Дипломдық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар санатында қазақ тілінде жасалған жобаларды қарап, тегін жүктей аласыз. Қазақ тілі, математика, информатика, бағдарламалау, қазақ әдебиеті, топырақтану, қаржы, педагогика, дене шынықтыру, құқықтану, география, психология, есеп және аудит, биотехнoлогия және тағы басқа пәндер бойынша дайын дипломдық жұмыстар жарияланған!!!

Дипломдық жұмыс: Бағдарламалау | Визуалды бағдарламалау ортасының оқыту-тексеру программасын құру технологиясы

Кіріспе
Қазіргі таңда ақпаратты пайдалана және жоғары деңгейде талдай білген маман әрқашан сұраныста. Кез келген маман өз міндетін экономиканың өтпелі кезеңінде жаңа талаптарға лайықты етіп орындау үшін жаңа ақпараттық технологиялар арқылы жұмыстарын шеберлікпен жүргізе білуі қажет. Бұл жаңа ғасырдың, бүгінгі күннің талабы.
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті ел ретінде даму стратегиясы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында атап өтілгендей, қоғамымыздың басым міндеттерінің бірінің жүзеге асырылуы – халықтың компьютерлік сауаттылығын қалыптастырумен байланысты. Мемлекет барлық деңгейдегі техникалық және технологиялық білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шараларды қолдауда. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына осы жолдауы тың ойларға жетелейді. Президент өз Жолдауында XXI ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау мәселесіне аса көңіл бөлуі еліміздің әлеуметтік экономикалық даму жолындағы тағы бір белестен асып, көздеген межеге жақындап келе жатқанымызды білдіреді .
Қазіргі кезде қоғам әрекеттерінің барлық саласында компьютер көмегімен ақпараттық ресурстар жасалынып жатыр. Олар тауар-ақша қатынасына кіреді және материалдық, инновациялық, энергиялық және еңбек ресурстарымен қатар индустриялық үрдістерге де белсенді қатысады. Яғни ХХІ ғасыр бүкіл дүние жүзін ақпаратты қоғамға көшірумен басталды. Оған қоғамдағы барлық білім, ғылым, экономика, басқару салаларды ақпараттандыру арқылы қол жеткізуге болатындығы белгілі.
Біздің елде осы мәселелердің маңызды екендігі және оларды шешу керектігі тұралы жалпы түсінік бар. Мұның барлығы тек техникалық құралдарды көбейтуге емес, жоғары білікті мамандарды дайындауға да байланысты. Сондықтан да қазіргі кезде әр бір маманның іс-әрекеті осы ақпараттандыруды талдай және жаңа информациялық технологияларды дұрыс пайдалана білуге көп тәуелді.
Зерттеу жұмысының тақырыбы: Визуалды бағдарламалау ортасының оқыту-тексеру программасын құру технологиясы.
Зерттеу жұмысының мақсаты – ЖОО мекемелерінің студенттеріне арналған информатикадан ең жақсы электронды оқыту құралын жасау, аспаптық құралмен тәжірибені игеру, мультимедиалық технологиясымен таныстыру, сонымен қоса өзге программаларды қосу арқылы электронды оқыту бағдарламасын құру.
Дипломдық жұмыста Delphi программалау ортасы мен оның мүмкіндіктерін және принциптерін оқыту бағдарламасын жасауда қарастыру және жаңа бір үлгідегі электрондық әдістемелік құрал жасау.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Топырақтану | Алматы қаласының туризм дамуы және экскурсиялық нысандары

Қазақстанның жоғалтып алған секторы – туризм. Экономиканың осы саласын дамыта алмай жатқанымыз аян. Туризм кластерін құрамыз дегенімізбен, әлі күнге дейін нақты мардымды ештеңе жоқ. Жібек жолы бағдарламасы, экотуризм, мәдени-танымдық және іскерлік туризм түрлерін дамыту ойда бар. Нақты жасалып жатқан іс жоқтың қасы. Авиа компания тасымал саласына жатады, ал адамдар оны туризмге апарып, қосып қояды. Келетін туристер болса, тасуға дайын екендігін білдірген ол, өткен жылы компанияның 1,2 млн шет елден жолаушы тасымалдағанын, оның 1 пайызы ғана туристер болғанын айтты. Бұл тым аз. Және аталған компания республика ішінде 27 пунктке рейс жасайды екен. Олардың арасында да жергілікті туристік орындарға бара жатқан жолаушылар жоқ. Студенттер, туыстарына бара жатқан жолаушылар ғана.
Біздің елдегі туристік компаниялардың көпшілігі шығу туризмімен жұмыс. Әрине, бұл туризм түрі қысқа мерзімде көп табыс әкеледі, ал жалпы алғанда бұл мемлекет үшін тиімсіз. Өйткені мемлекет ақшасы басқа мемлекетке кетуде деген сөз. Басқа елге барған турист, сол елдегі қызметтерді пайдаланады және оған ақша төлейді. Ал кіру туризмімен аз ғана мекеме айналысады. Және айналысқанның өзінде жергілікті әкімшіліктердің түсінбеушіліктерімен кезігуде. Бұл осы саланың дамуына кері әсер етуші. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Психология | Психологиялық кеңес беру психокоррекция жұмыстарын ұйымдастыру

КІРІСПЕ
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет алғашқы кезде балалар үйінде және жетімдерге арналған мектеп-интернаттарда тәрбиеленетін балалрға психологиялық көмек көрсетуден басталған. Өйткені өкімет үйлерінде тәрбиеленушілер ата-ананың мейріміне бөлене алмағандықтан оларда эмоционалдык депривация кеңінен орын алады. Балаларды осы жетімсіреу жағдайынан шығаруға көмек көрсететін адам бұл мекемелерде өте қажет екені анық. Сондықтан психологиялық қызметті ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде балалар үйлерінде қызмет аткаратын психологтар даярлауға үлкен көңіл бөлінді. Осындай тәрбие орындарында балаларға психологиялық қызмет көрсетудің максаты мен мазмұнын анықтаған ғалымдар А.Г.Асмолов, А.А.Бодалев, Ф.Е.Василюк, Б.А.Вяткин, А.В.Забрамная, И.В.Дубровина, Ю.М.Забродин, В.А.Иванников, Ю.С.Сыэрд, У.В.Ульенкова т.б. Осы мекемелерде өсіп, оқитын балаларға психологиялық қызмет көрсетуге негіз ретінде зерттеушілер мектеп-интернаттардың оқу-тәрбие жұмыстарына тән ерекшеліктерін көрсеткен. Сонымен қатар психокоррекция отбасындағы қарым-қатынастың бұзылуымен байланысты, кәсіби қызмет атқаратын жерлерге адаптациядан өту т.с.с. мәселелерді шешуге ықпал жасау құралы ретінде де пайдаланылады.
Психологияны адамдар өмір тәжірибесіне енгізу нәтижесінде оның көптеген жетістіктерін пайдаланып адамдардың алдында тұрған қиын мәселелерді шешуге ықпал жасауға мүмкіндік туды. Қазіргі кезде психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу әдістері тек балалар үйінде ғана емес, барлық білім беру мекемелерінде кеңінен пайдаланылатын қызмет болып келе жатыр. Психологиялык кеңес беру терминін пайдалану және кеңес беру тәжірибесін ұйымдастыру формалары алуан түрлі болғандықтан, психологиялық қызметтің бұл түрін қолдану аймағын бір жақты көрсету қиын. Сонымен, психологиялық білім қолданылатын кез келген салада кеңес беру психологиялық қызметті ұйымдастыру формаларының бірі ретінде қолданады.
Психологтың кеңес беру және психокоррекция жасау жұмысының технологиясы мен мазмұны әлі толық анықталмаған. Олардың үлгісін жасағандар А.А.Бодалев, А.В.Забрамная психологиялық қасиеттердің бұзылуымен байланысты жүргізілетін коррекциялардың негізін анықтап, пайдаланылатын әдіс-тәсілдер үлгілерін жинақтаған. Сонымен қатар И.В.Дубровинана мен Л.И.Прихожан жасаған «Положение о школьной психологической службе» деген еңбектерінде жалпы білім беретін мектепте психикасы және әлеуметтік жағдайы нормадағы балалармен жүргізетін псхологиялық кеңес беру және интеллектуалдық қабілетін жоғарылату үшін психокоррекцияны ұйымдастыру жолдарын көрсеткен.
Мектеп психологиялық қызметі арқылы балалардың психологиялық проблемаларын шешу жолдарының бірі – психологиялық кеңес беру және психокоррекцияны ұйымдастыру болғандықтан осы мәселені жан-жақты зерттеу үшін дипломдық зерттеу тақырыбын: «Психологиялық кеңес беру психокоррекция жұмыстарын ұйымдастыру» деп анықтадық.
Зерттеу объектісі: білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет.
Зерттеу пәні: мектеп психологиялық қызметінің мазмұны.
Зерттеу мақсаты: мектеп психологі жұмысындағы кеңес беру мен түзету-дамыту жұмыстарының ерекшеліктеріне сүйене отырып оны жүргізу әдіс-тәсілдерін пайдалану жолдарын анықтау.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Қызметкерлер мен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебі мен аудиті

Экономикалық нарықтық жолмен дамуы барысында ұйымдар қызметінің қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйымның басшылығының ерекше көңілі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына мән беріп отыр. Әсіресе, елімізде халықаралық стандартына сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп стандартының енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл еліміздің қазіргі даму кезеңінде ол шет ел инвесторларымен қарым-қатынасының нығаюы кезеңінде маңызды болып саналады.
Еңбекті қалыптастыру барысында жалақы жетекші орын алады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері мен жұмыскерлернің жалақылары ақшалай көріністегі ұлттық табысты жеке тұтыну қорындағы олардың үлесі болып табылады. Біздің елде еңбекақы төлеу екі жақты функцияны атқарады: бір жағынан жұыскердің табысының негізгі көзі және олардың өмірлік деңгейін көтеру, басқа жағынан - өндірістік тиімділігін арттыру болып табылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы

Азаматтық құқық – Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік – аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінетіндігі белгілі. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Информатика | Компьютер көмегімен есеп шығару технологиясы

Кіріспе
Ел Президентінің соңғы жылдардағы Қазақстан халқына арнаған Жолдаулары өзінің мазмұнының тереңдігі, алға қойған мақсатының өміршеңдігі арқылы халықтың шын мәніндегі ниеті мен ыстық ықыласынан туып, алдағы 10 жылдың айтулы бағдарламасына айналып отыр. Жолдаулардағы басым бағыттардың бірі де, бірегейі – білім саласы. Отандық білім мен ғылымды жоғары халықаралық деңгейге көтеру, қазіргі заман талабына сай олардың сапасын арттыру – бүгінгі өмір талабы. Бұл туралы Елбасы былай деген еді: «Ұлттық жоғары мектептің алдындағы маңызды да жауапты міндеттердің бірі – халықаралық талапқа сай білім беріп, мамандар даярлау». Ал енді, осындай жоғары талапқа сай мамандарды дайындау оқу үрдісінде ақпараттық-инновациялық оқыту технологияларын белсенді түрде пайдаланбайынша мүмкін емес.
Ақпараттық бірліктердің білімге айналуы, әлемнің жүйелік ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздеуі, адамның дүниетанымының құрамды бөлігі болып табылатын интеллектуалдық дамуын қалыптастырудағы қажетті жағдай. Олай болса, бұл мәселені оң шешудің бүгінгі күнгі негізгі құралдарының бірі – математика және информатика пәндерін, оның ішінде әсіресе алгоритмдеу және программалау тарауларын оқытудың сапасын арттыру қажеттілігі туындайды. Өйткені, математика және информатика пәндері және ғылымдары бүгінгі күні барлық нақты пәндермен және ғылым салаларымен тығыз байланысқан. Математика және информатика басқа нақты пәндерді оқытудың тиімділігін жақсартуға, сапасын арттыруға және ғылым салаларын тиімді дамытуға, былайша айтқанда, жалпы білім алу сапасын жақсартуға зор мүмкіндіктерді беріп отыр. Ұсынылып отырған дипломдық жұмыстың маңыздылығы және көкейтестілігі осында болса керек.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Туғаннан кейінгі асқынулардың алдың алу

Біздің Республикамыздың малшаруашылығы oсы күнге дейін аналық малдың жыныс мүшелерінің акушерлік-гинекoлoгиялық ауруларына байланысты мал өнімдерін алуда қаумақты зиян шегіп келеді. Oсыған байланысты малшарушылығында есептегі аналық малдың акушерлік-гинекoлoгиялық ауруларына байланысты 20-30 пайызы төл алынбайды және мал өнімі 15-20 пайызға төмендейді,сoндықтан сиырлардың акушерлік - гинекoлoгиялық ауруларының себептерін анықтап,емдеу және алдыналу іс-шараларын дұрыс өткізудің маңызы зoр. Бедеулік малшаруашылығына үлкен экoнoмикалық залал шектіреді,oл төмендегіден тұрады:Мал өнімдерінің төмендеуі,жoспардағы төлдің алынбауы, ауру малды емдеуге, бағып-күтуге кететін қаржы,өнім бермеген малдың ерте есептен шығуы,аталған себептерден келетін шығын мал өнімі жoғары бoлған сайын,келетін шығында жoғарлайды.
Осыған байланысты малшарушылыгында есептегі аналық малдың гинекологиялық ауруларына байланысты 20-30 пайызы төл бермейді, сүт безінің аурулары салдарынан мал өнімі 15-20 пайызға төмендейді,сондықтан сиырлардың акушерлік - гинекологиялық ауруларының себептерін анықтап,емдеу және алдыналу іс-шараларын дұрыс өткізудің маңызы зор. Бедеулік және сүт безінің аурулары малшаруашылығына үлкен экономикалық залал шектіреді,ол төмендегіден тұрады: ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Құқықтану | Азаматтық құқықтық шарт жасасу сатылары

Кез-келген білімді адамның, әсіресе ана тілінде өзінің азаматтық құқығын окып, зерттеп жүрген заңгердің құқық қағидалары хақында орныққан өзінің көзқарасы, өз елінің көп қырлы азаматтық құқығы туралы жақсы бағыт-бағдары болуы тиіс. Осыған орай, тек позитивтік құқықты ғана емес, сондай-ақ азаматтық құқықтың даму тенденцияларын тек Қазақстан Республикасында ғана емес, Еуропа мен бүкіл дүние жүзі көлемінде меңгерген маңызды.
Келешек өсіп келе жатқан ұрпақ – қазақ заңгерлері тек нақты мәселелерді шешетін жаңа буын ғана емес, бұлар сонымен қатар құқықтық, егеменді қазақ мемлекетінің биік мұратын жүзеге асырушылар.
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, занды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1-бабы, 1-тармағы). Сонымен қатар мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды (АК-тің 1-бабы, 2-тармағы). ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Аударма ісі | Мұнай газ саласындағы техникалық мәтіндерді аудару ерекшеліктері

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының жалпы өнеркәсіп өнімдер көлемінің 40 пайызға жуығын мұнай-газ саласы құрап отыр. Мұнай-газ саласы еліміздің экономикасын дамытуда, оның тұрақты қалыптасуына өз зор ықпалын тигізіп отыр. Осыған орай бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан саяси әлеуметтік және экономикалық өзгерістер мұнай-газ саласына жаңаша қарауды, оның бағыттарында қол жеткен жаңа табыстарымызды сын көзбен саралай отырып бағалауды, білім беру жүйесінде ғылым мен тәжірибеде жинақталған бай психологиялық, әдістемелік мұраны зерттеп, талдауды және ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен енгізуді талап етеді.
Сонымен қатар мәдениетаралық қарым-қатынаста технологияның дамуы, тілдегі лексикалық қордың өзгеруіне себеп болуы, жаңа терминдердің пайда болуы және олардың басқа шетел тілдерінен мемлекеттік тілімізге аудару мәселесі лингвистер мен аудармашылардың назарын аудармай қоймайды. Осылайша өзім секілді болашақ аудармашыларға маңызды болған арнайы мәтіндер тек ақпарат беру көзі ғана емес, тілдегі сөздік қорын жаңа сөздермен кеңейту болып табылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі сын есім компонентті фразеологизмдер

Кіріспе
Тіл мен халық – біртұтас. Тіліне қарай ұлтын тану – ежелгі дағды. Ұлттық ерекшеліктің бастысы да тіл. Халқымыздың ұлттық санасын, сапалық белгілерін айқындай түсетін неше алуан әдет – ғұрып, салт – сана, мінез – құлық, қасиет – қалыбы тілдік танымында тікелей көрініс тапқан. Өмірдің барлық саласын қамтитын ішкі мазмұн бай мағынамен көзге түсетін, тілімзге бейнеліде мәнерлі рең үстейтін, күрделі құрылым – құрылысы бар фрозеологизімдер – ана тіліміздің өзіндік ерекшеліктерін көрсететін тұлғалар. Олар тіл элементтері ілімде өзінің ұлттық нақышы мен көзге түседі.
Фрозеологизмдер сөйлеу тілінде де, жазу тілінде де көп қолданылатын құбылыс материалы. Фрозеологиялық тіркестер қай – қайсысын болмасын бәрі де алғаш халықтың сөйлеу тілі негізінде қолданылған. Сондықтан олар өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай болады.
Зеріттеудің өзектілігі. Қазақ халқының даналығын, дүниетаным - көзқарасын тілінде түйіндеген сыйғыза білген, сөзді үнеммен дәл де нақты қолдануды дағды еткен. Осы орайда өзінің оброздылығымен, эксперментті – эмоционалды баянаду мен көзге түсетін фрозеологизмдерді қолданып ұрпақтан – ұрпаққа мұра еткен. Тіл – ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық құбылыс халық тілінің басқа эксперменттерімен байланысты біте қайнасып келе жатқан фрозеологизмдерді оқып, танымайынша тіл байлығын, тіл ерекшелігін толық түсіну мүмкін емес.
Қазақ тілінде есім мағыналы прозеологизмдер, оның ішінде сын есім компонентті фрозеологизмдер тілімізде түрлі мақсатта қолданылады, бірақ олар өз алдына зерттіеу нысаны болған емес. Сын есім компонентті фрозеологизмдердің морфологиялық құрлысын, синтаксистік қызыметін, семантикалық категориясын анықтап, мағыналық жағынан топтастыру, яғни олардың табиғатын ашу бүгінгі күн талабы болып отыр. Жұмысымыздың өзекті мәселесі осыдан келіп шығады.
Зерттеудің нысаны – қазақ тіліндегі сын есім конпонентті фрозелогизмдер, олардың семантикасын, мағыналық тақырыптық топтарын.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Сын есім компонентті прозеологизмдердің грамматикалық, лексикасемантикалық сипатын ашу мақсатында зерттеу жұмысы алдына төмендегідей міндеттер қояды:
 Фрозеологизмдерді мағына белгісі жағынан талдау;
 Есімді фрозеологизмдерді күрделі сөздерден айыру мәселесін саралау;
 Сын есім компонентті фрозеологизмдерді лексикасемантикалық топтарға жіктеу, әр мағыналық топқа сипаттама беру.
Зерттеу материялдары. І. Кеңесбаевтің «Қазақ тілінің фрозеологиялық сөздігінен» (1977), он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен» (1974-1986), сондай – ақ көркем әдебиет пен халық ауыз әдебиеті туындыларынан, баспа сөз материялдарынан жиналды.
Зерттеудің жаңалығы қазақ тіліндегі сын есіим компонентті фрозеологизмдердің жеке зерттеу нысаны болуымен байланысты:
 Компонет құрамына талданды
 Көп мағыналылық, синоним, антоним категориялары ажыратылды
 Мағыналық – тақырыптық тұрғыдан топтастырылды
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы.
Қазақ тіліндегі сын есім компонетті фрозеологизмдерді теориялық тұрғыдан қарастырудың нәтижелері тіліміздегі фрозеологизмдерді сөз тобына қатысты жіктеп, олардың семантикалық категорияларын, мағыналық топтарын ажыратып, саралауға септігін тигізеді.
Зерттеу нәтижелерін қазақ тіл білімінің лексикология және фрозеология, грамматика салалры бойынша жүргізілетін практикалық сабақтарда пайдалануға болады.
Зерттудің әдістері. Зерттеу барысында алға қойған мақсат – міндеттерді шешу үшін мынандай әдістер басшылыққа аланжды яғни жұмыста сипаттамалы әдіс, семантикалық – структуралық әдіс пайдаланылды. Бұл әдіс бойынша сын есім компонентті фрозеологизмдер мағыналық топтарға ажырытылды.
Зарттеудің методологиялық және теориялық негізі. Қазақ тіл білімінің К. Аханов, С. Аманжолов, Х. Қожахметова, І. Кеңесбаев, С. Сәтеннова, Ә. Болғанбаев, Б. Қалиев, Г. Смағұлова сынды ғалымдарының ғылыми еңбектері мен тұжырымдары басшылыққа ашылды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0