Дипломдық жұмыс: География | Кіші Азия түбегін рекреациялық пайдаланудың географиялық мәселелері

Дипломдық жұмыс: География | Кіші Азия түбегін рекреациялық пайдаланудың географиялық мәселелері

Мазмұны

КІРІСПЕ
I бөлім. КІШІ АЗИЯ ТҮБЕГІНІҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Кіші Азия түбегінің табиғат жағдайына физикалық-географиялық сипаттама
1.1.1 Кіші Азия түбегінің жер бедері
1.1.2 Кіші Азия түбегінің климаты мен ішкі сулары
1.1.3 Кіші Азия түбегінің органикалық дүниесі
1.2 Кіші Азия түбегінің табиғат ресурстары
1.3 Кіші Азия түбегінің қорғалатын аумақтары мен экологиялық жағдайы
II бөлім. КІШІ АЗИЯ ТҮБЕГІН РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Кіші Азия түбегінде орналасқан Түркия географиясы
2.2 Кіші Азия түбегіндегі рекреациялық ресурстардың таралу географиясы
2.3 Кіші Азия түбегі рекреациялық ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері
2.4 Кіші Азия түбегінің халықаралық туризмдегі маңызды рекреациялық нысандары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Азия елдерінің ішінде Түркия экономикасы біршама жоғары деңгейде дамыған ел болып табылады. Оның географиялық орны, табиғатының басты ерекшеліктері, тарихи-географиялық жағдайы, шаруашылығының салалық құрылымының өзгешелігі, халықаралық маманданған қызмет көрсету салаларының қазіргі жағдайына сипаттама жасай отырып, тәуелсіздік жылдарындағы басты даму бағыттарына сараптама жасалынды. География мен экономика ғылымдарын ұштастыра отырып, Кіші Азия түбегінің қазіргі таңда туристік-рекреациялық жағынан дамуының бағыттарын қарастыру және Қазақстандағы туризм саласын дамытуға Түркия тәжірибесін пайдалануды талдау зерттеу жұмысының өзектілігін анықтайды.
Жұмыстың мақсаты: Әртүрлі дерек көздерін талдау негізінде Кіші Азияның қазіргі заманғы әлеуметтік-географиялық даму бағыттарын анықтап, аймақ дамуының тәжірибесін Қазақстан жағдайында пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру.
Диплом жұмысының мақсаты алдыға қойған келесі міндеттерді шешуді көздейді:
• Кіші Азия түбегінің физикалық-географиялық жағдайына талдау жасау мен табиғи ресурстарына баға беру; ерекше қорғауға алынған ұлттық саябақтардың аймақ табиғатының тепе-теңдігін, табиғат эталонын сақтаудағы маңызын қарастыру;
• Кіші Азия түбегі қалаларының әлеуметтік-географиялық даму бағыттарына сипаттама беру; аймақтағы туристік-рекреациялық ресурстарының халықаралық маңызын анықтау.
Диплом жұмысының нысаны ретінде Кіші Азия түбегі және оның рекреациялық бағытта игерілуі алынды.
Ғылыми зерттеудың жаңалығы. Бұл зерттеу жұмысында Кіші Азия түбегінің физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық ерекшеліктері мен туристік-рекреациялық мүмкіндіктері айқындалып, қазақ тілінде жазылды. Шаруашылық салаларының әрқайсысына талдау жасалып, бүгінгі күнгі экономикалық көрсеткіштері ұсынылды. Қазақстанда түрік тәжірибесін пайдалану зерделенді. Сонымен қатар даму жобалары енгізіліп, оларды саралау бойынша дамудың жаңа бағыттары ұсынылған.
Диплом жұмысының қолданбалы мәні. Зерттеу нәтижелерін 7, 10, 11 сыныптардың география сабағында, жоғарғы оқу орындарында «Дүние жүзінің әлеуметтік және экономикалық географиясы», «Қызмет көрсету географиясы», «Тұрғындар географиясы», «Рекреациялық география» сабақтарында қосымша дерек көзі ретінде пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысының мәтіні компьютермен терілген. 62 беттен, 2 кестеден, 9 картадан, және 4 қосымшадан тұрады. Әдебиеттер тізіміне 63 еңбек енгізілген. Жұмыс кіріспеден, 2 тараудан және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

I бөлім. КІШІ АЗИЯ ТҮБЕГІНІҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Кіші Азия түбегінің табиғат жағдайына физикалық-географиялық сипаттама
Кіші Азия түбегі Еуразия материгінің оңтүстік-батысында орналасқан. Солтүстігін Қара теңіз, батысын Эгей теңізі, солтүстік-батысын Мәрмәр теңізі, оңтүстігін Жерорта теңізінің және де Қара теңіз бен Мәрмәр теңіздерін жалғастырушы Босфор, Мәрмәр мен Эгей теңіздерін жалғастырушы Дарданелл бұғаздарының сулары шайып жатыр. Осы бұғаздар арқылы Еуропа мен Азия шекарасы өтеді.
Түбек Азияның басқа бөліктерімен салыстырғанда, батысқа қарай біршама созылған. Оның көп бөлігін Кіші Азия таулы қыраты алады. Қазіргі кезде бұл түбекте Түркия Республикасы орналасқан. Оңтүстік жағалауында Жерорта теңізінің бөлігінде Искендерон шығанағы орналасқан [1].
Азия дүние бөлігінің аталуының көне грек тілінде «Асия» нұсқасы б.з.д. сегізінші ғасырда Гомердің Илиадасында кездеседі. Бұл атау шамамен б.з.д. 6 ғасырда милеттік оқымысталар Фалес Анаксемандр, Гекатей еңбектері арқылы ғылыми айналымға енгізілген деп есептелінеді. Бастапқыда бұл атау Эгей теңізінің шығыс жағалауына ғана қатысты қолданылған болатын.
Әдетте Азия атауының «шығыс» дегенді білдіретін ассириялық асу сөзі жатыр деп есептеледі. Бірақ кейбір ғалымдар мұнымен келіспейді. Себебі, ассириялықтар өздерінен батыста жатқан жерді бұлай атауы мүмкін емес, сондықтан бұл теңіз жағалауындағы шағын Ассува ауданы атауының түр өзгерісі деген пікір бар. Егер олай болса, хеттлувий тіліндегі Ассува атауын гректер өздеріне Асия деп бейімдеп, бастапқыда кіші Азияға, кейіннен одан шығыста жатқан барлық аумаққа қатысты қолданған деп болжам жасайды. Асия атауы орыс ғылыми әдебиетінде 19 ғасырдың соңына дейін сақталған. Қазіргі кезде дүние бөлігі атауы Азия нұсқасында дүние жүзі бойынша қолданысқа енген [2].
«Қызықты география» кітабында «Азия» грек тілінде «асу» - «шығыс» дегенді білдіреді деп анық жазады. Бұл ұғымды Шығыс және Батыс деп алғаш рет ассириялықтар қолданған дейді. Оны олардың асу және эреб, яғни «асу» – «шығыс», «эреб» – «батыс» деген терминдері дәлелдей түседі. Осыдан келіп, Азия және Еуропа атаулары пайда болған. Қазіргі күнде де ағылшын тіліндегі Asia мен Europe сөздері айтылуына қарай осы екі сөзбен үндесетіні байқалады және олардың орналасуы да Еуропа дүние бөлігі батыста, ал Азия бөлігі содан шығысқа қарай орналасқан.
Ал, Кіші Азияға келетін болсақ, ертеректе (б.з.б. V – IV ғасырларда) Кіші Азия Анатолиі деп аталған. Түрік тілінде Анадолы, грек тілінде Анатоли, яғни «шығыс» деген мағынаны білдірген. Демек, ассириялықтар тіліндігі Асу мен түрік тіліндегі Анадолы екі сөз де «шығыс» дегенді көрсетеді. Бұдан әрі дипломдық жұмыста Кіші Азия түбегі деген жерлердің орнына Анадолы деген сөз де қолданылады. Кіші Азия аумағы әр кезеңдерде әртүрлі мемлекеттердің қарамағына енген. Олар: Хетт хандығы, Лидия хандығы, Мидия, Ахеменид мемлекеті, Ұлы Армения, Кіші Армения, Киликия, Батыс Армения, Александр Македонский державасы, Селевкидтер мемлекеті,Понти хандығы, Пергам, Ежелгі Рим, Византия т.б. [3].
Түбектің шығыс шекарасы 45º ш.б. және Ван көлі арқылы өтсе, ал солтүстік шекарасы Чороха өзенінің төменгі ағысы арқылы өтеді.
Кіші Азия түбегінің жағалауында Кипр, Родос т.б. аралдар кездеседі. Батыстан-шығысқа қарай ұзындығы 1000 км дейін жетеді, ені 400-600 метр аралығында.
Түбектің жалпы ауданы 506 мың км2, шығысында Армян таулы қыратымен шектессе, батысында тау жоталарымен Эгей теңізіне ұласады. Кіші Азия таулы қыратының ішкі бөлігінде Анатолия (Анадолы) үстірті орналасқан. Анадолы солтүстігінде Понти, оңтүстігінде Тавр тауларымен шектеседі. Жағалау сызығы қатты тілімденген. Бұл жерде Түркиядағы ең маңызды порт болып саналатын Измир қаласы орналасқан.
Кіші Азия таулы қыраты – Кіші Азия түбегінің көп бөлігін алып жатқан таулы қырат. Барлық аумағын Түркия мемлекеті алады. Орташа биіктігі 1000 метр. Қырат шығысында өзен аңғарларымен тілімденген және сөнген жанартау конустарымен ерекшеленеді. Қара теңіз жағалауы тегіс болып келеді, шығанақтар кездеспейді. Эгей теңізі жағалауы өте қатты тілімденген, мұнда шығанақтар, аралдар көп. Кіші Азия түбегін ертеден адамдар көптеп қоныстанған. Сондықтан да бұл түбектің табиғаты адамдар әсерінен көп өзгеріске ұшыраған [4].

1.1.1 Кіші Азия түбегінің жер бедері
Кіші Азия түбегі тектоникалық процестердің кең тараған аймағы. Себебі миллиондаған жылдар бойы тектоникалық процестердің әсерінен Анадолы қалыптасқан және ол әлі күнге дейін жалғасуда. Оның себебін біз жанартау атқылаулары мен жер сілкінулерден анық байқай аламыз.
Кіші Азия түбегінің жер бедері біршама күрделі болып келеді. Бұл түбектің аумағының 85%-ға жуығы теңіз деңгейінен 450 метр биік жатыр. Аумақтың орташа биіктігі 1128 метр.
Геологиялық тұрғыдан алғанда, Кіші Азия түбегі Атлант мұхиты мен Гималайға дейін созылған үлкен Альпі белдеуінің бөлігі болып табылады. Бұл белдеу кайназой эрасында қалыптасқан болатын. Арабия, Африка, Үнді континенттік плиталары сияқты Еуразия плитасымен соқтығыса бастаған. Анадолы батысқа және оңтүстік-батысқа қарай ығысып жатыр. Жеке аймақ болып, үнемі қозғалыс үстінде тұратындықтан бұл жерде жер сілкінулер мен жанартау атқылаулары көптеп болады.
Палеозой эрасының басында Кіші Азия түбегін толығымен теңіз суы басып жатқан. Бұл дәуір соңында тау жасалу нәтижесінде үлкен тау жүйелері қалыптасты. Түбектің көп аумағы сусыз құрлыққа айналды. Сол кезде ыстық әрі ылғалды климаттың басым болуы әсерінен бұл жерде орман қаулап өсті. Соның салдарынан тас көмір қалыптасты [5].
Мезозой эрасының бастапқы кезеңінде палеозойлық тау жүйелері денудацияға ұшырап, пенеплен түрінде сипат алды. Теңіз деңгейінінің көтерілуіне байланысты көптеген аумақтарды су басты, ескі пенеплен мезозой жыныстарымен жабылды.
Палеоген-неоген кезеңінде қатпарлы таулар қалыптасты. Бұл процесс мезозойда басталған болатын. Мысалы, Анадолының солтүстігіндегі қатпарлану палеоген-неоген кезеңіне дейін қалыптасқан. Мезозой эрасының соңы мен кайнозой эрасының басында қалыптасқан тау белдеуі 2 тармаққа ажырады. Альпіден шығысқа қарай солтүстік тармақ Карпат, Балқан, солтүстік Анадолы тауларын және солтүстік Иранға қарай, оңтүстік тармақ Динар тауларын, Крит және Родос аралдарының тауларын, Торос тауларына қарай бағытталды.
Түбектің қазіргі жер бедері палеоген-неоген дәуірлерінің соңында болған процестерге байланысты қалыптасқан. Бұл кезде Анадолының шеткі бөліктері көтерілген, ал керісінше ішкі аудандар төмен түсе бастаған. Айналасын шайып жатқан теңіздердің тереңдігі тереңдей түскен. Тектоникалық ажырау процесі нәтижесінде Анадолының шығыс бөліктері төмендеп, қазаншұңқырлар түзілген. Эгей теңізінің орнындағы құрлық төмендеп, Жерорта теңізінің сулары басқан. Төрттік дәуір кезінде теңіз сулары бұғаз, Мәрмәр теңізі арқылы қазіргі Қара теңіз орнында болған үлкен көлмен жалғасып жатты. Осы уақытта ішкі аудандардағы көлдер аллювиальды жыныстармен толтырылған болатын. Ірі өзендердің теңізге құяр жерінде жағалық жазықтар және атырау қалыптасты [6].
Үштік дәуір кезінде жанартаулық процестердің бәсеңдеуі байқалған. Ал төрттік кезеңде құрғақ және ыстық климаттың орнына салқын және ылғалды климат типі қайталанып отырған. Салқын және ылғалды климат кезінде тауларда осы кезбен салыстырғанда өте көп мөлшерде қар түсуіне байланысты мұздықтар қалыптасқан. Мореналық жыныстар әлі күнге дейін сақталған.
Орографиялық аудандары:
1. Солтүстік таулы аудан. Қара теңіз жағалауына параллель орналасқан. Бұл Солтүстік Анадолы таулары.
2. Оңтүстік таулы белдеу. Жерорта теңізінің жағалауындағы таулар. Бұл Торос немесе Тавр таулары.
3. Ішкі аудан: шығыс Анадолының биік таулы ауданы, жазықты және аласа таулы Ішкі Анадолы.
4. Батыс Анадолы. Эгей мен Мәрмәр теңіздерінің жағаларына параллель емес бағытта орналасқан таулар (сурет-1).
Бұл түбекте таулы жер бедері басым таралған. Кайнозойлық қатпарлы құрылымдар Балқан түбегінің құрылымдарымен жалғасады. Қазіргі жер бедерінің қалыптасуы неоген және үштік дәуірлерде пайда болды. Үштік дәуірде бұл аумақ көршілес жатқан Еуропамен және қазіргі Жерорта теңізінің бөліктерімен бірге көтерілу, төмен түсу, үгілу процестеріне ұшырады......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: География | Кіші алматы өзенінің су ресурстары
» Дипломдық жұмыс: География | Қора өзенігің бастауындағы тау мұздықтарының туризмді дамыту мүмкіндіктері
» Дипломдық жұмыс: География | ҚР-ның ТМД елдері аясындағы экономикалық өркендеуінің әлеуетін экономикалық географиялық тұрғыда дәлелдеу
» Дипломдық жұмыс: География | Азияның биік таулы аймақтарының физикалық географиялық ерекшеліктері
» Дипломдық жұмыс: География | Алакөл ойысының геотектоникалық құрылысы климаты органикалық дүниесі

Іздеп көріңіз:
дипломдык жумыс Кіші Азия түбегін рекреациялық пайдаланудың географиялық мәселелері дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар география жобалар дипломдық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]