Дипломдық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар санатында қазақ тілінде жасалған жобаларды қарап, тегін жүктей аласыз. Қазақ тілі, математика, информатика, бағдарламалау, қазақ әдебиеті, топырақтану, қаржы, педагогика, дене шынықтыру, құқықтану, география, психология, есеп және аудит, биотехнoлогия және тағы басқа пәндер бойынша дайын дипломдық жұмыстар жарияланған!!!

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Компанияның баланс өтімділігін талдау

Диплом жұмысының өзектілігі. Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Мысалы, О.В. Ефимова өтімділік деп -"кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша төлеу қабілеттілігі", - деп жазады . Дәл осынысымен, оның пікірінше, өтімділік төлеу қабілетілігінен өзгешеленеді. И.Т. Балабанов та өтімділікке осы сияқты анықтама береді: "шаруашылық субъектісінің өтімділігі, - ол оның өзінің борыштарын тез өтеу қабілеттілігі , егер кәсіпорын өзінің ағымдағы активтерін өткізіп, яғни оларды ақшаға айналдыра алса, өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауға шамасы бар болса, онда ол өтімді кәсіпорын болып саналады". Бұл тұжырымдама жоғарыда айтылған төлем қабілеттілігі тұжырымдамасына өте ұқсас. Олардың айырмашылығы пайдаланатын көрсеткіштер мен есептеу әдістерінде. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік - бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы. Профессор Н.П. Кондраков өтімділік деп - "материалдық және тағы басқа құндылықтардың сатылу және олардың ақша қаражаттарына айналу мүмкіндігін айтады". Ағылшын авторларының "Бухгалтерлік талдау деген" еңбегінде "фирманың өтімділігі - бұл оның барлық қажетті төлемдерін, олардың төлеу уақыты келгенде, жабу үшін өз активтерін ақшаға айнаддыру қабілеттілігі" деп көрсетілген. "Өтімді" сөзінің өзі дейді олар "ақшаға оңай айналатын" деген ұғымды білдіреді....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Микроконтроллер негізінде метро эскалаторының басқару жүйесін жобалау

Кіріспе
Эскалаторлар 21-ғасырда жолаушыларды бір деңгейден екінші деңгейге
тасымалдаудағы транстпорттық құралдардың тиімді түрі болып табылады.
Эскалатор жолаушыларды өткізу ерекшелігіне байланысты көптеген
қоғамдық жерлерде пайдалынылады. Соның ішінде метро бекеттері. Метро
бекеттері терең орналасқандықтан және бір мезгілде жолаушылардың көбеюі
эскалаторды мүмкіндігінше қолдануды талап етеді. Және де эскалаторлардың
бір артықшылығы басқару жүйесінде сезгіш құралдар арқылы жолаушылар
жоқ кезде өшіп туруы, соның арқасында біз жұмсалатын электр энергиясын
бірнеше есе азайтамыз. Бұл дипломдық жобада қолданылатын жаңа
технологиялар эскалаторды басқаруға көптеген жеңілдіктер жасайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін өзі басқару қалыптасу жобалары

Бүгінде Республикамызда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру біздің саяси бағытымыздың өзекті тұғырнамасына айналып, бұл орайда оны қайта құрудың әлемдік үлгілері мен үрдістерін саралау мен сараптау жұмыстары дәйектілікпен жүргізіліп отырғаны да тегін емес.
Көптеген дамушы елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, жергілікті өзін-өзі басқарудың тұғырнамасын іске асыру кез келген құқықтық мемлекеттегі демократиялық режимнің қажетті құрылымы болып табылады. Өзінің институттарымен жергілікті өмірдің демократиялық ұйымының дерлік барлық жағын қамти отырып, жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік биліктің көптеген қызметтерін орталықсыздандырудың ұтымды әдістерімен жергілікті өмірдің бүкіл мәселелері бойынша шешімдер қабылдауды аумақтық қоғамдастықтарға көшіруге мүмкіндік береді, осы арқылы азаматтардың белсенділігін көтермелейді және осы сияқты шешімдерге олардың нақты қатыстылығын қамтамасыз етеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Кәсіби оқыту | Кәсіби білім беру жүйесіндегі Түлкібас агробизнес және туризм колледжінің қазіргі замандағы педагогикалық оқыту технологиялары

Қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістінгіне интеграциялау мәселесі біртіндеп шешімін тауып келеді.
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсат-міндеттерінде төмендегі мәселелер баса айтылады:
«Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәскеге қабілеттілігін арттыру;
Білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Политология | Жаһандану процесінің Қазақстандағы саяси мәдениетке тигізетін әсері

Қазіргі заманғы күрделі және қайшылықтарға толы, мемлекет, әлеуметтік топтар мен жеке индивидтер дәрежесінде жүзеге асып отырған, әлемнің мәндік белгісі- жаһандану процесі. Бүгінде, әлемдік қоғамдастық өмірінің барлық жақтарын қамтуға бет алған жаһандану процесі дүниежүзілік саясат факторына айналып келеді. Жаһандану қай кезде басталды, оның табиғаты қандай екендігі жайында ғалымдар мен саясаттанушылардың әрқилы пікірлеріне қарамастан, қазіргі заманғы трихта бұл процесті ғылыми-техникалық революцияның күрт дамуына орай 1960 жылдардың басымен байланыстырады.
Өзектілігі – жаһандану процесінің бүкіл әлемге кең етек жайып, қоғам өмірінің барлық салаларына: экономикалық, саяси, мәдени, әлеуметтік салаларға өз әсерін тигізуде. Әсіресе жаһандану дүниесі басқа елдердің алдына қойғаны секілді біздің еліміз алдына да өте күрделі де принципті мәселелер қойып отыр. Және де осы мәселелердің қалай шешілетіндігіне болашақта жас мемлекетімізде көп нәрсе байланысты болмақ. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Қазақ және түрік тіліндегі сөз этикеті бірліктері

КІРІСПЕ
Адам тәлім-тәрбиесіз, өнер-білімсіз, іс-әрекетсіз өмір сүрмек емес. Сол өмірінде ол өзін қоғамнан тыс жүрген жанмын демей, ата-ананың ұл-қызы болғандықтан, халықтың Отанының ұл-қызымын деп есептейді. Адамды сондай саналы ойға баулитын, еңбек процесіне белсене қатысуға мүмкіншілік тудыратын қарым-қатынас құрамы – ұлы мәртебелі сол ана тілі.
Адам білімді, тәлім-тәрбиені тіл арқылы алады, мәдениетті, өнерді, ғылымды, техниканы тіл арқылы үйренеді. Тіл – ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы. Сондықтан онда әрбір халықтың ұлттық сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының нысаналары сақталады. Халықтың сондай ерекшеліктері, мәдениеті, әдет-ғұрпы, әдеби мұралары, оның психикалық қалпы тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады.
Тілді жақсы білу оңай жұмыс емес. Өйткені оның шегі жоқ. Тіл - адамдардың еңбек ету процесінде, қарым-қатынас жасау тәжірибесінде мыңдаған жылдар бойы жасалған. Оның орасан зор көп байлықтары сол тілде сөйлейтін халықтың бастан кешірген ұзақ өміріндегі ойлау жұмысының нәтижесі ретінде үнемі дамып отырады. Тілді сіресіп қатып қалған қалпында емес, сол даму, жетілу, процесінде үйренеміз.
Адам баласы белгілі бір қоғамда бірлесіп өмір сүріп, бірлесіп еңбек етеді. Қандай да болмасын қоғамның көпшілік қабылдаған әдет-ғұрып, қарым-қатынас жасау дәстүрі болады. Адамдардың бір-бірімен араласуы сол қағидаға негізделеді. Одан ауытқу өзара қалыптасқан қарым-қатынасқа қаяу түсіру мүмкін. Сондықтан әркім белгілі қоғамның бір мүшесі ретінде, көпшілікке аян дәстүрлі қағидалар мен әдет-ғұрыптарды құрметтеп отыруға тиіс. Міне, адамдардың өзара қарым-қатынасына қатысты орныққан әдеп ережелерінің жиынтығы ғылымда «этикет» деген арнайы терминмен айтылады. Осы әдеп ережелері жиынтығының вербалды (тіл арқылы жүзеге асатын) жағы «сөз этикеті» деген арнайы атпен ерекшеленіп атала бастады.
Сөз этикеті жалпы алғанда адамдар (коммуникаттар) арасындағы байланыстың үзілмеуі, реттеліп отыруы, сыпайы түрде жүзеге асуы, сондай-ақ көңіл-күйге жағымды әсер ету үшін жұмсалады. Міне, бұларды бір сөзбен айтқанда сөз этикетінің қызметі деп атауға болады.
Сөз этикеті әлеуметтік-лингвистикалық құбылыс болғандықтан да, оның өзіне тән қызметі тіл табиғатынан, тілдің функцияларынан туындайды. Ал жалпы тілдің ең басты қызметі – қарым-қатынас құралы болу және де танымдық мәні, яки қоршаған ортаны танып білу, заттар мен құбылыстарды бейнелеу, ойды жеткізу екендігі белгілі. Сөз этикеті, негізінен тілдің бір бөлшегі, шағын жүйесі (микросистема) ретінде қарым-қатынас, яғни коммуникативтік қызметте жан-жақты ашылады, ал танымдық қызметінде ол жетекші рөль атқармайды. Мысалы, дәстүрлі «Қалың қалай?», «Не жаңалық бар?», « Мал-жан аман ба?» сияқты қалыпты сұрақтар (клише, штампттар) нақты жауапты талап етпейді. Бұл сұраулы сөйлемдер өз кезегінде айтылуға тиіс болғандықтан, айтылады да, оған тағы да дәстүрлі «Шүкір!» «Өзіңде не жаңалық бар?» деген тәрізді қалыпты жауаптар беріледі. Бұл мысалдар (сөз орамдары) сөйлеушілердің әңгімені бастап кетулеріне «кілт», яки бір нәрсені сұрау, оған жауап беру қызметінде емес, негізінен, қарым-қатынасты үзбеу, жалғау қызметінде тұр. Бұл, әрине, сөз этикетінің негізгі қызметі тек байланыс құралы ғана болып, оның танымдық (сигнификативтік) мәні жоқ деген сөз емес. Егер оның бұндай танымдық мәні болмаса, біз белгілі бір нақты жағдайда қоштасу мен амандасу, рахмет айту секілді түрлерін ажырата алмаған болар едік.
Сөз мәдениеті күрделі ұғымды қамтиды. «Сөз» деген сөздің өзі – мағыналық өрісі кең дүние. Тіл жеке сөздерден тұрады, яғни сөз – тілдің бір элементі. Қазақ тілінде «сөз» сөзінің қосалқы, ауыспалы мағыналары бар.
«Сөз мәдениеті» – тілдің жеке элементтерін, тұлға-тәсілдерін оның елегінен өтіп қалыптасқан, қоғам тарапынан қабылданған заңдылықтарына сәйкес дұрыс пайдалану туралы білім саласы. Сонымен «Сөз мәдениеті» – тек тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық нормаларын бұлжытпай дәлме-дәл сақтау ғана емес, айтпақ ойды тыңдаушы жүрекке жылы тиетін, «айналасы теп-тегіс жұмыр келген», әсерлі жеткізу дегенді білдіреді.
Кез келген ұлттың, халықтың сырт көзге бірден байқалатын, мен мұндалап тұратын ерекшелігі ең алдымен этикеттен, сөз этикетінен көрінеді. Белгілі бір халықтың, ұлттың тілін үйренуде басқа елдің алдымен сол халықтың тіліндегі сөз этикетіне ден қояды. Тіл үйренуді амандасу, рахмет айту, кешірім сұрау, комплимент айту және қоштасу сияқты сөз этикет сөздерден бастайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Педагогика | Оқушылардың бойында мәдени мінез-құлықты қалыптастыру

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: қоғамның материалдық-техникалық базасының дамуы әр уақытта қоғам мүшелерінің білімділігіне, саналылығына байланысты. Біздің елімізде жарқын бейненің кейбір көріністері өмір тіршілігіміздің әрбір саласында байқалып жүргендігі баршағы аян. Дегенмен, жасөспірімдерді елімізге лайық тәрбиелей отырып, өміріміздің өскелең талаптарына сай келетін азамат етуіміз ең абзал да жауапты міндет.
Жаңа адам әр уақытта жеке басының мүддесін қоғам мүддесіне бағындырады. Басқа психикалық процестер сияқты мінез де объективтік дүниедегі заттар мен құбылыстардың әсер етуі нәтижесінде қалыптасады.
Қазақтың ұлы ойшылдары мен ағартушылары Әл-Фараби, А.Құнанбаевтың, Ы.Алтынсариннің еңбектері мен философиялық, психологиялық, ой-талғам толғаныстарынан, өлеңдері мен қара сөздерінің жалпы адамзаттық қадір-қасиет пен адамгершілік тәрбиесінің өзекті мәселелеріне көп көңіл бөлген.
Қазіргі уақытта М.Жұмабаев, Қ.Жарықбаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердиевтің дана ойлары халықтың адамгершілік тәрбиесі мен балалардың тәрбиесіне үлес қосатын таптырмас қазына-мұра.
Оқушылардың мәдени мінез-құлқы мен адамгершілік тәрбие беру мәселелерін ұлы педагогтар Н.Крупская, А.С.Макаренко, А.В.Луначарский, Я.А.Коменский, О.С.Богданова қарастырған.
Әрбір адам өзінің өмір жолында «абыройым төгілмесін» деген әрбір адам мына бір аса қажет ақиқатты-көңіліне берік түйіп алғаны жөн. Ол
- адамгершілік мінез-құлықтан бастау алатын әдептілік нормаларын әрқашанда да ықтиятты болу.
Әл-Фараби бабамыз білім мен тәрбиенің бір еместігін айта отырып, тәрбиесіз берілген білім адамға таяқ болып тиеді деген тұжырым жасайды.
Мұның өзі көпқырлы, терең сырлы дүние, оның мәнін, табиғатын тануға арғы-бергі замандарда әр елден шыққан талай-талай данышпандар аз көңіл бөлмеген. Бұл жұмыста адамзаттың кісілік жаратылысын сипаттайтын нәзік те келісті әрі күрделі құбылыстың тұңғиық терең табиғатын, мәнін, жалпы адамзаттық және ұлттық сипаттарын, алуан тұрлі көріністерін, олардың озық үлгілерін ата мұраға адал осы замандық жас ұрпақтың бойына дарыту жолдарын ғылыми тұрғыдан жан-жақты қарастыруды, сол арқылы мәдени мінез-құлықты қалыптастыратын мұғалімдер мен ата-аналарға көмектесу мақсатын көздейді.
Зерттеудің мақсаты: оқушылардың бойында мәдени мінез-құлықты қалыптастыру, адамгершілік ұғымдар мен сенімдерді, жоғары моральдық сезімдерді қалыптастыру, мінез-құлықтың берік әдет-дағдыларын бойға сіңіру, мінездегі ерік белгілерін қалыптастырып, теріс әдет-ғұрыптарды жою.
Зерттеудің нысанасы: Мектеп оқушыларының мәдени мінез-құлқының қалыптастырудың жолдары.
Зерттеудің пәні: Мектеп оқушыларының психологиялық-педагогикалық диагностикасы.
Зерттеудің әдісі: Психологиялық-педагогикалық талдау, балаларда мәдени мінез-құлықты қалыптастырудың әдіс-тәсілдерді іріктеп алу және оларды қолданудың жолдарын анықтау.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Педагогика | Жасөспірімдерге эстетикалық тәрбие берудің мәселелері

КІРІСПЕ
Тақырыптың көкейкестілігі.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында. Мектепте білім берудің мақсаты - ... жеке тұлғаның сапалы терең білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын таңдауға кеңінен мүмкіндік беру деп көрсетілген.
Педагог ғалымдардың еңбектерінің негізі идеяларына сүйене отырып, қазақ қолданбаны өнердегі кеңістік пен уақыт ұғымдарының эстетикалық тәрбиедегі көрінісіне, соның негізінде эстетикалық тәрбие беру, мүмкіндіктеріне мазмұнды сипаттама беруге болады.
Эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктері адамның эстетикалық көзқарас, сезім, таным, қабылдау, баға беру, белсенділік қасиеттерінің жиынтығын құрайды.
Алдымен қазақ қолданбалы өнері эстетикалық көзқарасты тәрбиелейді. Адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызметінің барлық сапасынан көрінеді. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам, еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі әсемдікті танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады. Ол туралы В.Белинский былай деп жазған: "Әдемілікті сезіну - адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы сезім төңірегінде ғана ақыл-парасат болуы мүмкін". Эстетикалық сезім - жақсылықтың негізі. Яғни эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу - ұлттық өнерге мұқият зейін салуды талап етумен қатар балалардың ақыл-ойын, дүниетанымын дамытады.
Эстетикалық тәрбие беруде көзқарас пен таңым ынтымақтыққа, бірлікке, адамгершілікке, шыншылдыққа, патриоттыққа, мейірімділікке, тәрбиелейді.
Бүгшде мектептерде бастауыш және жоғары сынып оқушыларының ақыл-ойы сана-сезімін жетілдіруде эстетикалық тәрбие берудің мүмкіндігін ерекшелей келе, ұстаздардың кәсіби даярлығына ерекше талаптар қойып, оның психологиялық және педагогикалық жолдарын зерттеуді алға қоя отырып диплом жұмысының тақырыбына арқау болатын актуалды, көкейкестілігін анықтауды жөнкөрдік.
Эстетикалық тәрбие тек қана көркемдік деңгейді жетілдіру, оқыған кітіп, көрген кинолар мен музыкалық шығармалар санын көбейту ғана емес. Ең бастысы, адамгершілік, этетикалық сезімді, жеке бастың рухани деңгейін кеңейту, мінез – құлқын түзету, әсемдікті түсіне білу. Егер оқушы өзін жаман әдеттен алшақ ұстап, өз әрекеттерінің әдемілігін, қажеттігін түсініп, еңбек нәтижесінен көркемдікті сезіне білсе, бұл оның эстетикалық талғамының, сонымен қатар адамгершілік қасиеттерінің жоғарв жетіле бастағанын көрсетеді.
Мектепте оқушлар мен оқытушылар, тарбиеленушілер арасындағы, кіші және ересек оқушылар арасындагы таза адамгершілік қатынастардан өзіндік эстетиканы байқауға болады. Қатынас кезінде олар өзара түсінушілікке дағдыланады, ортақ тіл табысады, өмірге өздерінің көзқарастарын қалыптастырады, Сократ дана айтқандай "әдемілікті бірлесіп іздеуде" таптырмайтын мүмкіншіліктер алады. Қатынас - ол тек қана оймен ғана адмасу емес, сезім және әсерленушілікпен де алмасу. Қатынас неден құралады немесе, басқаша айтқанда, қатынастың әдістері қандай? Олар: - көзқарас, сөз, дауыс ырғағы, ым, ишарат, дене қимылы. Бұл амалдар жеке түрде болсын, біріккен түрде болсын көп мағынаны түсіндіреді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Негізгі құралдардың есебі мен аудиті

Қазіргі танда кез келген кәсіпорынды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында кәсіпорындардың күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін бағаламай кетпеуге болмайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Метрология | Шет елдердін етті ірі кара мал шаруашылыгы

Қазақстандағы нарықтық қатынастардың дамуы, агроөндірістік кешеннің ұйымдар мен мекемелер жеке меншігінің көптеген формалары, олармен басқарудың мемлекеттік құрылымның қалыптасуы, алдағы Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі сертификаттау және стандарттаудың, өндірістік технология мен өңдеудің, өнім сапасын жоғарлату жүйесінің критикалық бағасын жүктейді.
Өлшем бірлігін қамтамасыздандыру және техникалық реттеу саласында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізу, сертификаттау бойынша жұмыстарды күшейту талаптары мен экономикалық шарттардың өзгеруінен АӨК-гі стандарттау бойынша нормативтік құжат қорын жақсарту және қайта қарауды шарт етеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттар қорында жалпы 44 368 стандарттар бар. Қазіргі кезде АӨК өнімдеріне 1897 стандарттар бар, соның ішінде 889 стандарттар өнімге және 1008 стандарттар ауыл шаруашылық және тағам өнімдерінің сапасын сынау әдістеріне арналған, сонымен қатар терминдер мен анықтамаларға, орамына, таңбасына, тасымалдануына және сақталуына арналады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0