Дипломдық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар санатында қазақ тілінде жасалған жобаларды қарап, тегін жүктей аласыз. Қазақ тілі, математика, информатика, бағдарламалау, қазақ әдебиеті, топырақтану, қаржы, педагогика, дене шынықтыру, құқықтану, география, психология, есеп және аудит, биотехнoлогия және тағы басқа пәндер бойынша дайын дипломдық жұмыстар жарияланған!!!

Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Еңбек ақы есебі мен талдауы

Экономикамыздың нарықтық жолмен дамуы барысында ұйымдар қызметінің қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйым басшылығының ерекше көңілі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына мән беріліп отыр. Әсіресе, елімізде халықаралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп стандартының енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл еліміздің қазіргі даму кезеңінде оның шет ел инвесторларымен қарым-қатынасының нығаюы кезеңінде маңызды болып саналады.
Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық-әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономикамызды нарықтық қатынастарға көшіруде. Сондай-ақ 2005 жылдың 24-маусымында Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңы күшіне енді. Осы негізде әлеуметтік күрделі мәселелерді шешу бүгінге күннің басты талаптарының бірі болып саналады. Әсіресе соңғы жылдары экономика ілімінде түбірлі өзгерістер орын алуда. Мұның өзі қоғамдық және өндірістік қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тікелей байланысты. Сонымен қатар еңбек ақы және еңбек ақы қатынастарын реттеудің бұрын қолданылып келген әкімшілік әдістері заман талабына сай келмей қалды. Сондықтан да бұл саланы түбегейлі реформалау яғни еңбек қатынастарын реттеудің нарықтық әдістеріне көшу күн тәртібіне қойылды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Таулы аймақтардың бокс жаттығуларына әсерлерін зерттеу

Зерттеу тақырыбының көкейкескілігі. Әр түрлі елдерде соңғы бірнеше онжылдықта көптеген спорт түрлерінде орта тау биіктігінде (теңіз деңгейінен 1300-2500 м) жаттығуларды өткізу кеңінен қолданылатын тәжірибе. Бұл жағдай спорттық жетістіктердің өсүіне ықпал етеді, себебі мұндай жағдайда спортшылардың ерік, физикалық және әдістік қасиеттерін жетілдіреді.
Орта таулы аймақтарда спортшылардың тиімділігін арттыру үшін бапкердің нақты мақсаты болуы керек:
1)орта таулы аймақта болатын жарысқа дайындық
2) таулы аймақтарда спорттық жетістіктерді арттыру үшін жаттығулар
3) әр түрлі биіктерде өтетін жарыстарға дайындалу үшін
Сондықтан дайындалу мақсаттарын нақты ажырату керек.
Қазіргі уақытта, теориялық және эксперименттік зерттеулерде осы мәселеге қатысты биомедециналық жұмыстар басымдық алады.
Таулы жерлерде өтетін жаттығу жұмыстары спортшылардың физиологиялық мүмкіндіктерін арттыратүседі. Адам ағзасына ең алдымен тау ауасы қолайлы әсер етеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизміне әлеуметтік талдау

Жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда елімізде әлеуметтік-экономикалық даму барысындағы кәсіпкерліктің маңызы зор. Сондықтан да орта және шағын кәсіпкерлікті мемлекет қолдауға бар мүмкіндігін жұмсауда. Дегенменде мемлекет тарапынан шешілмей жатқан түйіткілдерде бар. Мәселен Қазақстан Республикасында орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау аясын, оның даму барысындағы проблемаларды шешу жолдарына арналады. Шетел тәжірбиесін зерделей және тұжырымдай отырып, ең тиімді тәжірбиені іс-жүзінде орындау және ондағы кемшіліктерді түзетіп, еліміздегі орта және шағын кәсіпкерлікке ыңғайлы етіпқолданысқа енгізу. Сонымен қатар орта және шағын кәсіпкерлікті әлеуметтік талдау бұнда олардың даму тенденциясы, әлеуметтік жағдайға ықпалы, қаржы және несиелендірудегі кемшіліктер.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Кәсіпкерлікті зерттеудің басталуы 18–ші ғасырға жатады. Және «кәсіпкер» терминінің негізін салушы Р.Кантильонның атымен байланысты. М.Вебердің «Протестанттық этика мен капитализм рухы» мен В.Зомбарттың «Буржуасының» пайда болуына дейін кәсіпкерлікті зерттеу экономитка ғылымдарының артықшылығы болып табылды. Дәл осы еңбектер, сондай-ақ, Й.Шумпетердің «Экономикалық даму теориясы» кәсіпкерлікті талдауға әлеуметтік келудің негізін қалады. Олардың идеясын И.Кирцнер, Ф.Мизес, Ф.Хайек, П.Дракер, Д.Макклеланд, Дж.Шэкль дамытты. Й.Шумпетердің кәсіпкерлік әлеуметтану саласында сіңірген еңбегі тұтастай теориясын жасауында. Ол теория кәсіпкерліктің инновациялық қызметі мен кәсіпкерліктің психзологиялық бейнесін жасауға талпынуды үйлестіреді. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті зерттеуге функционалдық келудің негізі қаланды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Қапшағай суқоймасының Торта балығы ихтиофаунасы

КІРІСПЕ

Қапшағай суқоймасының кәсіптік ихтиофаунасы жерсіндірілген түрлерден құралады. Балық қорының кәсіптік игерілуінің дұрыс жасалмауынан, суқойманың қолайсыз гидрологиялық жағдайы кейбір бағалы балықтардың түрлері үшін суқойманың биоценозы тұрақсыз жағдайға тап болуда. Көбіне балықтардың бағалы түрлерінің популяциясы олармен бәсекелес кәсіптік маңызы аз балықтарға қарағанда кәсіптік ауыртпашылықты көбірек кешуде.
Қапшағай суқоймасы Қазақстан ихтиологтарының бірден көзіне түсті, ең алдымен «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» мамандары мен Әл-Фараби атындағы КазҰУ-нің гидробиология және ихтиология кафедрасының оқытушыларының. Зерттеу жұмыстары көптеген бағыттар бойынша жүргізілді, ол өз кезегінде қайта құрылған суқойманың ихтиоценозының қалыптасу процестерін тануға үлкен үлес қосты. Суқойманың қалыптасуының алғашқы жылдарында ақ қоректік базаны жақсарту туралы ұсыныстар мен кәсіптік балықтардың сапалық құрамы (торта, сазан, тыран, көксерке, ақмарқа) жасалды. Жиналған тәжірибелер арқасында көптеген балықтар популяциясының болашақтағы жағдайына болжам берілді.
Қапшағай суқоймасының ауыр металдармен ластануына байланысты ондағы тіршілік ететін балықтардың жағдайына әсері жаңа зерттеулерді қажет етіп отыр. Қапшағай су қоймасы еліміздегі балық қоры мол және кәсіптік маңызы бар көксерке, сазан, тыран, торта және т.б. балықтар ауланатын суқойма.

Жұмыстың мақсаты: Торта балығының биологиялық көрсеткіштерін зерттей отырып, қазіргі кездегі жағдайына баға беру.
Жұмыстың міндеттері:
1. Торта балығы бойынша жасалған ғылыми зерттеу жұмыстарына шолу жасау;
2. 2008 – 2009 жж. аралығындағы жиналған материалдардың биологиялық анализінің көрсеткіштерінің динамикасын көрсету;
3. Көрсеткіштерді салыстыру нәтижесінде Қапшағай суқоймасындағы торта балығының қазіргі жағдайына баға беру.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Информатика | «Компьютерлік гороскоп» Web-жобасын құру

Кіріспе
Қазақ халқының атадан балаға мұра болып жеткен салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары ескінің қалдығы деп ескерілмей келді. Әсіресе мұсылман күнпарағы (Ай күнпарағы) емделу үшін өте қажет екендігі, дәрі қабылдау үшін, сәтті мерзімдер туралы айтылады. Қазақ халқының ертеден келе жатқан ескі ұғымы жұт, апат, індет, қырғын соғыс туралы мәліметтері жұлдызнәма (астрология) арқылы түсіндіріледі. Бұл күнде халық сол мұраларды құрметтеп тарих қатесін түсіне бастады.
Астрология о баста жұлдыздар туралы ғылым болған. Оның жетістігі- аспан денелерінің орнына қарап адамның, халықтың, қоғамның, оқиғаның болашағын болжап айта алған. Астрологияның негізгі мәселесі- тәлиғынәма (гороскоп) жасау. Адамзат тарихы пайда болғаннан бастап, астрологиямен шұғылдана бастаған ғалымдар болған. Олар шығыста, одан соң батыста өте көп болды. Б.э.д. 2154 жылдардағы қытай әміршілерінің аспан әлеміндегі құбылыстарға мән бергендігі кесдеседі [1].
Біздің Қазақстанда Алматыда «Халық емшілерінің Орталығы» ашылды. Конституцияға халық емшісі туралы заң қабылданды. Қайта құру кезінде, нарықтық экономика кезінде дәрі-дәрмек таптырмайтын, таптырса өте қымбат баға кезінде халық өз денсаулығын өзі күтуді үйренсе, өз денсаулығын өзі сақтауды үйренсе, ол да халық үшін пайдалы.
ХХ-ғасырдың соңында Internet және Internet желілерінің пайда болуы, компьютерде мультимедиа құрылғыларының дамуы, ғылымда жаңа салалардың пайда болуына әкеп соқты. Информацияның таралуы уақыт пен ара қашықтыққа тәуелсіз болып қалды. Мұның барлығы пайдаланушының информацияны алу әдістерінің ескіруіне алып келді [2].
Өткен ғасырдың 90-шы жылдары компьютердің дамуына Internet және WWW жүйелері үлкен әсерінен тигізді. Қазіргі кезде осы бағытта компьютер өте үлкен қарқынмен дамуда. Сол жылдары мәтіндік редакторды және көптеген программалық кодтарды пайдаланып, Internet-те өз ойын жариялау үшін, HTML тілін оқып үйрену қажет болатын. Ал бұл тілде жұмыс істеу өте көп уақытты талап етеді.
WWW жүйесінің негізгі қызметі қажетті информацияны іздеу, жинастыру және экранға шығаруды ұйымдастыру. Оның экранда көрсететін мәліметтері Web-құжат түрінде дайындалып сақталған, электрондық құжаттар. Электрондық құжаттың кәдімгі құжаттан айырмашылығы, оның жазылу форматында.
Web-құжат – кішігірім мәтін немесе үлкен мәтіннің бір бөлігі. Әдетте үлкен көлемді құжат бірнеше блоктарға бөлініп, әр блок бір Web-құжат ретінде қарастырылады. Бұл Web-беттер белгілі бір ретпен байланыстырылып, тұтас Web-жоба түрінде көрсетілуі де мүмкін. Яғни Web-беттерге сілтеме ретінде тақырыпқа байланысты басқа Web-беттің адресі енгізіліп қойылады. Internet-тегі Web-жобаларға назар аудартып, пайдаланушылардың санын көбейту үшін, олар аса шеберлікпен безендірілген болуы тиіс [3-5].
Web-құжаттарды қарап шығу үшін арнайы браузер-программалар қажет. Қазіргі кезде кеңінен таралған браузерлер қатарына Internet Explorer (Microsoft) және Netscape Navigator (Netscape Communications Corp.) программалары жатады. Браузерлер WWW-тен басқа Интернеттің басқа да ресурстарымен (Usenet, FTP) де байланыса алады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дінтану | Абай дүниетанымындағы ислами құндылықтар

Зерттеудің өзектілігі.
Тәуелсіздік алғанға дейінгі діни дамуы кеңестік дәуір идеологиясы үстемдік етуімен тығыз байланысты екені баршаға аян. Бұл кезең жас ұрпаққа коммунистік негіздегі біржақты атеистік тәрбие берумен ерекшеленеді. Ұзақ жылдарға сан ғасырлар бойғы қалыптасқан тәрбие негіздерінен айырды. Халықтың рухани санасы азғындап ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан адамгершілік, имандылық, ізгілік қасиеттерге түп негіз болған ділі мен дінінен ажырады. Басқаша айтқанда, өзіндік имандылық келбетінен қол үзді. Осының салдарынан рухани тұлға мұрасын оқытуда да осындай келеңсіздіктерге жол берілді.
Тәуелсіздікті нығайтуда, жас ұрпақты осы айтылған ұлттық биік рухта тәрбиелеу, оның бойында бұрынғы кеңестік дәуірде жоғалтқан имандылық қалпын қайта жаңғыртудың маңызы зор. Осы орайда, Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтқанда, “... жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен, болашаққа жаңаша көзқарасы бар жас ұрпақты” дер кезінде ең қымбат адами, дүнияуи көзқарастар негізінде адамгершілік, имандылық ізгі қасиеттерге баулу қажет /1/.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Топырақтану | Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Ағыбет ауылдық округінің топырақтарының мониторингі және оларды пайдалану жолдары

«Майбұлақ» совхозынан өзгертілген Ағыбет ауылдық округының 1980 және 1981 жылдардағы Шымкент филиалы «Казгипрозем» институты мамандарының жүргізген ірі масштабты топырақ зерттеу жұмыстары жаңартылды.
Топырақты ауқымды зерттеу жұмыстарының мақсаты топырақтың құнарлылығын арттыру және топырақтың құнарлығын жоғарылатуға бағытталған шараларға қажеттіліктерді айқындай отырып, жерді пайдаланудың ең тиімді әдістерін әзірлеу үшін топырақ жамылғысының егжей-тегжейлі сипаттамасын алу, ауыл шаруашылық жерлерін анықтау және есепке алу болды.
Оңтүстік Қазақстан облыстық ШБҚРМК ЖКҒӨО (Шаруашылық басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын – Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы) филиалының мамандары тағайындаған мерзімге байланысты Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Ағыбет ауылының аумағында 2017 жылы топырақ материалдары жаңартылды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық географиялық жағдайы

Оңтүстік Қазақстан ежелден өнеркәсібі ерекше дамыған өңір саналады. Химфарм, қорғасын, фосфор, цемент, шина, полиметалл, уран, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын өндірумен танылған. Дипломдың жұмыстың негізгі мақсаты облыс шаруашылығына сипаттама бере отырып, оның қазіргі кездегі даму жағдайын қарастыру. Еліміз егемендік алып, экономикамыз ілгерілеген сайын облыстың экономикасының өркендеп келе жатқанын байқауға болады.
Облыстың өнеркәсібі әлемнің 37 еліне экспортқа шығарады, 66 елінен өнімдер алады. Экспортталатын өнімдер ішінде мақта өнімдері-43,3%, металлургия өнеркәсібі-14,5 %,минералдық өнімдер-17,2 %,мал және өсімдік өнімдері-17,3 %,химия өнімдері-4,3 %.Ал импорт құрылымында машиналар, машина жабдықтары, көлік құралдары, түрлі приборлар мен аппараттар 42,8%, химия өнімдері -18,8 % құрайды. Облыста қазіргі таңды «Оңтүстік Қаазсқатн облысының индустриалды-инновациялық дамуының 2004-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары» жасалған. Өнім сапасын халықаралық стандартқа сай ету жұмыстары жан-жақты жандандырылуда.
Оңтүстік Қазақстан облысы әруақытта өнеркәсіп ошақтары мен аграрлық секторы қатар дамыған аймақ ретінде көзге түседі. Облыстың динамикалық және комплексті дамуында қажетті шикізаттар жеткілікті мөлшерде кездеседі. Мұнда силикатты шикізаттар, түсті металдардың кен ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Өлшеуіш жүйені Labview-де әзірлеу

Кіріспе
Объектiлердi техникалық жағдайдын бағалауы және жабдықтың қызмет
мерзiмін ұзарту үшін бақылаудың әр түрлi әдiстерiмен оларды кешендi
тексеру керек.
Конструкциялық материалдар күйінің, әртүрлі физикалық әдістер мен
құралдары орналасқан үлкен арсеналы бар қазiргi диагностикасы ақаулықты
анақтау міндеттерімен ғана шектелмейді, материалдардың механикалық
сипаттамаларды анықтау мiндеттерiн шешуде кеңiрек пайдалана бастаған,
және де негiзгi орынды қалдық және ішкі жұмыс кернеулерін өлшеудегі
әдiстер мен құралдар алады.
Осыған орай бірінші орынға механикалық бұзылулар, металлтану және
бұзбай бақылауды байланыстыратын техникалық диагностика әдістері
шығады. Мұндай әдістерге бірінші болып шиеленіскен деформацияланған
күйді бақылау әдістері жатады.
Металл құрылымның басты эксплуатация сипаттамасы - шиеленіскен
деформацияланған күй, себебі, кернеу белгілі бір деңгейден артқан кезде
құбырлар, өтулер, ғимарат аражабы, жебе және тетiктердi көтерме ақының
арқандары және т.с.с. маңызды конструкциялардың ақауына және бұзылуына
әкелуі мүмкін , және де электрлік машиналардың айналмалы бөліктерінің сынуына әкеледі.
Жұмыс істеп тұрған конструкция залалдануының басты көзі болып
коррозияға ұшырау процесі, шаршау және сұламалық интенсивті түрде
артатын кернеу шоғырлану аймағы екені белгілі.
Эксплуатациялы зақымдануға әкелетін процесстер болып кенеу шоғырлану аймағында (КША)
металлдың өзгеруі табылады (коррозия, шаршау, сұламалық). Демек, жабдық
және құрылым диагностикасында кернеу шоғырлану аймағын табу маңызды
міндеттердің бірі болып табылады.
Қазіргі уақытта шиеленіскен деформацияланған күйді бақылау және
конструкция бөлшектерінің магниттік диагностика параметрі арқылы жұмыс
істеуін бағалау ашық мәселе ретінде қала береді .
Улкен қызығушылық өзара байланыста магниттiк және металлдардың
механикалық параметрлерiне негізделген болат конструкцияның шиеленіскен
деформацияланған күйін жанама магниттік бақылау әдістерінде көрінеді.
Өңделген әдістер және металлдың магиттік диагностикалық параметрлері
бойынша механикалық кернеуді техникалық өлшеуіш құрылғылар құбыр
(құбыр, үшжақты, пісірме қосылыс) конструкция элементтерінің шиеленіскен
деформацияланған күйін ерте диагностика жасауда артықшылықтарға ие
болады . Жағдайлар қатарында шиеленіскен деформацияланған конструкция
элементтер күйін бақылауда магниттік шуларды тіркеу, металлды магниттік
анизотроп, коэрциативті күш және металлдың магниттік есте сақтауы үшін
техникалық амал қолдануымен жүргізіледі....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: ПМНО | Бастауыш мектепте бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбие беру

Қазіргі кезедегі өмір тәртібі, адамдардың еңбектік, қоғамдық қарым-қатынастары, айнала қоршаған табиғат баланың эстетикалық дамуының алғы шартын жасайды. Ол әр түрлі халықтардың творчествосымен, сурет және мүсін өнерімен, музыка және биімен, қуыршақ театрының спектаклдерімен, мультфильмдерімен және басқалармен таныса отырып, өнер дүниесіне енеді.
Совет жазушылары – В.Маяковский, С.Маршак, К.Чуковский, С.Михалков, А.Барто, композиторлары – Д.Шостакович, С.Прокофьев, АН.Александров, Д.Кобалевский, М.Красев, М.Раухвергер, Е.Тиличеева, Т.Потапенко, суретшілері – Н.Жуков, А.Пластов, А.Каневский, Е.Чарушин балаларға арналған көптеген тамаша шығармалар тудырды.
Эстетикалық тәрбие педагогиканың оқшауланған саласы емес, оның барлық жақтарымен өзара әрекеттес.
Ақыл-ой және дене жағынан толық даму, моральдік пәктік және өмір мен өнерге деген белсенді қарым-қатынас адамгершілік жағынан жетілуі көбінесе эстетикалық тәрбиеге тәуелді болып келетін кесек тұлғалы, жан-жақты дамыған адамның жеке басын сипаттайды.
Сәбилік шақтағы көркем әсерлер күшті және есте ұзақ уақытқа, кейде бүкіл өмір бойына сақталады. Баланың көркемдік дамуының ойдағыдай болуы үшін педагог оның жасына сай балалар іс-әрекеттері мен көңіл көтерулерінің түрліше формалары мен түрлерін пайдалану қажет. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0