Дипломдық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар санатында қазақ тілінде жасалған жобаларды қарап, тегін жүктей аласыз. Қазақ тілі, математика, информатика, бағдарламалау, қазақ әдебиеті, топырақтану, қаржы, педагогика, дене шынықтыру, құқықтану, география, психология, есеп және аудит, биотехнoлогия және тағы басқа пәндер бойынша дайын дипломдық жұмыстар жарияланған!!!

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | «ҚЫЗ ЖІБЕК» ЖЫРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПОЭТИКАСЫ

Кіріспе
Эпос (грекше, eposn - әңгімелу, тарихтап айту) – көркем әдебиеттің байырғы негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда, өмір шындығын мол қамтып, кең суреттейтін адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі күрделі жанр, [15,45]. Эпостың туу, қалыптасу тарихы адам санасының алғаш ояну дәуірлеріне тамыр тартып жатыр. Қай халықтың болсын баяғы бабалар заманынан бері қарай ауыздан-ауызға таратып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып келе жатқан әдеби туындылардың дені-эпостық жырлар.
Эпостық шығарманың арқауы – автор үшін ішкі субъективтік шындық емес, сыртқы объективтік шындық. Жекелеген адамдардың көңіл-күйі ғана емес, бүкіл халықтың тұрмыс-тіршілігі, тарихи тағдырлары мен ұлттық адам заңдылықтары .
Адамның көңіл-күйінен туатын лирика мен қимыл-әрекетіне негізделетін драмадан эпостың айырмасы – мұнда шындық кең көлемдегі баяндалу, әңгімелеу арқылы жинақталады. Сонда эпикалық шығармадағы авторлық суреттеу мен қаһармандардың диалог – монологтары – эпостық баяндауды жүзеге асыру жолдары, амалдары мен тәсілдері ғана. Белинский эпикалық шығарманың тағы бір ерекшелігі ретінде, мәселен, драмадағы басты нәрсе – адам болса, эпостағы басты нәрсе –оқиға екенін ескертеді. (Эпикалық шығармада адамның өмір жолы кеңінен баяндалады, оның басынан кешкен тағдыр мен тіршілік толық жинақталады, ол қатысқан оқиғалар молынан суреттеледі, ол жасаған іс-әрекеттер тұтас бейнеленеді, қысқасы адамдар арасындағы қарым-қатынастар әр қырынан айқын көрсетіледі.
Қазақ фольклортану ғылымында эпостық туындыларды үш салаға бөліп қарастырып келеді. Олар батырлық эпос, лиро-эпос және тарихи эпос.
Жұмыстың тақырыбы лиро-эпос шығармасының поэтикасы болғандықтан кіріспеде лиро-эпостық шығармалардың ерекшелігін, оның зерттелуі мен даму тарихына және поэтикаға шолу жасауды қажет деп таптық.
Лиро-эпос – лиро –эпикалық жанр, лирикалық әрі эпикалық тұрғыдан жасалған көркем әдеби шығарма. Лиро-эпостық шығарманың қаһармандары қарапайым, сүйіспеншілікке берілген нәзік сезімді, азаттық үшін күрескер жандар болып келеді.
Лиро-эпостық поэмаларда ғашықтық, мұңды армандар, сүйіспеншілік, ынтызарлықтар жырланады. Бұл поэмаларда ерліктен гөрі мұңлық – зар басым болып келеді.
Лиро-эпос та халық арасында көп замандар ауыздан-ауызға көшіп, біреуден – біреу жаттап алу арқылы кейінгі ұрпаққа жетіп, баспаға іліккен.
Батырлар жыры сияқты лиро-эпостың да нұсқалары көп.
Талай ғасырларды басынан кешіргендіктен, лиро-эпостардың да негізгі желісіне басқаша бір оқиғалар, эпизодтар қосылуы кейде бір нұсқада бар көріністер, екіншісінде болмауы кейде шығармаларда суреттелетін оқиғалардың шиеленісі, шарықтау шегі мүлдем өзгеше болуы да ықтимал.
Батырлар жырымен салыстырған, сүйіспеншілік, махаббат тақырыбындағы жырларда халықтың тұрмыс-салты, әдет – ғұрпы, адамның ішкі сезімі молынан баяндалады. Бұлардың лиро-эпос деп аталуы да сондықтан.
Қазақ лиро-эпостық шығармаларын үлкен-үлкен екі топқа бөлуге болады. Оның біріншісі – қазақ халқының тума шығармалары. Олардың бір тобы халық арасына кең тарап баспа бетінде жарияланып үлгерсе («Қозы Көрпеш - Баян – сұлу», «Қыз Жібек», «Айман Шолпан»), тағы бір тобы қолжазба күйінде Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының Орталық ғылыми кітапханасында сақтаулы. Екінші топқа шығыстың классикалық әдебиетінің сюжетінің негізінде жасалынған «Ләйлі-Мәжнүн», «Тахир- Зухра», т.б. хикаялар жатады. Ә. Қоңыратбаев өзінің «Қазақ фольклорының тарихы» деген еңбегінде де осы пікірді қолдайды.
Лиро-эпостық жырлардың жариялану тарихында Қазан төңкерісіне дейін орыс ориентанистері В.В Радлов, И.Н.Березин, Г.Н. Потанин т.б. еңбек етті. Ал қазан төңкерісінен кейін бұл бағытта М.О. Әуезов, Қ.Жұмалиев, Ы.Дүйсенбаев, М.С.Сильченко, Н.С.Смирнова, М.Ғабдуллин, Ә.Қоңыратбаев т.б. зерттеушілердің еңбегі бар.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Күләш Ахметованың лирикасы

Кіріспе
Әдебиеттің тегі бейнелеу тәсілінің үш түріне қарай жіктелетіні әдебиет теориясынан белгілі. Бірі – автордың өз атынан баяндау (лирикалық түр), екіншісі – кейіпкердің толғанысы (лирикалық түр), үшіншісі – кейіпкерге өзара қақтығысып сөйлесу (драмалық түр).Әдебиетте қалыптасқан қанша жанр болса, соның барлығының атқаратын қызметі – өмір шындығын әр қырынан танытып, көркем шындықтың суретін салуға септігін тигізу. Осы жағынан алып қарағанда, әр жанрдың, әрине, өзге ұтымды жақтары бар.Көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бірі – лирика. Лирикада ой мен сезім бірлесіп, терең қабысады. Оған тартымды күш-қуат дарытатын терең оймен суарылған, нәрленген жалынды сезім әсерсіз, құрғақ қағида-тұжырымдар арқылы берілсе, оқырманды тебірентпейді. Өмір, дүние, адам тағдыры туралы үлкен толғаныстан тумаған жай сезімшілдік лириканы жандандыра алмайды. Лириканың басқа жанрлардан айырмашылығы да, өзіндік артықшылығы да бар. Академик Зәки Ахметов «Лирикалық шығармада негізінен алғанда жеке адамның көңіл-күйі, сезімі суреттеледі. Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан-дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді»/1.216/.
Адам жанының тереңдігіне бойлай білуді қажет ететін лирика жанрының өзіндік ерекшеліктері, оның өзге жанрлардан айырмашылығы орыс әдебиеттануында кеңінен зерттелеген. Атап айтқанда, Л.Гинзбургтің «О лирике», М.Гринбергтің «Лирическая поэзия», «Три грани лирики». Ал Михайловтың «Лирика сердца и разума», М.Поспеловтың «Лирика среди литературных родов», В.Бузниктің «Лирика и время», Л.Г.Фризманның «Жизнь лирического жанра», Полкиннің «Лирика как искусство стихотворного слова», т.б. еңбектерінде лирика мәселесі кеңінен сөз болса, қазақ әдебиеттануында да осы жанр төңірегінде жазылған көптеген ғылыми кітап, монография, мақалалар да баршылық. А.Байтұрсыновтың «Ақ жолынан» бастап, Ж.Аймауытовтың «Мағжанның ақындығы туралы», Қ.Жұбановтың «Замана бұлбұлдары», Қ.Жұмалиевтің «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі», Е.Ысмайловтың «Ақындар», М.Қаратаевтың «Шеберлік шыңына», М.Дүйсеновтың «Қазақ лирикасындағы тақырып пен көркемдік шешім», М.Базарбаевтың «Көрікті ойдан көркем сөз», З.Қабдоловтың «Сөз өнері», С.Қирабаевтың «Әдебиет және дәуір талабы», З.Ахметовтың «Өлең сөздің теориясы», Б.Кәрібаеваның «Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы», Қ.Жүсіптің «Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік», т.б. көптеген еңбектерде қазақ поэзиясы, лирикасы жүйелі түрде талданып, зерттелініп келеді.
Қазақ поэзиясындағы сапалық күрт өрлеу, жедел кемелдену, негізінен 60-жылдардан басталады. Поэтикалық даму шексіздігінің әр тұсынан бір толқын көтерген қуатты жарылыстар мен дүмпулер кезеңі боп тұратыны белгілі, 60-шы жылдар феномені де сол тектес бір «қопарылыс» мезеті еді. Оның тарихи себептері саяси, әлеуметтік-психологиялық дәйекті негіздері бар. Бұл өзі социалистік Құрылыс ауқымындағы демократияның сәл де болса кеңейе түскен, И.Эренбург «Жылымық» (оттепель) деп ат қойған кезеңде, жеке адамға, оның жан дүниесі мен рухани ділгірлігіне тереңдей үңілуге шақырған уақыт талабына, қоғамдық сана-сезімнің өрлеуіне тұспа-тұс келген, сонымен тікелей байланысты құбылыс болатын. Жеке бастың қадірі туралы концепцияның қайта жандануы лириканың да кібіртігін жазып, тұсауын шешті. Лирика кенет шешіліп, өз тілімен сөйлей бастады. Дүниеге кәдімгі ет пен сүйектен жаратылған жанның болмысынан сәулеленген поэзия келді. Лирикалық кейіпкер арқылы адам жанының тереңі, қасиет-қуаты пердесіз көрініс тапты. Қазақ поэзиясындағы осы жаңа дәуір О.Сүлейменов, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, С.Жиенбаев, М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынова, Ж.Нәжімеденов, Т.Айбергенов, К.Ахметова т.б. есімдермен тығыз байланысты /2.63/.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Психология | Ж. Аймауытұлының психологиялық еңбектеріне талдау

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі.
Халќымыздың ғасырлар бойы біртіндеп қорланып қалыптасқан рухани қазынасы тоталитарлық режим кезінде орасан зор күйзеліске түсіп, тоқырап қалғаны қазір екінің біріне мәлім бола бастады. Бұл жағдай өскелең жас ұрпақтың туған халқының мәдениеті мен салт-дәстүрінен ажырап қалуына, мәңгүрттер қатарының көбейе түсіуне мықтап әсер етті. Жас өспірімнің ата-баба мұраларынан толық қол үзіп қалмауы – елдігіміз бен егемендігіміздің негізгі критерийлері екендігі дауссыз.
Осы айтылғанға орай ғалымдарымыз халқымыздың сан ғасырлық рухани мұрасын, әсіресе оның тәлім-тәрбие, ұлттық педагогика мен психологияға байланысты асыл қазыналарын, ғылыми-теориялық биіктен талдап, зерделеп көрсете білуі тиіс.
Психология ғылымының тарихын зерттеуде бұрынғы Одақ көлемінде біраз іс тындырылғанын айта кеткен абзал. Мұндай ғалымдардың қатарына: А. Н. Ждан, А. А. Никольская, А. В. Петровский, А. А. Смирнов, В. М. Теплов, М. Г. Ярошевский /Ресей/ ; Г. С. Костюк, Д. Ф. Николенко, М. А. Мацейкив /Украна/; Р. Г. Натадзе, А. С. Прангишливи /Грузия/; Р. Е. Устоев /Тәжікстан/; А. Абдусаттаров, М. Вахидов /Өбекстан/; Ш. С. Агаев, А. С. байрамов, А. Т. Баќшалиев /Әзірбайжан/; М. А. Мазманян, Л. А. Саакян /Армения/; А. С. Гучас /Литва/ ; Я. М. Анспак, И. Э. Плотниек /Латвия/; К. А. Рамуль /Эстония/, т.б. еңбектерінде бұрынғы ССРО еліндегі психология ғылымдарының тарихы, оларда көтерілген іргелі де келелі теориялыќ проблемалар мен әдіснамалық арналар жайлы кесек зерттеулер жүргізіліп, диссертациялар қорғалды, ғылыми еңбектер жарық көрді.
Қазақстан жағдайында да ұлттыќ тәлім-тәрбие саласының єр түрлі проблемалары, әсіресе қазақ психологиясының сан ғасырлық тарихы зерттеу объектілеріне айналып келеді. Тек соңғы жылдары ғана осы салада бірнеше диссертациялар қорғалып, жекелеген еңбектер жарық көрді. Бұлардың ішінде А. Ақажанованың, Н. Жєнділдиннің, К. Жөкештің, Н. Елікбаевтің, Қ. Жарықбаевтың, Т. Тәжібаевтің, В. Чистортын т.б. еңбектерін аймар едік.
Сондай-ақ, қазаќ халқының психологиялық мұрасының қазіргі кезде жекелеген мєселелеріне арналған зерттеулер /Ә. Алдамұратов, С. Жақыпов, Ж. Намазбаев, К. Өмірбекова, Р. Сүлейменова, Қ. Рахымбеков, Ж. Түрікпенұлы т.б. / бар.
Халқымыздық он төрт ғасырлық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің тарихындағы аса көрнекті ғұлама тұлғалар көптен бері зерттеу объектісіне айнала бастады. Ғалымдарымыз Әбу Насыр әл-Фарабидің, Жүсіп Баласағұнидің, Махм±діњгек Ќашќаридіњ, Ыбырай Алтынсаринніњ, Абай Ќ±нанбаевтыњ, Шєкєрім Ќ±дайберді±лыныњ, М±хтар Єуезовтыњ , Маѓжан Ж±мабай±лыныњ м±раларын педагогикалыќ жєне психологиялыќ т±рѓыдан талдауѓа, диссертациялар ќорѓалды. Сондай-аќ, «ќазаќ халќыныњ тєлімдік ой-пікірлер антологиясы» /Алматы. – Рауан. – 1995/, «Ќазаќ тєлім-тєрбиесі» /Алматы. – Санат. – 1995/, «Ќазаќ психологиясыныњ тарихы» Алматы. – Ќазаќстан. – 1996/ т.б. осы секілді ірг елі ењбектер жарыќ кµрді.
Тоталитарлыќ режим т±сында ќуѓын-с‰ргінге ±шыраѓан халќымыздыњ аса кµрнекті ѓалымдары, ќоѓамдыќ ќайраткерлер – А. Байт±рсын±лыныњ, Х. Досм±хамед±лыныњ, М. Дулатовтыњ, Нєзипа Ќ±лжанованыњ, М±нара±стафа Шоќайдыњ тєлім-тєрбие саласындаѓы ѓылыми м±ралары зерттеле бастады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Оңтүстік қазақстан өңірі ландшафттық топонимикасы ерекшеліктері

Зерттеудің өзектілігі: Қазақ жерінің оңтүстік өңірі табиғат жағдайлары мен ресурстары алуан түрлілігімен ерекшеленеді.
Осы кезге дейін Оңтүстік Қазақстанның топонимиялық жүйесі география ғылымдары тұрғысынан арнайы зерттелген жоқ. Сондықтан, ең алдымен өңірдің топонимиялық жүйесінің физикалық-географиялық негіздеріне қатысты зерттеулер жүргізудің қажеттілігі ұсынылып отыр.
Бүгінгі күні география ғылымының алдында қойылып отырған міндеттер ҚР «Тіл туралы заңы» (11.07.1997 ж.), басқа да әкімшілік, құрылыс, елді мекендер мен физикалық-географиялық обьектілерді қайта атау туралы ережелік жарлықтар мен қаулыларға және ҚР президентінің 2007 ж. 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында қойылған мемлекеттік тілге қатысты талаптарға сәйкес келеді.
Оңтүстік Қазақстандағы атаулардың табиғи ортамен байланысын анықтау, аумақтағы табиғатты пайдалану мен қорғау дәстүрлерінің сақталып қалған тәжірибесін танып білу, әртүрлі карталар мен ғылыми әдебиеттерде атаулардың жазылуын бірізге келтіру қажеттілігінде болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Оңтүстік Қазақстанның географиялық атауларының шығу тегі мен мағыналық жүктемесінің физикалық-географиялық негіздерін жүйелі түрде топонимикалық талдаудан өткізу және ландшафттық топонимикасы ерекшеліктерін саралау ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Ұялы байланыс: интерактив қарым-қатынас.

КІРІСПЕ
Тілдік қатынас – күрделі қоғамдық-әлеуметтік құбылыс. Бұл саланың басқа ғылымдар негізінде қалыптасып, тіл біліміңде жетекші орын ала бастауы – кейінгі жылдардың жемісі. Тілдік қатынастың лингвистикалық негізі қарым-қатынас құралы тілге байланысты екені анық. Лингвистика тіл туралы ілім болса, тілдік қатынас сол тілдің қарым-қатынасқа қатысты ерекшеліктерін қамтиды.
Тілдік қатынас қатысымдық тұлғалар арқылы жүзеге асады. Оның қоғамда алатын орнын тілдің атқаратын қызметінен көруге болады. Қатысымдық тұлғалар тіл ғылымының салалары – лексикология, семасиология, грамматиканың зерттеу объектілерімен қатар қолданылады. Қатысымдық тұлғалар мен тілдік тұлғалардың өзіндік арақатысы, байланысы, ерекшеліктері бар.
Сонымен қатар тілдік қатынастың негізі – пікір алысу, сөйлеу, адамдардың сөйлеу процесі. Осы сөйлесу, ұғынысу тікелей тілдік бірліктердің қатысымен іске аса келіп, қатысымдық тұлғалардың қызметі нәтижесінде болады.
Диплом жұмысының өзектілігі: Тақырыптың өзектілігі сөйлеу әрекеті мен тілдік қатынас барысындағы коммуникацияны және сөйлеу әрекетін әр түрлі дамыған технологиялар тұрғысынан зерттеумен тығыз байланысты. Мысалы, қазіргі ақпараттық технологиялардың дамыған таңында сөйлеу әрекетін әр түрлі тұрғыда қарастырады, олардың бірі ғаламтордағы сөйлеу әрекеті, адамдардың қарым-қатынасы. Осы тұрғыдан алғанда ұялы байланыстағы адамдардың қарым-қатынасын, олардың сөйлеу әрекетің зерттеу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Ұялы байланыстағы қарым-қатынасты, ондағы сөйлеу тілін зерттеу ақпараттық технологиялардың дамуымен байланысты.
Ұялы байланыс – ұялы желі негізінде құралған, радио байланыстардың бірі. Ұялы байланыстағы адамдардың сөйлеу әрекетін, сөйлеу этикетін зерттеу бүгенгі күннің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.
Зерттеу пәні: Ұялы байланыстағы қарым-қатынас.
Зерттеудің нысаны: Ұялы байланыстағы қарым-қатынас, сөйлеу әрекеті.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Ұялы қарым-қатынаста жиі қолданылайтын сөздерді қарастыру. Алға қойылған мақсатқа жету үшін біршене міндеттер қамтылды:
– Тілдік қатынас теориясын қарастыру;
– Қарым-қатынастағы сөйлеу әрекеттерін сипаттау;
– Ұялы байланыстағы сөйлеу этикетін көрсету;
– Ұялы байланыста жиі қолданылаты сөздерді сипаттау;
– Ұялы байланыстағы сөйлеу әрекетінің ерекшеліктерін көрсету.
Тілдік қатынас (лат. contactus - жанасу) ағыл. linguistic contacs – бірінің немесе көпшілігінің сөздік құрамына және құрылымына ерекше георграфиялық, тарихи әлеуметтік жағдайлардың әсер етуі салдарынан екі және одан да көп тілдің өзара әрекеттесуі [1].....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Роза Мұқанованың шығармашылық лабораториясы

Кіріспе
Әдебиет және жазушы
Кез-келген адамзаттың өмірінде терең әрі көлемді орын алатын мәдениет — өнер мәдениеті. Фидияның мүсіні, Рафаэльдің суреті, Шекспирдің трагедиясы, Бетховеннің симфониясы, Пушкиннің лирикасы, Әуезовтің роман — эссесі, Қастеевтің суреті, Абайдың лирикасы ғасыр бойы өмір сүріп келеді әлі де сүрмек. Бұл әлемдік өнердің біртумалары адамзат мәдениетіне қаншама үлкен әсер еткенін өлшеу қиын.
Адамның игерген осындай көптеген өнерінің ішінде айрықша орын алатыны, ол — сөз өнері. Қазақтың академигі З. Қабдоловша айтсақ, “Әдебиет су да емес, от та емес. Әдебиет— өнер. Әдебиет— сөз өнері. Өнердің көп салаларының ішіндегі ең бір қадірлісі әрі қасиеттісі — көркем әдебиет.” /1.9./
Әдебиет — кез-келген өнер сияқты өзінің алдында шындықтың шығармашылық тұрғыда басқаша өзгеруі.. Шындығында болған нәрсе өз бетінше өнерді құра алмайды. Орыстың жазушысы М. Горький бұл тұрғыда “Ақиқат — ол әлі шындық емес, ол тек өнердің нағыз шындығын құрастырып, жапыстыратын шикізат қана. Тауықты қауырсынымен қуыруға болмайды. Бізде кездейсоқтық пен жеңіл-желпі мардымсызды араластырып шындықты таба алмайды. Ақиқаттың жеңіл-желпі мардымсыз қауырсынын жұлып, ақиқаттан мән-мағына жасап шығару керек.” /2.11/ Ал, Гончаровтың айтуынша “өнер шығармасындағы өмірден алынған оқиға ақиқаттың шындығын жоғалтып алады да, көркем шындық бола алмайды. Суреткер табиғат пен өмірден тікелей алып жазбайды, шындыққа ұқсас қылып жазады. Сол үшін көркем шығармашылықта “жалаңаш” шындықты таппай , соған ұқсастықты табуымыз жөн /2.11/ Әдеби шығармаөмір шындығынан туады. Өмір шындығынан өнер туындысын, көркем әдебиет үлгісін жасау — инемен құдық қазғандай қиын, тіпті азапты еңбек./3.3/
Әдеби шығарма әдебиетпен келеді. Ал, “әдебиет —ықшамдалған әлем” (Салтыков-Шедрин), бұл әлемге бәрі сияды, өмірдегі құбылыс та, адам тағдыры да. Ал, әдеби шығарма — сол нұрлы дүниенің сырлы бөлігі.. Ол — өмірдің өзі секілді күрделі, бұралаңы көп, қия-қалтарысы мол шытырман шындық.. Әдебиет оқушыны аспандағы қиялмен өмір сүргізбей, тіршілікпен бетпе-бет келтіртіп, қоян-қолтық араластырып өмір сүруге үйретуші.
“Әдебиет — үлкен процесс. Жазушының өзі қоян-қолтық араласып, бетпе-бет келіп жүрген жайларын көркемдік қазынаға салып, нәр-сөлі, тұз-дәмі татып шыққан рухани азыққа айналдыру оңай шаруа емес. Сезіну, түйсіну, іздену, тер төгу , т.б. толып жатқан процесстің өзі де шынайы талант күшінсіз бейшара күйде қалары мәлім.”/4.89/
Қазақ әдебиеті.. “Осы сөзді ауызға алғанда ең алдымен көз алдымызға үркердей бөлек топ жұлдаздары елестейді. Алдында Абай, жанында Жамбыл бар, сахарадағы салқар көшбастаушылардай соңында ілескен сарабдал сарбаздары бар, киелі Әуезов елестейді.” /5.94./ Елес қана емес, нақтылы көрінісіне ішің жылыйды, көңіл түндігі желпілдеп, жүректі мақтаныш пен қуаныш сезімі керіп кетеді....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биотехнология | Дәндік жүгеріге минералды тыңайтқыштар

Тақырыптың өзектілігі. Елімізде, оның ішінде Қазақстанда азық-түлік программасын орындауда жүгерінің адамға да, малға да азықтық қасиеті орынды бағаланып отыр. Сондай-ақ өнеркәсіпте бағалы шикізат есебінде әр түрлі мақсаттарға пайдаланылуы біздің республикамызда жүгеріні кең көлемде өсіру қажеттігі мен мүмкіншіліктерін айқындады.
Республикамызда тың және тыңайған жерлердің игерілуі қуатты егіншілігі мен мал шаруашылығы дамыған ірі шаруашылықтар құруға негіз болды. Ауыл шаруашылығының интенсивті дамуы мал шаруашылығы үшін қажетті құнарлы да мол мал азығын дайындауды қажет етті. Осындай бірден-бір дақыл жүгері болып табылады.
Қазіргі уақытта жыл сайын республиканың барлық аймақтарында ол — сүрлем үшін 2,8 миллион гектарға, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында — дәндік жүгері есебінде 140 мың гектарға өсіріліп келеді.
Оңтүстікте дәндік, сүрлемдік жүгеріден тұрақты мол өнім алынып жүр. Ал, солтүстік аудандарда жылы кезең қысқа болатындықтан, жүгерінің бапталу, өсу мерзімі 95—100 күннен аспайды. Сондықтан, мұнда жүгерінің ерте пісетін бұдаң және сортты тұқымдары сүрлем үшін егіледі.
Ол гектарына 150—300 центнерге дейін сүрлемдік көк балауса береді. Солтүстік аудандардағы азықтық сапасы жөнінен жоғары мұндай өнімді басқа дақылдардың бір де біреуі бере алмайды.
Елімізде пайдаланылатын егістік жерлердің көлемі жылдан жылға тұрақталып келеді. Осыған байланысты астық дақылдарының өнімін молайту, оның сапасын жақсартудың басты шарты — әр түрлі тыңайтқыштарды тиімді қолдану болып табылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Цифрлық автоматикалық вентиляция жүйесін өндірістік орындарына әзірлеу

Кіріспе
Әр жыл сайын көптеген жаңа техногиялар біздің өміріміздің көптеген
салаларына енгізіліп келеді жай қарапайым демалыстан бастап үй шаруаларына дейін.
Бұрынғы заманнан бас адам өз өмір тіршілігін жақсартып, барын ша
жеңілдетіп , аз шығынды кетіруге тырысып келеді. Бұл қазіргі заманда
энергетикалық және азықтық кризис кезінде ерекше байқалып келеді. Мына
қазіргі заманда техникалық даму процессі біздерге барлық қойылған мақсатқа
жетуге мүмкіндік беріп отыр.
ХХ ғысыр соңында мұндай шараларды қолдану « Ақылды үй » атауымен аталып кеткен.
«Ақылды үй» бастапқы мағынада «өзгерістерге дайын үй» немесе
«бейімделуші ғимарат», инженерлік жүйесі болашақ өзгерістерге дайын
ғимараттық проэкт ретінде қарастырылды.
Ғимаратттың барлық жүйелері бір – бірімен қарым қатынаста болып аз
шығынды қамтамасыз ететін, ал оны өндеу өзгертубарынша оптимальды
болатындай етіп проэктіленген болатын.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Құқықтану | Ақша несие саласындағы кылмыстардың ұғымы

Қылмыстық кодекстің жетінші тарауы экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға арналған.
Осы тарауға енген қылмыстарды топтық объектісі-экономикалык қызмет саласын кұқықтық жолмен реттейтін өзара біртектес қоғамдык пен істелген қылмыс жоқ. Бірақта жекелеген қылмыс түрлері кінәнің екі нысанымен жасалады, іс-әрекет қасаканалықпен, ал қоғамға қауіпті зардапты абайсыздықпен.
Қылмыстың субьектісі-жалпы, сондай-ак арнаулы субьекті болуы мүмкін. Осы тараудағы барлык кылмыстар үшін субьектінің жауаптылығы 16 жастан басталады.1
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың арнаулы субьектілері болып қызмет бабын пайдаланып жасаған мемлекеттік органның лауазымды адамдары, сондай-ақ коммерциялық немесе баска үйымдардың баскарушылары немесе жеке кәсіпкерлер танылуы мүмкін. Тікелей субьектісі бойынша экономикалык кызмет саласындагы қылмыстарды шартты түрде мынадай түрлерге бөлуге болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Журналистика | Телеарналардағы балаларға арналған бағдарламалардың ерекшеліктері

Бүгінгі таңдағы еліміздің басты мақсаты - өркениетті елдердің қатарына қосылу, бүкіл әлемдік білім кеңістігіне еніп, дамыған елдермен терезесі тең ұлтқа айналу. Ендеше, бұл жолда мемелекетіміздің алдында көптеген атқарар жұмыстар тұр. Соның бірі – болашақ ұрпақ тәрбиесі. Жаһандану дәуірі қызу жүріп жатқан кезеңде алпауыт мемлекеттердің жетегінде жұтылып кетпес үшін ұлттық білім беру жүйесін тың арнаға, жаңа сапаға жеткізуіміз керек. Замана талабына сай баланың білімі мен білігі екінші орынға түсіп, басты орынға оның тұлғасын жан-жақты дамыту, ұлттық тәлім-тәрбиені сіңірту міндеті алға қойылды. Демек, өмірге келген сәбиге туыла салған сағаттан бастап жан тәрбиесін беру – бүгінгі күннің басты міндеті. Азаматты тәрбиелеу – мемлекеттің мойнындағы мәселе. Әр елде осы мәселеге қатысты тәрбие берудің өзіндік идеологиясын жасаудың әр ұлтқа тән үрдістері бар. Яғни баланы балабақшаға барғаннан бастап, күнделікті көріп жүрген теледидарынан, оқып жатқан оқулықтарынан бастап осы мәселені жан-жақты қарастыру керек.
Теледидар – бүгінде біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған. Әсіресе, бүлдіршіндер мен жеткіншектер тарапынан жоғары сұранысқа ие болып отырған бұл ақпарат құралының қоғамдағы алатын орны зор. 2000 жылы Германияда балалар мен жасөспірімдер арасында «Егер елсіз-жұртсыз айдаладағы аралға апарып тастаса, өздеріңмен не алар едіңдер?» деген сұраққа олар бірінші орында теледидар, компакт дискілер, екінші орынға – тамақ, тек үшінші орынға ғана өз ата-аналарын қойған екен. Бүгінгі біздің қоғам жағдайы да осыған келіп тұрғаны анық. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0