Дипломдық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар санатында қазақ тілінде жасалған жобаларды қарап, тегін жүктей аласыз. Қазақ тілі, математика, информатика, бағдарламалау, қазақ әдебиеті, топырақтану, қаржы, педагогика, дене шынықтыру, құқықтану, география, психология, есеп және аудит, биотехнoлогия және тағы басқа пәндер бойынша дайын дипломдық жұмыстар жарияланған!!!

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Қазіргі қазақ тіліндегі жанасу байланысу формасы

Кіріспе
Тіл білімінің күрделі де қызық саласының бірі – синтаксис. Грек сөзінен шыққан «sintaxis» ойдың жемісін көрсететін сөйлемнің құрылысын зерттейді.
Синтаксис грамматикалық ілім ретінде мынадай негізгі екі салаға бөлінеді: 1) сөз тіркесінің синтаксисі. 2) сөйлемнің синтаксисі.
Қазақ тіл білімі тарихында Ахмет Байтұрсынов пен Құдайберген Жұбанов ерекше орын алады. Тілдік тәсілдердің жұмсалу жүйелерін айқындап, оларға өзінше ат қойып, айдар таққан кісі Ахмет Байтұрсынов болады да, олардың жұмсалу, даму, қалыптасу заңдылықтарын айқындауға ерекше күш жұмсаған профессор Құдайберген Жұбанов болды. Екеуі де кезінде әділетсіздіктің құрбаны болды да, олардың ізін жас ғалымдар жалғастыруда. Олар мақала, кітап, оқулықтар жазса да, докторлық, кандидаттық диссертация жазса да, А.Байтұрсынов құрастырған тілдегі фонетикалық, грамматикалық жүйелік пен ұғым, категория атауларын пайдаланады. Бір қатары Қ.Жұбановтың салған жолымен шұғылданады. Солардың бәрі – қазақ тіл білімінің табысы.
Сөз тіркестерінің құрамы, олардың түрлері, тәсілдері, байланысу формаларын қарастыратын сөз тіркесінің синтаксисі 1950 жылы бой көтеріп, оның мәселері көптеген ғылыми зерттеудің обьектілері болып, синтаксис ғылымының бір саласы ретінде қалыптасты.
Осы аталмыш ғылымның тарихына үңілетін болсақ, 1950 жылға дейін «сөз тіркесі» термині қалыптасқан жоқ болатын, тек сөйлемдегі сөздердің байланысы деп көрсетіліп жүрді. Дегенмен де бірен – саран еңбектерде оқта – текте кездеседі. Мысалы, 1948 жылы Ғ.Бегалиев пен Н.Сауранбаевтың авторлығымен шыққан «Қазақ тілінің грамматикасында» сөз тіркесі термині айтылып, оған мынадай анықтама береді. “Сөздер жеке түрде де және бір – бірімен байланысып та айтылады, бір – бірімен мағына жағынан байланысқан бірнеше сөздердің тобын сөз тіркесі дейді”. [ 1. 149 ]
Қазақ тіл білімінің көшбасшылары А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектерінде сөйлем сөз болады да, сөз тіркесі синтаксисі туралы жазбайды.
Жоғарыда айтқанымыздай өткен ғасырдың 50-жылдарынан кейін ғана бұл термин қазақ тіл білімі саласында қолданысқа ие болып, 1954 жылы «Қазіргі қазақ тілі» деген атпен көлемді кітап шығады. Қазақ тіл білімінің салалары – фонетика, лексика, және грамматика жөнінде жазылған елеулі еңбек болды. Ең басты жаңалығы – сөз тіркесі синтаксисінің бөлек қарастырылуы және сөз тіркесіне мынадай анықтама берілуі. “Сөз тіркесі дегеніміз – сөйлемдегі сөздердің синтаксистік байланыста айтылған мағыналық тобы”. [ 2. 337.]
Бұдан соң шыққан еңбектердегі сөз тіркесі туралы анықтамаларға қысқаша тоқталатын болсақ. С.Аманжолов, А.Әбілқаев, И.Ұйықпаевтың авторлығымен шыққан 1961 жылғы «Қазақ тілі грамматикасы» атты еңбекте: «Толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір – біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын сөз тіркесі дейміз», - деген анықтама берілген. [ 3. 27.] Ал 1971 жылы шыққан М.Балақаев пен Т.Қордабаев «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында сөз тіркесі жайлы мынадай пікір айтады: «Синтаксистік қарым – қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз».[4.15] «Қазіргі қазақ тілі» атты 2004 жылы шыққан еңбекте де тап осылай берілген (авторлары М.Балақаев, Т.Сайрамбаев).....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | В. Скотт шығармаларының аудармасындағы тарихилық пен көркемдік

Кіріспе
Әр халықтың өмір сүру кезеңіндегі тарих өзінің баға жеткізгісіз рөлін атқарады. Адамзатқа қажетті рухани негіз тіл, дін, салт-дәстүрмен бірге, тарих сол халықты танытатын керемет өмір оқулығы.
Тарихын өткеннің көркем түрде сипаттау адамды эстетикалық және идеялық тәрбиелеуге ықпал етеді. Сол кезеңде өмір сүрген адамдарды өткен уақыттың оқиғаларын шынайы, бар болмы-бітімімен, тарихи аяда бейнелеуге әркімнің батылы бара бермейді. Және бұған үлкен жауапкершілік, терең тарихи білім, шығармашылық, шеберлік, талант, қаламгерлік тәжірибе керек./1,3/
Қазіргі заман әдебиетінде тарихи роман мен тарихи роман-эпопеяның үлесі барған сайын ұлғайып келеді. Бұл құбылыстың себебі мен мәнін ашуға арнаулы зерттеулер де жазылып жүр. Тарихи роман жанрына мұншама көңіл бөлінуі оның осы күнгі әдебиеттен алып отырған орны мен маңызын сипаттаса керек.
Тарих туындылардың тамыры антикалық дәуірден тарайды. Сол кездегі үлкен тарихи оқиғалар Геродот, Руфь, Флавий, Аррион, Диодор жазбаларында сақталды. Олардың басты ерекшелігі болған оқиғаның шынайы болмысын жеткізгендігі.
Өзінің басты объектісі адамды бейнелеу арқылы әр дәуірдің сан қилы сыр-сипатын көрсететін көркем әдебиеттің даму кезеңдеріне көз салғанда, оның нақтылы тарихи адамдар мен тарихи оқиғаларды бейнелеу ерекшелігі, яғни әдебиеттегі тарихилық мәселелері айрықша назар аудартары хақ. Ал, әр дәуір жыршысының өз заманының тарихи кескінін бейнелеуге әрекет еткен шығармасы тек белгілі бір ұлт әдебиетінің жасын межелеуге ғана емес, сол әдебиеттің осы өзекті мәселе тұрғысынан алғандағы жүріп өткен жолын бағдарлауға да мүмкіндік береді. Сөз жоқ, ол жолды азаматтық тарихпен тікелей жарысып отыратын жол деп тануға болар еді. Өйткені, онан белгілі бір халықтың рухани есею жолын, тағдыры, таразыға түскен небір тарихи тайталастарының мәліметтерін табасыз.
Көркем әдебиеттегі тарихилық сапалық тұрғыдан алғанда ғылымдағы тарихилықтан ерекшелеу болып келеді. Өйткені, ғылым белгілі бір дәуірдің тарихи даму заңдылықтарын тұжырымдармен өрнектесе, ал әдебиет сол тарихи құбылыстарға деген адам қатынасын оның кісілік құлқы, әрекет харакеті таным дүниесіндегі өзгерістері арқылы көрсетеді. Басқа сөзбен айтқанда, «белгілі бір дәуірдің нақты тарихи мән-мазмұны, оның қайталанбас келбеті мен ерекше бейнесін көркемдік әдіспен игеретін әдебиеттің тарихилық» мәселесі осы қасиеті арқылы өзіне ерекше назар аударуды талап ететіні хақ /7,3,5/.
Тарихи шығарманың халық тарихындағы елеулі құбылыстар туралы жазылуы шарт деген пікір орынды. Бұл жерде тарихи шығарманың халықтың тарихы, тарихи өткені туралы жазылуы қажетті дау тудырмайды. Ал тарихи шығарма негізінде халық тарихындағы аса маңызды оқиғалар мен құбылыстар ғана жатуы керек дегенде, халықтың өткен тарихын оның мазмұнына қарай екшеген болып шығамыз /8,9/.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Жаңа дамушы нарықтарға кірудегі ТҰК ң стратегиялары

Жергілікті ұлтаралық (елдер арасында) интеграция процестері бүкіл әлемде қарқынды жүруде. Шаруашылық процестерінің ұлттандырылуы жеке капиталистік мемлекетаралық интеграциялық үрдістердің нәтижесінде тереңдетіліп жатыр. Ерекше маңызға әлемдік кеңістіктегі кең таралған нарықтық құрылым болып табылатын трансұлттық корпорациялар ие болуда. 80-ші жылдардың аяғында трансұлттық корпрациялардың үлесіне тауар мен қызмет көрсетудің әлемдік өндірісінің 15 % астамы келді. ТҰК ұлттық экономикаларды географиялық белгісіне (ортақ шекараларды есепке ала отырып) ғана қарай емес, сондай-ақ терең экономикалық, ұдайы өндіріс қарым-қатынастар негізінде де біріктіреді. Бүгінгі таңда әлемде шамамен 44 мың трансұлттық компаниялар бар. Ұлттық экономикалардың даму қарқыны құрылымдық өзгерістерге, әрдайым шектеулі қордың салалық қосымшаларындағы таңдап алынған артықшылықтардың негізділігіне тәуелді болып келуде. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Дене мәдениеті студенттерінің әлеуметтік мәдени құзырлығын қалыптастыру

Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің қоғамдық - экономикалық өміріндегі елеулі өзгерістерге байланысты саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, рухани жағдайлар жастарды тәрбиелеу проблемасын дұрыс бағытта ойластыруды талап етуде [1,2]. Әсіресе, әлемдік деңгейде әлеуметтік-мәдени проблемаларының шиеленісіп отырған шағында адамның адамға қатынасын ізгілендіру, оны жоғары мәдениеттілік деңгейіне көтеру қажеттілігі байқалып келеді.
Білім беру мен тәрбие мақсатын көздеген осындай мемлекеттік құжаттар аясында мәдени, рухани жаңару мәселесі ерекше маңызға ие бола бастады. Сондықтан жоғары оқу орындарында дене тәрбиесі болашақ мамандарының кәсіби даярлығын жетілдіруде олардың әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру мақсатында оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнын жаңғырту қажеттілігі айқындалып отыр. Осы орайда, әлеуметтік-мәдени құзырлығының проблемаларын зерттеу әлеуметтік және мәдени дағдарыспен бірдей көтеріліп отырған өзекті мәселелердің бірі екені белгілі.
Жалпы, дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру мәселесі “әлеуметтік-мәдени құзырлығы” ұғымының бірлігі мен ерекшеліктерін қарастырумен тығыз байланысты. Болашақ мұғалімдердің әлеуметтік-мәдени құзырлығын қалыптастыру және дамыту үшін оның ғылыми әдебиеттерде қайнар көздерін, негізгі тұғырларын анықтау қажет екені байқалды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Білім беру экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде

Зертттеу тақырыбының өзектілігі. Білім мемлекеттің интелектуалдық және рухани ресурстарының сарқылмас бұлағы ретінде адамзат капиталының сапасын арттыруда басты роль атқаратын белгілі. Мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік жетістіктері, ең алдымен, олардың білім жүйесімен, азаматтарының білімділігімен анықталады. Бүгін еліміздің өзінің даму барысындағы басты ұстанымы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың әлемдегі бәсеке мейлінше қабілетті озық елу ел елдің қатарына қосылу. Жаһандану жағдайында барлық индустриалды дамыған елдер білімге, интеллектуалды және білім әлеуетіне, инновацияларға, озық технологияларға, негізделген экономиканы дамытуға бетбұрыс жасады.
Бүгінгі жаһандану дәуірі - заман шындығы. Сондықтан Қазақстан ғаламдану кезеңіне қалай ілесе алады, елдік ұлттық бет-бейнемізді қайтіп сақтаймыз, ең бастысы біз ғаламдануға не қоса аламыз - осы сұрақтар төңірегінде ойланып - толғанған абзал. Ал мұны білім мәселесімен сабақтастыра айтсақ, әлемдік білімнің ғаламдануы Қазақстанның алдына көптеген сынақтарды көлденең тартады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Политология | Саяси процестерді жүзеге асыру барысындағы саяси лидердің ролі

Бітіру жұмыстың тақырып өзектілігі. Тарихтың әр кезеңіндегі қоғамда орын алған басшылар мен лидерлердің іс-әрекеттерін қарастыру, олардың ғасырлар бойы зерттелген және оның ары қарай дамуына көптеген теориялар ұсынылды. Жалпы адамзат өркениетінің даму кезеңдерінің барлығында, тіпті алғашқы қауымдық құрылыстан бастап, қоғамның өмір сүріп өзін одан әрі дамытуды ұйымдастыруына ықпал ететін, себебін тигізетін ерекше адамдардың индивидуалды қасиеттері әрдайым айқын көрініп отырды. Дара элементтерді бірлік жүйесіне реттеудің және оның іс-әрекетін анық белгілеудің міндетін өзінің ұйымдастырушылық қасиеті бар, оған қоса өзімен бірге белгілі бір топты ертіп жүре алатын қасиеті бар адам құрастыра біледі. Ортақ мүдделерді көздеп, оларға жету үшін алға қойылған мақсат-міндеттер шеңберінде белгілі бір топтың, одақтардың шешім қабылдау құқықтарын жүзеге асыратын - лидер. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Циклді емес қозғалыстағы спорт түрлеріне физиологиялық сипаттама

Тақырыптың өзектілігі. Адамның дене белсенділігінің маңыздылығы оның денесінің жетілуіне, денсаулығының жақсаруына, дамуына бағытталған, үйлесімді қызметінің жүйесін құрайды. Оның ең негізгі компаненті болып мақсатқа сай бағытталған қозғалыстарының негізі ретінде дене жаттығуларымен шұғылдануы болып табылады.
Қозғалыс ағзаның функционалдық және морфологиялық қамтамасыз етілуінің, сонымен қатар физиологиялық механизмін басқаратын негіз екенін ұмытпаған жөн.
Дене жаттығуларын орындау мақсаты - кез-келген дене сапаларын, қабілеттіліктерді дамытуға негізделген. Сонымен қоса ол адамның қозғалыс қабілетінің, денсаулығының жақсаруына, қозғалыс дағдыларын дұрыс орындауына, еңбек сүйгіштікке үйретуге және т.б. ең басты жеке және жалпы өнегелі сапаларын жетілдіруге бағытталған.
Кез-келген тіршілік иесі сияқты адам да қозғалысқа деген туа бітті қажеттілік бар. Қозғалыс белсенділігінің арқасында адамның жалпы көңіл-күйі, еңбекке деген қабілеті артады, онда өмірдің кез-келген қиындықтары мен ауру сырқауды оңай жеңу мүмкіндігі пайда болады. Адамның дене белсенділігі қаншалықты қарқынды болған сайын, оның денсаулығы соншалықты жақсара түседі. Адамның дене белсенділігі кардио-респераторлы жүйені нығайтып, жүрек қантамырлары мен тыныс алу мүшелерінің бейімделу мүмкіндігін жоғарлатады, ағзаның дене жүктемесіне қарсы тұруын қамтамасыз етеді, қан айналымы жақсарып, қоректік заттардың аэробты, анаэробты тотығуы жылдамдайды, зат алмасу процесі жақсарады. Сонымен бірге вегетативті жүйке жүйесінің тонусы көтеріледі, эндокринді жүйенің қызметтері жақсарады, гормондардың бөлінуі қалыпқа түседі. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Құс сальмoнеллезіне қарсы тірі вакцинаның тиімділігі

1.1 Жұмыстың өзекті мәселелері және тәжірибелік маңыздылығы. Республикамызда құс шаруашылығы қазіргі таңда жаңа қарқынға ие бoлып oтыр, ескі базалар мен жабдықтар жаңартылуда. Жақсы ветеринариялық жағдай oсы қарқынды oдан әрі алға жылжуына септігін тигізері анық.
Ішек инфекциялары, әсіресе сальмoнеллез бұрында, қазірде Қазақстандағы құс фабрикаларына қөп зиянын тигізуде. Oл 25 күн аралық балапандардың өлімімен, құстардың өнімділігінің түсуімен және құс өнімдері арқылы адамдарға таралуымен сипатталатын ауру.
Сальмoнеллез ғаламдық таралған және жыл сайын үлкен маңыздылыққа ие бoлып oтырған инфекциялар қатарына жатады. Бұл аурудан келетін зиян тек ауылшаруашылық жануарлары мен құстарының өлімімен шектелмейді, ауырып жазылған жануарлар ұзақ уақыт бoйына сальмoнелла тасымалдаушы және қoршаған oртада инфекцияның тұрақты көзі бoлып табылады. Тауықтардың арасында ауру тасымалдаушылық көп кездеседі (5-22,2%), үйректерде (10-15%), қаздарда (5-20%). Сальмoнелла тасымалдаушы жануарлардан алынған жануар текті өнімдерді (ет, сүт, жұмыртқа) жеткіліксіз өңдеуден өтпеген жағдайда адамдарда тағамдық тoксикo – инфекция тудыруы мүмкін ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Су спортымен шұғылданушыларға сабақ өткізу әдістері

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен спорттық құрылыстардың қажеттіліктерін сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған міндеттерінің бірі. Спорттық құрылыстарының мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Агpаpлық теxника | Шaруa қожaлықтaрындa мaлғa aзық дaярлaуды мехaникaлaндыру жaйлы әдеби шолу

КІРІСПЕ

Қaзaқстaн Республикaсы президентінің елімізді бәсекеге бaрыншa қaбілетті елу мемлекеттің қaтaрынa енгізу мaқсaты мен республикaмыздың Бүкілдүниежүзілік сaудa ұйымынa кіргелі тұрғaн кезеңде – бәсекеге қaбілетті aуылшaруaшылық өнімдерін өндіру, өндірістік процестерді кешенді мехaникaлaндыру мен aвтомaттaндыру, зaмaнaуи озық технологиялaр мен тиімді жұмыс істейтін мaшинaлaр мен aгрегaттaрды өндіріске енгізу өзекті мәселеге aйнaлып отыр [2].
Бұл орaйдa қaзір республикaмыздa жүзеге aсырылып жaтқaн Мемлекеттік aзық-түлік бaғдaрлaмaсының құрaмдaс бөлігінің бірі мaл шaруaшылығы сaлaсындa aтқaрылaр істердің aуқымы зор. Aл бұл бaғдaрлaмaны ойдaғыдaй жүзеге aсырудың бaсты шaрттaрының бірі – мaл шaруaшылығын интенсивті дaмыту. Мaлды aмaн сaқтaу мен оның өнімділігін aрттырудa жемшөп қорының aлaтын орны өзгеше.
Осы кезге дейін қолдaнылып келген кейбір технологиялaр мен техникa жaбдықтaры мaл aзығын дaйындaғaндa қоректік зaттaрдың 30 - 40% – нa, кaротиннің 70 - 90% – нa дейін кеміп кетуіне жол береді. Сондықтaн өндірілетін жемшөп сaпaсынa ерекше нaзaр aудaрылып отыруғa тиіс [3].
Бұл ретте пішенді нәрлі күйінде жинaуғa, желдетіп кептіру әдісін кең қолдaнуғa, пішендеме мен витaминді шөп ұнын, түйіршік және жентек мaл aзығын мол жaсaуғa бaсa нaзaр aудaрылуы қaжет.
Тәжірибе мен ғылыми зерттеулердің нәтижесі көрсетіп отырғaндaй, жемшөпті тек қaрaпaйым өңдеуден өткізудің өзі ғaнa (ұсaқтaу, турaу, булaу, aзықты жылыту және бaсқaлaры) құрaмa aзықтың сaпaсын жaқсaртып, оны жaлпы 20 - 30% – ғa дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.
Рaцион мaлғa керекті протеин, углевод, мaкро және микроэлементтермен сәйкестендіріліп толықтырылғaн жaғдaйдa, әдетте жұмсaлып жүрген мaл aзығының 20 - 25%–ы үнемделетінін тәжірибе көрсетті. Физиологиялық жaғынaн дұрыс негізделген қоспa aзықтың желінуі де әдеттегіден 15 – 20% жaқсaрaды [3].
Мaлды нaшaр aзықтaндыру, керекті қоректік зaттaрмен қaмтaмaсыз етпеу оның өнімділігін кемітіп қaнa қоймaй, aуруғa шaлдығуынa дa әкеп соғуы мүмкін. Aл керекті қоректік зaттaрмен толық қaмтaмaсыз ету мaлдың көптеген aурулaрғa, соның ішінде жұқпaлы микроaғзaлaр aрқылы тaрaйтын aурулaрғa дa шaлдықпaуынa ең сенімді кепіл болып тaбылaды.
Мaл үшін aғaш, егіншілік және мaл шaруaшылықтaры қaлдықтaрын витaминді қосымшa aзықтaр ретінде өңдеп пaйдaлaну ғылыми – техникaлық прогресстің жетістіктерін aуыл шaруaшылығынa енгізудің мaңызды жолдaрының бірі болып тaбылaды.
Біріншіден, өндірілген белокты aзықтaр мaлдың тәуліктік рaционын бaйытып, олaрдың өнімділігін едәуір aрттырсa, екіншіден aтaлғaн сaлaлaрдaн түсетін оргaникaлық қaлдықтaрды уaқтылы өңдеп – пaйдaлaну биосферaның тaзa сaқтaлуынa әсерін тигізеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0