Тақырыптың өзектілігі ХХ ғасыр адамзат баласының тарихында маңызды тарихи оқиғаларға толы болды. Осы бір тарихи кезеңде дүниежүзілік соғыстар, Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), НАТО, Варшава Шарты, АСЕАН және басқа да әр түрлі халықаралық ұйымдар, блоктар мен бірлестіктер құрылды. ХХ ғасырдың аяғы әлемдік деңгейдегі дамуда күрделі өзгерістермен сипатталады. Бұл кезеңде биполярлық жүйе өзгерді, «қырғи қабақ» соғыс аяқталды, екі Германия қосылды, КСРО күйреді, бұрынғы халықаралық қатынастар жүйесінде, геосаяси және геоэкономикалық бағыттарын айқындады. Өркениеттік және техникалық дамудың ырық бермес иіріміне тартылған елдердің қатары молыққан үстіне молыға түсуде, жаһанданудың күпшегі өз айналымын күшейткен үстіне күшейтіп барады. Дамыған елдер өздерінің экономикалық және саяси ықпалын кеңейтіп, әлуетті өтім рыноктарының санын көбейтіп, ол игіліктерін тек қана сақтап қалуға емес, сонымен бірге өз азаматтарының әл-ауқатын одан әрі бөгетсіз көтере түсуге негізделген, жаһандану процестерінің барлық артықшылықтарын айқын да анық елестетіп отыр . Автордың пікірінше қандай мемлекеттің болмасын тұрақты дамуы үшін екі фактор маңызды рөл атқарады: біріншіден – мақсатқа бағытталған сыртқы саяси қызметі, екінші фактор - өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстың дамуы.....
Кез келген мемлекеттің ең негізгі байлығы – оның халқы. Демографиялық жағдай әрбір мемлекеттің экномикасына, ұлттық және мемлекеттік қауіпсіздігіне тікелей әсер етері сөзсіз. Қазақстан Респуьликасы Президенттің ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030» стратегиясының кезек күттірмейтін негізгі міндеттерінің бірі – еліміздегі кең өріс ала бастаған демографиялық проблеманы шешу болып табылады. Өйткені, әсер көлемі бойынша Қазақстан бірінші ондыққа (9-орын) кіруіне қарамастан, халық саны бойынша тым артта қалып отыр (60-орын). Дегенмен, мәселе алықтың орналасу тығыздығына ғана емес. Бұл проблема жер көлеміш шағын, экономикасы дамыған Европа мемлекеттеріне де өріс алуда. 1960-жылдардан бастап 1980-жылдардың соңына дейін тұрақты түрде және де жоғары ырғақпен өсу жолында болған Қазақстанның демографиялық жағдайы 1990-жылдары тоқтап қана қойған жоқ, тіпті үлкен жылдамдықпен кері кете бастады. Бұл процесі 1990-жылдардағы өтпелі кезеңнің негативті жағы деп қарай салу заңды болып көрінуі мүмкін. Халықтың әлеуметтік жағдайы өте төмен деңгейде болып, ол өз кезегінде демографиялық жағдайға кері ықпалын тигізгені рас. Халықтың өлу көрсеткіші артып, туу деңгейі төмендеп кетуіне байланысты табиғи өсім мүлдем болмады. ....
Кез келген кәсіпорын өзінің атқарған жұмысынан неғұрлым көп пайда алуға тырысады. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын тек жоғарғы тиімді бағамен сатып қана қоймай, сонымен қатар оны өндіруге және өткізуге кететін шығындарды қысқартуға тырысады. Кәсіпорын табысының ұлғаюының қайнар көзі, ең біріншіден, оның сыртқы жағдайына байланысты болса, екіншіден, кәсіпорынның ұйымдастырылған өндіріс үрдісінің тиімділігіне және өндірілетін тауардың кезекті өткізілуіне байланысты болады. Өндірістік шығындар, өнімнің өзіндік құны экономикалық сатының басты элементтері болып табылады. Олардың деңгейі, көбінесе, пайда көлемін, кәсіпорын рентабельділігін және шаруашылық қызметінің тиімділігін анықтайды. Сонымен қатар, кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін, беріктілігін, қаржылық тұрақтылығын анықтай отырып, оның өндірістік шығындарын қысқартып, оптималды экономикалық жетілдірудің негізгі бағыты болып табылады. ....
Кіріспе Қан ағзадағы дәнекер ұлпаның бір түрі. Қанның құрамы сұйық плазмадан және қан түйіршіктерінен (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер тұрады. Ересек адамдарда 4,5-5 л қан болады. Қанның атқаратын маңызы орасан зор. Қан құрамындағы лейкоциттер организмді әр түрлі зиянды заттардан қорғайды. Қан мен лимфа және ткань аралық сұйықтық организмнің ішкі сұйық ортасын құрайды да, бүкіл дене клеткаларын, тканьдерін жуып жатады. Организмнің ішкі сұйық ортасының құрамы, физикалық және химиялық қасиеті біршама тұрақты болады, сондықтан да организмдегі клеткалардың тіршілік процесі қалыпты жүріп жатады. Қан организмдегі клеткаларға, тканьдерге қоректік заттарды жеткізетін болса, екінші бір органдар зиянды, қорексіз улы заттарды организмнен шығарып отырады. Қорыта келгенде қан организмдегі клеткалардың тіршілігін сақтайды, әрі ол клеткалар мен тканьдердегі су мен минерал заттардың мөлшерін реттеп тұрады. Қан қан тамырларымен ағады да, организмнің барлық клеткаларына қоректік заттарды тасу қызметін атқарады. Мысалы, қан тканьге глюкоза, амин қышқылдары, май, витамин, минерал заттарын, суды, оттегін т.б. қоректік заттар жеткізсе, екінші жағынан зат алмасу процесінің нәтижесінде организмнен бөлінген ақырғы өнімдерді (мочевина, аммиак, несеп қышқылы, көмір қышқылы) сыртқа шығару органдарына: бүйрекке, тер бездеріне, ішекке және өкпеге апарады. Қан организмде Гуморальдық реттелу процесін қамтамасыз етеді, яғни организмдегі органдарды химиялық жолмен бір-біріне байланыстыра отырып реттейді. Қанның организмді гуморальдық жолмен реттеуі – ондағы ішкі секреция бездерінде түзіліп, қанға қосылатын физиологиялық актив заттарға – гормондарға байланысты. Сонымен бірге қанда болатын иммунитет факторы организмде қорғаныс қызметін атқарады. Иммунитет - қандағы лейкоциттердің фагоцитоз процесіне бейімділігі. қандағы қорғағыш денелер организмдегі микробтарды, олардың бөлетін улы заттарын зиянсыздандырады және зиянды белоктарды ыдыратады. ....
Қазақстан Республикасы – Азия төсіндегі алып мүмкіндіктері, асқар мақсаттары бар, тарихы терең, рухы күшті халықтың ордасы. Тоқсан толғаулы тәуелсіздікті алғаннан бергі уақыт егеменді ел ретінде орнығу, әлемдегі өз орнын иелену, барша халықаралық қоғамдастық таныған ел болу мақсатын жүзеге асыруға арналды. Бейнелеп айтсақ, «атымыз барда желіп жүріп жер танумен, асымыз барда беріп жүріп ел танумен» өтті. Бүгінгі күнгі мемлекет басындағы азаматтарды, зиялы қауым өкілдерін ойландырып, тың идея, жаңа істерге бастап отырған маңызды мәселелер бар. Оның ең бастысы – мемлекет институтының негізін қалыптастыратын халықты ұйымдастыру, елді жан-жақты дамыту, өркендету болып табылады. Ал, бұл елдік мәселенің оң шешімін таппағы, көздеген мақсатынан адаспауы халық айнасы – бұқаралық ақпарат құралдарымен тікелей байланысты. «Газет – халықтың құлағы, көзі, һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. ...газет ¬¬–халық даушысы. «Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар» деген аталы сөз бар. Бұзуға құдіреті жеткен сөздің, түзеуге де құдіреті жетеді. Сөз – қару, мұны бұзуға жұмсасақ бұзады, түзеуге жұмсасақ түзейді. Сөзін жұртты түзеуге жұмсап отырған жұрттың өзі де түзелуге бет алғанын көріп отырмыз /1/». Бұл ұлт баспасөзінің көсемі Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақ» газетінде жарияланған ізашар мақаласында айтылған аталы сөз. Арада ғасырға жуық уақыт өтсе де, баспасөз, газеттің міндетін Ахмет атамыздан асырып ешкім айта алған жоқ. Олай болса, бүгінде жарық көріп отырған қай басылым болмасын көтерген мәселесі, жазған сөзі халықты түзетуге, ілгерілетуге жұмсалуы тиіс. Сонда ғана қазақ мықты ұлтқа айналмақ. ....
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі уақытта Қазақстанда жылқы шаруашылықтары даму барысында. Өйткені жылқы шаруашылықтарының жақсы экономикалық тиімділігі бар. қазіргі уақытта жылқы шаруашылықтары екі жақта дамып жатыр: • спортқа қолданатын жылқыларды өсіру; • өнімдер ( ет, қазы, қарта, шұжық ) алатын жылқылардың басын көбейту. Келесі жағдай шет мемлекеттерде айтылған жылқы өнімдеріне сұраныс бар. Осыған орай шет мемелекеттерге шығарылатын өнімдер инфекциялық жұқпалы немесе хирургиялық аурулардан таза және сапалы болуы керек. Біздің негізгі объектіміз спорт жылқылары. Спорт жылқылары шаруашылықтары Қазақстанда даму барысында. қазіргі уақытта көптеген аурулардың арасында спорт жылқыларында аяқ бақай буынының қабынуы – тендинит, немесе тендовагинит жиі кездеседі. Ғылыми әдебиеердің деректері бойынша жылқының тендинитімен, тендовагинитін анықтау және емдеу барысында санаулы тәсілдер мен әдістер бар. Мысалы, емдеу барысында ең бірінші себебін анықтау керек, екінші тыныштық жасау керек, үшінші салқын, қысымды байлам және новокаиндік тежеу қолданылады. ....
Кәсіптік-техникалық білім берудің тиімділігі жоғарғы ұлттық жүйесін қалыптастыру – ел экономикасының қарқынды дамуының маңызды факторы. Бұл – жастардың жұмыспен қамтылуына жағдай жасау арқылы Қазақстан қоғамының әлеуметтік тұрақтылығын сақтау деген сөз. «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған бағдарламасы» бағдарлама екі кезеңде жүзеге асырылады деп жоспарланған. 2008-2010 жылдарды қамтитын алғашқы кезеңде кәсіптік һәм техникалық білім беруді сатылы дамыту мен білім беру бағдарламалары жаңартылады. Оны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 58 178,9 миллион теңге, оның ішінде 2008 жылы – 5707,8 миллион теңге, 2009 жылы – 23 486,7 миллион теңге, 2010 жылы 28 984,4 миллион теңге бөлу қарастырылып отыр. Ал екінші кезеңде (2011-2012 жылдар) білім берудің осы саласын неғұрлы орнықты қызметпен қамтамасыз ету және реформаны дамыту көзделген. Қазақстан экономикасында ауыл шаруашылығы басты орын алады. Оның өркендеу деңгейі қазақстандықтардың қоғамды-саяси және экономикалық тұрақтылығының негізгі факторы болып саналған және санала бермек.....
Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси - әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол көне замандардан бері адамзатпен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады. Дін - рухани мәдениеттің бөлігі әрі дүниетанымның тарихи нысаны. Ғылым мәдениеттің, демек діннің де шығуын әртүрлі түсіндіреді. Бізге мәлім, дін бірнеше элементтерден тұрады. Солардың бірі - діни ғұрыптар. Кейбір ғалымдар әлемдік мәдениет осы ғұрыптардан бастау алған деген пікірге ден қояды. Екінші біреулер мәдениеттің алғашқы нысаны мифология деген пікірді ұстанып, оған мынадай дәлелдер келтіреді: алғашқы қауымдық құрылыста тұрпайы наным - сенімдер пайда болды, оның белгілі нормалары, тілі мен көркемдік тәсілдері пайда болды; осылардан бастапқы кауымдық синкреттік дүниетаным түрі қалыптасты; адам санасы жетілген сайын мифология трансформацияланып, сана мен рухани мәдениет салалары ....
Зерттеудің көкейкестілігі. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдылықтың бірі «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі, мен салауаты» тармағындағы азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін дені сау болуы және оларды қоршаған табиғи таза ортада салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттілігі айтылған. Қоғамның дамуының қазіргі заманғы жағдайында халықтың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығының күрт төмендеуі байқалады. Әр түрлі зерттеулердің деректері бойынша жастардың 10%-ға жуығының ғана дене бітімі мен денсаулығы қалыпты деңгейде, адамдардың өмір сүру ұзақтығы 7–9 жасқа қысқарып, өлім туудан асып түсуде, қоғамның өндірістік әлеуеті төмендеуде. Қазіргі уақытта адам денсаулығы білім берудің әр түрлі салалары үшін ең өзекті проблема болуда, олардың ішінде халықтың валеологиялық мәдениетін қалыптастыру жолымен адам денсаулығын дамыту және сақтау жүйесі арқылы танылған педагогика ғылымына ерекше орын берілген. ....
КІРІСПЕ Елбасы Н.Назарбаев елімізді таяудағы он жылда дүние жүзіндегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына енгізу міндетін қойып, оған жетудің алғы шарттары мен жолын саралап айтып, белгілеп берді. Оның бірден-бір және басты жолы - өңдеуші өнеркәсіпті дамыту болып табылады. Бұл бағытта қолға алынып, жүзеге асырылып жатқан игі істер де баршылық. Солардың бірі - кластерлік жүйе. Президент Н.Назарбаев осыдан екі жыл бұрын Республикалық алқалы жиындардың бірінде: "Кластер дегеніміз - тізбектелген технология арқылы соңғы нәтижеге қол жеткізу" деген тұжырым жасаған болатын. Кейінгі кезде кластер ұғымына ғалымдар мен экономист мамандары әрқалай ғылыми түсініктер беріп келе жатқанымен оның түпкі мағынасы бәсекеге қабілетті салалар жиынтығы дегенді білдіреді. Ал, ғылыми сипаттамаларына үңілсек, кластер дегеніміз - қосымша құнды құру үрдісі барысында өзара байланыста жұмыс істейтін жеткізімшілер мен өндірісшілер, тұтынушылар мен өнеркәсіптік инфрақұрылым және ғылыми-зерттеу институтының біртұтас желісі болып табылады. Демек, кластер - тізбектелген өндіріс арқылы бірнеше өңделген өнім түрлерін шығаратын өнеркәсіптік топ екенін аңғаруға болады. Елімізде экономиканың шикізаттық емес салаларын кластерлеу, яғни өңдеуші өнеркәсіп салаларын дамыту мақсатында Н.Ә.Назарбаевтің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты жолдауында бәсекеге қабілетті салаларды біріктіріп, кластер құру керек екендігі алға қойылған. Аталған жолдаудағы бәсекеге қабілеттік, бәсекелік артықшылықтар және салаларды кластерлеу үлгісімен дамыту мәселелерін жүзеге асыру үшін «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деген Қазақстан халқына жолдауында ел президенті экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін, сондай – ақ экономиканы тиімді дамыту үшін маңызы зор жеті пилотты кластерлерді атап көрсетті. Олар: туризм, мұнай – газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік – логистикалық қызмет көрсет, металлургия және құрылыс материалдары салалары. Кластер – өнімді өндіруден бастап дайын тауар күйіне дейін жеткізудің толық технологиялық тізбегі. Осыған сәйкес шикізаттық салаға сүйеніп экономиканы дамыту тұрақты және ұзақ мерзімді өсуді қамтамасыз етуде сенімді тірек бола алмайтыны бәрімізге белгілі. Қазіргі уақытта экономиканың сыртқы факторларға тәуелділігі күшеюде. Ол төмендесе өндірістің құлдырау ықтималдылығы өседі. Кластерлер даму стратегиясы, корпоративті басқарудың жетілуіне, өндіріс пен инвестиция үшін арнайы жағдайлармен қамтамасыз етілуіне, таңдап алынған кластерлерді қолдау мен дамытуға үкімет саясатының жетілуіне негізделген өндірістік шебер – жоспар жасалуы керек деп ойлаймыз. Көпшiлiк елдер кластерлiк саясатты пайдалануды кластерлiк бастама деп таныды. Әлемде барлығы 500-ден астам кластерлiк бастамалар бар. Қазақстанда 2005 жылдан бастап қазақстандық үкiметтiң “кластерлiк бастамасы” қолданысқа ендi, бұл жетi бағыт бойынша пилоттық кластерлердiң пайда болуы мен дамуына жол ашады: туризм, тамақ өнеркәсiбi, мұнай-газ машинажасау саласы, тоқыма өнеркәсiбi, көлiк-логистика қызметi, металлургия және құрылыс материалдары өндiрiсi. Сондай-ақ кластерлердiң басқа да пайда болу жолдары iздестiрiлуде. Яғни кластерлер туралы ой-идеялар Қазақстанда аналитикалық тұжырымдама ретiнде бекiмей жатып, экономикалық саясаттың құралына айналып отыр десек те болады. Және кластерлер феноменiне қажеттi теориялық талдау жүргiзбей, олардың ерекшелiктерiне түсiнiк бермей, түрлi типтерiн ұқсастырмай-ақ практикада жүзiнде қолданыс тапты. Кластер – экономиканың жүйелi моделiнiң феноменi дегенге мән берiлмей жатқанын да ескеруiмiз керек. “Жүйелi экономика” моделiнiң пайда болуы рыноктар мен трансакциялардың шектен шығармауына байланысты. Экономикалық агенттер қатысушысы көп рынокта емес, қайта аумағы жағынан шектелген немесе белгiлi бiр агенттерi бар локалды рынокта әрекет етедi. Бұл жерде шектен шығармау дегендi тек географиялық мағынада түсiнбеу қажет. Экономикалық өзара әрекет аумақтық, сондай-ақ қатысушылардың институционалдық және әлеуметтiк жақындығына да негiзделедi. Мәселен, географиялық тұрғыдан жабдықтаушы жақын болғанымен, егер ол сенiмсiздiк туғызса, онда ол әлеуметтiк жағынан шалғайда орналасқан деп есептеледi. Қазақстандағы кластерлердiң сараланбаған әдiсi олардың көлемi, қуаты, даму кезеңдерi негiзiндегi өзгешелiктерiн ескермейдi. Ал әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, кластерлер шағын және орта фирмалардан да, сондай-ақ шағын және iрi фирмалардан да құралуы мүмкiн. Университет базасында қалыптасқан, ғылыми орталықтармен байланысы жоқ, өнеркәсiптiң дәстүрлi салаларындағы және жоғары технологиялы салалар кластерлерi бар. Сонымен қатар жаңадан пайда болған, жаңа, дамыған және құлдырауға дайын кластер түрлерi де баршылық. Сәтсiздiкке ұшыраған кластерлер туралы да деректер бар.....