Сонымен қатар отарлық және кеңестік кезеңдерде бұрмалауға ұшыраған халықтың тарихи санасын қалпына келтіру, өз мемлекеттігін сәйкестендіру аясында өтіп жатқан рухани және мәдени өрлеу барысында Қазақстан Республикасы көршілес елдермен, тарихи тамыры бір туысқан халықтармен ежелгі қарым-қатынастары мен байланыстарын жаңғыртуға да ерекше назар аударып келеді. Алыс және жақын көрші мемлекеттермен жасалатын ресми халықаралық қарым-қатынастармен қатар елдерді жақындастыратын мәдени байланыстардың да маңызы зор.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0