Дипломдық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар санатында қазақ тілінде жасалған жобаларды қарап, тегін жүктей аласыз. Қазақ тілі, математика, информатика, бағдарламалау, қазақ әдебиеті, топырақтану, қаржы, педагогика, дене шынықтыру, құқықтану, география, психология, есеп және аудит, биотехнoлогия және тағы басқа пәндер бойынша дайын дипломдық жұмыстар жарияланған!!!

Дипломдық жұмыс: География | Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы отын-энергетика кешенінің даму мәселелері

Кіріспе
Әлемдік экономикада отын энергетика кешенінің рөлі айрықша маңызды. Мұнай және мұнай өнімдері шаруашылықтың барлық дерлік салаларында қолданылады. Кез-келген экономикасы дамыған мемлекеттің өзінің шаруашылықта қандай салалардың басым екендігін көрсетеді. Біздің еліміз үшін мұнай өндіру және ауыл шаруашылық салалар экспорттық табыстардың басым бөлігін қамтамасыз етеді. Қазақстанда шетел инвестициясын тартымды ететін салалардың бірі мұнай индустриясы. Бүгінде мұнай өнеркәсібі республикаға валюталық түсімнің 30 пайызын береді.
Диплом тақырыбының маңыздылығы, көкейкестілігі. Қазақстанның әлемдік мұнай нарығына шығуы мұнай нарығын дамытудың негізгі бағыт – бағдарын мұнай экспорттаушы – мемлекеттер мен алдыңғы қатарлы мұнай компанияларының негізгі заңдылықтарын, халықаралық мұнайгаз жобаларын жүзеге асырудың негізгі шарттарын, мұнай саласын қаржыландыру мен инвестициялау мәселелеріне елдің қатысуының саяси және экономикалық салдарының зерттеу қажеттілігі мен өзектілігін тудырады.
Осыған байланысты Қазақстанның мұнай – газ кен орындарына «Қазақстан – 2030» стратегиялық мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстанның дамуын және оның әлеуметтік – экономикалық дамуы деңгейі жоғары елдердің қатарына енуін қамтамасыз ететін басымдықты салалардың бірі ретінде анықталған. «Мұнай мен газ өндіруді және экспорттауды қалыпты экономикалық тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану біздің еліміз үшін негізгі басым мақсаттарға жетудің бірі». Жаңа мыңжылдықта Қазақстан ұзақ мерзімді келешекте экономикалық өсімнің негізгі көзі ретінде мұнай өнеркәсібіне ерекше көңіл бөліп отыр.
Диплом жұмысының өзектілігі – Қазақстан экономикасын дамыту бағдарламасын талдау отын энергетика кешенін дамытудың жыл сайын анықталатын басымдықты бағыттардың тізімдемесінде мұнайдың ішкі және сыртқы құбырлары құрылысы, көмірсутек шикізатын өңдеу, әрекет етуші мұнай өңдеу зауыттарын қайта құру мәселесін шешуге ерекше көңіл бөлінген. Сонымен қатар мұнай – газ саласында ресурсты жоғарлатудың маңызды бағыты көмірсутек шикізатын өндіру, өңдеудің прогрессивті технологиялық процестерін енгізу мен ресурс үнемдеуші және экологиялық факторларды ескере отырып өндірістік циклдік элементтерін бағалау керек.
Дипломдық жұмыстың мақсат, міндеттері – Қазақстан Республикасының мұнай – газ саласының қазіргі заманғы жағдайына толық сипаттама беру, сол арқылы мұнай – газ саласын дамыту бағыттарын анықтау. Республиканың экономикалық мүддесін қамтамасыз ету және Ресейден экономикалық тәуелділікті төмендету үшін қолданылып отырған мұнай құбырларын нығайту, жаңғырту, қайта және жаңа құбырлар құрылысы талап етіледі.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Қазақша күрестің дамуы және спортшының дайындығы

Ұлттық күрестің дамуының тарихы.
Күрес өнерін қай халық болмасын бұл спорт түрін жан –тәнімен сүйеді. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан –ұрпаққа оны байытып, жаңғырта біздің бүгінгі күнімізге дейін жеткізіп отыр. Бұл әрине, ең алдымен көңіл қуантатын нәтиже. Иә спорттың халықтық және ұлттық түрлеріне мұнша қамқорлық жасауның арқасында советтік физкультураның әрі қарай гүлденуіне игі әсерін тигізді. Өзіміз қырын сырын сөз еткелі отырған қазақтың ұлттық спорттық өнерлерінің ішіндегі шоқтығы биік, ежелден халық арасына кең тараған қазақша күресті алайық.Алдымен тарихқа үңілейік.
Қазақ халқы революцияға дейін негізінен көшпелі сипат алған. Яғни елін, жерін сыртқы жаулардан қорғау үшін әрбір қазақтың ұлы жауынгері болуы тиіс еді. Жауынгер күшіті де, айлакер болмаса ол жауынгер емес, мінекей, осы тұрғыдан келіп әрбір қазақтың қара домалақ баласы күреспен айналысатын. Той домалақтар немесе бас қосулар күрессіз өтпейтіні дәстүрге айналған. Жай палуан мен түйе палуан арасындағы күрес өнері шеберлерінің есімдері марапатталып, оларды халық басына көтерді ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Құқықтану | АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ АДВОКАТУРА РОЛІ ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ

Қазақстан Республикасының Конституциясында адам құқықтарына, оны заңмен тиым салынбаған кез-келген әдіспен қорғауға кепілдік берілген. Демек, өкілділік осы құқықтарды пайдаланудың бір көрінісі болып табылады: Алайда барлық азаматтардың заңмен берілген өз құқықтары мен бостандықтарын пайдаланып, оны заңмен берілген тәсілдермен қорғай алмайтын кездері тәжірибеде жиі кездесіп отыратындығы жасырын емес. Міне, сондықтан да заң оларға өкілділікті - өзгенің көмегін, дәлірек айтқанда заңи білікті көмек алуына мүмкіндік беріп отыр. Міне, осы орайда мен бітіру жұмысымда құқықтың теориялы әрі қолданбалы саласы болып табылатын азаматтық іс жүргізу құқығының ауқымды институты - өкілділік институтындағы тапсырма шарты бойынша азаматтық іске қатысатын адвокаттар қызметі, адвокатураның азаматтық іс жүргізудегі ролі, ерекшеліктері, маңызы жөнінде айтпақпын. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Халықаралық қатынастар | Азия Тынық мұхиты аймағындағы Жапонияның ролі

Берілген диплом жұмысының тақырыбы Жапонияның Азия-тынық мұхит аймағындағы рөлі деп аталады.
Тақырыптаң өзектілігі. Азия-тынық мұхит аймағы әлемдік саясатта өте маңызды орынға ие. Бұл елдің халықаралық қатынастағы, сыртқы саясаттағы мәні жылдан-жылға өсіп келеді. Мұнда әлемнің ең ірі, аумақты және көп халықты елдері орналасқан – Ресей, Кытай Халық Республикасы, Америка Құрама Штаты, Үндістан, Индонезия, Жапония, Канада, Мексика, Ветнам, Корея Республикасы, Бангладеш, Австралия, Жаңа Зеландия, т.б. елдер. Аймақ территориясы тіпті жер шарының тең жартысын алып жатыр деуге болады. Сондай-ақ, соңғы кездері Азия-тынық мұхит аймағының ерекше қарқынмен дамуы саясаткерлермен ғалымдардың да көңілін аударуда. “ХХІ ғасыр Азия-тынық мұхит аймағы ғасыры” деген болжам айтылып жүр. Енді әлемнің басты назары осы аймаққа бағытталып отыр. Бұл аймақ ірі өндіріс күштердің жинақ көзі болып табылады. Мұнда барлық автомобилдермен кемелердің, синтетикалық талшық пен теледидарлардың 70 пайызы, пластмассалармен синтетикалық шайырлармен 60 пайызға жуығы, алюминимен болаттың 50 пайызы шығарылады. Сондай-ақ табиғи және шикізат көздері де молынан шоғырланған. Осындай экономикалық даму барысы аймақтағы елдер арасында терең де, жан-жақты ынтымақтастықтың жүзеге асуына алғы шарт болып отыр. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Психология | Жасөспірімдердің үйлесімді әлеуметтенуінің психологиялық ерекшеліктері

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда Қазақстанда тұлғаның қалыптасу шарттарында күрделі өзгерістер болып жатыр. Жеке тұлға – бұл адам болмысы, ең негізгісі адами бейнесі басқа биологиялық түрде ажыратылуы. Адам әлеуметтену процесінде жеке тұлға болып қалыптасады және индивид әлеуметтік қатынасқа түскенде жеке тұлға болып қалыптасады. Әлеуметтену индивид әлеуметтік «Мен»-нің қалыптасу процесі. Ол индивидтің барлық формаларды мәдениетті, тәрбие мен оқытуды меңгергенін қарастырады.
Бұл процесс тәрбие нәтижесі ретінде болады. Яғни әлеуметтенудің екі жақты бағыттары болады: адамның өзі әлеуметтік дағдыларды игеру үшін барлық күш жігерін салады, және қоғам тәрбиелеу мен оқыту арқылы мәдениетке оны қалыптастырады.
Адам дүниеге биологиялық тіршілік иесі ретінде келеді. Оның әлеуметтік тіршілік иесі болуға барлық нышандары болады. Ал тұлға әлеуметтенуіне ықпал ететін бірнеше факторлар бар.
Бірінші топ- макрофакторлар (ғарыш, планета, әлем, ел, қоғам, мемлекет). Екінші топ-мезафакторлар (аймақ, қала, ауыл). Аталған факторлардың арқасында әлеуметтік тәрбие жүзеге асады.
Бала дүниеге келе салысымен, әлеуметтік қатынастар әлеміне тап болады- бір емес бірнеше роль ойнайтын адамдар арасындағы қатынас әлеміне. Осы рөлдерді меңгере отырып адам әлеуметтенеді, тұлға ретінде қалыптасады. Әлеуметтік қатынастар жүйесіне тек белсенді әрі толыққанды қатыса отырып өмір сүру барысында ойнауға тура келетін әлеуметтік феномен ретінде адам пайда болады.
Бала дұрыс дамуы үшін оны қоршаған жағдайлар бұған ықпал етуі қажет, атап айтқанда дұрыс ұйымдастырылған тұрмыстық жағдай, дұрыс тамақтану, қатарластарымен қарым-қатынас, қоршаған орта адамдарының қабылдауы, жақын туыстарының сүйіспеншілігі..
Тұлға жөнінде тұжырым дамудың әлеуметтік факторы жөнінде тұжырымсыз мүмкін емес. Бала дүниеге келе үлкен потенциалдық мүмкіндігі бар индивид ретінде қалыптасады Сол күшті олар қалай жүзеге асыратындығы, ол қандай тұлға болып қалыптасатындығы қоғамдық ортаға, тәрбие мен оқытудың жүйесіне, ересектермен қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне, баланың өз белсенділігіне тәуелді болады.
Белгілі психолог Л. И. Божович әсер алуға деген қажеттілік бала психикасының дамуында басты рөл атқаратындығы жайлы болжам жасаған..
Баланың бойында дүниеге деген базалық сенімнің пайда болуы үшін міндетті түрде екі шарт құрайды: аналық мейірім мен оның тұрақтылығы.
Өз баласын жақсы көретін кейбір аналар ерке болып кетпей, дербес бала болып өсуі үшін қатаң тәрбиелейді. Мұндай тәрбиенің нәтижесі ретінде бала 7-8 жасқа толғанда жиі жағдайда эмоциялық бұзылыстарға шағымданып, психологиялық, медициналық кеңеске жүгініп жатады.
Ана қолдауының жоқтығы ауыр психосоматикалық бұзылыстарға алып келеді.
Баланың даму тарихы жөніндегі мәліметтерді ескере отырып, А.Валлонның психикалық даму теориясына назар аударсақ психикалық қалай органикалыққа айналатынын түсіндірген. А. Валлон төрт түрлі ұғымдардың байланысын қарастырады, ол -эмоция, моторика (қозғалыс), социум және еліктеу.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Шымкент төңірегі қазақтарының тіліндегі диалект сөздер

Кіріспе
Халық тілінде кездесетін жергілікті тіл ерекшеліктері- тіл зерттеушілердің назарын ертеден аударып келе жатқан құбылыстардың бірі. Қай тілден болсын осы жергілікті деп аталатын тіл құбылыстарын кездестіреріміз анық. Бірінде аз, бірінде көп дегендейін, әйтеуір, мұндай жергілікті өзгешеліктердің барлық тілде бар екені рас. Қазақ тілі де осы сияқты, қазақ жұрты тараған өлкелердің бәрінде де сол жердің әрқайсысындағы қазақтардың тіліне тән сөз ерекшеліктерінің бар екені байқалып жүрген жайт. Мұны ғылымда диалектілік құбылыстар деп атайды. Диалектілік құбылыстар— халық тілінің жемісі, халық тілі дамуының кезеңі тудырған тіл құбылыстары. Әрбір өлкеде тұратын қазақтардың тілінде кездесетін бұл секілді тіл айырмашылығының пайда болуының тарихи сыры бар. Мәселен, біз осы еңбекте сез еткелі отырған қарақалпақ жерінде тұратын қазақтардың тіліндегі диалектілік айырмашылықты алатын болсақ, олардың көбінің-ақ түптеп келгенде із-өкшесі қарақалпақ тілінде, сонан кейін өзбек, түрікмен тілдеріне қатысты екенін көреміз. Мұның себебін тусіну онша қиын емес. Бұл жерде тұратын қазақтардың ежелден қарақалпақ, өзбек, түрікмен жұртымен іргелес, қоныстас, ағайындас ел болғанымен байланысып жатыр. Ұзақ жылдық тілдік қарым-қатынас нәтижесінде осы аймақ қазақтарының тіліне аталған тілдерден ауысқан сөздер аз емес. Ол сөздер өздері енген тілге әбден етене болып, сіңісіп кеткен. Демек, мұндағы біздің айтайық дегеніміз — қазақ тілінде де жергілікті тіл айырмашылығы бар екендігі, сосын оның өзі кездейсоқ пайда болмағандығы, белгілі тарихи дамудың нәтижесінде туған тіл құбылыстары екендігі. Әрине, бұл құбылыстардың көлемі барлық өлкенің қазақтары тіліне ортақ құбылыстармен салыстырғанда әлдеқайда аз. Бірақ көлем жағынан қанша шағын болғанымен, бұл өзгешеліктерді ескермеуге де болмайды.
Әдеби тіліміздің халық тілі негізінде дамып отырғаны белгілі. Халық тілі, халық диалектілері — әдеби тілді байытудың қайнар бұлағы. Бірақ әдеби тіл халық тілінің материалына талғаусыз қарамайды. Оның ішінен өіне керегін сұрыптап, елеп-екшеп алады. Жергілікті халық тілі әдеби тілмен осындай тығыз байланыста болғандықтан, оның жай-жапсарын жақсы біліп отыру, әрине аса қажет. Әдеби тілде сөйлеуге үйрену, сөз өзідеріне жаттығу мектеп қабырғасында қалыптасатын нәрсе болғандықтан, жергілікті тіл ерекшеліктері жөнінде хабардар болу — тіл пәнінің мұғалімдері үшін өте қажет. Мектептің қайсысын алсақ та, жергілікті халықтың қайнаған ортасына орналасқан мекеме екенін жақсы білеміз. Ал оқушы болса, сол жергілікті халықтың кішкене бір өкілі ғой. Оның тілінің де өзі туып-өскен ортасының тілінен, ата-анасыньщ тілінен алшақ болмайтыны түсінікті жайт. Демек, әр оқушыны әдеби тілде сейлеуге, әдеби тілде жаза білуге жастай баулитын негізгі орта — мектеп. Міне, осыдан кейін жергілікті тіл ерекшелігі деген не, оның әдеби тілге қарым-қатынасы қандай деген жайдан мұғалімдердін, әсіресе тіл пәні мұғалімдерінің хабардар болу қажеттігі туады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтер (Дөрекі сөздер одағайлар орыс тілі элементтері қарғыс сөздер)

КІРІСПЕ
Көркем сөз өнерінің небір майталмандары сөз өнерінің бастауын жалпы халықтық тіл қорынан алатындығы жаңалық емес. Жалпы халықтық тілді жаңарту, байыту, жаңа қырынан жарқырата қолдану - әрбір жазушының жеке шығармашылық жемісі. Тиесілі сөздің тетігін тауып пайдалану сөз өрнегін келісті сала білген жазушының шеберлігін танытады. Қандай да бір көркем шығарманың көркі, шұрайы сол шығарманың тілі арқылы көрінеді, тілі арқылы бағаланады.
Тіл – стильдің жаны. Әр жазушының өзіндік қалыптасқан стильдік мақамы бар. Көптеген халыққа танымал ірі қаламгерлердің үлкенді-кішілі атақты шығармаларын қолға алып үңіле түссең-ақ, кімнің шығармасы екенін айнытпай айтуға болады. Әдемі өрнек, сұлу сөзге тұнып тұрған, ұзын сонар ширатылған Әуезов сөйлемдерін, өлең жолдарындай өзара ұйқасын тауып, үйлесіп, төгіліп тұратын, артық деп бір сөзін алып тастауға көнбейтін Аймауытов сөйлемдерін, есте ұстауға ерекше икемді, әрбір кейіпкерін "өмірдің өзінен ойып алған" Майлин сөйлемдерін ешкіммен шатастыруға болмайды.
Тақырыптың өзектілігі
Көркем әдебиет тілін зерттеу – филология ғылымдарының алдында тұрған бүгінгі таңдағы қажетті міндеттердің бірі.
Көркем шығарманы талдау арқылы көркем әдебиет тілінде экспрессивтік-эмоциялық жүк көтеріп, өзіне соншалықты міндет артып тұрған сөздер мен сөз орамдары, сөйлемдердің үлкен маңызы, мәні бар екенін байқаймыз. Осындай таңдаулардың көмегі арқылы ғана жазушының сөз қолдану ерекшелігі жан-жақты ашылады. Жазушы қолданған әрбір элементтің мейлі ол әдеби нормаға жатпасын алатын орны ерекше.
"Көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтер" деген тақырыптың қазақ тіл білімінде біраз зерттелгенімен, ол – монографиялық ізденіс ретінде әлі де толықтыра, айқындай түсуді қажет ететін проблема.
Көркем дүниедегі бейәдеби элементтердің стильдік қызметін зерттеу арқылы оның сыры, маңыздылығы ашыла түседі.
Зерттеу деңгейі
Қазақ көркем әдебиеті тілін зерттеуге өзіндік үлес қосқан зерттеушілеріміздің ең алдыңғысы деп Мұхтар Әуезовты айтуымызға болады. Ол сонау 50-жылдардың өзінде "Манас" жырының тілдік өрнектерін талдау арқылы бізге мол мирас қалдырған.
Қазақ көркем әдебиеті тілін зерттеуге қомақты үлес қосып келе жатқан ғалымдардың бірі – Рабиға Сыздықова. Зерттеушінің стилистикаға байланысты жазған ғылыми еңбектерінен жазушының сөз қолданысы, стиліне байланысты құнды пікірлер мен ғылыми тұжырымдарды көре аламыз.
Осындай ірі тұлғалардың ірі пікірлеріне сүйеніп, қазақ көркем әдебиет тілін зерттеуге үлес қосып жүрген зерттеушілеріміздің есімін атап өтпеуімізге болмайды. Шалабай Б, Әміров Р, Бизақов С, Сәрсеке Г, Майтанов Б т.б. осы бағыттағы ірі зерттеушілеріміз.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері
Қазіргі қазақ әдебиет тіліндегі бейәдеби элементтердің қызметін көрсету. Ол мақсатқа орай мынадай міндеттерді қойдық:
Көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтердің алатын орнын, маңыздылығын зерттеу;
Бейәдеби элементердің көркем шығармада қолдану мақсатын айқындау;
Көркем шығармадағы бейәдеби элементтерді маңыздылығын мысалдар арқылы дәлелдеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы
Осы көрсетілген міндеттерден де аңғарылуы тиіс, дегенмен нақтырақ айтсақ:
Қазақ көркем әдебиеті тілінде кездесетін бейәдеби элементтердің алатын орны, мүмкіндіктері лингвистикалық стилистика тұрғысынан көрсетілді;
Көркем шығармадағы бейәдеби элементтер нақты материалдар (мысалдар) арқылы талданды;
Дөрекі сөз, орыс тілі элементтері, қарғыс, одағай сөздер осы жұмыста кеңінен баса көрсетілді;
Аталған бейәдеби элементтердің образ жасауға қатысы нақты мысалдармен көрсетілді.
Зерттеу жұмысының көмегімен көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтердің әдеби нормаға жатпаса да шығармада алатын орнының қомақты екендігі барынша дәлелденді.
Зерттеудің әдістері
Жұмыста сипаттау, жүйелеу, талдау әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы
Жұмыс зерттеушіні көркем сөз сырына, сөздердің не сөз оралымдарының қолданылу заңдылықтарына қанықтыра түсуде, бейәдеби элементтердің көркем шығармадағы орнын, қызметін, мүмкіндіктерін көрсететін лингвистикалық тұрғыдан талдауда септігін тигізетін танымдар мен талдаулар.
Зерттеу жұмысының құрылымы
Жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І-ТАРАУ. БЕЙӘДЕБИ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДА АЛАТЫН ОРНЫ, МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

І.1. Дөрекі сөздердің сипаттамасы

Көркем әдебиет тілін зерттеу – филология ғылымдарының алдында тұрған бүгінгі таңдағы қажетті міндеттердің бірі. Көркем туынды белгілі бір оқиғаны оқырман сезіміне әсерлі, бейнелі етіп жеткізетіні белгілі. Сол әсерлілік пен бейнелілік түрлі амал-тәсілдермен жүзеге асырылады. Шығарма тілін талдау әдеби шығарманың көркемдік әрі эстетикалық қасиетін танып-білуге көмектеседі, кейіпкерлер тілінің өзіндік болмысын анықтауға мүмкіндік туғызады және стилистиканың көптеген мәселелерін шешуге көмегін тигізеді.
Көркем әдебиет тілін зерттеу түркологияда өткен ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап қолға алынды. Соның өзінде жекелеген жазушылардың немесе олардың белгілі бір шығармаларының тілін талдау түрінде қалыптасты. Мұндай зерттеулер әзірбайжан, татар, қырғыз, өзбек тағы басқа түркі тіл білімдерінде пайда бола бастады.
Оларда ұлттық әдебиетті дамытуға зор үлес қосқан ақын, жазушылар тілінің сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы, бейнелеу құралдары жан-жақты талдау нысаны болды. Түркологияда осы аралықта көркем әдебиет тілі мәселесін жалпы теориялық тұрғыдан да қарастырған еңбектер жарық көрді. Және проза тіліне қарағанда, өлең тілі анағұрлым терең де жан-жақты зерттелді (24; 25; 26).
Сонымен бірге түркологияда көркем әдебиет тілін әдеби тіл дамуының тарихы тұрғысынан қарап шешу жағы басым болып, ал көркем шығарма тілін өнер тілі тұрғысынан талдап зерттеу жағы кешеуілдеңкіреп қала берді.
Көркем әдебиет тілін зерттеудің қазақ тіл біліміндегі жалпы, қазақ филологиясындағы жайына келетін болсақ, оның біршама қалыптасқан тарихы, жасалған үлгісі, жинақталған тәжірибе.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдерін қолдану арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың негіздері

Тақырыптың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының келешек даму стратегиясындағы басымды бағыттардың қатарына Қазақстандық барлық қоғам өкілдерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтардың әл-ауқатының жақсаруы және білім беруді жетілдіру мәселері жатады. Бұл жайында ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан -2030» дамуы [1] жоспарында баяндалған. Бұл бағыттар халықтың тарихи дамуы барысындағы жағдайдың ерекшелігі өз өмірі құрамыңдағы этностық және конфессиялық түрлі тектілікті тарихи қоғамдастық тағдыры, олардың үлкен территориялық аймағы мен халық санының аздығы, сонымен қатар елдің көптеген азаматтарының табиғи байлық көздеріне, таланттар мен мамандардың кәсіптік шеберлігіне қарамай сәйкес келмейтінін айта кету керек [2].
Салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттілігі түрлі жастағы адамдардың өз денсаулығына деген шынайы қатынасына байланысты. Осы мәселелер жайлы статистикалық материалдар мен ғылыми жарияланымдарда тіркелген көптеген жағымсыз фактілер белгілі болып келеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Алматы облысының аумағындағы көлдердің түзілу жолдары

Балқаш-Алакөл ойысының аумағындағы табиғаттағы маңызы зор нысандардың бірі табиғи су қоймалары көлдер болып табылады.Олар Балқаш, Алакөл, Сасықкөл Ұялы сыяқты өзіне тән бірегей органикалық дүниесі бар ірі көлдер Жетісу өңіріндегі жылу мен ылғалдың таралуында, ерекше орын алады.
Аридті аймақ болып табылатын облыс аумағының халқын балық өнімдерімен қамтамасыз етумен қатар жазғы демалыс орыны болып табылатын көлдерді жан-жақты оқып үйреніп оларды бірегей табиғи нысан ретінде қорғаудың маңызы
Бітіру жұмысының өзектілігі: Бітіру жұмысы Алматы облысының аумағындағы көлдердің түзілу жолдарын, қоректену режимдерін, табиғаттағы маңымен оларды қорғаудың маңызын ашып көрсетуімен өзекті.
Бітіру жұмысының мақсаты:
• Алматы облсының аумағындағы көл қазаншұңқырларының түзілу жолдарын;
• -гидрологиялық режимдерін, динамикасы мен су балансын;
• -қоректену ерекшеліктері мен физикалық-химиялық қасиеттерін
• -органикалық дүниесімен табиғаттағы маңызын ашып көрсетіу. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биохимия | Бие сүтінің ферменттік өнімінен сүт қышқылды бактерияларын бөліп алу және қасиеттерін анықтау

КІРІСПЕ
Соңғы кезде Қазақстанда өнеркәсіп шикізаттарын өндіру мен қатар ауыл шаруашылық секторын дамыту туралы шаралар қолға алына бастады. Әртүрлі тағамдық заттардың ішінде сүттің және одан жасалған тағамдардың адам тіршілігі үшін маңызы өте зор. Бір жағынан сүт адам организіміне қажетті алмаспайтын аминқышқылдары мен құнды белоктардың негізгі көзінің бірі болып табылса, екіншіден, бұл заттардың тамақтану рацимонында жетіспеушілігі организімнің өсіп дамуына кері әсер етіп, әртүрлі ауруларға соғуы мүмкін.
Сондықтан бие сүтінің химиялық құрамын оның физико-химиялық көрсеткіштерін зерттеу бие сүтінің тағамдық және биологиялық құндылығын анықтайды. Біздің елде бие сүтінен оның ферменттік өнімі қымызды өңдейді. Ферменттену процесі кезінде бие сүтінің химиялық құрамы өзгеріске ұшырайды. Бұл биохимиялық өзгерістер сүт қышқылы бактерияларының әсерінен жүреді. Содықтан ферменттік процестерді жүргізетін сүт қышқылы бактерияларын қымыздан бөліп алып, олардың физиоло-биохимиялық, антагонистік қасиеттерін анықтап, бие сүтіндегі ферментативтік процестерді ретттеуге болады. осыдан организмге пайдалы өнімнің технологиясына нұсқау жазуға болады.
Жүмыстың мақсаты: бие сүтінің ферменттік өнімінен сүт қышқылды бактерияларын бөліп алып, айқындап, қасиеттерін анықтау.
Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады:
• Бие сүтінің және қымыздың физика – химиялық көрсеткіштерін анықтау.
• Сүт қышқылды бактерияларды бөліп алу.
• Физиолого- биохимиялық қасиеттерін анықтау.
• Антагонистік қасиеттерін анықтау.
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1 Бие сүтінің химиялық құрамы
Тағамдық өнімдердің химиялық құрамын зерттеу қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелердің бірі боліп табылады. Сүт биологиялық сұйықтық ретінде сүтқоректілер ағзасында, яғни сүт бездерінде синтезделеді. Жануарладың тұқымқуалаушылық қасиеттеріне байланысты сүттің физикалық – химиялық және биологиялық қасиеттерін анықтайтын белгілі бір химиялық құрамы болады. [1].
Сүттің тағам өнімі ретінде жоғары бағасы оның химиялық құрамының ерекшелігімен түсіндіріледі. Сүтқоректілердің барлық заттар түрлерінің сүтінде жас ұрпақтың өсіп дамуына қажет барлық заттар бар. Алайда, сүт құрамы мен қасиеттері жануарлар түріне байланысты ерекшеленеді.
Сүттің химиялық құрамы мен қасиеттері өте күрделі. Жаңа биохимиялық әдістерді қолдана отырып сүт құрамынан 260-қа жуық химиялық заттар табылған [2]. Сиыр және биенің шикі сүтінің химиялық құрамы бірінші кестеде келтірілген.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0