Дипломдық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар санатында қазақ тілінде жасалған жобаларды қарап, тегін жүктей аласыз. Қазақ тілі, математика, информатика, бағдарламалау, қазақ әдебиеті, топырақтану, қаржы, педагогика, дене шынықтыру, құқықтану, география, психология, есеп және аудит, биотехнoлогия және тағы басқа пәндер бойынша дайын дипломдық жұмыстар жарияланған!!!

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қытай экономикасының дамуы және әлемдік экономикадағы рөлі

Халық саны жағынан әлемде алғашқы орынды иеленетін, жер көлемі жағынан әлемде үшінші орын алатын Қытай елі көптеген ғалымдардың қызығушылығын тудыруда. Бұл көбіне Қытай елінің экономикалық өсімі жағынан алдыңғы қатарлы елге айналғандығымен байланысты.
Қытайдың экономикалық дамуы мен оның әлемдік экономикадағы орнын көптеген ғалымдар зерттеген. Қытай еліне Ресей, Қазақстан экономисттері қызығушылық танытуда. Ұсынылып отырған жұмыста Қытайдың Хайнань университетінің экономика ғылымдарының докторы Хуан Дингуй, ҚХР қоғамдық ғылымдар академиясының ғалымдары Ван. Лолинь, Вэй Хоукайдың мақалалары қолданылды. Сондай-ақ Ресейдің экономика ғылымдары докторы Владислав Иноземцев, Санкт-Петербург экономика және қаржы университетінің профессоры А.С.Селищев сияқты ғалымдар Қытай экономикасының мәселелерімен айналысқан. Дегенмен, Қытай экономикасының дамуы жөнінде ғалымдар бір шешімге келе алмай отыр, экономикалық жетістіктердің себептері әр түрлі етіп көрсетіледі. Сонымен бірге Қытай экономикасының дамуының Қазақстан үшін қандай әсері бар екендігін біздің ғалымдар терең қарастырмайды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Бетпақ Дала үстіртінің қазіргі бедер құрушы процестері

Жұмыстың мақсаты – Бетпақ-Дала үстіртінің қазіргі жер бедерін құрушы процестерін қарастыру.
Бетпақ-Дала үстірті Сарысу және Шу өзенінің суайырығында жатыр. Үстірттің солтүстігі Қазақтың ұсақ шоқысымен шектеседі. Батысында Сарысу өзені аңғарымен, ал оңтүстігінде Шу өзенінің ендік ағысымен, шығысында батыс Балхаш алды қыраты қыратымен шектеседі.
Жұмыстың бірінші бөлімінде Бетпақ-Дала үстіртінің қысқаша физикалық-географиялық сипаттамасы, физикалық-географиялық орны мен жер бедері, тектоникалық құрылымы, климаты, ішкі сулары, топырақ және өсімдік жамылғысы қарастырылған.
Екінші бөлімінде Бетпақ-Дала үстіртінің геоморфологиялық құрылымы оның ішінде жер бедері типтері мен жер бедері пішіндері қарастырылған. Яғни жер бедері типтері алуан түрлілігімен сипатталады. Бедер типі құрылымды-денудациялық-қабатты әлсіз тілімденген еңісті жазық, эрозионды-денудациялық-делювиальды-пролювиальды әлсіз тілімденген еңісті жазық, аккумлятивті-әлсіз тілімденген аллювиальды жазық, эолды дөңесті жазық. Бедер пішіндерінен үгілу қабығымен белгіленген пенеплендер, жоғарғы бордың малтатастарымен белгіленген пенеплендер, үгілу қабығымен шайылған пенеплендер, төбелі таулы және ұсақ шоқылы қыраттар, аңғарлар тағы басқалар сипатталған. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Менеджмент | Қонақ үй кешенінің даму переспективалары

Мемлекеттің бай тарихы, сирек кездесетін тарихи ескерткіштер, өзіндік ерекше мәдениет, саяси тұрақтылық сияқты факторлар Қазақстан Республикасында қонақ үй шаруашылығының дамуына жағдайлар туғызады.
Қонақжайлылық индустриясы – қонақжайлылық принциптеріне сүйенетін қызмет түрлерінен тұратын кәсіпкерлік саласы болып табылады. Ол қонақтарды күту мен қызмет көрсетумен байланысты қызмет көрсету нарығында маманданатын кәсіпкерліктің әртүрлі формаларына жалпы ортақ түсінік болып табылады. Айта кету керек, бұл саланың барлық іс-әрекетін қамтитын нақты бір термин жоқ. Бірақ қоғамдық тамақтандыру, орналастыру, көлік (тасымал) және демалыс (рекреация) сияқты негізгі бағыттарын бөліп қарастыруға болады.
Біздің еліміздегі қонақжайлық сонау ата-бабаларымыздан келе жатқан қасиет немесе салт-дәстүр деп айтуға болады. Қазақ халқы үйіне келген қонақты қарсы алып, барын дасатарханға қойып, шығарып салатын. Сол тәрбие, өнеге біздің халқымыздың қанына сіңіп, жылдан-жылға ұрпақтар арқылы беріліп келеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Политология | Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және Қазақстан

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы – қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын әлемдегі ең ірі өңірлік ұйым. Ол бүгінде Солтүстік Америкада, Еуропада, Орталық Азияда миллиардтан астам адам өмір сүріп жатқан 56 мемлекеттің басын қосып отыр. Бұл ұйымға қатысушы мемлекеттерді ортақ құндылықтар, ортақ мақсаттар мен ортақ міндеттер біріктіреді, бәрінен бұрын – осы өңірді анағұрлым қауіпсіз, анағұрлым өркендеген өңірге айналдыруға деген ұмтылыс біріктіреді.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға, адамның негізгі бостандықтары мен құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерге арқа сүйейді. Қауіпсіздік айқындамасы ретінде шекаралардың қорғалуы, әскери қатердің төндірілмеуі, саяси және экономикалық тұрақтылық, адам құқықтарының сақталуы, қоршаған ортаны қорғау алдымен қарастырылады. Бұл ұйымның қауіпсіздік және қақтығыстардың алдын алу мәселелеріне кешенді көзқарасы жер-жердегі құрылымдар мен институттардың тиімді жүйесіне негізделген.
Қазіргі кезде еуропалық мемлекеттер арасында біріккен қаупсіздік кеңістігін құру жолын іске асырудың нақты шараларына көшу қажеттілігі туындап отыр. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Сиыр лейкозын балау

Сиыр лейкозы үлкен экономикалық шығынға ұшыратады. Малдың өнімділігі төмендейді, малды ерте жарамсыздыққа шығаруға, сонымен қатар міндетті түрде лажсыз сойылған малдың ұшасын жоюға тура келеді. Қазіргі уақытта лейкоз мәселесі бірінші орында тұр. Ең алдымен жоғары өнім беретін сиырлар зақымдалады. Әсіресе қазіргі нарықтық жағдайда айтарлықтай зиян келтіруде. Лейкозбен күрес шараларының басты буыны балау.
Осыған байланысты жұмыстың мақсаты ҚР АШМ “Республикалық ветеринариялық зертхана” РМҚК Алматы өңірлік бөлімшесі зертханасында сиыр лейкозын серологиялық балау әдістерін меңгеру болды. Бұл мақсатты шешу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
1. ҚР АШМ “Республикалық ветеринариялық зертхана” РМҚК Алматы өңірлік бөлімшесі зертханасы жұмысына талдау.
2. Алматы өңірі бойынша сиыр лейкозын балау нәтижелерін талдау.
3. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы “Адал” АӨК-де сиыр лейкозына індеттанулық талдау жүргізу.
4. “Адал” АӨК сиырларының қан сарысуын лейкозға тексеру. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Көркем аудармадағы баламасыз лексика

КІРІСПЕ
Аударма – әрбір мемлекеттің, әрбір халықтың рухани мәдениетінің ажырамас бөлігі. Адамзаттың тіршілігінде рухани мәдениеттің қалыптасып, дамуы негізінен ел мен елдің өзара қарым-қатынасы, түрлі саладағы байланысына бағытталатыны айқын.
Аударманың міндеті мен мақсаты – үлкен, кең ауқымды. Көркем әдебиет аудармасында туған тілдің байлығы мен сұлулығын қорғау, әлемдік әдебиеттің ұлы жауһарларындағы құндылықтардың бәрін игере білу және оны сол рухта, биік деңгейде өз ұлтына жеткізе білу арқылы айқындалады.
Көркем аударманың мәселелері әрқашанда тек қана жазушы-аудармашыларды емес, әдебиетші, лингвист ғалымдарды қызықтырған. Себебі ол әртүлі мәдениеттердің, ұлттық әдебиеттердің бір-біріне ықпал етуінің дәнекері. Жалпы көркем аударманың қай жанры, қай түрі болсын әлем мәдениетін көркемдік тұрғыдан меңгеру болып табылады. Бір елдің әдебиетін аудару барысында оның тілдік байлығымен, ұлттық әдет-ғұрып, салтымен, тарихымен, болмыс-бітімімен, табиғатымен, басқа да өзіндік ерекшеліктерімен танысу арқылы олардың мәдени-тарихи үрдісінің диалектикасын үйрену басталады. Көркем аудармадағы ең күрделі және қызықты мәселе – ол сөз таңдау, әсіресе фондық лексиканы басқа тілге аударылуы.. Жұмыста баламасыз лексика, оның түрлері.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Ауылшаруашылық кешендеріндегі ауаның санитариялық бактериологиялық жағдайын зерттеу

1.1 Жұмыстың өзекті мәселелері және тәжірибелік маңыздылығы.
Мал шаруашылығы - халықтың азық-түлік өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандыратын, сондай-ақ түрлі салаларға шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығының маңызды салаларының бірі.
Қазақстан Республикасының барлық ауыл шаруашылық жерлерінің төрттен бірі мал жайылымдарын алады. Бұдан басқа, Қазақстанның орталық және оңтүстік-батыс бөліктеріндегі шөл және шөлейтті аумақтар малға арналған маусымдық жайылым ретінде кеңінен қолданылады. Мемлекетімізде ірі қара малдың саны артып келеді. Жануарларды жаппай санау жүргізу кезінде, нақтырақ айтсақ 2017 жылдың қаңтар айынан 2018 жылдың қаңтар айлары аралығында жалпы саны өскені анықталды. Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2018 жылы ірі қара саны 6487,3 мың басқа жеткен, ал 1 жыл бұрынғы саны 6253,8 мың бас. Яғни 233,5 мыңға дейін саны артқанын көреміз. 3 облысымыздағы бас саны 1 млн-нан асып тұр. Олар: Алматы облысы – 1170,3 мың, Шығыс Қазақстан облысы – 1124,2 мың және Оңтүстік Қазақстан облысы 1087,8 мың. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Библиография | Ұйымдағы құжат және құжат жүйесінің мәні

Кіріспе

Қазақстан республикасында тәжірибемен тұжырымдалған жасалатын және қолданылатын құжаттарға деген жауапкершілікті шектейтін бірыңғай заңды орган жоқ. Бұл жауапкершілік атқаратын қызыметтеріне байланысты бірқатар мемлекеттік басқару және билік органдарына үйлестірілген. Ал арнайы осы органдарды құжаттандыру жүйесіне келетін болсақ, ол әрбір саланың министрліктері мен ведомстволарына жүктелген. Бұл министрліктер мен ведомстволар басқа да салаларды қамтитын нормативтік құжаттарды қабылдауы мүмкін. Кез келген ұйым немесе мекемеде және басқада да олардың құрылымдық бөлімшелерінде құжаттандыруды атқару үшін Республикада енгізілген нормативтік құқықтық актілер ескеріледі. Себебі құжаттандыруды және іс жүргізуді айналасын арнайы қабылданған, заңмен бекітілген нормативтік құқықтық актілерге байланысты атқарған жөн. Жалпы құжаттандыру дегеніміз басқару саласындағы қызметтерінің құжатталуы бойынша мәселелерді реттеуші. Құжаттану қолжазба немесе арнайы тасымалдаушыға түсірілген ақпараттар мен қамтамасыз ету болып табылады.
Мен «Ұйымдағы құжат және құжат жүйесінің мәні» тақырыбында жазған диплом жұмысымның негізгі мақсаты қоғамда басқаруды құжатпен қамту қандай болмасын салада, әсіресе өндірістік-шаруашылық жүйесінде, мемлекеттік және жеке меншік ұйымдарда құжат және құжат жүйесінің орны мен рөді өте жоғары екенін терең қарастырдым.
Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін егемен мемлекет пен оның азаматтарына тірек болған, ьарша құқықтық негіздер құрылды. Мемлекетті басқару, экономика, әлеуметтік саяси өмір, қорғау сыртқы саясат ал салаларын реттейтін көптеген заңдар мен жарлықтар қабылданып, жүзеге асырылуда. Бірнеше жыл дербес өмір сүру нәтижесінде Қазақстан Республикасында көптеген заңдар, нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Барлық қабылданатын заңдардың басқа да нормативтік құқықтық актілердің басым көпшілігі тікелей немесе жанама түрде азаматтарға жеке адамдарға туғаннан бастап қатысты болады.
Құжаттандыру өзінің пайда болуынан бастап осы кезге дейін мемлекеттік мекемелерді құжаттық қамтудың нәтижесінде негіздерін атқарып келеді. Құжаттандыру басқаруды қамту қызметтеріндегі ерекше бір сала бастады. Ал құжаттандырудың негізгі яғни іс қағаздарын жүргізу. Іс қағаздарды өздерінің сипаты және маңызы жағынан ерекшеленеді. Мәселен, мемлекеттік маңызы бар құжаттандыруға Қазақстан Республикасының жазба түрінде берілген заңы болып табылады. Қазақстан Республикасының дерективалық шешімдері басқару іс қағаздарының көптеген түрлері бар.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Психология | Жеткiншектердiң даму ерекшелiктерiнiң кейбiр мәселелерi

КIРIСПЕ
Зерттеудiң көкейкестiлiгi: Елiмiздiң құқықтық-демократиялық қоғам жағдайында дамуы бүгiнгi әрбiр азаматтың және өскелең ұрпақтың жоғары мәдениет пен бiлiктiлiгiнiң жоғары болуын керек етедi. Осыған байланысты қоғамның адам тәрбиесiне қояр талабы да барған сайын артып, оны iске асырудың көзi болып табылатын психикалық нышандар мен оны дамытудың шарттарына деген көзқарас өзгерiп келедi. Соған сай бүгiнде бiлiм беру ұғымының өзi өзгеруде және кеңеюде. Бiлiм беру барған сайын көп ретте мектепте, жоғары оқу орнында, тiптi отбасында бiлiм берудiң педагогикалық-психологиялық негiздерiн меңгерудiң мазмұны мен мәнi кеңейе түсуде.
Бүгiнде жаңа Қазақстан қоғамы жағдайында жеке тұлғаны функционалдық әзiрлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу жүрiп жатыр. Жаңа тұжырымдама бiлiм берудiң даралық сипатын көздейдi, ол әрбiр нақты адамның мүмкiндiктерiн және өзiн-өзi iске асыру мен өзiн-өзi дамытуға қабiлеттiлiгiн ескеруге мүмкiндiк бередi.
Осы тұста елбасы Н.Ә.Назарбаев өзiнiң "Инновациялар мен оқу-бiлiмдi жетiлдiру арқылы бiлiм экономикасына" деген студент жастарға арнап оқыған лекциясында "Бүгiнгi күн - талантты, жiгерлi, өзiне сенетiн адамдардың, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерiк - жiгерi бар адамдардың уақыты", - деп атап көрсеткен болатын [1]. Мұның өзi өскелең ұрпақты жаңа технологиялар негiзiнде бiлiмдi де жоғары мәдениеттi азамат етiп тәрбиелей отырып, олардың жеке басының тұлғалық қалыптасуына аса үлкен мән берудi көздейдi. Мұның өзi оқу-тәрбие үрдiсiнде жасөспiрiмдi оның жас ерекшелiктерiне сай жетiлген азамат етiп тәрбиелеудi көздейдi.
Қазақстанда ұрпақ тәрбиесiн оның жас ерекшелiктерiне сай дамытуға көңiл бөлiп, осы мәселе төңiрегiнде еңбектенiп жүрген психолог ғалымдар Жарықбаев Қ.Б., Намазбаева Ж., Алдамұратов Ә., Рахымбеков Қ., Елеусизова С., Елiкбаев Н. және т.б.[2,3,4,6,5,6].
Қоғамның талабы бүгiнгi жастардың тәрбиесiнiң үйлесiмдiлiгiн барған сайын қатаң талап етiп келедi. Әсiресе, бұл тұста жеткiншек жастағы балалардың тәрбиесi аса үлкен мұқияттылықты талап етедi. Бұл кезеңде бала азамат болып қалыптасудың өтпелi шағында болғандықтан оның кейбiр қиыншылықтары мен қалыптасу ерекшелiктерiн педагогикалық-психологиялық тұрғыдан ашып, талдау жасауды қажет деп таптық. Сондықтан бiз диплом жұмысының тақырыбын "Жеткiншектердiң даму ерекшелiктерiнiң кейбiр мәселелерi" деп алдық.
Зерттеудiң мақсаты: Жеткiншектердiң даму ерекшелiктерiн айқындау, оларға теориялық талдау жасау.
Зерттеудiң обьектiсi: Жеткiншектiк кезеңдегi оқушылардың iс-әрекетiнiң психологиялық-педагогикалық сипатты.
Зерттеу пәнi: Жеткiншектердiң жас ерекшелiктерiне байланысты даму процесi.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Сөздердің бірігуі арқылы жасалған терминдер

Кіріспе
Тіл-тілде термин жасау, оның терминологиялық қорын байытып, терминологиялық жүйесін реттеу негізделді, ең алдымен сол тілдің өз сөздік құрамы, жалпы әдеби тілі, ұлттық лексикасы болып саналады. Кез келген қоғам әлеуметтік өмірдің әрбір сатысы міндетті түрде, үздіксіз дамумен, эволюциялық қозғалыспен сипатталатындықтан, қай кезде де жаңа, жаңарақ түсініктер пайда болып, тілде оларды затына лайық атап, сөздің құрамын түрлендіріп келгені ақиқат, яғни термин жасау, сөзден сөз тудыру – тілдің төл қасиеті. Ғылым тарихының арнайы ғылыми зерттеу орталықтары ашылып, кей жұртың өзін ғалымбыз деп атауымен басталмай, халықтың бар тіршілігімен астасып, адам адам болғалы замандардан бастау алатындығы сияқты, термин жасау тарихы да тіл тарихына сіңісіп кеткен десек те болады. Тілде термин сөз жасау дәстүрі бұрыннан болғанымен, оның арнайы сөз табы ретінде қарастырылуы – ғылымның хатталу тарихымен байланыстылығы негізінде, “қазақ терминологиясының алғышарттары октябрь революциясына дейін болды” деп оны, негізінен және сөзсіз түрде, Қазақстанда кеңес үкіметінің орнауымен келген ғылымға тели ғана қарау – дұрыс емес. Өйткені, әрбір сөз жаңа пайда болғанда дерексіз, күрделі түсінікті деректендіруші термин қызметін атқарып, уақыт өте ұғымдық қырлары ашылып, жатталып, қатардағы жай сөздерге айналады. Ғылымның да, пәлен уақыттан бері пайда болды, оған дейін болмаған еді деп, дәл мезгіл белгілеу мүмкін емес.
Терминнің термин екені, жай, басқа сөздердің айырмасы оның мағына ауқымының шегін көрсетерлік түсіндірмесі болуынан, арнайы түсіндірілуінен де көрінеді. Ал, жай сөздерге түсіндірме берілмейді. Ал, енді осы “термин” деген ұғымның өз басына келер болсақ, бұл жайында көптеген ғалымдар терминге анықтама беріп кеткен. Бұл жайында О.С.Ахманова “Термин дегеніміз арнайы ұғымдар мен арнайы заттарды дәл белгілеу үшін жасалған тілдегі арнайы (ғылыми-техникалық) сөздер мен сөз тіркестері” дейді. Д.Н.Ушаковтың айтуынша да “термин – нақты анықталған ұғымның атауы болып табылатын сөз әлдебір ортада әлденені, мамандықты белгілеу үшін қабылдамайтын арнайы сөз неемесе сөз тіркесі”. Сондай-ақ А.В.Суперанская бастаған ғалымдардың пікірінше: “термин – кәсіптік білімнің белгілі бір саласындағы ұғымдар жүйесіне енетін ұғымды сөзбен таңбалау”. Термин мәселесімен тікелей айналысқан қазақ ғалымы Қ.Жұбанов терминге мынадай анықтама береді: “Белгілі бір ұғымдарды білдіретін қарақшылы сөздер болады, ол сөздерді әлгіндей ұғымдарға ғылым мен революция жағы қандай сатыда тұрса міне, осы екеуі теліп отырады. Сонымен қатар, термин сөзінің терминдік ұғымы мен күнделікті тіршілікте қолданылатын жай сөздік мағынасы басқа болуы да мүмкін”. [2, 40]
Жалпы бұл анықтамалардан шығатын қорытынды бұлардың бір-бірімен қайшы келмейтіндігі. Олардың терминге анықтама беруде сөз бен ұғымның әртүрлі белгілерін негізге алуы, дәлірек айтқанда осы белгілердің әлдебірін баса көрсетуі, осы негізде терминдердің арнайы ұғымды білідіретіндігін, яғни ғылым мен техниканың және өндірістің белгілі бір саласына тән екендігін, сондай-ақ сөз немесе сөз тіркесі түрінде көрініс табатындығын атап көрсете аламыз. Бұл айтылғандар терминге қойылатын негізгі талаптар мен яғни олардың дәл, қысқа және жүйелі болуымен шектесіп деуге болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0