ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры. Әсіресе, технологиялық үрдістердің қарыштап дамуы ақпарат алуды мейлінше жылдамдатып жіберді. Бұл тұрғыдан интернет парақшаларының маңызы өте зор. Ал, бұған дейін қасаң, ресми ақпараттарға мейлінше орын беріп, цензураның қармағына іліккен қазақ журналистикасы үшін ХХІ ғасырдың басында үлкен таңдау тұрды. Бұл – ақпараттық кеңістікті иелену, Қазақстан журналистикасында жетекші рөлге ие болу мәселесі еді. Қазақ ақпараты ХХ ғасырдың басынан бастап дамыды десек, кеңестік кезеңді артқа тастап, тәуелсіздік баспалдағына шыққан қазақ ақпаратының мәні мен маңызы, атқаратын рөлі, қамтитын тақырыбы мүлдем басқаша сипатқа ие болды. Қазақ журналистерінің алдында ауыр жүк тұрды. Ақпараттық экспансиядан қорғану, өзге ұлттың өзге идеологияны көздейтін ақпараттық тасқынынан құтылу мәселесі алға қойылды. Дәл осы мақсаттың үдесінен қазақ баспасөзі қалай шыға білді? ....
Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам күруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшіру міндеті түр. Осы негізінде әлеуметтік, рухани және тағы басқа күрделі мәселелерді шешу - бүгінгі күннің басты талабы. Сөйтіп бүл мәселелерді дәйекті түрде жүзеге асыру бүкіл қоғам мүшелерінің жаңаша көзқарасына, нақты іс - қимылына және олардың экономикалық біліміне тікелей байланысты. Экономикалық тәрбие - қоғамды дамытудың пәрменді күші. Сондықтан бүгінгі жаңа шаруашылықты жүргізу тәсілдеріне негізделген экономиканы басқаруға тартылатын мамандардың экономикалық білім дәрежесі де жоғары болуы қажет. Біздің ойымызша, нарықтық экономиканы қалыптастыру біздің Қазақстан Республикасында жаңа қоғам құру. Осы мәселе туралы әлі де бірқатар пікір - таластарды алға тартуға болар еді. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә.Назарбаев: «Қазастанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу мен дамуының стратегиясы » деп аталатын еңбегінде біздің стратегияны былай деп анықтайды: « меншіктің негізгі түрлерін (жекеменшік пен мемлекеттік меншік) үйлестіре және өзара іс -қимыл жасай отырып бәсекелестік бастамаға негізделген әлеуметтік - экономика құру... ».....
Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының осындағы экономикалық процестерге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногіне үлкен бизнестің әсері күшейген шақтағы аралас салаларға тығыз топтасып кетуі ауыл шаруашылығындағы экономикалық бағыттарды аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру терең зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен, агробизнесті жүзеге асырудың теориялық - әдістемелік негіздерін дамыту және практикалық әдістерді оқып үйрену қажеттілігі туады. [3.-52 бет]. Агробизнес кешені ресурстар, ауылшаруашылығының, маркетниг және агросервистік қызмет жасайтын құрылымдардан, яғни негізгі төрт сферадан тұрады. Бизнес – жоспар шаруа қожалығының немесе өндірістік кооперативтің күнделікті жұмысын жүйелі және тиімді басқару үшін керек. Негізнен бизнесте жобаға орай есеппен іс - әрекеттер жасап қателеспеу мақсаты қойылады. Осындай жолмен кәсіпорынның тезірек қалыптасуына, оның көздеген өндірістік және қаржылай көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүдделі. ....
Мемлекеттік басқару дағдарысы- мемлекеттік басқару құрылымының тұрақсыздануымен, саяси институттардың ықпалының теңгермелуімен, саяси қақтығыстардың ұшығуымен, көпшіліктің белсенділігінің артуымен сипатталатын қоғамның саяси жүйесінің өркендеуі мен қызмет көрсетуінің ерекше өзгерген түрі. Мемлекеттік басқарудағы дағдарыстың негізгі белгілері болып мыналар табылады. - саяси және әлеуметтік қақтығыстардың ұшығуы, оның ашық саяси сипат алуы немесе талап пен сұраныс билік құрылысының саяси бағытын, басқарудың стратегиясы мен әдістерін өзгертуге бағытталады. - Қақтығыстардың өсуін мемлекеттік биліктің басқара алмауы, саяси-экономикалық процесстер мен дәстүрлі әдістердің қатынастарын реттеу мемлекеттің ішкі және сыртқы саясат “зигзаг” түрінде көрінеді. - Басқарудың құрылымдық-функционалдық жүйесінің және саяси билік институттарының теңестірілмеуі, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастың үзілуі, мемлекеттік биліктің легитимділігінің жойылуы, қоғамның саяси қауіпті және ұшыққан күйі. Мемлекеттік басқарудағы дағдарыстың барлық белгілері кезеңдермен дамиды.....
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстанда қазақ, орыс тілдері барлық жағдайда бір – біріне әсер еткендіктен, әрқашан зерттеушілердің назарында. Орыс тілі белгілі кезеңдерде тіршілік әрекетіміздің барлық жағында басыңқы тіл болып, мемлекеттік тіл дәрежесі, ұлтаралық қатынас тілі ретінде, білім алу саласында қызмет атқарды. Қазақстандағы тілдік саясаттағы өзгерістер, әлеуметтік – экономикалық қайта құрулар қазақ тілінің дамуына жағдай жасады. Қазақ тілі тұрмыстық тіл деңгейінен шығып, саясатта, мәдениетте, әлеуметтік өмірде жоғары қызмет атқара бастады. Жаңа кезеңде тілдік саясат келесі факторлармен сипатталады: 1. Тілдік саясаттың өзгеруі. Қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесін беру, оның дамуына жақсы ықпал етті. Бірақ орыс тілі ресми тіл ретінде тең дәрежеде тұрады. Бұл қостілділікті заңды бекіту болып табылады. Ғалымдардың қостілділікке байланысты пікірлері әртүрлі болып келеді. Біріншіден, қостілділік тілдердің дамуының негізі ретінде; екіншіден, қостілділік Қазақстанның қазіргі кезеңдегі тілдік жағдайына өте қажет. 2. Демографиялық фактор негізгі факторлардың бірі болып табылады. Қазақ ұлты 70 жылда алғаш рет республика құрды. Осы факт қазақ тілі ролінің артуына үлкен әсер етті. 3. Қазақ ұлттық сананың өсуі. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы осы фактордың көрсеткіші бола алады. Тәуелсіздікті алумен бірге өткен өмір, тарихқа, тілге деген қызығушылық оянды. Микроәлеуметтік жастар қауымдастығы Қазақстан қауымдастығының бір бөлігі ретінде тілдік жағдайдың өзгеруіне әсер ететін белгілі бір заңдарға бағынады.....
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы Оңтүстік – Қазақстан облысы телеарналарының жұмысымен тығыз байланыста. «Қазақстан – Шымкент» телеарнасы: «өткені мен бүгіні» менің ғылыми жұмысымның тақырыбы осылай аталатындықтан, өз ғылыми жұмысымда аты аталған телеарнаның басты мәселелерін ашамын. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтық телеарналарына: мәселелерін шешуге жол көрсете отырып, телеарнаның құрылу тарихына терең үңілемін. Өз жобамның бірінші бөлімінде мен Оңтүстік – Қазақстан телеарналарының жұмыс жоспарын және де сол жоспардың құрылымын ашып көрсетемін. Басты мәселе ақпараттық таралымдардың бүкіл Республика аумағына және де шет аумақтарға таралуы. 2000 жылдың сәуірінде Еуразиялық экономикалық самиті бүкіл дүние жүзілік Давос форумының қолдауымен өтті. Сол самитте сөз алған Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: - «Бүкіл Орта Азия мемлекеттері саяси, экономикалық, техникалық дамудың қажетті сатысына аяқ басып келуде, бұл біз үшін өмірлік маңызы бар кезең». Давос форумын құрушы және президенті Клаус Шваб өз сөзінде заманауи талаптардың ең бастысы бұл жаһандану кезеңі. Жаһандану кезеңіндегі басты мақсат – экономикалық және әлеуметтік жетістікке жету бұл жетістік адам баласының гүлденіп көркейуіне жол ашады. Қазіргі таңдағы ....
Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы саясытының құрамдас бөлiгi болып табылатын бiрыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады. Кеден саясаты өз өкiлеттерi шегiнде Қазақстан Республикасының орталық артқарушы органдарының қарауына жатады. Бітіру жұмысының өзектілігі осымен анықталады. Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды ынталандыру және экономикалық мүдделерiн қорғау, тиiмдi кедендiк бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негiзгi мақсаттары болып табылады. Осы бітіру жұмысымның мақсаты кедендік бақылау туралы әрекеттегі Қазақстан заңдарын талдай отырып, кеден құқығының негізгі институтының бірі – кедендік бақылау табиғатын анықтау және айқындау. Мақсаты: Кеден саласындағы, алғашқы заңды актiнiң (1991 жылғы 24 желтоқсандағы “Кеден тарифтерi мен баждары туралы заң”) баптары, негiзiнен, халықаралық құқық нормаларына сүйенедi. Осы кездегi ұлттық заңдар кеден саясаты проблемасына қатыссыз, жергiлiктi кеден iстерiн шешетiн Үкiмет қаулылары мен Кеден комитетiнiң ведомствалық актiлерiнде көрсетiлген. Бітіру жұмысында Қазақстандағы кеден органдарының кедендiк бақылау қызметi кеден iсi ретiнде және кеден саясаты, соған сәйкес құқықтық қатынастар түрiндегi iшкi және сыртқы саясатының құрамдас бөлiгi ретiнде қарастырылды. Кедендiк бақылау бүгiнгi күнгi қабылданатын саяси және жеке мүдделер тұрғысынан қарастырылды және кеден iсi мен кеден саясаты негiзгi институт және қолданыстағы құқығы ретiнде кедендiк бақылау қызметiнiң қазiргi жағдайын және тұтас алғандағы кеден саласының мәселерiн байланыстыра жаздым.....
КIРIСПЕ Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің объективті негіздерін қарастыруға кіріспестен бұрын, ең алдымен осы түсініктің өзіне ғылыми анықтама беру қажет. Себебі білімнің кез келген саласы оның тәжірибемен дәлелденген бастапқы аксиомалары жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына айналады . Біздің ойымызша, экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік-экономикалық және ұйымдық-құқықтық негізде араласуын білдіреді. Адамзат тарихы мемлекеттердің пайда болуы мен даму барысы, сондай-ақ, олардың арақатынасы бейбіт іс-әрекеттермен қатар, күштеу жолымен де анықталатындығын айқын көрсетіп отыр. Соңғы жағдай, яғни күштеу іс-әрекеттері объективті түрде белгілі бір материалдық-техникалық және интеллектуалдық қорларды елдің қорғаныс кабілетін қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін бөлуіне мемлекетті мәжбүр етті. Оған қоғамның барлық мүшесі де мүдделі. Сондықтан олар мемлекет тарапынан шетелдік қол сұғушылықтан қорғау жөніндегі шараларға бірыңғай ие бола отырып, жоғарыда аталған қорларды жасауға (пайдалануға) арналған мажбүрлі салықты төлеуге түсіністікпен қарайды. Өйткені бұл қорларды тұтыну, жекелеген сұраныс жиынтығын анықтау арқылы емес, ұжымдық түрде жүзеге асырылады, ал бұл нарықтық механизмді шектейді және қоғамдық тауар (қызмет) көрсеткіштерін қалыптастырады. Мүндай тауарлар қатарына мемлекетті басқару ісін, азаматтардың занды құқын қорғау мен қоғамдық тәртіпті сақтауды, күрделі ғылыми зерттеулер жүргізу мен нәтижелерін қолдануды ұйымдастыруды, түтастай энергетикалық жүйені құру мен пайдалануды, экономикалық жүйені құру мен пайдалануды, жалпы-мемлекеттік табиғатты қорғау шараларының әсерін, төтенше жағдайларды алдын ала ескертуді және т.б. жатқызуға болады. Мемлекеттік бюджет үкімет қолындағы ақша ресурстарының орталықтанған қоры. Бұл қаражат мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқаруға жұмсалады. Қазіргі жагдайда бюджет экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық коньюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың аса күшті құралы. Қазіргі мемлекеттік бюджет оның сан түрлі қызметін көрсететін күрделі де көп қырлы құжат. Ең алдымен бюджетте мемлекеттің кірісі мен шығысының құрылымы бейнеленеді. Мемлекеттiк бюджет – ол өте күрделi механизм болып саналады. Бюджет деп- мемлекеттiң өз мiндеттерiн жүзеге асыруға арналған және тиiстi заңдарға сәйкес белгiленген салықтар мен өзгеде кiрiс көздерiнiң және түсiмдерiнiң есебiнен құрылатын орталықтандырылған қаржы бөлiгiн айтады. Қысқаша айтқанда мемлекеттiк бюджет деп - қаржылау жоспары бойынша құрылған және мемлекет тарапынан жұмсауға, пайдалануға арналған ақша қоры. Жалпы алғанда мемлекеттiк бюджет бұл ақша түрiнде қоғамдық өнiмнiң бөлiнуiн және оның экономика салаларымен халықты қамтамасыз ету үшiн қолданылатын ақша бөлiгi. Қоғамызда мемлекет бюджет республикалық және жергiлiктi бюджет болып бөлiнедi. Жергiлiктi бюджет – облыстық, қалалық әкiмшiлiктен тұрады. Ал республикалық бюджет мұнда негiзiнен жалпы мемлекеттiк салықтар есебiнен қалыптастырылады және Қазақстан Республика Үкiметiнен парламентiнiң актiлерiнен жүктелген мiндеттердi атқаруға бөлiнген және жалпы бағдарды, шараларды қамтамасыз ету үшiн арнайы орталықтандырылған түрде ақша қоырының бөлiнуi жатады. Бұл далпы iшкi өнiмнiң өзгеруiне байланысты өзгеретiндiгi. Яғни мемлекеттiмiз бойынша жалпы iшкi өнiм өскен сайын мемлекеттiк бюджеттiң де артатындығы. Тақырыптың өзектiлiгi: қазiргi кезде мемлекеттiк бюджеттiң керектiгiн мынадан көруге болады. Өнiм өндiру үшiн орталықтандырылған ресурстарының құрылуы тиiс және сол арқылы экономика салалары тоқтаусыз жұмыс атқарулары керек. Мемлекетке орталықтандырылған түрде қаржының керектiгi және сол арқылы халыққа қызмет көрсету, әлеуметтiк мәдени жұмыстарды жүргiзу, қоғанысты күшейту бiлiм саласын көтеру, халықтың денсаулығын сақтау мәдениет пен өнердi дамыту, ақпарат көздерiн және оның сапалылығын арттыру болып табылады. Яғни халықтың тұрмыстық әл-ауқатының артқы мемлекеттiк бюджетке тiкелей байланысты, яғни оның атқаратын рөлi өте жоғары. Жұмыстың мақсаты бюджет туралы түсiнiкке тоқталып деректер менен сандар бойынша оның экономикадағы маңыздылығын дәлелдеу болып табылады. Ол үшiн мынадай мiндеттемелер алға қойылып тұр: • мемлекеттiк бюджет туралы түсiнiк • мемлекеттiк бюджеттiң экономикалық маңызын белгiлеу • бюдет принциптерiне сипаттама беру • бюджеттiң атқарылу тәртiбiн анықтау • бюджеттiң қазынашылық ролiн сипаттау • Қызылорда облысының бюджеттiк кiрiстер мен шығыстар материалдары бойынша талдау жүргiзу • Бюджеттiң орындалу жөнiнде ұсыныстар мен дамыту жолдарын ұсыну Дипломдық жұмыс кiрiспеден, үш тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.....
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі санаулы жылдар ішінде тек өз экономикасын құрып қана қоймай, жалпы экономикада өз мүмкіндіктерін кең ауқымды пайдаланып, әлемдік нарықта бәсекеге төтеп беретін, Орталық Азиядағы алдыңғы қатарлы дамушы елдер қатарына шықты. Еліміздің қаржы секторы тәуелсіздік жылдарында, әсіресе соңғы жылдары серпінді дамып, алға қарай сапалы қадам жасады. Оны халықаралық сарапшылар да қуаттайды. Халықаралық сарапшылар Қазақстандағы қаржы нарығының қарыштап, даму барысын бақылап отыр. «Сіздерді Батыс елдеріне ұсына алатын да өкілдер бар» - деді әлемдік Банк басшысы Джеймс Вульфенсон. Астана қаласында 2007 жылғы 15 қарашада Қазақстан қаржыгерлерінің VI Конгресінде сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: «Біздің нарыққа шетелдік банктер мен өзге де ойыншылар келеді. Біздің жаңа дамып келе жатқан қаржы секторларымыз салыстырғанда олар қолайлы орында болып тұр. Отандық қаржы секторы бұған дайын болуы керек ». Сондықтан, диплом жұмысының мақсаты қаржы секторларын талдау және дамыту болып табылады.....