Дипломдық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар санатында қазақ тілінде жасалған жобаларды қарап, тегін жүктей аласыз. Қазақ тілі, математика, информатика, бағдарламалау, қазақ әдебиеті, топырақтану, қаржы, педагогика, дене шынықтыру, құқықтану, география, психология, есеп және аудит, биотехнoлогия және тағы басқа пәндер бойынша дайын дипломдық жұмыстар жарияланған!!!

Дипломдық жұмыс: Политология | Қазақ мәдениетінің жаһандану кеңістігіндегі инновациялық үдерістері

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда жаһандану - қоғам дамуының заңдылықтарын өзгертіп, әлеуметтік және халықаралық қатынастарды жаңа сапаға өткізетін саяси-әлеуметтік, экономикалық құбылыс болса, екінші жағынан әрбір ұлттық мемлекеттің рухани мәдениетіне ықпал ететін, әлсіз мәдениеттердің үстем мәдениеттердің ықпалында қалып қоятын процесс деп атауымызға болады. Жаһандану мәселесіне байланысты қоғамда белгілі дәрежеде әр мемлекеттің өз зерттеу бағыттары мен бағдарламасы болмаса, онда сол мемлекеттің жаһандық әлемдегі орны да белгісіз, және сол үдеріске сіңісіп, өз құндылықтарын жоюуы бек мүмкін. Сондықтан да әрбір ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан мемлекет осы жаһандық ақпараттық – мәдени қысымға барлық жағынан сақадай сай болуы тиіс, әрине бұл жерде әр мемлекет сақадай сай болуы үшін, бұл үдерісті жан – жақты терең зерттеу елегінен өткізудің маңызы зор.
Таңдалынып алынған бітіру жұмысының тақырыбының өзектілігі бірнеше рухани-әлеуметтік, саяси-бағдарлық және дүниетанымдық факторлармен анықталады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Кәсіби оқыту | Ағаш бұйымдарын жасау технологиясы және окыту әдістемесі

Қазіргі кезде елімізде ұлттық құндылардың қайта өркендеуіне жол ашылды. Оған, Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді… Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр», -деген сөзі осының айғағы.
Бұл мәселе: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында- «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» – деп көрсетілсе, Қазақстан Республикасының орта білім беруді дамыту тұжырымдамасында – орта білім берудің негізгі мақсаты мен міндеті – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушыларды азаматтыққа, елжандылыққа, өз отанын сүюге тәрбиелеу және білім алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін кәсіптік дағдылар алуына жағдайлар жасау және осы қойылған міндеттерді іске асыру үшін білім берудің мазмұнын, дүниені тұтастай қабылдауды, қамтамасыз ететін өнер, еңбекке баулу сияқты білім беру салалары арқылы жүзеге асыру қажет деп анық айтылған[1,2].
Ұлт мәдениетінің оның қолданбалы өнері арқылы жеке тұлғаның дамуына тигізер әсері туралы ой- пікірлердің қалыптасуында Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, т. б. шығармалары мен халықтық педагогиканың ұлттық тәрбие мәселесінде алатын орнын зерттеуде А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, т. б. еңбектерінің қосқан үлесі зор. Олар өз еңбектерінде жас ұрпақтардың тәрбиесінің өзекті мәселелеріне байланысты өте құнды пікірлер айтқан. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Информатика | Информатиканың териялық негіздері» оқулығының электрондық нұсқасы

КІРІСПЕ
2006 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдауында «Электрондық үкімет» жүйесін шұғыл енгізу құқығын әдейі баса көрсеткім келеді деп нақты атап көрсетті. Біз электрондық үкіметпен бірге ел басқарамыз, мемлекеттік органдарды тиімді пайдаланамыз.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Қазіргі уақытта электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмайды, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.
Жоғарғы оқу орны секілді мектептердің де оқыту жоспарын басқару жүйесі қатқыл, динамикалық жүйе болу керек. Яғни, бұл жүйеде көзделген жоспарларды тиімді қарастыру керек, барлық өзгерістер мен жаңа тенденцияны оперативті түрде ескеру қажет. Әр Жоғарғы оқу орны мен қатар мектептердің білім беру саласын басқару үшін үлкен мүмкіндіктері байланыс құралы мен есептеу техникасын қолдану қажетті дүние болып табылады. Заманауи кезде Жоғарғы оқу орнын басқаруда автоматтандырылған жүйенің енуі және белгілі бір өңдеу тәжірибесі жинақталған.
Ұйымдастырылған жүйеде қиынырақ жұмыс болып ақпаратты өңдеумен байланысқан процестер жатады. Ол ақпараттарға – жинау, қайта өңдеу, бейнелеу, сақтау, жіберу, тасымалдау және шығару жатады. Осы процестерді тездету және мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер көмектеседі.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Айтыс ақындар тіліндегі троптар (О. Досбосынов шығармалары бойынша)

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Сөз өнерінің, көркем сөз тігісінің, образдың, көркем ойлардың, сөз шешендігі мен шеберлігінің тілдік көрінісін айтыс өлеңдерінен байқаймыз. Айтыстарда көркемдік бейнелеу, көріктеу тілі өз алдына, түлеп ұшқан тың өткір, ұтқыр тіркес аса мол болды. Айтысқа қатысқан екі ақынның қайсысы болса, халықтың тіл байлығын молынан пайдалана отырып, неше түрлі әдемі теңеу, сөз образдарын жасайды, айтайын деген ойын әрі ашық, әрі терең мағыналы етіп жеткізеді. Қазіргі кезеңде кемеліне келген әдеби тіліміздің ілгері басып, дамуына ақындық теңізі сияқты айтыс өлеңдерінің орны ерекше. Айтыс - өлеңді қолма-қол суырып салып айтатын өнер сайысы, синкреттік сипаты басым жанр. Айтыс тілінің көркемдік әлемі – оның бүкіл болмысын танытады. Көркем сөз өнеріне елеулі үлес қосқан айтыскер ақын О.Досбосыновтың шығармашылығын тілдік тұрғыдан талдап көрсете отырып, әдеби тілдің көркемдік нормаларын, соған сәйкес эстетикалық принциптерді қалыптастырудағы орнын анықтау зерттеудің өзектілігі деп білеміз. Ақын тіліндегі троптардың түрлеріне кеңінен тоқталып, өзге айтыс ақындар тілінің ерекшеліктерімен салыстара зерттеу маңызды болмақ.
Зерттеу нысаны: Жұмыстың зерттеу нысаны ретінде – О.Досбосынов айтыстарындағы троптың түрлері мен көркемдік тәсілдердің ерекшеліктері алынды. Сол арқылы айтыс тіліндегі троптарды зерттеу нысаны көзделді. Ақынның кейбір сөз қолданысындағы ерекшеліктерді анықтауда олардың қағысулары мен қайымдасулары, басқа да айтыс ақындарымен салыстырылды. Және де ақын айтыстарымен бірге өзінен бұрынғы өмір сүрген айтыскер ақындар Біржан мен Сара, ұлы ақын Абайдың өлеңдері, түркі жазба ескерткіштері тілдік салыстырулар ретінде қарастырылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Зерттеудің негізгі мақсаты – айтыс ақындар тілінің лексикалық ерекшеліктерін, яғни стильдік-семантикалық, құрылымдық жағын, көркемдік амал-тәсілдердің экспрессивті, эмоциялық бояуын, фразеологизмдердің сөз саптауда әр түрлі семантикалық, тұлғалық, өзгеріске ұшырап жаңаруын, сондай-ақ морфологиялық, кейбір синтаксистік ерекшеліктерді және өлеңнің құрылысын анықтай отырып, ақындар айтысындағы троптарды О.Досбосынов тілі бойынша зерттеп, маңызын анықтау.
Жұмыстың зерттеу әдістері: Зерттеудің негізгі әдіс-тәсілдері – стильдік-семантикалық талдау және баяндау, салыстыру, ғылыми тұрғыда талдау. Сондай-ақ, жалпы тіл білімінде қолданылатын лингво-стилистикалық әдістер басшылыққа алынады.
Жұмыстың жаңышылдығы: Зерттеу негізін құрайтын “Айтыс тіліндегі троптар” О.Досбосынов шығармалары бойынша зерттеліп, алғаш рет айтыскер ақынның көркем сөз образдарының тілдік бейнесінің мәні туралы пайымдаулар жасау үлкен маңызға ие. Ақын тіліндегі троптардың қолданыс аясын зерттеу арқылы бүгінгі айтыс тіліндегі троптардың ерекшеліктерін анықтайды


1 АЙТЫС ЖАНРЫНЫҢ ӨТКЕНI МЕН БҮГIНI

1.1Айтыс жанрының зерттелуі

Қазақ тарихында халықтың әлеуметтік – тұрмыстық ерекшеліктеріне сәйкес туып қалыптасатын фольклорлық мұраның қайнар көзі саналатын айтыс өлеңдерін зерттеу - қай кезеңде болмасын маңызды.
Айтыс - өлеңді қолма-қол суырып салып (импровизация) айтатын өнер сайысы синкреттік сипаты басым жанр. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда айтыстың алғашқы үлгілерінің тууына тұрмыс-салт жырлары негіз болған. Батыс түрік қағандығы кезінде (6-7 ғ) Қытай жылнамаларының деректерінде “түріктер бие сүтінен жасалған қымызды ішіп алған соң, ән шырқап бір-бірімен өлең айтысады” деп жазылған. Тіпті оның түп-тамырын “алғашқы қауымның әлеуметтік-экономикалық тіршілігінен іздеу керек” деген де тұжырым бар. Қалай десек те айтыс әріден – көне дәуірден тамыр тартады.
Халық өмірінен мәнді орын алып, күні бүгінге дейін толастамай ие бола жалғасып келе жатуы айтыстың өміршең екендігін көрсетеді. Ауыз әдебиетінің ең мол жанры ретінде айтыс, тек XIX ғасырдың ортасында былайғы қарайғы кезеңде ғана жазылып, жарық көріп түрлерге бөлініп, халыққа кеңінен таныла бастайды. Бұл іске Т.А.Сейдалин, С.А.Жантөрин, Б.Дауылбаев, Ж.Шайхысламов т.б. қатарлы жазушылар ат салысқан. Белгілі зерттеушілер Ш.Уалиханов, В.Радлов айтыс жанры жайында бағалы пікірлер айтқан. Өткен ғасырдың 20-30 жылдары А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, Ә.Диваев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров қатарлы белгілі адамдар елеулі еңбек еткен. Кейінгі жылдары М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ы.Ысмайлов, М.Қаратаев, Ә.Тәжібаев, М.Ғабдуллин, Б.Кенжебаев, Р.Бердібай, М.Дүйсенов, М.Жармұхамедов, Н.Төреқұлов т.б. ғалымдар арнайы ебектер жазып, айтыс табиғатын жан-жақты қарастырған.
Қазақ еліндегі айтыс жеке ақындарға тән өнер түрі болуымен қатар, ол ең алғашқы туыс-бітімінде көптік жанр. Айтыстың әуелден кең өркендеп дамуына әркез бүкіл халық болып ат салысып келген. Халық бойындағы осы поэтикалық дарындылықты қазақтың тұңғыш ғалымы Ш.Уалиханов айрықша атап көрсеткен. Ол сахарадағы мал баққан қазақ пен арап (бәдәуи) поэзияларының өзара ұқсастықтарына үлкен мән бере отырып: “Поэзияға, әсіресе суырып салма ақындары Европалықтарға қашаннан таныс. Аравияның шетсіз шөлдері мен ондағы жұрттың баспана шатырларының бәрін де өз көзімен көрген саяхатшылардың бәрі де жартыла жалаңаш араб балаларның өздеріне қойылған сұрақтарға төрт тақтасы жатық өлеңмен мүдермей жазып жүр. Бұл монғол түркі ұрпақтарына тән қасиет десе, қазақ халқының әдеби мұраларын көп жинаған, зерттеуші ғалым В.В.Радлов: “Қырғыз өзі тектес басқа халықтардан айрықша сөз мәнерлігі ғажайып шешендік тапқырлығымен дараланып көзге түседі. Қазақтар қашан да мүдермей ерекше екпінмен сөйлейді. Тіпті ауызекі сөйлесіп отырғанның өзінде оның сөйлемі мен ой кестесі өлең жолдары мен шумақтары секілді ұйқасып, үйлесіп келтіні сонша, нағыз өлең екен деп таң қаласыз”,- деді....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы дене дайындығын оқыту

Тақырыптың өзектілігі. Жүктемені бірте-бірте арттыру және оны алмастыру, сондай-ақ сәйкес жағдайларды есепке алу, реттеу және алмастыру дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық ұстанымдары болып табылады. Олардың біріншісі қимыл әрекеті нәтижесінде жүргізілетін барлық тіршілік атаулының дамуы мен қалыптасуына сәйкестенген жаттығу заңына негізделген, ал осы арқылы жеткен нәтиже арнайы қоздырғыштардың сипаты, ұзақтығы мен пішінінің көптүрлілігіне байланысты болады. Дене тәрбиесі мен спот сабақтарында ол жаттығуды ұйымдастыруға тәуелді болады.
Қимыл әрекеттерін меңгеруге бағытталған жаттығуды ұйымдастырудың маңызды мәселелерінің бірі үйренген қимылдарды қайталау санының мөлшерін анықтау болып табылады. Дене жаттығуларының тәсілін меңгеру үшін көп мөлшерде қайталау қажет. Бұл барлық қимыл дағдыларына қатысты. Жүруге, жазуға, қасықты дұрыс ұстауға үйренер алдында мыңдаған қайталаулар қажет болады. Ағзаға қойылатын өз талаптары мен дәлдіктері бойынша үйренетін дене жаттығуы күрделі болған сайын адам оны меңгеруге тырысады, көп қайталайды. Спорт машықтануындағы қайталаудың сандық мөлшері мен жеткен нәтижелері арифметикалық және геометриялық ілгерлеушіліктегідей болады. Спорт нәтижелері белгілі бір мөлшерге жету үшін жаттығудың сандық мөлшері де сонша көп болуы тиіс.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Орта және алыс қашықтықтарға жүгіруде әйелдердің дайындық ерекшеліктері

Жылжымалы ойындар, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді.
Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген.
Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Құқық | АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНЫҢ ШЕКТЕУ ШЕГІ

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыт аралығында Қазакстан Республикасында болған саяси және экономикалық реформалар тұлға, оның қажеттіліктері мен мүдделеріне басты роль берген қоғам дамуының жаңа бағыттарын айқындады. Қазіргі біздің конституциялық жүйеміз бұрыңғы кеңес дәуіріндегіден өзгеше адам және оның тұлғаллығына ерекше сыйластықпен қараудан тұрады. 20 қырқүйек 2002 жылғы ҚР Президентінің «ҚР-ның құқықтық саясаты Концепциясы туралы» жарлығында: «ҚР Конституциясында бекітілген адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының жоғарлылығы, құқық үстемдігі, мемлекеттің билік тармақтарының бөлінуі және олардың өз қызметін жүзеге асыру барысында тепе-тендік және тежемелік қағидасына сүйене отырып жүзеге асыратындығы негізінде демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет құру жөніндегі бағытын біртіндеп және ретімен заңдастыру керек» деп көрсетілген....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Журналистика | Ана тілі газетіндегі қазақ әліпбиінің жазылуы

Бітіру жұмысының өзектілігі. Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын даналар сөзі, бабалар өсиетінің бір бөлшегі ауызша жетіп отырса, көп бөлігі тасқа таңбаланып, ақ қағаздың бетіне маржандай тізіліп бүгінгі күнге жетті. Тіпті кейбірін оқи алмай отырған отырған жайымыз бар. Оның себебі қазақтың тарих көшінде түйесін ауыстырған жолаушыдай әліпбиінің бірнеше мәрте өзгеріске ұшырауы болып табылады. Айдауына жүретін, ыңғайына көнетін жайлы түйесін тартып алып өзгесіне мінгізсе, жолаушының астындағы түйесімен алысып жүріп көштен қалып қоятыны секілді қазақ та ой сандығындағы талай маржандарды төгіп, шашып алып, көшке әрең ілесіп келді. Әдейі сүріндіру де болды. Бас аяғы айналдырған 5-6 жылдың ішінде әліпбиін 4 мәрте өзгертуді - әдейі сүріндіру демеген де қалай атауға болады? Өйткені әліпби ауыстырудың соңы сауатсыздыққа әкеліп соғатыны айтпаса да түсінікті. Сол себептен де әліпби - белгілі бір топтың немесе мамандардың ғана талқылар нысаны емес, тұтыс бір ұлттың тағдыры, болашағы. Ахмет Байтұрсынов айтқан халықтың құлағы, көзі һәм тілі баспасөз бұл үлкен мәселеден де шет қалған жоқ. Сонау 20-ғасырдың басынан бері журналист жан айқайының себепшісі болып келе жатқан әліпби мәселесі бүгін де өз шешімін тапқан жоқ. Қайта өршіген үстіне өрши түсуде. Бірі латынға, бірі төте жазуға, үшіншілері көне жазуымыз – рунаға көшейік десе, төртіншілері «басты қатырмай, артық проблема туындатпай кирилше жаза берейік» дейді. Құдды бір, аққу, шортан һәм шаян дерсің. Ал ортада көкпарға түскен серкедей халық бар. Ғалымдар ұсынып отырған харіптердің қайсысы қазаққа тиімді? Бұл сұрақтың жауабы әлі табылған жоқ. Баспасөз бетінде де жан-жақты талқылаулар, пікір-таластар көп. Солардың бірі, қазақ тілінің де, ұлтының да жанашыры «Ана тілі» газетінде материалдар оқырман назарына молынан ұсынылуда. Сондықтан да бір ұлтты тағдырына, бір халықтың болашағына әсер етер, менің бітіру жұмысыма арқау болып отырған тақырыпты ең өзекті мәселе дер едім. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Бурабай ұлттық табиғат паркінің ландшафттық ерекшеліктері

Тақырыптың өзектілігі: Бұл бітіру жұмысымның тақырыбын осылай алу себебім: жеріміздің әсем де, сұлу табиғатын, оның табиғат қорларын, ондағы казіргі өзекті экологиялық жай күйін жазғым кеді.
Орманды рекреациялық мақсатта қолдану орман биогеоценоздарының бұзылуына, әсіресе бұл демалушылардың көптеп жиналған аймағында (жағажай маңы, сауықтыру орталықтары, балалар лагері) анық байқалады. Орман экожүйесіне рекреацияның кері әсері көбнесе оның түріне байланысты.
И.Л.Трапидо рекреацияның орман биогеоценоздарына әсерінің түрлерін көрсеткен/1/:
- механикалық әсер:
а) таптау
б) зақымдау (өсімдіктер, саңырауқұлақтар, алау жағу арқылы топырақты күйдіружануарларды үркіту, ағаштарды зақымдау)
- Келушілер әсері:
а) органикалық және органикалық емес заттармен (азық-түлік, қағаз, металл)
б) жаңа биологиялық түрлер тарату (әр түрлі өсімдіктер тұқымдары арқылы) ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Бауыржан Момышұлының шығармашылық лабораториясы

К і р і с п е
Тақырыптың өзектілігі:
«Ежелден ер тірегі – ел тілегі,
Адал ұл ер боп туса ел тілегі»,-
дейді Бауыржан Момышұлы. Ия, ер азаматқа бақыттың ең үлкені – халқына қадірлі болу. Ерте заманнан халыққа қандай адам қадірлі болған деп қарасаң кімде – кім ел-жұртын жаудан қорғауда айрықша ерлік көрсетсе, халық қамын ойлап, елі үшін ерекше еңбек сіңірсе, сол адам ерекше көзге түскен, даңққа ие болған, сүйіспеншілігіне бөленген. Халқымыздың сондай дара ұлдарының бірі – Бауыржан Момышұлы.
Бауыржан Момышұлы дегенде екі бірдей бейне көз алдымызға келеді: бірі – батырдың бейнесі де, екіншісі – жазушының бейнесі. Бойынан осы екі қасиеттің бірі табылып, бірі табылмағанның өзінде Бауыржан халқының асқан ардақтыларының бірі болар еді. Ал, екеуі бірдей табылған жанды неге теңерсіз?! Бауыржан тұлғасына тамаша жауынгерлік сипат пен әдеби творчестволық сипаттың ғажап сиысқандығына таңданбасқа да, тәнті болмасқа да мүмкін емес.
Бүгінгі біздің сөз етейін деп отырғанымыз Бауыржанның батырлық, жауынгерлік, азаматтық бейнесі емес, оның жазушылық бейнесі.
Дей тұрғанмен, Бауыржанның атын атағанда бұл екі қырын бір – бірінен бөліп алып қарау мүмкін емес сияқты. Себебі, ол жайлы жазылған әрбір туындыға Баукеңнің өзінің кейіпкерлік қана емес, авторлыққа пара-пар қатынасы бар [1; 84 б].
Тарихта теңдесі жоқ, қаһарман соғыстың жарқын эпизодтарын ақын – жазушыларымыз шығармаларындағы көркем образдар арқылы суреттеді. Ұлы іскер көркем шығармаларда онан да зор, онан да алып күшке ие болып, халықты ұлы жеңіске бастады. Қарапайым Кеңес адамдарының жан қиярлық істерін көпке үлгі етіп көрсетіп, жұртты жауға қарсы мейірімсіз күрес ісіне жұмылдырды.
Жалпы Кеңес Армиясының, оның ішінде Қазақстандық жауынгерлердің ерлік, батырлық істері тек қазақ жазушыларының ғана емес, сонымен бірге орыс ақын, прозаиктерінің шығармаларында да суреттелді.
Жазушы Александр Кривицкий «Москва түбіндегі қарауыл» повесін панфиловшылардың көп ұлтты сегізінші гвардиялық дивизиясы ерлігіне арналған болатын.
Кітапта қаһарман жауынгерлердің бірі – Бауыржан Момышұлы туралы әңгіме шертеді. Мұнда батыр Бауыржанның кескін-келбеті, ой-қиялы айшықты бейнелейді. Жазушы повесінде Бауыржан Момышұлының талантты әскери қолбасшылық, ғажап ақылдылық, ұстаздылық сипаттары тоғысқан образын жасайды.
Қатардағы солдаттан полковник дәрежесіне, взвод командирінен дивизия командиріне жеткен атақты гвардеец Баукең жайлы жазылған көркем шығарма – бұнымен ғана шектелмейді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0