Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі. Қай елді, халықты болсын, прогреске бастайтын жол-білім жолы. Егемендік алған Қазақстанның болашағы жастарға байланысты. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың дамып өркендеуіне байланысты дарынды жастарды тәрбиелеп шығару ұстаздар қауымына үлкен сын болуда. Сондықтан да жастарды білімге құштарлыққа, ізденуге, талпынуға тәрбиелеу арқылы баланың қабілет-қасиеттерін ашып көмектесу керек. Өйткені, осындай жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды ете алады; қазақ елінің ертеңіне қызмет ете алады. Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру саясатының негізгі міндеттерінің бірі «Халықтың барлық жіктерінің сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету» екендігі, оны іске асырудағы мектеп бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағыттау қажеттілігі атап көрсетілген [1]. Бұл міндетті іске асыру үшін аталған құжатта: «Оқу процесі: - өз бетінше білім алу және оны практикада қолдану қажеттігі мен дағдысын қалыптастыруға, танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде баулуға; ....
Жұмыстың өзектілігі. Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибедегі мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталуы тұрғанына куә. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет [1]. ХХ ғасырдың соңы әлемдік саяси жүйеде ғаламдық өзгерістерге толы мезгіл болды. КСРО мемлекеті ыдырап, оның орнына жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Социализм мен капитализм жүйелерінің текетіресі аяқталып, ол тарих еншісінде қалды. Әлемдік саяси жүйенің осылайша өзгеруі дүние жүзінің геосаяси құрылымын айтарлықтай шиеленістіріп жіберді. Биполярлы әлем көп полюстіге айналып кетті. ....
Бүгінгі жаңа құндылықтардың пайда болуы, бұрынғы стереотиптердің жойылуы, демократиялық қарым-қатынастардың қалыптасуы жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. ХХ ғасырдың басындағы зиялыларымыз айтып кеткендей, елдің дамуы мен тыныс-тіршілігінің айнасы оның баспасөзі екендігі шындық. Қоғамдық пікірді қалыптастырушы бұқаралық ақпарат құралдары да жаңа қатынастарға бейімделе бастады. Сонымен қатар журналистердің санасы да жаңарып, әділетті қоғамның әділ жаршыларына айналды. Журналист еңбегі қоғамға қандай да бір пайда әкелетіндігі шындық. Ең болмағанда қоғамдық пікірді қалыптастырады. Журналистика мен маркетингтің байланысы неде? Бұқаралық ақпарат құралдары ең алдымен оқырман, тыңдарман, көрермен сұранысын жан-жақты, жете зерттеп алуы керек. Яғни, оның (мақсатты аудиторияның) не оқысы келеді, қандай хабар тыңдап, қандай бағдарламаны тамашалағысы бар? Ал ертең ше? Осындай зерттеуден кейін, аудиторияның мұқтаждығы мен қажеттілігін ескеріп жасалған ақпарат өнімдерінің сұранысқа ие болмауы мүмкін емес. Ал маркетинг – қаржылық, ұйымдастырушылық тұрғыдағы проблемаларды шешеді. “Өндірілген нәрсені сату емес, сатылатын нәрсені өндіру”. Бұл қызметті басқару мен маркетингтің негізгі ұраны. Кез-келген нәрсені өндірмес бұрын тұтынушының қажеттілігін зерттеу қажет. Осыдан келіп бұқаралық ақпарат құралдарының маркетингі ұғымы туады. Бұл жердегі аудиторияға ұсынылатын тауар физикалық зат емес, ақпараттық өнім, журналист материалы. ....
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі. Спортшыларда медицина саласын қолданудың негізгі мақсаты жас спортшының бойындағы ағзаның қасиеттерін сақтап қалу мен қатар, дене күшінің сапалық қасиеттерін дамытып жетілдіру. Сондай-ақ спорттық медицинаны білген пайдалы әрі ықпалы бар екендігін көрсету зерттеудің өзектілігін айқындай түседі. Спортшылардың мәселесіне спорттық медицинаны енгізе отырып бала денесінің жарақат алған жағдайдан кейін дұрыс қалыптасуына әсері бүгінгі күнгі өзекті тақырыптың бірі болып табылады. Спортта жарақат алған жағдайда медицинадағы емдік шаралардың жүргізілуінің маңызы зор. Бұрынырақ медицина саласы дамымағандықтан түрлі жарақаттардың асқынуының алды алу мүмкін болмаған, қазіргі таңда жаңа технологиялардың арқасында жарақаттарды толықтай емдеп шығуға мүмкіндік жетерлік. Сонымен, спорт саласында спорттық медицинаны енгізу, балалардың дене шынықтыру және спорт сабақтары мен сабақтан тыс жұмыстарына жүйелі қатысуларын бір-бірімен ұштастырып, былайша айтқанда, спортпен шұғылданатын балалардың ағзаға түскен ауырлығы бір қалыпта болады, жұмсалған күш тезірек қалпына келтіріледі және еңбекке деген сенімділік артады, осылайша дамыған тұлға болып тәрбиеленеді. ....
Халықты еңбекпен қамту Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы бүгінгі күннің ең маңызды мәселелері болып отыр. Оның басты мақсаты халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықты жою. Осы мәселелерді шешу үшін ең алдымен еңбек нарығын жүйелі түрде талдап, сонан соң ондағы болып жатқан өзгерістерді бағалап әрбір аймақтың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек рыногы, жұмыс күші рыногы, еңбек ресурстар рыногы басқару жүйесін жетілдіру қажет. Осыған байланысты еңбекке жарамды жастағы халықты жұмыспен қамту және оны экономика салаларында пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселелері. Еңбекке қамтудың негізгісі еңбек ресурстың өсуіне байланысты экономикалық белсенді халық санын да өскендігін байқауға болады. Нарықтық экономикаға өту нәтижесінде халықты жұмыспен қамту құрылымы да айтарлықтай өзгерді. Облыс бойынша материалды өндіріс сферасында жұмыс істейтіндердің саны жыл сайын төмендеуде. ....
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда еліміздің дамуы саяси және экономикалық тұрғыдан тұрақтанды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде мәдениетті дамытуға, ұлттық дәстүрлер мен рухани қазыналарды қорғау арқылы ұлттық ерекшеліктердің сақталуына кең жол ашылды. Жаңа заман талабына сай маманды қалыптастыру, тәрбиелеу егеменді еліміздің алдына қойған мақсаты ғана емес, басты міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл басты міндет - біздің қоғамның идеологиялық, тәрбиелік, оқу-ағарту жұмыстарының негізгі бағыты. Жоғарғы оқу орындарында оқып жүргендер, ертеңгі күні бүкіл республикамыздың әлеуметтік - экономикалық, мәдени, саяси мәселелерін, міндеттерін шешеді, сондықтан олар жан-жақты профессионалдық дайындықтан өтуі тиіс. Жоғарғы оқу орындарындағы музейлер бағытының ең басты міндеті материалдық және рухани мәдениетімізді сақтау, дамыту, қолдау және жоғарғы оқу орнынының қалыптасуы мен дамуын көрсету, жетістіктерін насихаттау болып табылады. Музей мен жоғарғы оқу орындарының байланысының мәні қандай? Тарихи музейлердегі негізгі істерін бастамас бұрын ең алдымен жалпы музей қызметін талдап өтейік. Музей - жалпы адамзат баласының өмірінде заттық және рухани мәдениетті танытуда, зерттеу мен насихаттауда үлкен рол атқарады. Әсіресе, ұлттық, мәдени, азаматтық, әскери, еңбек жетістіктерін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің ерекшеліктерін оқып- үйренуге оның көмегі зор. Музей заттарды адамның бойындағы патриоттық сезімін оятып, Отанды сүюге тәрбиелейді. Музей - табиғат пен адам қолымен жасалған өнер туындыларын және көне заман ескерткіштерін, үлгі-нұсқаларын жинақтаушы, сақтаушы, насихаттаушы және бұл мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе отырып, осы негізде қоғам мүшелеріне тәлім-тәрбие беретін ғылыми-мәдени және рухани мекеме. Сондықтан да бүгінгі күні әлем мемлекеттері арасынан музейі жоқ елді кездестіру мүмкін емес. Жоғарғы оқу орындары мен музей бір-бірін толықтыра отырып, жас тұлғаны қалыптастыруда үлкен жетістіктерге жетеді. Музейдің студенттер мен бірігіп жүргізетін жұмыстарының маңызы өте зор. Мұндай жұмыстар студенттердің көзқарасын кеңейтіп, жас адамның азаматтық-ой өрісін дамытып, студентке ғылыми зерттеу жұмыстарын игеруді үйретеді. Өйткені, музейде жүргізілетін жұмыстардың түрі сан алуан болып келеді. Олар: - музейді ұйымдастыру үшін қор жинау; - басқа музейлермен және мемлекеттік мекемелермен байланыс орнату; - тарихи-мәдени жерлерге экспедицияларға бару, археолагиялық қазбалар жүргізу, табылған ескерткіштерге ұқыптылықпен қарауды үйрету; - экспозиция және көрме жасауға қатысу ....
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы егемендікке ие болып, өз тәуелсіздігін жариялағаннан бастап оның мемлекеттік саясатында халық денсаулығы басты назарда болып келеді. Қазіргі таңдағы ерекше бір қуантатын мәселе: жастардың бойына білім мен озық тәрбиені берумен қатар, салауатты өмір салтын бойларына сіңіру болып табылады. Жүсіп Баласағұн: «Болса тәртіп, бала өседі сомдалып Қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып»,- дейді. Сонда баланың денесі сымбатты шынықан болатын болса, ол әрі тәртіпті де, өнегелі ел азаматы болады деген сөз. Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияланудырудың жаңа кезеңіне қадам басып келеді. Міне, осы қиын да, жауапты міндетті атқару үшін, бәсекеге қабілетті елдер санатына ену үшін, елдің әрбір азаматы (ол жас, не кәрі болсын) дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын болса ғана, нұр үстіне нұр жауар еді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануға, есірткі, темекі мен ішімдікті тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған» делінген. ....
КІРІСПЕ Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір енбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта - ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін жалғасуда. Қазіргі заманауи жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені фирмаларда ең білікті мамандар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Фирмаларда өндірісті және өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес-жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі – менеджмент іске асырылады. Қазақстан экономикасына инвестицияларды тарту мароэкономикалық сипаттағы стратегиялық және тактикалық міндеттерді шешуге бағытталған объективті қажетті үрдіс. Инвестициялар экономиканың қарқынды өсуіне елеулі әсерін тигізеді. Қазақстан экономикасының даму жағдайларында инвестициялар әлеуметтік және өндірістік мүмкіншілігінің құрылымдық өзгеруінің маңызды құралы болып табылады. Ұдайы өндіріс қатынастары жүйесінде инвестициялар маңызды құрылымдық пайда болу қызметін атқарады, халық шаруашылығының қай салаларына инвестициялардың салынуына қарай экономиканың болашақ құрылымы байланысты болады. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі - бұл кәсіпорынның шаруашылық қызметінде маңызды роль атқаратын және өзіне тән заңдылықтарымен дамып отыратын, өзіндік логикаға ие объективті процесс, себебі инвестициялар өзінің экономикалық табиғаты жағынан болашақта табысқа жету үшін ағымдағы тұтынудан бас тартуды білдіреді. Қазіргі таңда көптеген кәсіпорындар өз қызметтерін инвестиция есебінен қаржыландырып дамытуда. Көптеген өндіріс орындары қайта ашылып, ал қызмет етіп келе жатқан өндірістер қызмет көрсету аясын кеңейту арқылы жүздеген, мыңдаған халықты жұмыспен қамтып отыр. Бастапқыда инвестицияны жүзеге асыру жетекшілері өз бетінше инвестицияға қатысты шешім қабылдай алатын кәсіпорынның жұмысы болып көрінсе, онда мұндай жағдайда ең әуелі шешімнің зардаптарын бағалауды үйрену керек, өйткені инвестициялардың жүзеге асырылмауы да өзінше бір стратегия. Нарықтық экономиканың ерекшеліктерін ескере отырып, жер қойнауын геологиялық барлау, өндіру және өңдеу жүргізу саласында инвестициялық үрдісті қалыптастыруда әлемдік технологияларды және менеджмент пен маркетингтің озық әдістерін қолдануға негізделген және инвестициялау тетіктерін қалыптастыруда ең тиімді инвестициялық жобаларды нарықтық тетіктер арқылы дайындау ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан өзекті тұрғы болып табылады.....
Кіріспе Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады. Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі. Ақпараттық жүйе (АЖ) - Экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі. АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі. Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат жатады. Нарықтық қатынасқа көшудегі қаржы және банктік механизмдегі қайта құрулар осы банктік және қаржы ұйымдарының ақпараттық жүйе қызметтерінің бөлімдеріне айтарлықтай әсер етті. Банктік мекемелердің ақпараттық жүйесін құру принципі банктік органдардың иерархиялық құрылымын құрудан көрінеді. Ұсынылып отырған диплом жұмысының мақсаты - банк қызметіндегі тәуекелдікті оқып-үйренуде жалпы банктың, оның элементтері және нақты операциялары мен келісім шарттарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, міндетті ақпарат негізінде іс-жүзіндегі шараларды өңдеуге негізделген. Аталған шаралар мүліктерге, инфрақұрылымдарға және банктың өзінің өміріне қауіп төндіретін әрекеттер мен оқиғаларды ескертуге, жағымсыз зардап ауыртпалығын төмендетуге немесе олардың пайда болу ықтималдылығын азайтуға бейімделген. Теорияда және іс-жүзінде мұндай қауіптер "тәуекелдік", ал тәуекелдікті алдын алу шаралары және олардың зиянды зардаптарын азайту-"басқарылатын тәуекелдік" деп атау қабылданған. Банктік тәуекелдік - сол немесе басқа банктер үшін мүмкін болатын қауіп-қатер. Қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан банктік қызмет үшін тәуекелдікті мүлдем жою емес, оны алдын ала болжап, ең төменгі деңгейге дейін жеткізу маңызды болып табылады. Соңғы 10 жыл ішіндегі банктік және коммерциялық тәуекелдік құралы белсенді зерттеулер және экономикалық әдебиеттердегі талқылаулар болып келді. Бірақ істелінген теориялық материалдар және алынған білімді баяндау әдістері іс-жүзіндегі сұранысты толық қамтамасыз ете алмайды. Белгілі бір жағдайларда бұл тәуекелдік түрлерінің өзара байланысын, сол сияқты тәуекелдік пен қорғау объектілерінің өзара байланысын, тәуекелдіктің ішкі құрылымдық ерекшелігін адекватты сипаттауға, қауіп-қатерге тән айрықша қасиеттер жиынтығын қажетті дәрежеде айқындауға және оны тіркеуге мүмкіндік бермейтіндігін зерттеулер жүргізетін әдістердің жетіспеушілігімен түсіндіріледі. Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқару негізінен тәуекелдікке бағалау әдістерін қолдана отырып, қарыз алушының рейтингін, несие рейтингін және Альтманның Z-үлгісін қолдана отырып басқаруды айтамыз. Диплом жұмысы кіріспеден, теориялық бөлімнен, негізгі бөлімнен, қолданушыға мүмкін болатын облысының ақпараттық жүйесінің деңгейін бағалаудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Банк қызметіндегі тәуекелді басқарудың ақпараттық жүйесін негіздеу бөлімінде пәндік сала, Банк сипаттамасы, ақпараттық, программалық, математикалық, ұйымдастырушылық, лингвистикалық қамтамасыз ету талаптары анықталған және қарыз алушының төлем қабілеттілігін, рейтингін анықтау мәселесінің концептуалды схемасы көрсетілген. Негізгі бөлімінде банк қызметінде кездесетін аса қауіп төндіретін тәуекелдердің ішінен - несиелік тәуекелге көңіл бөлінген. Қарыз алушының төлем қабілеттілігін, оның бағалау әдістерін-қарыз алушының рейтингін, несиенің рейтінгін зерттеу арқылы несиелік тәуекелдіні анықтап, оны алдын ала болжап, тәуекелдіні ең төменгі деңгейге дейін жеткізу үшін ақпараттық база және барлық есептер кешенін жүзеге асыруда қолданылатын программалық құрал жабдықтар сипаттамасы, математикалық, программалық қамтамасыз етілуі және оның құрылымы берілген. Сонымен қатар бақылаушы есеп пен қолданушыға нұсқау көрсетілген. Диплом жұмысында қолданылған әдебиеттер тізімі, құжаттардан және программадан тұратын қосымшалар бар. 1 Банк қызметіндегі тәуекелдікті басқарудағы ақпараттық жүйені негіздеу 1.1 Банк қызметіндегі тәуекелдік. Үрдістің экономикалық мәні Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада банк әр түрлі операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәуекелдік бақылау дұрыстығының маңызы артады.....
Ауыл шаруашылығы малдарының асыл тұқымдылығы мен өнімділігін мейлінше жас кезінде анықтаудың маңызы зор, себебі жоғары препотентті жануарларды селекциялық жұмыста ұзақ мерзімде қолдана отырып, жалпы популяцияның генетикалық біркелкілігін тезірек ұлғайтуға болады. Бұл жұмыс қаракөл қойын өсіргенде көп қажет, өйткені олардың шаруашылыққа тиімділігі 5-6 жасында-ақ аяқталады, ал қошқарлардың тұқымдық сапасы қалыпты жағдайда 2 жасында анықталатынын ескерсек, қажетті типтегі малдардың генетикалық потенциясы көп жағдайда жүзеге толық аспай кетінін аңғарамыз. Кейінгі кезде малдардың тұқымдық сапасын анықтау үшін олардың интерьерлік белгілері зерттеле басталды. Әсіресе қанның белок пен фермент типтерінің ерекшеліктері, тұқым қуалауы мен белсенділіктері анықталып, көп белгілердің ұрпаққа берілетіні, организм мен шаруашылыққа, өнімдерге тікелей әсер ететіні дәлелденді. Осы жағдайға байланысты біздің жұмысымызда оңтүстік сұры қаракөл қойларының аминотрансфераза ферменттерінің белсенділік параметрлері ата-анасы мен төлдерінде зерттелді. Бұл сияқты жұмыстар мүйізді ірі – қара малда, шошқада көбірек жүргізілген болса, биязы жүнді қой тұқымында аз кездеседі, ал қаракөл қойында фермент белсенділіктері өте сирек зерттелген. Сондықтан біздің дипломдық жүмыстың тақырыбы осы мәселелерді қамтиды да ғылыми, әрі шаруашылыққа маңызы бар деп есептейміз. Зерттеу мақсаты: – қаракөл қойының қанының сарысуындағы аминотрансферазаның тұқым қуалауы мен кейбір селекцияландырылатын белгілермен корреляциясын анықтау болып табылады. Алынған тәжірибе нәтижелері биохимиялық тесттереді ұсынуға мүмкіндік беріп, оларды селекциялық жұмыстағы іріктеу мен жұптастыру кезінде қосымша белгілер ретінде қолдана отырып, малдардың өнімділік қасиетін алдын ала, ерте жасында болжауға жағдай жасайды. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі мәселерді шешу жолға қойылды: асырааминдеу ферменттерінің қаракөл қойындағы тұқым қуалау қасиеті мен өзгергіштігі; 1 аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігі бойынша мал басының өсіп өну қасиеттері; 2 аминотрансфераза белсенділігінің қаракөл сапасына әсері; 3 ферменттер мен қойлардың өсуінің, салмағының, дене құрылысының, жүн өнімділігінің арасындағы байланысы; 4 аминотрансфераза белсенділігінің тұқым қуалағыштығы мен селекцияландырылатын белгілермен корреляциясы; Жұмыстың құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыс материалда бетке компьютерлік текстпен теріліп берілген, 6 кестеден тұрады . Жұмыс құрылымы ....